Аполлон 10 (ағылш. Apollo 10) — Айға адамды жеткізу бағдарламасы бойынша соңғы сынама ұшуды орындаған америкалық ғарыш кемесі.
Аполлон 10 | |
---|---|
Ұйымы | АҚШ, НАСА |
Тапсырысы | Адам басқаратын ғарыш кемесі |
Ұшыру күн-айы | 1969 ж. 18 мамыр, |
Сөре көлігі | Сатурн-5 зымыран-тасығышы |
Тапсырыс ұзақтығы | 8 күн 00 сағат 03 минут |
нөмірі | 1969-043A |
Массасы | Басқару модулі 28 830 кг Ай модулі 13 941 кг |
Бұл Аполлон бағдарламасының экипажы бар төртінші миссиясы және Ай орбитасына түскен (Аполлон 8 аппаратынан кейінгі) екінші миссиясы болды. Ұшу барысында орбита бойымен қозғалған жағдайдағы басқару модулі мен ай модулінің жұмысы сынақтан өткізілді.
Экипаж
- Томас Стаффорд — командир (үшінші ұшуы)
- — басқару модулінің ұшқышы (үшінші ұшуы)
- Юджин Сернан — ай модулінің ұшқышы (екінші ұшуы)
Экипаж бағдарламасына қатысқан ұшқыштардан жинақталды. Янг және Сернан кейіннен Айға қонған астронавтардың қатарында болды (сәйкесінше, Аполлон 16 мен кемелерінің командирлері ретінде).
Хронологиясы
1969 жылдың 18 мамырында сағат 16:49:00 UTC Аполлон 10 Флоридада орналасқан көкке ұшырылды.
Жер орбитасымен айналған зымыранның соңғы сатысының қозғалтқышы старттан 2 сағат 33 минут 26 секунд өткенде іске қосылып, Айға бағытталған траекторияға шықты. Старттан 3 сағат 56 минут өткенде Аполлон 10 зымыранның соңғы сатысынан бөлініп, Айға сапарын жалғастырды. Біраздан кейін зымыранның соңғы сатысы Күнді айналуға көшті.
Старттан 75 сағат 55 минут 53 секунд өткенде ғарыш кеменің негізгі қозғалтқышы қосылып, аппарат Айдың орбитасына енді. Бастапқы апоцентр және перицентрі, сәйкесінше, 315 және 109 шақырым болды. Айналу периоды — 2 сағат 10 минут. Төрт жарым сағаттан кейін қозғалтқыш тағы қосылып, эллипстік орбитаны шеңберлік орбитаға (113,8 х 108,5 шақырым) түзеді.
Ұшу басталғаннан 98 сағат 22 минут өткен соң, Аполлон 10 Айды 12-ші рет айнала бастағанда, ай модулі басқару модулінен ажыратылды. Ай модулінің ішінде Стаффорд пен Сернан болды. Ол кезде ғарыш кемесі Ай бетінен 15,6 шақырым қашықтықта болды. Модульдердің ара қашықтығы 12 метрге жуық болып, сыбайлас ұшуы 25 минутке созылды. Стаффорд пен Сернан басқару модулін фотоға түсіріп, басқару модульде қалған Янг ай модулін түсіріп, Жермен түрлітүсті телевизиялық сеанс өткізді.
99 сағат 46 минут өткенде, ай модулінің қонуға арналған қозғалтқышы қосылды. Ол 28 секунд жұмыс істеп, модульді төмен орбитаға түсірді. Астронавттар келесі миссияның қонуына қолайлы жерді қарастырып, оны 6 минуттай бақылап тұрды және фотоға түсірді.
106 сағат 22 минут өткенде, ай модулі қайтадан басқару модулімен қосылды. Бұдан кейін басқару модулі орбита бойында әлі 29 сағаттай болған. Соңына қарай Жермен бір сағатқа созылған телевизиялық сеанс өткізілді.
Ұшу басталғаннан 137 сағат 36 минут 28 секунд өткен соң, ғарыш кемесі орбитамен 31 айналым жасап біткенде, негізгі қозғалтқыш қосылып, Жерге қарай бағдар алды. Ол кезде де астронавтар телевизиялық сеанс өткізді, Айдың біртіндеп кішірейгені түсірілді. Соңғы телесеанс, аппарат Жерден 66000 шақырым қашықтықта болғанда, орын алды.
