Адарғы — өрмек жіптерінің астын-үстін көтере бөліп тұратын кергіш ағаш. Адарғы кепкен қатты ағаштан не тақтайдан жасалады, ұзындығы — 50, ені — 15, қалыңдығы — 2-3 см болады. Тақтайдың ортасы қалың, ал екі шеті жонылған болып келеді. Қырларына өрмек жібі сиятындай етіп жіңішке өзекшелер түсірілген.
Қолданылуы
Өрмек, кілем тоқуда қолданылатын, оның жіптерінің асты-үстін көтере бөліп тұратын аспап кепкен ағаштан жасалады. Екі жақ шеті жонылып, жүзі шығарылған, ортасы сәл дөңес, ені 20-25 см-дей тақтайдан жасалған өрмек жіптерінің жоғарғы және төменгілерін ауыстырып тұратын құрал.
Өрмек жіптері екіге бөлінеді: күзудегі жіп жоғары шығып, бос жіп күзудің астында қалады. Яғни екі жіп итіс-тартыс өзара айқас орналасады. Осы екі жіптің арасы 10-15 см қуыс болып келеді. Осы қуысқа қылыш өткізіледі. Содан кейін, жіптердің тиісті мөлшерін қолмен санап анықтап, алдыңғы жіптерді үстіне шығарып, үстіңгі жіптерді керісінше, жоғары шығарып, екі араға адарғы және онымен бірге бақылау жібі енгізіледі. Адар сөзі көне түркі тілінде кездеседі. Оның қазақша мәні - айыр, ажырату, бөлу. Ол туралы ауыз әдебиетінде: Ұршық пенен адарғы, Киіндірген бабамды, Бәсең ине, кесте біз, Келістірген ажарды, - деген жолдар кездеседі.
Дереккөздер
- Бекмұрат Уақатов. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы. Алматы: Ғылым, 1983
- Мұқанов С. Халық мұрасы. Тарихи- этнографиялык шолу. Таңдамалы шығармалар. XV том. Алматы: Жазушы, 1979
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Adargy ormek zhipterinin astyn үstin kotere bolip turatyn kergish agash Adargy kepken katty agashtan ne taktajdan zhasalady uzyndygy 50 eni 15 kalyndygy 2 3 sm bolady Taktajdyn ortasy kalyn al eki sheti zhonylgan bolyp keledi Қyrlaryna ormek zhibi siyatyndaj etip zhinishke ozeksheler tүsirilgen ҚoldanyluyӨrmek kilem tokuda koldanylatyn onyn zhipterinin asty үstin kotere bolip turatyn aspap kepken agashtan zhasalady Eki zhak sheti zhonylyp zhүzi shygarylgan ortasy sәl dones eni 20 25 sm dej taktajdan zhasalgan ormek zhipterinin zhogargy zhәne tomengilerin auystyryp turatyn kural Өrmek zhipteri ekige bolinedi kүzudegi zhip zhogary shygyp bos zhip kүzudin astynda kalady Yagni eki zhip itis tartys ozara ajkas ornalasady Osy eki zhiptin arasy 10 15 sm kuys bolyp keledi Osy kuyska kylysh otkiziledi Sodan kejin zhipterdin tiisti molsherin kolmen sanap anyktap aldyngy zhipterdi үstine shygaryp үstingi zhipterdi kerisinshe zhogary shygaryp eki araga adargy zhәne onymen birge bakylau zhibi engiziledi Adar sozi kone tүrki tilinde kezdesedi Onyn kazaksha mәni ajyr azhyratu bolu Ol turaly auyz әdebietinde Ұrshyk penen adargy Kiindirgen babamdy Bәsen ine keste biz Kelistirgen azhardy degen zholdar kezdesedi DerekkozderBekmurat Uakatov Қazaktyn turmys salt zhyrlarynyn tipologiyasy Almaty Ғylym 1983 Mukanov S Halyk murasy Tarihi etnografiyalyk sholu Tandamaly shygarmalar XV tom Almaty Zhazushy 1979 Қazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz