Араб-израиль соғыстары — Израиль мен араб елдері арасында, негізінен, 1948–1949, 1956, 1967, 1973 және 1982 жылдары болған ірі әскери жанжалдар.
1947 жылы 29 қарашада БҰҰ Бас Ассамблеясы Палестина аумағында араб және жебірей мемлекеттерін құру жөнінде шешім қабылдаған күні арабтар мен жебірейлер арасында алғашқы қақтығыс өтті. Ол кезде (1947) Палестинада 1 200 000 араб, 650 000 жебірей (еврей) болды. Палестинадан ағылшын әскерлері әкетілгеннен кейін Израиль мемлекетінің құрылғандығы жария етілді (14.5.1948). Оның шекарасы әлі анықталмай тұрып, ертесінде-ақ жебірейлер мен арабтар арасында бірінші соғысқа жол ашқан қарулы шайқастар басталып кетті. Израильдің астыртын қарулы күштері арабтар тұратын мекендерге шабуыл жасап, аса қатыгездікпен жүздеген адамдарды қырып салды. Мысыр, Трансиордания, Ирак, Сирия және Ливан әскерлері жебірейлерге тиесілі емес оңт. және шығыс Палестинадағы жерлерді басып алды. Израильдықтар Иерусалимге апаратын басты жолға және Мысыр - Палестина шекарасы бойына бақылау орнатты (1949).
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі миссиясының соғысты тоқтату жөніндегі әрекеттері нәтиже бермеді, жебірей террористері БҰҰ-ның уәкілі граф Фольк Бернадотты қастандықпен өлтірді. 1949 жылдың ақпан — шілде айларында араб елдері мен Израиль бірнеше бітім келісімдеріне қол қойды. Ол құжаттар бойынша Израильдің уақытша шекарасы анықталып, Газа Мысырдың бақылауында қалды, Трансиордания Иордан өз-нің батыс жағалауындағы жерлердің бір бөлігін қосып алып, Иордания аталды. Иерусалим шаһарын араб және жебірей аймақтарына бөлу жөніндегі БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі (29.11.1947) құпталды. Соғыс нәтижесінде Палестина арабтары Израиль басып алған жерлердегі ата қоныстарын тастап кете бастады. 50-жылдардың орта кезінде Мысырпен батыс елдері арасындағы қатынас шиеленісіне түсті. АҚШ Мысырға қысым көрсетпек болып, Асуан бөгетін салуға қаржылай көмек беруден бас тартты. Оған жауап ретінде Мысыр президенті Абдель Насер Суэц каналын мемлекеттік меншігі деп жариялады. Осыдан кейін Лондонда жиналған 22 мемлекеттің бас қосуында Суэц каналының бұрынғы халықаралық статусын қалпына келтіру және каналды бірлесіп басқару жөнінде шешім қабылданды. Насер бұл ұсынысты орындаудан бас тартқаннан кейін Израиль, Ұлыбритания мен Франция оны өкімет билігінен күшпен тайдыруға әрекеттенді.
29 қазанда Израиль әскерлері Мысырдың Синай түбегіндегі бекіністеріне шабуыл жасады. Соғысқа Израиль жағында Ұлыбритания мен Франция араласты. 31 қазанда ағылшын-француз қарулы күштері Мысыр жерін бомбалады. 5 қарашада ағылшын-француз әскерлері Порт-Саид маңына шоғырландырылды. Бірақ Суэц каналы мәселесін әскери жолмен шешудің мүмкін еместігі БҰҰ Бас Ассамблеясының отырысында айқын көрінді (1956). Франция мен Ұлыбритания өз әскерлерін алып кетуге мәжбүр болды. Желтоқсанда Израиль әскерлері басып алған жерлерден әкетілді. Арабтар мен Израиль арасындағы қақтығыстар 1967 ж. жаңа соғыс өртіне ұласты. Ол тарихқа “алты күндік соғыс” деген атпен енді. 1967 жылдың 5–11 маусымында Израиль көптеген араб қыстақтарын қырғынға ұшыратып, Мысыр, Сирия және Иорданияның 1,5 млн. тұрғыны бар 66 642 км² жерін, Иерусалимнің шығыс бөлігін басып алды. Араб елдері АҚШ пен Ұлыбританияға мұнай шығаруды тоқтатып, Суэц каналын жапты. КСРО Израильмен дипломат. қатынастарын үзді. Араб елдері басшыларының Хартумдағы (1967 жыл, тамыз-қыркүйек) кездесуі, БҰҰ Бас Ассамблеясының төтенше сессиясы (1967 жыл, шілде) Израильдің қарулы күштерінің уақытша бітім шебінен сөзсіз әкетілуін талап етті.
Израильдің басып алған жерлерді босатпауы, мұнайдың үлкен саясат құралына айналуы арабтар мен жебірейлер арасындағы қарым-қатынасты күрделілендіре түсті. Мұнай өндіруші жеті араб елі Израильге жақтасқаны үшін АҚШ пен Голландияға мұнай шығаруға эмбарго жариялап, 1 баррель (159 л.) мұнай бағасын бұрынғыдан 70-ке көтерді. Мысырмен Сирия өз әскерлерін КСРО көмегімен қайта жарақтандырды, Израиль АҚШ-тан қару-жарақ алды. 1973 жылы 6–25 қазанда болған үшінші соғыста Мысырәскерлері Суэц каналынан өтіп, сириялықтар Голан биігінде жеңіске жетті. Алайда, қарсы шабуыл барысында Израиль әскерлері Мысыр майдан шебін бұзып өтіп, сириялықтарды Дамаскіден 30 км кейін шегіндірді. 25 қазанда КСРО мен АҚШ-тың араласуы нәтижесінде Мысыр, Сирия, Израиль арасында бітімге қол қойылды, оның орындалуына бақылау жасау БҰҰ күштеріне тапсырылды. Мысыр 1967 жылғы соғыста айырылып қалған Синай түбегін Мысыртің жаңа президенті Ануар Саадаттың Израильмен жасаған Кэмп-Дэвид келісім шарты нәтижесінде ғана қайтарып алды (1982). Израиль әскерлері Синай түбегінен әкетілген соң жебірейлер мен палестиналық арабтар арасындағы жанжал-қақтығыстар қайта өрбіді. 1982 жылдың маусым айында Израиль тікұшақтары Бейрутты және Палестина азаттық ұйымының базалары орналасқан оңт. Ливанды бомбалады. 14 маусымда Израильдің мұздай қаруланған жаяу әскерлері Ливан жеріне басып кіріп, Бейрутті қоршауға алды. Бұл соғыста да Израиль әскерлері Ливаннан халықар. күштердің талап етуімен шығарылды (1985 жыл, маусым). Мұнан кейін де (1987 жылы, 9 желтоқсанда, т.б.) Израиль басып алған жерлерде бірнеше қанды оқиғалар болып өтті. Израиль езгісіне қарсы халықтың жаппай бой көтеруі (“интифада”) өрістеді.
- Жебірей жауынгерлерi Хайфаларды орналасады
- Дгания Кибуцыдағы астынан қағылған сириялық танк
-
-
-
- Палестина астанасы Иерусалимдегі күмбез
-
-
-
-
- 1759 жылғы Палестина картасы
- 1851 жылғы Палестина картасы
- 1864 жылғы Палестина картасы
- 1900 жылғы Палестина картасы
- 1915 жылғы Палестина картасы
- 1924 жылғы Палестина картасы
- 1946 жылғы Палестина картасы
- 1947 жылғы Палестина картасы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Arab izrail sogystary Izrail men arab elderi arasynda negizinen 1948 1949 1956 1967 1973 zhәne 1982 zhyldary bolgan iri әskeri zhanzhaldar 1947 zhyly 29 karashada BҰҰ Bas Assambleyasy Palestina aumagynda arab zhәne zhebirej memleketterin kuru zhoninde sheshim kabyldagan kүni arabtar men zhebirejler arasynda algashky kaktygys otti Ol kezde 1947 Palestinada 1 200 000 arab 650 000 zhebirej evrej boldy Palestinadan agylshyn әskerleri әketilgennen kejin Izrail memleketinin kurylgandygy zhariya etildi 14 5 1948 Onyn shekarasy әli anyktalmaj turyp ertesinde ak zhebirejler men arabtar arasynda birinshi sogyska zhol ashkan karuly shajkastar bastalyp ketti Izraildin astyrtyn karuly kүshteri arabtar turatyn mekenderge shabuyl zhasap asa katygezdikpen zhүzdegen adamdardy kyryp saldy Mysyr Transiordaniya Irak Siriya zhәne Livan әskerleri zhebirejlerge tiesili emes ont zhәne shygys Palestinadagy zherlerdi basyp aldy Izraildyktar Ierusalimge aparatyn basty zholga zhәne Mysyr Palestina shekarasy bojyna bakylau ornatty 1949 BҰҰ Қauipsizdik Kenesi missiyasynyn sogysty toktatu zhonindegi әreketteri nәtizhe bermedi zhebirej terroristeri BҰҰ nyn uәkili graf Folk Bernadotty kastandykpen oltirdi 1949 zhyldyn akpan shilde ajlarynda arab elderi men Izrail birneshe bitim kelisimderine kol kojdy Ol kuzhattar bojynsha Izraildin uakytsha shekarasy anyktalyp Gaza Mysyrdyn bakylauynda kaldy Transiordaniya Iordan oz nin batys zhagalauyndagy zherlerdin bir boligin kosyp alyp Iordaniya ataldy Ierusalim shaһaryn arab zhәne zhebirej ajmaktaryna bolu zhonindegi BҰҰ Bas Assambleyasynyn sheshimi 29 11 1947 kuptaldy Sogys nәtizhesinde Palestina arabtary Izrail basyp algan zherlerdegi ata konystaryn tastap kete bastady 50 zhyldardyn orta kezinde Mysyrpen batys elderi arasyndagy katynas shielenisine tүsti AҚSh Mysyrga kysym korsetpek bolyp Asuan bogetin saluga karzhylaj komek beruden bas tartty Ogan zhauap retinde Mysyr prezidenti Abdel Naser Suec kanalyn memlekettik menshigi dep zhariyalady Osydan kejin Londonda zhinalgan 22 memlekettin bas kosuynda Suec kanalynyn buryngy halykaralyk statusyn kalpyna keltiru zhәne kanaldy birlesip baskaru zhoninde sheshim kabyldandy Naser bul usynysty oryndaudan bas tartkannan kejin Izrail Ұlybritaniya men Franciya ony okimet biliginen kүshpen tajdyruga әrekettendi 29 kazanda Izrail әskerleri Mysyrdyn Sinaj tүbegindegi bekinisterine shabuyl zhasady Sogyska Izrail zhagynda Ұlybritaniya men Franciya aralasty 31 kazanda agylshyn francuz karuly kүshteri Mysyr zherin bombalady 5 karashada agylshyn francuz әskerleri Port Said manyna shogyrlandyryldy Birak Suec kanaly mәselesin әskeri zholmen sheshudin mүmkin emestigi BҰҰ Bas Assambleyasynyn otyrysynda ajkyn korindi 1956 Franciya men Ұlybritaniya oz әskerlerin alyp ketuge mәzhbүr boldy Zheltoksanda Izrail әskerleri basyp algan zherlerden әketildi Arabtar men Izrail arasyndagy kaktygystar 1967 zh zhana sogys ortine ulasty Ol tarihka alty kүndik sogys degen atpen endi 1967 zhyldyn 5 11 mausymynda Izrail koptegen arab kystaktaryn kyrgynga ushyratyp Mysyr Siriya zhәne Iordaniyanyn 1 5 mln turgyny bar 66 642 km zherin Ierusalimnin shygys boligin basyp aldy Arab elderi AҚSh pen Ұlybritaniyaga munaj shygarudy toktatyp Suec kanalyn zhapty KSRO Izrailmen diplomat katynastaryn үzdi Arab elderi basshylarynyn Hartumdagy 1967 zhyl tamyz kyrkүjek kezdesui BҰҰ Bas Assambleyasynyn totenshe sessiyasy 1967 zhyl shilde Izraildin karuly kүshterinin uakytsha bitim shebinen sozsiz әketiluin talap etti Izraildin basyp algan zherlerdi bosatpauy munajdyn үlken sayasat kuralyna ajnaluy arabtar men zhebirejler arasyndagy karym katynasty kүrdelilendire tүsti Munaj ondirushi zheti arab eli Izrailge zhaktaskany үshin AҚSh pen Gollandiyaga munaj shygaruga embargo zhariyalap 1 barrel 159 l munaj bagasyn buryngydan 70 ke koterdi Mysyrmen Siriya oz әskerlerin KSRO komegimen kajta zharaktandyrdy Izrail AҚSh tan karu zharak aldy 1973 zhyly 6 25 kazanda bolgan үshinshi sogysta Mysyrәskerleri Suec kanalynan otip siriyalyktar Golan biiginde zheniske zhetti Alajda karsy shabuyl barysynda Izrail әskerleri Mysyr majdan shebin buzyp otip siriyalyktardy Damaskiden 30 km kejin shegindirdi 25 kazanda KSRO men AҚSh tyn aralasuy nәtizhesinde Mysyr Siriya Izrail arasynda bitimge kol kojyldy onyn oryndaluyna bakylau zhasau BҰҰ kүshterine tapsyryldy Mysyr 1967 zhylgy sogysta ajyrylyp kalgan Sinaj tүbegin Mysyrtin zhana prezidenti Anuar Saadattyn Izrailmen zhasagan Kemp Devid kelisim sharty nәtizhesinde gana kajtaryp aldy 1982 Izrail әskerleri Sinaj tүbeginen әketilgen son zhebirejler men palestinalyk arabtar arasyndagy zhanzhal kaktygystar kajta orbidi 1982 zhyldyn mausym ajynda Izrail tikushaktary Bejrutty zhәne Palestina azattyk ujymynyn bazalary ornalaskan ont Livandy bombalady 14 mausymda Izraildin muzdaj karulangan zhayau әskerleri Livan zherine basyp kirip Bejrutti korshauga aldy Bul sogysta da Izrail әskerleri Livannan halykar kүshterdin talap etuimen shygaryldy 1985 zhyl mausym Munan kejin de 1987 zhyly 9 zheltoksanda t b Izrail basyp algan zherlerde birneshe kandy okigalar bolyp otti Izrail ezgisine karsy halyktyn zhappaj boj koterui intifada oristedi Zhebirej zhauyngerleri Hajfalardy ornalasady Dganiya Kibucydagy astynan kagylgan siriyalyk tank Palestina astanasy Ierusalimdegi kүmbez 1759 zhylgy Palestina kartasy 1851 zhylgy Palestina kartasy 1864 zhylgy Palestina kartasy 1900 zhylgy Palestina kartasy 1915 zhylgy Palestina kartasy 1924 zhylgy Palestina kartasy 1946 zhylgy Palestina kartasy 1947 zhylgy Palestina kartasy