191 сағат 49 минут 11 секунд өткенде, қозғалтқыштан ажыратылған экипаж бөлігі атмосфераға кірді.
192 сағат 03 минут 25 секунд өткенде, экипаж бөлігі Тынық мұхитының суларына қонды, бұл «Принстон» авиатасымалдағышынан 6,3 шақырым қашықтықта болды. Ол жерде таң атқаннан 40 минут өткен еді. Бір тәуліктің ішінде астронавтар авиатасымалдағыштан Хьюстонға жеткізілді.
Нәтижелері
НАСА бұл миссияны толықтай сәтті деп таныды, барлық тапсырмалар орындалды. Ай бетіндегі таңдалған жердің алда жоспарланған адамның қонуына қолайлы екені расталды.
Аполлон 10 аппаратының Жерге қайтқан кездегі жылдамдығы 39 897 шақырым/сағат (11 шақырым/секунд) болды. Бұл экипажы бар кез келген көлік үшін ең жоғары жылдамдық.
Галерея
- Зымыран-тасығыштың дайындалуы
- Басқару модуліндегі экипаж старт алдында
- Старт сәті
- Ай көкжиегінде Жердің көтерілген сәті
- Ай модулінің басқару модулімен жақындауы
- Аполлон 10 экипажының суға қонуы
- Басқару модулі Лондонның Ғылым мұражайында
- Аполлон 10 түсірген Триснекер кратер маңы
- Айдың көрінбейтін жағындағы Нехо кратері
Сілтемелер
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Apollo 10 |
- НАСА сайтындағы ақпарат Мұрағатталған 11 тамыздың 2020 жылы.
- Encyclopedia Astronautica Аполлон 10 туралы
- Apollo 10 Moon Orbit, видеоматериалдар
- Аполлон 10 түсірген фотосуреттер(қолжетпейтін сілтеме)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Apollon 10 agylsh Apollo 10 Ajga adamdy zhetkizu bagdarlamasy bojynsha songy synama ushudy oryndagan amerikalyk garysh kemesi Apollon 10Ұjymy AҚSh NASATapsyrysy Adam baskaratyn garysh kemesiҰshyru kүn ajy 1969 zh 18 mamyr Sore koligi Saturn 5 zymyran tasygyshyTapsyrys uzaktygy 8 kүn 00 sagat 03 minutnomiri 1969 043AMassasy Baskaru moduli 28 830 kg Aj moduli 13 941 kg Bul Apollon bagdarlamasynyn ekipazhy bar tortinshi missiyasy zhәne Aj orbitasyna tүsken Apollon 8 apparatynan kejingi ekinshi missiyasy boldy Ұshu barysynda orbita bojymen kozgalgan zhagdajdagy baskaru moduli men aj modulinin zhumysy synaktan otkizildi Soldan onga karaj Yudzhin Sernan Tomas Stafford Dzhon YangEkipazhTomas Stafford komandir үshinshi ushuy baskaru modulinin ushkyshy үshinshi ushuy Yudzhin Sernan aj modulinin ushkyshy ekinshi ushuy Ekipazh bagdarlamasyna katyskan ushkyshtardan zhinaktaldy Yang zhәne Sernan kejinnen Ajga kongan astronavtardyn katarynda boldy sәjkesinshe Apollon 16 men kemelerinin komandirleri retinde Hronologiyasy1969 zhyldyn 18 mamyrynda sagat 16 49 00 UTC Apollon 10 Floridada ornalaskan kokke ushyryldy Zher orbitasymen ajnalgan zymyrannyn songy satysynyn kozgaltkyshy starttan 2 sagat 33 minut 26 sekund otkende iske kosylyp Ajga bagyttalgan traektoriyaga shykty Starttan 3 sagat 56 minut otkende Apollon 10 zymyrannyn songy satysynan bolinip Ajga saparyn zhalgastyrdy Birazdan kejin zymyrannyn songy satysy Kүndi ajnaluga koshti source source source source source source Televiziyalyk seanstan үzindi Starttan 75 sagat 55 minut 53 sekund