Атлантика хартиясы (Atlantіc charter) — АҚШ пен Ұлыбританияның екінші дүниежүзілік соғыстағы мақсаттарын айқындаған, кейін фашистік Германияға қарсы одақтың бағдарламасына негіз болған құжат. 1941 жылғы 9-12 тамыздағы АҚШ президенті Ф. Рузвельт пен Ұлыбританияның премьер-министрі У. Черчилльдің Атлант мұхитындағы Ньюфаундленд аралындағы кездесу-сұхбаты нәтижесінде қабылданып, 14 тамызда “Атлантика хартиясы” деген атаумен жарияланды.
Бұл құжатта АҚШ пен Ұлыбританияның алдына мынадай міндеттер қойылды: 1) территорияларды кеңейтуді мақсат тұтпайды; 2) мүдделі елдердің ерікті тілегіне сай келмейтін территориялық өзгерістерді жақтамайды; 3) барлық халықтардың саяси құрылыс және мемлекеттік билік түрін таңдау құқын құрметтейді, егемендігінен айрылған халықтардың өзін-өзі билеу құқын қайтарып алуын жақтайды; 4) үлкен және кіші, жеңген және жеңілген мемлекеттердің барлығына бірдей экономикасын дамыту үшін дүниежүзілік саудаға және шикізат көздеріне жол ашылуына көмектесуге бағытталған барлық міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарайтын болады; 5) барлық мемлекеттердің экономикалық даму дәрежесін теңестіру, еңбек жағдайларын және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру мақсатындағы ынтымақтастығын кеңейтуді қалайды; 6) фашистік билікті толық жойған соң барлық елдердің өз территориясында бейбіт өмір сүруін, барлық халықтардың қорқыныш пен жоқшылықтан арылған алаңсыз тіршілігін қамтамасыз ететін жүйенің құрылуын қалайды; 7) басқыншылық мақсат ұстап отырған мемлекеттердің (жалпыға бірдей қауіпсіздіктің тұрақты жүйесі жасалғанға дейін) қарусыздандырылуын көздейтін, бейбітшілікті мақсат тұтқан халықтарды қаруланудың ауыр шығындарынан босататын барлық әрекеттерді қолдайды, т.б.1941 ж. қыркүйекте Атлантика хартиясына талқылау үшін Лондонда АҚШ, Бельгия, КСРО, Люксембург, Ұлыбритания, Чехословакия, Франция (“Азат Франция” қозғалысы) өкілдерінің конференциясы шақырылып, құжат мақұлданды. Оның бірқатар идеялары 1945 ж. Біріккен Ұлттар хартиясына енгізілді. 1954 ж. АҚШ президенті Д. Эйзенхауэр мен Ұлыбританияның премьер-министрі У. Черчилль А.х-ның негізгі принциптерін қайтадан бекітті.Әдеб.: История международных отношений и внешней политики КСРО, т. 1. 1917 — 1945, М., 1986; Encyclopedіa Amerіcana, V. 2, p. 618.
Дереккөздер
- Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Atlantika hartiyasy Atlantic charter AҚSh pen Ұlybritaniyanyn ekinshi dүniezhүzilik sogystagy maksattaryn ajkyndagan kejin fashistik Germaniyaga karsy odaktyn bagdarlamasyna negiz bolgan kuzhat 1941 zhylgy 9 12 tamyzdagy AҚSh prezidenti F Ruzvelt pen Ұlybritaniyanyn premer ministri U Cherchilldin Atlant muhityndagy Nyufaundlend aralyndagy kezdesu suhbaty nәtizhesinde kabyldanyp 14 tamyzda Atlantika hartiyasy degen ataumen zhariyalandy Atlantikalyk hartiya Bul kuzhatta AҚSh pen Ұlybritaniyanyn aldyna mynadaj mindetter kojyldy 1 territoriyalardy kenejtudi maksat tutpajdy 2 mүddeli elderdin erikti tilegine saj kelmejtin territoriyalyk ozgeristerdi zhaktamajdy 3 barlyk halyktardyn sayasi kurylys zhәne memlekettik bilik tүrin tandau kukyn kurmettejdi egemendiginen ajrylgan halyktardyn ozin ozi bileu kukyn kajtaryp aluyn zhaktajdy 4 үlken zhәne kishi zhengen zhәne zhenilgen memleketterdin barlygyna birdej ekonomikasyn damytu үshin dүniezhүzilik saudaga zhәne shikizat kozderine zhol ashyluyna komektesuge bagyttalgan barlyk mindettemelerine zhauapkershilikpen karajtyn bolady 5 barlyk memleketterdin ekonomikalyk damu dәrezhesin tenestiru enbek zhagdajlaryn zhәne әleumettik kamsyzdandyru zhүjesin zhetildiru maksatyndagy yntymaktastygyn kenejtudi kalajdy 6 fashistik bilikti tolyk zhojgan son barlyk elderdin oz territoriyasynda bejbit omir sүruin barlyk halyktardyn korkynysh pen zhokshylyktan arylgan alansyz tirshiligin kamtamasyz etetin zhүjenin kuryluyn kalajdy 7 baskynshylyk maksat ustap otyrgan memleketterdin zhalpyga birdej kauipsizdiktin turakty zhүjesi zhasalganga dejin karusyzdandyryluyn kozdejtin bejbitshilikti maksat tutkan halyktardy karulanudyn auyr shygyndarynan bosatatyn barlyk әreketterdi koldajdy t b 1941 zh kyrkүjekte Atlantika hartiyasyna talkylau үshin Londonda AҚSh Belgiya KSRO Lyuksemburg Ұlybritaniya Chehoslovakiya Franciya Azat Franciya kozgalysy okilderinin konferenciyasy shakyrylyp kuzhat makuldandy Onyn birkatar ideyalary 1945 zh Birikken Ұlttar hartiyasyna engizildi 1954 zh AҚSh prezidenti D Ejzenhauer men Ұlybritaniyanyn premer ministri U Cherchill A h nyn negizgi principterin kajtadan bekitti Әdeb Istoriya mezhdunarodnyh otnoshenij i vneshnej politiki KSRO t 1 1917 1945 M 1986 Encyclopedia Americana V 2 p 618 DerekkozderAjbyn Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy 2011 880 bet ISBN 9965 893 73 H