Ау (Жылым) — балықты тобымен аулап ұстау үшін кендірден, жібек жіптен, тіптен ертеде түйе жүнінен, аттың қылынан тоқылып жасалатын құрылғы, тор. Халық тілінде аудың үлкен түрін жылым деп атау дағдыға айналған. Жылым атауының төркіні судың қатпай жатқан ау салатын бөлігінің атауымен байланысты, екінші болжамда қазақ жеріне қоныс аударған шығыс славяндары мен Дунай бойы балықшыларының тіліндегі ау атауының қазақыланған нұсқасы дейді. Сондай-ақ Балтық бойы халықтарының тіліндегі аудың ерекше бір түрінің атауы (вентерис-вентеръ-бөнтір) қазақ тіліне аудың бір түрінің атауы ретінде еніп бөнтір болып қалыптасқан. Сонымен бірге аудың самала, қода, құрма, шөміш т.б. бір-бірінен өзіндік құрылымдық айырмашылығы бар көптеген түрін қолданғаны туралы тілдік және этнографиялық мәліметтер бар. Қазақтардын байырғы дэстүрлі түсінігінде жылымды (ауды) жеті қазынаның біріне жатқызады. Ертеректе балық аулайтын құрылғыларды ағаш, шілік немесе қамыстан тоқып жасаған. Мұндай құрылғылардың тор көздерінің мөлшері аулайтын балықтың айқұлағынан ілінетіндей және балықтың басы өтпейтіндей мөлшерде етіп жасаған. Сондай бір құрылғы түрі - . Ау түрлерін пішіні, құрылымы, көлемі және қолданыстық ерекшелегіне қарай негізінен үш топқа бөліп қарастыруға болады:
- Сүзгі ay - үлкен сулардан балық аулауға құрылатын ортасы сүйретілген, ұзынша етіп тоқылған, тор көзінен үлкен балықтар өтіп кете алмайтындай етіп тоқылған жабдық. Сүзгі төрт бұрышына тағылған арқан арқылы ауға түскен балық сүзіліп алынады. Сүзгі аудың ақап ау, аламан ay, майшабақ ay тәрізді түрлері бар.
- Құрма ау - жалпақ тоқылып суға кесе көлденең керілетін ау түрі. Тоқылуы сүзгі ауымен ұқсас. Мұны қыста мұз астында, жазда суға екі жағына екі қада орнатып, астыңғы жағының әр жеріне тас байлап, құрып қояды. Одан өтпек болған балық желбезегінен тор көздеріне кептеліп, оралып қалады. Каспий балықшылары салатын өте үлкен теңіз аудың ұзындығы бірнеше жүз құлаш болады және ұзын бойынан бірнеше жерге ағаш орнатылады. Мұндай үлкен аулар бірнеше бөліктен тұрады: балық шоғырланатын қазан мен аудың әрбір негізгі бөлегінің ортасында көл деп аталатын су алаңы болады. Балықтар аудың ұзына бойын жағалап отырып, аудың көліне, одан кейін қазанына енеді.
- Шөміш ау - көлемі шағын, тордың түп жағы қанар тәрізді ұзынша болып келген ау түрі. Тоқылуы сүзгі ау мен құрма ауға ұқсайды. Алдымен ұзын сырыққа ағаштан иіп, сап орнатады да, жасалған саптың басына тоқылған ауды жіппен жіпселейді. Көбінесе түнге қарай құрылатын шөміш аудың түрлері көп: қол қауға, тоспай, қара ау, қабадан ау, бөгеу ау т.б. Ал бөгеу ау құрылған жерінде бір-екі ай турады.
Балық бір кірсе, қайтып шыға алмайтын тордың бір түрі қалта аталады. Ол шалбар тәріздес балақтан тұрады да, екеуінің түйіскен жері ау деп аталады. Аудың бұл түрі де түнге қарай құрылады.
Ал ағынды суларда әрқайысысы 15-20 құлаш болатын бірнеше ауды бір-біріне жымдастыра жалғап өзенге көлденеңнен құратын ығызбай (ағызбай) ауы қолданылады. Оның үстіңгі арқалығына қалтқы, астыңғы табандығына салдауыр байлайды да, арқалықтың екінші ұшын қайықтағы балықшы ұстап отырады. Аудың мөлшері әртүрлі, ұзындығы бір жарымнан 8-20 құлашқа дейін барады. Басқа халықтардан сауда-саттық жолымен келген ау көзінің мөлшерін қазақ балықшылары үш, төрт, алты елі деген немесе төртінші, бесінші, алтыншы (оның мәні 4,2; 5,2; 6,2 мм болып келетін стандарттарға сай айтылған) сияқты миллиметрлік өлшеммен атау қалыптасқан. Осыған байланысты аудың қандай балықты ұстауға қолайлы екендігі балықшылар тілінде «алты елі ауға табан балық, үш елі ауға торта түседі» деген тұрақты сөз орамында сақталған.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Au Zhylym balykty tobymen aulap ustau үshin kendirden zhibek zhipten tipten ertede tүje zhүninen attyn kylynan tokylyp zhasalatyn kurylgy tor Halyk tilinde audyn үlken tүrin zhylym dep atau dagdyga ajnalgan Zhylym atauynyn torkini sudyn katpaj zhatkan au salatyn boliginin atauymen bajlanysty ekinshi bolzhamda kazak zherine konys audargan shygys slavyandary men Dunaj bojy balykshylarynyn tilindegi au atauynyn kazakylangan nuskasy dejdi Sondaj ak Baltyk bojy halyktarynyn tilindegi audyn erekshe bir tүrinin atauy venteris venter bontir kazak tiline audyn bir tүrinin atauy retinde enip bontir bolyp kalyptaskan Sonymen birge audyn samala koda kurma shomish t b bir birinen ozindik kurylymdyk ajyrmashylygy bar koptegen tүrin koldangany turaly tildik zhәne etnografiyalyk mәlimetter bar Қazaktardyn bajyrgy destүrli tүsiniginde zhylymdy audy zheti kazynanyn birine zhatkyzady Erterekte balyk aulajtyn kurylgylardy agash shilik nemese kamystan tokyp zhasagan Mundaj kurylgylardyn tor kozderinin molsheri aulajtyn balyktyn ajkulagynan ilinetindej zhәne balyktyn basy otpejtindej molsherde etip zhasagan Sondaj bir kurylgy tүri Au tүrlerin pishini kurylymy kolemi zhәne koldanystyk erekshelegine karaj negizinen үsh topka bolip karastyruga bolady Sүzgi ay үlken sulardan balyk aulauga kurylatyn ortasy sүjretilgen uzynsha etip tokylgan tor kozinen үlken balyktar otip kete almajtyndaj etip tokylgan zhabdyk Sүzgi tort buryshyna tagylgan arkan arkyly auga tүsken balyk sүzilip alynady Sүzgi audyn akap au alaman ay majshabak ay tәrizdi tүrleri bar Қurma au zhalpak tokylyp suga kese koldenen keriletin au tүri Tokyluy sүzgi auymen uksas Muny kysta muz astynda zhazda suga eki zhagyna eki kada ornatyp astyngy zhagynyn әr zherine tas bajlap kuryp koyady Odan otpek bolgan balyk zhelbezeginen tor kozderine keptelip oralyp kalady Kaspij balykshylary salatyn ote үlken teniz audyn uzyndygy birneshe zhүz kulash bolady zhәne uzyn bojynan birneshe zherge agash ornatylady Mundaj үlken aular birneshe bolikten turady balyk shogyrlanatyn kazan men audyn әrbir negizgi boleginin ortasynda kol dep atalatyn su alany bolady Balyktar audyn uzyna bojyn zhagalap otyryp audyn koline odan kejin kazanyna enedi Shomish au kolemi shagyn tordyn tүp zhagy kanar tәrizdi uzynsha bolyp kelgen au tүri Tokyluy sүzgi au men kurma auga uksajdy Aldymen uzyn syrykka agashtan iip sap ornatady da zhasalgan saptyn basyna tokylgan audy zhippen zhipselejdi Kobinese tүnge karaj kurylatyn shomish audyn tүrleri kop kol kauga tospaj kara au kabadan au bogeu au t b Al bogeu au kurylgan zherinde bir eki aj turady Balyk aulajtyn tor Balyk bir kirse kajtyp shyga almajtyn tordyn bir tүri kalta atalady Ol shalbar tәrizdes balaktan turady da ekeuinin tүjisken zheri au dep atalady Audyn bul tүri de tүnge karaj kurylady Al agyndy sularda әrkajysysy 15 20 kulash bolatyn birneshe audy bir birine zhymdastyra zhalgap ozenge koldenennen kuratyn ygyzbaj agyzbaj auy koldanylady Onyn үstingi arkalygyna kaltky astyngy tabandygyna saldauyr bajlajdy da arkalyktyn ekinshi ushyn kajyktagy balykshy ustap otyrady Audyn molsheri әrtүrli uzyndygy bir zharymnan 8 20 kulashka dejin barady Baska halyktardan sauda sattyk zholymen kelgen au kozinin molsherin kazak balykshylary үsh tort alty eli degen nemese tortinshi besinshi altynshy onyn mәni 4 2 5 2 6 2 mm bolyp keletin standarttarga saj ajtylgan siyakty millimetrlik olshemmen atau kalyptaskan Osygan bajlanysty audyn kandaj balykty ustauga kolajly ekendigi balykshylar tilinde alty eli auga taban balyk үsh eli auga torta tүsedi degen turakty soz oramynda saktalgan DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet