Кісе – ер адамның әртүрлі қаруларды, қаруға қажетті жабдықтарды және басқа да қажетті заттарды іліп алып жүруге арналған белдігі.
Атау мағынасы
Кісе белдіктің ең басты элементі – әртүрлі заттарды салып алып жүруге арналған «кісе» («қалта»), сондықтан, белдіктің атауы да оның атымен кіселі белдік немесе кісе белдік деп аталған. Белдіктің бұл элементінің «кісе» атауы қазақтардың этнографиялық тұрмысы туралы орыстың жазба деректерінде ХVIII ғасырдан кездеседі. ХIХ ғасырда Ш. Уәлиханов та өз еңбегінде «кісе» сөзі қалта дегенді білдіретінін жазған болатын. Түркі тілдерінде «кісе» сөзі ХIII ғасырдан қолданыста болған. Түркі халықтарының көпшілігінің тілдерінде кісе сөзі «белбеудің қалтасы», «дорбасы», «киімнің қалтасы» мағынасында жұмсалады.
Мысалы, қырғыз тіліндегі кисе атауын К.К. Юдахин иран сөзі деп көрсетеді. Мағынасы «теріден (былғары) тігілген белбеудің қалтасы; әр түрлі қалта тағылған белбеу», «қалта».
Сол секілді әзірбайжан тілінде кисе – темекі салатын қалта, өзбек тілінде кисса – киімнің қалтасы. Бұл лингвистикалық талдаулардан кісе атауының әу баста қалта атауы болып, кісе белдік – қалтасы бар белдік ұғымынан ықшамдалу заңдылығымен кісе – белдік атауына ауысқандығын байқау қиын емес.
Көшпелі түркі халықтарында белдікке тағылған кісе қалта б.з. I-мыңжылдықтың ортасынан қолданылып келеді. Көне түркі, қыпшақ заманына жататын өнер ескерткіштерінде түркі жауынгерлерінің белдіктерінде міндетті түрде кісе қалта бейнеленеді. Жазба деректердің мәліметі бойынша, көне қыпшақ тілінде кісе қалтан «қаптарғақ» деп аталған.
Кісе мәні
Кісе белдік қазақ белдіктерінің ең көне түрі. Көшпелі түркі халықтарында кісе белдік б.з. дейінгі I мыңжылдықтың ортасынан қолданылып келеді. Кісе белдік көне заманнан жауынгердің негізгі атрибуттарының бірі саналды. Қару жарақты іліп алып жүретіндіктен жауынгердің маңызды жабдығы болған бұл белдік түрі ерлер костюмының да маңызды элементіне айналып, иесінің әлеуметтік статусын, әлеуметтік жағдайын көрсетіп, әртүрлі дәрежені белгілеген. Адамның өмір жасының бір кезеңінен келесісіне өтуін, адамның қоғамдық статусының ауысуын, биік лауазымға ие болуын белгілейтін ғұрыптық салттарда белдік буыну осы өзгерісті тұспалдады. Сол себепті өте ерте замандардан барлық көшпелі халықтарда да, кейінгі заманда қазақтарда да кісе белдікті әшекейлеуге әдетте көп көңіл бөлініп отырды. Белдіктің бетіне әртүрлі қызметі бар және әшекейлік мақсаттағы түрлі металл шытыралар бекітіліп, шытыралардың саны, оның көркемделуі жауынгердің қоғамдық дәрежесіне сәйкес болды.
Ерекшелігі
Жауынгерлік белдік болған кісе белдіктің басты ерекшелігі – жан-жағынан салбырап түсіп тұратын, жауынгерлік қаруларды ілуге арналған әртүрлі салпыншақ қайысбаулары мен ілгектерінің болуы. Бұл ілгектер мен салпыншақтардың пішінінің өзгеруінде көшпелі жауынгердің жауынгерлік қаруы кешенінің даму тарихы да көрініс тапты десек болады. Сақ-скиф дәуірінде, ғұн-сармат кезеңінде кісе белдікке жақ пен оқтар салынған горит, семсер мен акинак ілінсе, түркі–қыпшақ замандарында кісеге жауынгерлік қарудың негізгі түрлері – жақ салынған садақ пен оқтар салынған қылшан, семсер, қылыш, қанжар, жауынгерлік балта ілінетін. Әр кезеңнің қаруларының белдікке іліну әдісі өзгеше болғандықтан сол кездегі кісе белдіктердің салпыншақтары мен ілгектерінің пішіні де өзгеріп отырды. Жақ пен оқтарды сақтайтын жабдықтардың – қорамсақ пен садақтың формасының өзгеруі, қылыш, семсерлердің іліну әдісінің өзгеруі олар ілінетін қайысбаулардың да өзіндік пішінін қалыптастырды.
Кісенің қазақтардағы қолданысы
Кісе белдік қазақтарда осы заманға дейін қолданылып келді. Қазақтарда да кісе белдік - ерлер костюмінің басты элементі. Әсіресе батырлар, жауынгерлер мен аңшылар қолданған негізгі белдік түрі болды.
Қазақтардың кісе қалтасының кейбір түрлерінде түркі-қыпшақ кісе қалталарымен ұқсастықты байқауға болады. Қазақтарда кісе қалтаның төртбұрышты, жарты дөңгелек, бесбұрыш және т.б. пішіндес бірнеше түрлері кездеседі. Кісе қалта бетін толық жауып тұратын қақпағымен біртұтас тері кесігінен тігіліп, ішкі жағында үлкенді кішілі екі-үш қалталық бөлімдерден тұрады.
Жасалу сипаты
Кісе белдік қайыс белбеуден және оған қайысбаулармен ілінген әртүрлі жабдықтардан тұрды. Қайыс белбеу екі қабат тері таспалардан немесе екі бүктелген бір таспадан тарамыс жіптермен тігіліп жасалды. Белдіктің қайыс белбеуінің ұзындығы 1,5-2 м болып, жалпақтығы 2,5-3 см болып келеді. Әдетте қайыс белбеудің бастарына темір ұштықтар бекітілді. Белбеуді тағу үшін оның оң жақ басының ұштығы ілгек түрінде жасалып, сол жақ басында осы ілгек ілінетін бірнеше тесіктері болады. Берік болу үшін тесіктердің шеттері дөңгелек түріндегі металл шытыралармен жиектелді. Қазақтарда кісе белдіктің тағылу әдісі негізгі түрі осы ілгек арқылы тағылу болды. Одан басқа тоғабас арқылы тағылу, қапсырма түріндегі тағылу және баумен байлану әдістері де қолданылды. Белдіктің ілгекпен тағылу және баумен байлану әдістері - көшпелі халықтарда б.з. дейінгі V ғасырдан, сақ-скиф заманынан бері қолданылып келе жатқан көне әдістер.
Кісеге ілініп жүретін жабдықтары
Кісе қалтаға әдетте шақпақтас, пiлте, оқ-дәріні тығыздап қоюға арналған қағаз немесе маталар қиындыларын салып алып жүрген. ХIХ ғасырда орыс генерал Броневский қазақтарда «...белдік және оған тағылған тері қалта ұсақ жез және күмістелген темірмен әшекейленеді. Бұл қалтаның ішіне көз салсаңыз, сіз оның ішінен темекі, трубка, оттық, пілте, қағаз бен матаның қиындыларын табасыз. Қалтаның жанында қорғасын оқтарға арналған домалақ тері оқшантай, ағаш дәрісауыт және матадан жасалған қалташа бар...» деп жазады. Ш. Уәлиханов қазақтар кісе белдікті орыс юфтасынан тігетінін, қалтасына шақпақ, оттық, пілте, мылтықты майлауға арналған май салып алып жүретінін жазған.
- «Оқшантай» – мылтықтан атылатын қорғасын оқтарды салып алып жүруге арналған кішкене тері қалташа. Белдікте екі оқшантай ілініп, олар әдетте қатар орналасты, кейде бір-бірімен де қайысбаумен қосылды, бірақ, кейде бір немесе үш оқшантай да тағылды. Кавказдықтардың, шеркестердің ұлттық костюмнің дәстүрлі элементіне айналған оқ салғыштар – «газырлар» сияқты, оқшантайлар да қазақтардың кісе белдігінің дәстүрлі тұрақты ұлттық элементіне айналды.
- Кісе белдікке ілінген, мылтықты атуға қажетті оқдәрiні салып алып жүретін дәрісауыт – «құты» деп аталды. Қазақтардың дәрі салатын құтылар ағаштан, теріден және металдан жасалды. Ағаштан жасалған құтылар, көбінесе, домалақ пішінді болып келеді, бірақ, кейде төртбұрыш пішінді құтылар да кездеседі. Жезден, мыстан жасалған дәріқұтылар кейбір диалектік тілде «дәндәку» деп аталады. Оқпанның ауызынан оқталатын (пілтелі, шақпақты) мылтықтарда оқпандағы дәрі зарядын жандыру үшін оқпанның құлағына салынатын тұтатқыш дәрінің құрамы оқпандағы негізгі дәріден өзгешелеу жасалды. Сондықтан, қазақтар бұл тез тұтанғыш дәріні мүйізден жасалған дәрішақшада бөлек сақтап, оны да кісе белдікке іліп алып жүрген.
- Жолда жүргенде от тұтатуға қажетті жабдық - темірден соғылып жасалған «оттық». От жағу үшін шақпақ пен оттық көшпелі тұрмыста өте ертеден қолданған. Ортағасырлық көшпелілер тұрақты қажетті зат ретінде кісе белдікте міндетті түрде темірден соғылған оттық іліп жүрді. Ортағасырлық өнер ескерткіштерінен (балбал тастарда, петроглифтерде) жауынгерлік кісе белдікке ілінген осындай ортағасырлық оттықтар түрлерінің бейнесін көруге болады. Көне оттықтың нұсқалары көшпелілер обаларынан табылған археологиялық табындыларда да кездеседі. Ортағасырлық оттықтар темірден дөңгелене иіліп, ұштары қайырылған формада соғылды. Кейін көшпелі халықтар оттықты ішіне шақпақ тас пен пілте салып алып жүруге арналған тері қалташа түрінде жасап, темір шақпағын қалтаның түп жағына бекітті. Еш өзгеріссіз бұл тип түркі-монғол халықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін жетті. Қазақтар да кісе белдігінде міндетті түрде осындай типті оттықты іліп жүрді. От жағарда қолдың қозғалысын шектемеу үшін әдетте оттық белдікте ұзын қайысбауға ілінді.
Кісе белдікте бұлардан басқа әртүрлі мақсаттарға байланысты басқа да заттар ілінді. Соның бірі – пышақ, қылыш жүздерін қайрауға арналған жанқайрақ. Қайрақ сақ-скиф заманынан бері көшпелілер жауынгерлерінің белдігінде тұрақты ілулі жүретін қажетті заттың бірі болды. Сондай қажетті заттың тағы бірі – мүйізден, сүйектен жасалған, ұшы үшкірлеу, сәл имек болып келген іскек. Оның бір жақ басында тесік жасалып, белге ілу үшін қайысбау тағылды. Бұл затты арқан, жіптердің қатайып қалған түйіндерін шешу үшін қолданды. Ол үшін іскектің ұшымен түйіннің арасын сұққылап босатып, жіпті тартып шешеді. Аңшылардың кісе белдігінде әртүрлі нәрселерді ілуге арналған, ағаштан жасалып, ортасынан қайысбау байланған «ілмек» те тағылды.
