Атырау облысы жер бедерінің басты ерекшелігі — оның ойпатты жазық болып келуінде: геоморфологиялык тұрғыдан жер бетінін биіктігі барлық аудандарда теңізге қарай көлбеулене кеми түседі, яғни Каспий маңының депрессиясы жақсы айқындалады, соның салдарынан көпшілік жерінің абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Облыс жері түгелімен Каспий маңы ойпатының құрамына енеді және аздап Жем үстіртінің батыс шетін алып жатыр. Бұл екі геоморфологиялык кұрылым Орыс платформасының күрделі әрі әр текті алқабы болып табылатын терең тектоникалық ойыс — Каспий маңы синеклизасының үстінде орналасқан. Синеклиза екінші кезектегі бірқатар тектоникалык кұрылыммен күшейе түскен. Кристалдык жыныстар мұнда 20—30 км-лік аса тереңде, палеозой мен мезокайназой шөгінділерінің астында жатыр.
Каспий маңы ойпаты-теңіз түбінен босаған алғашқы аккумуляциялық жазық. Орографиялық жағынан жайпақ, теңізге қарай көлбеу жатқан орасан зор ойпат. Атырау облысының солтүстік шетінің абсолюттік биіктігі нөлдік горизонталь сызығына (деңгейіне) сай келеді. Ал оңтүстік шетінде Каспий теңізінің жағалауы мұхит деңгейінен 27 м төмен жатыр. Облыс рельефінің көтеріңкі жері шығысында-Жем үстірті. Бұл морфокұрылым жаңа тектоникалық қозғалыстың инверсиялық көтерілімінен пайда болды; үстірттің-биік жері облыс жерінен тысқары жатыр. Облыстың ең биік жері-қиыр оңтүстік-шығыстағы Үстірт (солтүстік-батысындағы Желтау, 221 м). Осылайша облыс рельефі шығыстан батысқа қарай да көлбеу келеді. Каспий маңы ойпатының казіргі рельефінің антропоген дәуірінде бірнеше рет болған теңіз трансгрессияларымен (Баку, Хазар, Төменгі Хвалын, Жоғарғы Хвалын немесе Жаңакаспий) байланысты. Соңғы теңіз трансгрессиясы алдыңғысының жасап кеткен рельефін қайта тегістеп толтырып отырған. Каспий теңізінің деңгейі ең жоғары көтерілген Төменгі Хвалын трансгрессиясы кезінде қазіргісінен 80 м биік, ал мұхит деңгейінен 50 м биікке жетті. Бүкіл Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерін су басты. Теңіз суы шегінген кезде біртіндеп емес, арасында тоқтап, кідіріп отырған. Соның нәтижесінде жақсы ажыратылатын сатылы геоморфологиялық деңгейлер қалдырған. Соның бірі Төменгі және Жоғарғы Хвалын трансгрессиялары арасындағы шекара шамамен нөлдік горизонталды бойлап өтеді. Солтүстігі қызыл коңыр саздан және саздан тұрады, ал оңтүстігі Жоғарғы Хвалын жасындағы кұм мен құмайт түрінде көрінеді. Сонымен қатар теңіз шегінген кезде эрозиялық әрекеттер қарқынды өтеді, өзен аңғарлары оңтүстікке қарай ұзарып созылып, теңіз жағалауларында желпуіш тәрізді дельталар (атыраулар) жасап жылжып отырған. Үлкен атырау Жайық өзенінің сағасында Бақсай-Новобогат аралығында байқалады. Ол солтүстіктен оңтүстікке (теңізге дейін) 150км-ге созылған,табанының ені 80- 100 км. Бірінің үстіне бірі түзілген, екінші қатардағы, төрт үшбұрышты шағын атыраулардан тұрады. Олардың әрқайсысы Каспий теңізінің трансгрессиясы мен шегінуінің тарихына байланысты түзілген. Жайық атырауының биік жері солтүстікте, абс. биіктігі 5 м, табанының биіктігі 27 м-де жатыр. Мұндай аллювийлі атыраулық жазықтар Ойыл, Сағыз, Қайнар және Жем өзендерінің төменгі ағыстарында да кезігеді. Ойыл өзенінің сағасында бір ескі және бір жаңа екі атырабы бар. Жем үстіртінен басталар жерінде Ойылдың ескі атырауының биік нүктесі шығыста 40—50 м де, төменгі құяр құмды етегінде жазық; ал жаңа саздақты- құмайтты атыраудың биіктігі солтүстікте 5 м, ал оңтүстік етегінде 10—15 м. Сағыз, Қайнар және Жем өзендерінің төменгі ағыстарында бір-бірімен қосылған тұйық дельталы жазық бар. Жем үстіртінен басталар жерінде атырабы үш бұрышты төбесінің биіктігі 50 м де, ал теңіз маңы жазығына тірелер етегінде — 20 м. Бұл өзендер құяр жерінде жерге сіңіп кетіп, көлтабандар, сорлар, ұсақ тұйық су айдындары пайда болады.