otkende garysh kemenin negizgi kozgaltkyshy kosylyp apparat Ajdyn orbitasyna endi Bastapky apocentr zhәne pericentri sәjkesinshe 315 zhәne 109 shakyrym boldy Ajnalu periody 2 sagat 10 minut Tort zharym sagattan kejin kozgaltkysh tagy kosylyp ellipstik orbitany shenberlik orbitaga 113 8 h 108 5 shakyrym tүzedi Baskaru moduli azhyratylgan aj modulinen tүsirildi Ұshu bastalgannan 98 sagat 22 minut otken son Apollon 10 Ajdy 12 shi ret ajnala bastaganda aj moduli baskaru modulinen azhyratyldy Aj modulinin ishinde Stafford pen Sernan boldy Ol kezde garysh kemesi Aj betinen 15 6 shakyrym kashyktykta boldy Modulderdin ara kashyktygy 12 metrge zhuyk bolyp sybajlas ushuy 25 minutke sozyldy Stafford pen Sernan baskaru modulin fotoga tүsirip baskaru modulde kalgan Yang aj modulin tүsirip Zhermen tүrlitүsti televiziyalyk seans otkizdi Aj modulinin ushuy 99 sagat 46 minut otkende aj modulinin konuga arnalgan kozgaltkyshy kosyldy Ol 28 sekund zhumys istep moduldi tomen orbitaga tүsirdi Astronavttar kelesi missiyanyn konuyna kolajly zherdi karastyryp ony 6 minuttaj bakylap turdy zhәne fotoga tүsirdi 106 sagat 22 minut otkende aj moduli kajtadan baskaru modulimen kosyldy Budan kejin baskaru moduli orbita bojynda әli 29 sagattaj bolgan Sonyna karaj Zhermen bir sagatka sozylgan televiziyalyk seans otkizildi Ұshu bastalgannan 137 sagat 36 minut 28 sekund otken son garysh kemesi orbitamen 31 ajnalym zhasap bitkende negizgi kozgaltkysh kosylyp Zherge karaj bagdar aldy Ol kezde de astronavtar televiziyalyk seans otkizdi Ajdyn birtindep kishirejgeni tүsirildi Songy teleseans apparat Zherden 66000 shakyrym kashyktykta bolganda oryn aldy 191 sagat 49 minut 11 sekund otkende kozgaltkyshtan azhyratylgan ekipazh boligi atmosferaga kirdi 192 sagat 03 minut 25 sekund otkende ekipazh boligi Tynyk muhitynyn sularyna kondy bul Prinston aviatasymaldagyshynan 6 3 shakyrym kashyktykta boldy Ol zherde tan atkannan 40 minut otken edi Bir tәuliktin ishinde astronavtar aviatasymaldagyshtan Hyustonga zhetkizildi NәtizheleriNASA bul missiyany tolyktaj sәtti dep tanydy barlyk tapsyrmalar oryndaldy Aj betindegi tandalgan zherdin alda zhosparlangan adamnyn konuyna kolajly ekeni rastaldy Apollon 10 apparatynyn Zherge kajtkan kezdegi zhyldamdygy 39 897 shakyrym sagat 11 shakyrym sekund boldy Bul ekipazhy bar kez kelgen kolik үshin en zhogary zhyldamdyk GalereyaZymyran tasygyshtyn dajyndaluy Baskaru modulindegi ekipazh start aldynda Start sәti Aj kokzhieginde Zherdin koterilgen sәti Aj modulinin baskaru modulimen zhakyndauy Apollon 10 ekipazhynyn suga konuy Baskaru moduli Londonnyn Ғylym murazhajynda Apollon 10 tүsirgen Trisneker krater many Ajdyn korinbejtin zhagyndagy Neho krateriSiltemelerOrtakkorda bugan katysty media fajldar bar Apollo 10NASA sajtyndagy akparat Muragattalgan 11 tamyzdyn 2020 zhyly Encyclopedia Astronautica Apollon 10 turaly Apollo 10 Moon Orbit videomaterialdar Apollon 10 tүsirgen fotosuretter kolzhetpejtin silteme