Каспий маңы ойпатында ерекше құрылымдар-тұз тектоникасына тән тұз күмбездері кездеседі. Ойпатта ежелгі жыныстардан кунгур кезеңінің пермь шөгінділері тараған. Олардың негізінде қалыңдығы 2,5 км тас тұздары шоғырланған. Тангенциалдык қысымның арқасында тұз массалары алғашқы орнынан жоғарыға қарай сығылып шыққанда жоғарыда жатқан жыныстарды жарып, тұзды күмбездер жасаған. Кейде жер бетіне шығып жатқан таулар кұрайды, солардың бірі - Индер тауы тас тұзынан, гипстен құралған. Таудың етегіндегі Индер көлі тұзды күмбездерден келіп қосылатын тұз ерітінділерімен толысады.
Каспий маңы ойпатының жер бедерін құруда желдің маңызы зор. Құмды жазықтарда эолды рельеф формалары кеңінен таралған. Олар теңіз трансгрессияларының және өзендердің алып келген аллювийлі дельталық шөгінді жыныстарында жақсы дамыған. Облыс жерінің Еділ—Жайық өзендері аралығында үлкен алқапты құмы алып жатыр. Беті хвалындык теңіз құмдарымен жамылған. Рельефінде ұсақ, орта төбешікті (биіктігі 5-6 м) ал кейде 18 м еспелі шағылдар байкалады. Шағылды құм жалаңаш, өсімдік өспеген, сусымалы. Араларында қазан шұңқырлар (тереңдігі 8 м) алма-кезек орналасқан. Шағылдардың көбеюі мал жайылымын дұрыс пайдаланбаудың салдары болып табылады. Нарынның оңтүстігінде теңіз жағалауын қуалай Ментеке құмы (ұзындығы 90 км, ені 30 км, ауданы 1800 км2) орналасқан; ол қырқалы-шағылды, шағылды төбешікті болып келеді. Салыстырмалы биіктігі 10—20 м, ұсақ түйіршікті кварцты кұмдардан тұрады. Құм араларында сор, сортаңдар кездеседі. Облыстың солтүстік-шығысында Ойыл және Сағыз өзендерінің аралығында Тайсойған құмы жатыр; оның сыртқы пішіні Ойыл өзенінен оңтүстікке қарай тарылып үш- бұрыш жасайды. Тайсойған төбешікті және толқынды-белесті (биіктігі 2—5 м) болып келеді, Ойыл өзенінің атырауындағы ескі арна ойыстарымен кезектесіп жатады. Облыстың қиыр оңтүстік-шығысында Каспий маңы қарақұмы бар.
Каспий маңы ойпаты геологиялык кұрылымы жөнінен батысында Ергеней қыратымен және Еділдің тармақталған атырауымен, солтүстігінде Жалпы Сырт шетімен, шығысында Оңтүстік Орал етегіне жалғасатын Жем үстіртімен, оңтүстік-шығысында Үстірттің кемерлерімен көмкерілген, Каспий теңізінің солтүстік айдынымен шайылып жатқан жазық аймақ. Бұл күнде алғашқы ежелгі жазықтың белгілері тек теңіз жағалауында ғана сақталған, ал су жиегінен солтүстікке не шығысқа қарай қашықтаған сайын жазықтың ежелгі ерекшелігі жойыла бастайды, сөйтіп Нарын және Тайсойған т. б. кұмды белестер пайда болған, олардың биіктігі кейбір жерлерде төңірегінен 10—12 м-ге дейін көтеріңкі келеді. Еділ, Жайық, Жем, Сағыз өзендерінің бұрынғы арналарының төңірегінде құмды жондар қалыптасқан және бұлардың биіктігі кейде 7-15 м-ге, ұзындығы 1,5—2 км, ені 200—300 м-ге жетеді, негізінен хвалын кезеңінің кұмды-сазды жыныстарынан қат-қабатталып түзілген, гипстелген, тұзға қаныққан, кейде сілтісізденген болып келеді. Бұл жондар ғылымда бэр төбешіктері деп аталады.
Ұшы-қиырсыз ойпаттың біркелкі жазық табиғатына өзгеше көрік берген Индер, Иманғара, Қойқара қыраттық көтерілімдері алыстан мұнарланып, көрінеді. Сондықтан да болар, заңғар тау сілемдеріне зәру атыраулықтар өз қыратын тауға балайды. Осындай қыраттардың бірі облыстын солтүстік жағының биік жері -Индер тауы.
Ойпат бедері ерекшеліктерінің бірі -тастақты өнірлерінде сор шаралары, ал сусыма құмды жынысты жерлерде Нарын, Тайсойған т. б. құм массивтері калыптасқан.
Сонымен қатар тақырлар көп кездеседі. Ең үлкен тақыр Намаз тақыры деп аталады.
Дереккөздер
- Қ. Карпеков, Ж. Адаев, Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1 14-бет
- Е.Қаженбаев Атырау облысының географиясы ISBN 9965-741-14-х
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Atyrau oblysy zher bederinin basty ereksheligi onyn ojpatty zhazyk bolyp keluinde geomorfologiyalyk turgydan zher betinin biiktigi barlyk audandarda tenizge karaj kolbeulene kemi tүsedi yagni Kaspij manynyn depressiyasy zhaksy ajkyndalady sonyn saldarynan kopshilik zherinin absolyuttik biiktigi teniz dengejinen tomen zhatyr Oblys zheri tүgelimen Kaspij many ojpatynyn kuramyna enedi zhәne azdap Zhem үstirtinin batys shetin alyp zhatyr Bul eki geomorfologiyalyk kurylym Orys platformasynyn kүrdeli әri әr tekti alkaby bolyp tabylatyn teren tektonikalyk ojys Kaspij many sineklizasynyn үstinde ornalaskan Sinekliza ekinshi kezektegi birkatar tektonikalyk kurylymmen kүsheje tүsken Kristaldyk zhynystar munda 20 30 km lik asa terende paleozoj men mezokajnazoj shogindilerinin astynda zhatyr Inder koli manyndagy zher bederiҚigash bojyndagy zher bederi Kaspij many ojpaty teniz tүbinen bosagan algashky akkumulyaciyalyk zhazyk Orografiyalyk zhagynan zhajpak tenizge karaj kolbeu zhatkan orasan zor ojpat Atyrau oblysynyn soltүstik shetinin absolyuttik biiktigi noldik gorizontal syzygyna dengejine saj keledi Al ontүstik shetinde Kaspij tenizinin zhagalauy muhit dengejinen 27 m tomen zhatyr Oblys relefinin koterinki zheri shygysynda Zhem үstirti Bul morfokurylym zhana tektonikalyk kozgalystyn inversiyalyk koteriliminen pajda boldy үstirttin biik zheri oblys zherinen tyskary zhatyr Oblystyn en biik zheri kiyr ontүstik shygystagy Үstirt soltүstik batysyndagy Zheltau 221 m Osylajsha oblys relefi shygystan batyska karaj da kolbeu keledi Kaspij many ojpatynyn kazirgi relefinin antropogen dәuirinde birneshe ret bolgan teniz transgressiyalarymen Baku Hazar Tomengi Hvalyn Zhogargy Hvalyn nemese Zhanakaspij bajlanysty Songy teniz transgressiyasy aldyngysynyn zhasap ketken relefin kajta tegistep toltyryp otyrgan Kaspij tenizinin dengeji en zhogary koterilgen Tomengi Hvalyn transgressiyasy kezinde kazirgisinen 80 m biik al muhit dengejinen 50 m biikke zhetti Bүkil Atyrau zhәne Batys Қazakstan oblystary zherin su basty Teniz suy shegingen kezde birtindep emes arasynda toktap kidirip otyrgan Sonyn nәtizhesinde zhaksy azhyratylatyn satyly geomorfologiyalyk dengejler kaldyrgan Sonyn biri Tomengi zhәne Zhogargy Hvalyn transgressiyalary arasyndagy shekara shamamen noldik gorizontaldy bojlap otedi Soltүstigi kyzyl konyr sazdan zhәne sazdan turady al ontүstigi Zhogargy Hvalyn zhasyndagy kum men kumajt tүrinde korinedi Sonymen katar teniz shegingen kezde eroziyalyk әreketter karkyndy otedi ozen angarlary ontүstikke karaj uzaryp sozylyp teniz zhagalaularynda zhelpuish tәrizdi deltalar atyraular zhasap zhylzhyp otyrgan Үlken atyrau Zhajyk ozeninin sagasynda Baksaj Novobogat aralygynda bajkalady Ol soltүstikten ontүstikke tenizge dejin 150km ge sozylgan tabanynyn eni 80 100 km Birinin үstine biri tүzilgen ekinshi katardagy tort үshburyshty shagyn atyraulardan turady Olardyn әrkajsysy Kaspij tenizinin transgressiyasy men sheginuinin tarihyna bajlanysty tүzilgen Zhajyk atyrauynyn biik zheri soltүstikte abs biiktigi 5 m tabanynyn biiktigi 27 m de zhatyr Mundaj allyuvijli atyraulyk zhazyktar Ojyl Sagyz Қajnar zhәne Zhem ozenderinin tomengi agystarynda da kezigedi Ojyl ozeninin sagasynda bir eski zhәne bir zhana eki atyraby bar Zhem үstirtinen bastalar zherinde Ojyldyn eski atyrauynyn biik nүktesi shygysta 40 50 m de tomengi kuyar kumdy eteginde zhazyk al zhana sazdakty kumajtty atyraudyn biiktigi soltүstikte 5 m al ontүstik eteginde 10 15 m Sagyz Қajnar zhәne Zhem ozenderinin tomengi agystarynda bir birimen kosylgan tujyk deltaly zhazyk bar Zhem үstirtinen bastalar zherinde atyraby үsh buryshty tobesinin biiktigi 50 m de al teniz many zhazygyna tireler eteginde 20 m Bul ozender kuyar zherinde zherge sinip ketip koltabandar sorlar usak tujyk su ajdyndary pajda bolady Kaspij many ojpatynda erekshe kurylymdar tuz tektonikasyna tәn tuz kүmbezderi kezdesedi Ojpatta ezhelgi zhynystardan kungur kezeninin perm shogindileri taragan Olardyn negizinde kalyndygy 2 5 km tas tuzdary shogyrlangan Tangencialdyk kysymnyn arkasynda tuz massalary algashky ornynan zhogaryga karaj sygylyp shykkanda zhogaryda zhatkan zhynystardy zharyp tuzdy kүmbezder zhasagan Kejde zher betine shygyp zhatkan taular kurajdy solardyn biri Inder tauy tas tuzynan gipsten kuralgan Taudyn etegindegi Inder koli tuzdy kүmbezderden kelip kosylatyn tuz eritindilerimen tolysady Dossor eldi mekenindegi sor many Kaspij many ojpatynyn zher bederin kuruda zheldin manyzy zor Қumdy zhazyktarda eoldy relef formalary keninen taralgan Olar teniz transgressiyalarynyn zhәne ozenderdin alyp kelgen allyuvijli deltalyk shogindi zhynystarynda zhaksy damygan Oblys zherinin Edil Zhajyk ozenderi aralygynda үlken alkapty kumy alyp zhatyr Beti hvalyndyk teniz kumdarymen zhamylgan Relefinde usak orta tobeshikti biiktigi 5 6 m al kejde 18 m espeli shagyldar bajkalady Shagyldy kum zhalanash osimdik ospegen susymaly Aralarynda kazan shunkyrlar terendigi 8 m alma kezek ornalaskan Shagyldardyn kobeyui mal zhajylymyn durys pajdalanbaudyn saldary bolyp tabylady Narynnyn ontүstiginde teniz zhagalauyn kualaj Menteke kumy uzyndygy 90 km eni 30 km audany 1800 km2 ornalaskan ol kyrkaly shagyldy shagyldy tobeshikti bolyp keledi Salystyrmaly biiktigi 10 20 m usak tүjirshikti kvarcty kumdardan turady Қum aralarynda sor sortandar kezdesedi Oblystyn soltүstik shygysynda Ojyl zhәne Sagyz ozenderinin aralygynda Tajsojgan kumy zhatyr onyn syrtky pishini Ojyl ozeninen ontүstikke karaj tarylyp үsh burysh zhasajdy Tajsojgan tobeshikti zhәne tolkyndy belesti biiktigi 2 5 m bolyp keledi Ojyl ozeninin atyrauyndagy eski arna ojystarymen kezektesip zhatady Oblystyn kiyr ontүstik shygysynda Kaspij many karakumy bar Қosdaulet kum massivi Kaspij many ojpaty geologiyalyk kurylymy zhoninen batysynda Ergenej kyratymen zhәne Edildin tarmaktalgan atyrauymen soltүstiginde Zhalpy Syrt shetimen shygysynda Ontүstik Oral etegine zhalgasatyn Zhem үstirtimen ontүstik shygysynda Үstirttin kemerlerimen komkerilgen Kaspij tenizinin soltүstik ajdynymen shajylyp zhatkan zhazyk ajmak Bul kүnde algashky ezhelgi zhazyktyn belgileri tek teniz zhagalauynda gana saktalgan al su zhieginen soltүstikke ne shygyska karaj kashyktagan sajyn zhazyktyn ezhelgi ereksheligi zhojyla bastajdy sojtip Naryn zhәne Tajsojgan t b kumdy belester pajda bolgan olardyn biiktigi kejbir zherlerde tonireginen 10 12 m ge dejin koterinki keledi Edil Zhajyk Zhem Sagyz ozenderinin buryngy arnalarynyn tonireginde kumdy zhondar kalyptaskan zhәne bulardyn biiktigi kejde 7 15 m ge uzyndygy 1 5 2 km eni 200 300 m ge zhetedi negizinen hvalyn kezeninin kumdy sazdy zhynystarynan kat kabattalyp tүzilgen gipstelgen tuzga kanykkan kejde siltisizdengen bolyp keledi Bul zhondar gylymda ber tobeshikteri dep atalady Ұshy kiyrsyz ojpattyn birkelki zhazyk tabigatyna ozgeshe korik bergen Inder Imangara Қojkara kyrattyk koterilimderi alystan munarlanyp korinedi Sondyktan da bolar zangar tau silemderine zәru atyraulyktar oz kyratyn tauga balajdy Osyndaj kyrattardyn biri oblystyn soltүstik zhagynyn biik zheri Inder tauy Ojpat bederi erekshelikterinin biri tastakty onirlerinde sor sharalary al susyma kumdy zhynysty zherlerde Naryn Tajsojgan t b kum massivteri kalyptaskan Sonymen katar takyrlar kop kezdesedi En үlken takyr Namaz takyry dep atalady DerekkozderҚ Karpekov Zh Adaev Atyrau Enciklopediya Almaty Atamura 2000 ISBN 5 7667 9129 1 14 bet E Қazhenbaev Atyrau oblysynyn geografiyasy ISBN 9965 741 14 h