Кісенің қайыс белбеуінің, кісе қалтасының, оқшантайларының беттері теріге бастырып салынған ою-өрнекпен, жезден, мыстан және темірден жасалып, алтын, күміс қақтап, қарала жүргізіп өрнектелген, пішіні әртүрлі шытыралармен көркемделді. Ауқатты адамдардың кіселерінің шытыралары күмістен құйылып жасалды.
Құрамдық бөліктерінің өзгеруі
XVI ғасырдан XX ғасыр аралығында қазақ кісе белдігінің құрамдық элементтерінің өзгеруінде де қазақтарда әскери қаруды қолдану тарихында болған өзгерістер көрініс тапқан. ХVI-ХVII ғасырларда кісе белдікке қынаптағы семсер, қылыш немесе сапы, жақ салынған садақ пен оқтар салынған қорамсақ, қындағы пышақ ілінсе, ХVIII ғасырдан оқдәрімен атылатын қаруды қолдана бастаумен кісе белдікке от қаруына қажетті жабдықтар іліне бастады. Енді қазақтардың кісе белдігінің басты дәстүрлі элементтері - мылтық атуға қажетті жабдықтар: дәрі салынатын «құты», оқтарды салып алып жүретін тері «оқшантай», пілте, шақпақ салуға арналған тері «кісе қалта» және пілтені тұтатуғу қажетті «оттық» болды. Кісе белдіктің толық қалпында қайысбаулар арқылы оң жақтан кісе қалта, құты, оттық, сол жақтан оқшантайлар мен қынға салынған пышақ арнаулы қайысбаулармен ілінді. ХХ ғасырдың басына дейін кісе белдікте ер адамдар міндетті түрде қынға салынған ұлттық пышақ түрін іліп жүрді.
Кісенің ғұрыптық мақсатта қолданылуы
Қазақтар кісе белдікті тікелей қызметінен басқа әртүрлі ғұрыптық мақсаттарда да қолданған. Адамдар қиыншылық көргенде, тәңірге жалбарынғанда кісені белден шешіп, мойнына салып тілек тілеген. Ол жөнінде халық ауыз әдебиетінде сақталған мәліметтер баршылық. Кісенің ырымдық, ғұрыптық қызмет атқаруы мал шаруашылығында да пайдаланылды. Мәселен, інген іш тастамасын деп ырымдап, інген мойынына кісе салатын болған. Мұндай ырымдар қыз айттыруға келетін жаушының (тілші) бір балағын шығарып, тымағын теріс қаратып киіп келуі сынды т.б. ерекшеліктерді атауға болады.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Броневский С. Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды. Отечественные записки. 1830. Ч.41. Кн.119. С.400-420; Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в 5-ти томах. Т.1. Алма-Ата: Изд.-во АН Каз ССР, 1961; Собрание сочинение в пяти томах. Том V. Графическое наследие. Алма-Ата: Наука, 1972;
- Захарова И.В. Ходжаева Р.Д. Казахская национальная одежда: XIX – начала XX вв. Алматы: Наука, 1964;
- Ертедегі әдебиет нұсқалары. Алматы, 1967;
- Казахско-русские отношения в ХVIII-ХIХ веках (1771-1867 годы): (Сборник документов и материалов). - Алма-Ата: Наука, 1964;
- Курылев В.П. Оружие казахов. Материальная культура и хозяйство народов Кавказа, Средней Азии и Казахстана. СМАЭ. Т.XXXIV. Л.:Наука, 1978. С.4-22;
- Самашев З., Жетібаев Ж. Қазақтың этнографиялық суреттеріндегі белбеу мотиві. ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. 1997. №12. 57-67 бб.;
- ҚР МОМ материалдарынан;
- ОМЭЭ-материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Kise er adamnyn әrtүrli karulardy karuga kazhetti zhabdyktardy zhәne baska da kazhetti zattardy ilip alyp zhүruge arnalgan beldigi Kise beldik Kise beldik zhabdyktary fragment 1 kise kalta 2 okshantaj ҚR Ұlttyk murazhajynyn korme zalynan Atau magynasyKise beldiktin en basty elementi әrtүrli zattardy salyp alyp zhүruge arnalgan kise kalta sondyktan beldiktin atauy da onyn atymen kiseli beldik nemese kise beldik dep atalgan Beldiktin bul elementinin kise atauy kazaktardyn etnografiyalyk turmysy turaly orystyn zhazba derekterinde HVIII gasyrdan kezdesedi HIH gasyrda Sh Uәlihanov ta oz enbeginde kise sozi kalta degendi bildiretinin zhazgan bolatyn Tүrki tilderinde kise sozi HIII gasyrdan koldanysta bolgan Tүrki halyktarynyn kopshiliginin tilderinde kise sozi belbeudin kaltasy dorbasy kiimnin kaltasy magynasynda zhumsalady Mysaly kyrgyz tilindegi kise atauyn K K Yudahin iran sozi dep korsetedi Magynasy teriden bylgary tigilgen belbeudin kaltasy әr tүrli kalta tagylgan belbeu kalta Sol sekildi әzirbajzhan tilinde kise temeki salatyn kalta ozbek tilinde kissa kiimnin kaltasy Bul lingvistikalyk taldaulardan kise atauynyn әu basta kalta atauy bolyp kise beldik kaltasy bar beldik ugymynan ykshamdalu zandylygymen kise beldik atauyna auyskandygyn bajkau kiyn emes Koshpeli tүrki halyktarynda beldikke tagylgan kise kalta b z I mynzhyldyktyn ortasynan koldanylyp keledi Kone tүrki kypshak zamanyna zhatatyn oner eskertkishterinde tүrki zhauyngerlerinin beldikterinde mindetti tүrde kise kalta bejnelenedi Zhazba derekterdin mәlimeti bojynsha kone kypshak tilinde kise kaltan kaptargak dep atalgan Kise mәniKise beldik kazak beldikterinin en kone tүri Koshpeli tүrki halyktarynda kise beldik b z dejingi I mynzhyldyktyn ortasynan koldanylyp keledi Kise beldik kone zamannan zhauyngerdin negizgi atributtarynyn biri sanaldy Қaru zharakty ilip alyp zhүretindikten zhauyngerdin manyzdy zhabdygy bolgan bul beldik tүri erler kostyumynyn da manyzdy elementine ajnalyp iesinin әleumettik statusyn әleumettik zhagdajyn korsetip әrtүrli dәrezheni belgilegen Adamnyn omir zhasynyn bir kezeninen kelesisine otuin adamnyn kogamdyk statusynyn auysuyn biik lauazymga ie boluyn belgilejtin guryptyk salttarda beldik buynu osy ozgeristi tuspaldady Sol sebepti ote erte zamandardan barlyk koshpeli halyktarda da kejingi zamanda kazaktarda da kise beldikti әshekejleuge әdette kop konil bolinip otyrdy Beldiktin betine әrtүrli kyzmeti bar zhәne әshekejlik maksattagy tүrli metall shytyralar bekitilip shytyralardyn sany onyn korkemdelui zhauyngerdin kogamdyk dәrezhesine sәjkes boldy EreksheligiZhauyngerlik beldik bolgan kise beldiktin basty ereksheligi zhan zhagynan salbyrap tүsip turatyn zhauyngerlik karulardy iluge arnalgan әrtүrli salpynshak kajysbaulary men ilgekterinin boluy Bul ilgekter men salpynshaktardyn pishininin ozgeruinde koshpeli zhauyngerdin zhauyngerlik karuy kesheninin damu tarihy da korinis tapty desek bolady Sak skif dәuirinde gun sarmat kezeninde kise beldikke zhak pen oktar salyngan gorit semser men akinak ilinse tүrki kypshak zamandarynda kisege zhauyngerlik karudyn negizgi tүrleri zhak salyngan sadak pen oktar salyngan kylshan semser kylysh kanzhar zhauyngerlik balta ilinetin Әr kezennin karularynyn beldikke ilinu әdisi ozgeshe bolgandyktan sol kezdegi kise beldikterdin salpynshaktary men ilgekterinin pishini de ozgerip otyrdy Zhak pen oktardy saktajtyn zhabdyktardyn koramsak pen sadaktyn formasynyn ozgerui kylysh semserlerdin ilinu әdisinin ozgerui olar ilinetin kajysbaulardyn da ozindik pishinin kalyptastyrdy Kisenin kazaktardagy koldanysyKise beldik kazaktarda osy zamanga dejin koldanylyp keldi Қazaktarda da kise beldik erler kostyuminin basty elementi Әsirese batyrlar zhauyngerler men anshylar koldangan negizgi beldik tүri boldy Қazaktardyn kise kaltasynyn kejbir tүrlerinde tүrki kypshak kise kaltalarymen uksastykty bajkauga bolady Қazaktarda kise kaltanyn tortburyshty zharty dongelek besburysh zhәne t b pishindes birneshe tүrleri kezdesedi Kise kalta betin tolyk zhauyp turatyn kakpagymen birtutas teri kesiginen tigilip ishki zhagynda үlkendi kishili eki үsh kaltalyk bolimderden turady Zhasalu sipaty Kise beldik kajys belbeuden zhәne ogan kajysbaularmen ilingen әrtүrli zhabdyktardan turdy Қajys belbeu eki kabat teri taspalardan nemese eki bүktelgen bir taspadan taramys zhiptermen tigilip zhasaldy Beldiktin kajys belbeuinin uzyndygy 1 5 2 m bolyp zhalpaktygy 2 5 3 sm bolyp keledi Әdette kajys belbeudin bastaryna temir ushtyktar bekitildi Belbeudi tagu үshin onyn on zhak basynyn ushtygy ilgek tүrinde zhasalyp sol zhak basynda osy ilgek ilinetin birneshe tesikteri bolady Berik bolu үshin tesikterdin shetteri dongelek tүrindegi metall shytyralarmen zhiekteldi Қazaktarda kise beldiktin tagylu әdisi negizgi tүri osy ilgek arkyly tagylu boldy Odan baska togabas arkyly tagylu kapsyrma tүrindegi tagylu zhәne baumen bajlanu әdisteri de koldanyldy Beldiktin ilgekpen tagylu zhәne baumen bajlanu әdisteri koshpeli halyktarda b z dejingi V gasyrdan sak skif zamanynan beri koldanylyp kele zhatkan kone әdister Kisege ilinip zhүretin zhabdyktary Kise beldikter 1 2 Қulpytastagy suretterden Batys Қazakstan HVIII g 3 Sh Uәlihanovtyn suretinen HIH g 4 Resejdin Etnografiyalyk Muzeji korynan HIH g Ә Margulan bojynsha 5 ҚR Ortalyk memlekettik muzeji korynan HIH g Kisege ilingen zattar a kise kalta b okshantaj v kuty g pyshak kynymen d tүjinderdi sheshuge arnalgan iskek zh ilmek z ottyk i dәrishaksha Kise kaltaga әdette shakpaktas pilte ok dәrini tygyzdap koyuga arnalgan kagaz nemese matalar kiyndylaryn salyp alyp zhүrgen HIH gasyrda orys general Bronevskij kazaktarda beldik zhәne ogan tagylgan teri kalta usak zhez zhәne kүmistelgen temirmen әshekejlenedi Bul kaltanyn ishine koz salsanyz siz onyn ishinen temeki trubka ottyk pilte kagaz ben matanyn kiyndylaryn tabasyz Қaltanyn zhanynda korgasyn oktarga arnalgan domalak teri okshantaj agash dәrisauyt zhәne matadan zhasalgan kaltasha bar dep zhazady Sh Uәlihanov kazaktar kise beldikti orys yuftasynan tigetinin kaltasyna shakpak ottyk pilte myltykty majlauga arnalgan maj salyp alyp zhүretinin zhazgan Okshantaj myltyktan atylatyn korgasyn oktardy salyp alyp zhүruge arnalgan kishkene teri kaltasha Beldikte eki okshantaj ilinip olar әdette katar ornalasty kejde bir birimen de kajysbaumen kosyldy birak kejde bir nemese үsh okshantaj da tagyldy Kavkazdyktardyn sherkesterdin ulttyk kostyumnin dәstүrli elementine ajnalgan ok salgyshtar gazyrlar siyakty okshantajlar da kazaktardyn kise beldiginin dәstүrli turakty ulttyk elementine ajnaldy Tolyk makalasy Okshantaj Kise beldikke ilingen myltykty atuga kazhetti okdәrini salyp alyp zhүretin dәrisauyt kuty dep ataldy Қazaktardyn dәri salatyn kutylar agashtan teriden zhәne metaldan zhasaldy Agashtan zhasalgan kutylar kobinese domalak pishindi bolyp keledi birak kejde tortburysh pishindi kutylar da kezdesedi Zhezden mystan zhasalgan dәrikutylar kejbir dialektik tilde dәndәku dep atalady Okpannyn auyzynan oktalatyn pilteli shakpakty myltyktarda okpandagy dәri zaryadyn zhandyru үshin okpannyn kulagyna salynatyn tutatkysh dәrinin kuramy okpandagy negizgi dәriden ozgesheleu zhasaldy Sondyktan kazaktar bul tez tutangysh dәrini mүjizden zhasalgan dәrishakshada bolek saktap ony da kise beldikke ilip alyp zhүrgen Zholda zhүrgende ot tutatuga kazhetti zhabdyk temirden sogylyp zhasalgan ottyk Ot zhagu үshin shakpak pen ottyk koshpeli turmysta ote erteden koldangan Ortagasyrlyk koshpeliler turakty kazhetti zat retinde kise beldikte mindetti tүrde temirden sogylgan ottyk ilip zhүrdi Ortagasyrlyk oner eskertkishterinen balbal tastarda petroglifterde zhauyngerlik kise beldikke ilingen osyndaj ortagasyrlyk ottyktar tүrlerinin bejnesin koruge bolady Kone ottyktyn nuskalary koshpeliler obalarynan tabylgan arheologiyalyk tabyndylarda da kezdesedi Ortagasyrlyk ottyktar temirden dongelene iilip ushtary kajyrylgan formada sogyldy Kejin koshpeli halyktar ottykty ishine shakpak tas pen pilte salyp alyp zhүruge arnalgan teri kaltasha tүrinde zhasap temir shakpagyn kaltanyn tүp zhagyna bekitti Esh ozgerissiz bul tip tүrki mongol halyktarynda XIX gasyrdyn ayagyna dejin zhetti Қazaktar da kise beldiginde mindetti tүrde osyndaj tipti ottykty ilip zhүrdi Ot zhagarda koldyn kozgalysyn shektemeu үshin әdette ottyk beldikte uzyn kajysbauga ilindi Kise beldikte bulardan baska әrtүrli maksattarga bajlanysty baska da zattar ilindi Sonyn biri pyshak kylysh zhүzderin kajrauga arnalgan zhankajrak Қajrak sak skif zamanynan beri koshpeliler zhauyngerlerinin beldiginde turakty iluli zhүretin kazhetti zattyn biri boldy Sondaj kazhetti zattyn tagy biri mүjizden sүjekten zhasalgan ushy үshkirleu sәl imek bolyp kelgen iskek Onyn bir zhak basynda tesik zhasalyp belge ilu үshin kajysbau tagyldy Bul zatty arkan zhipterdin katajyp kalgan tүjinderin sheshu үshin koldandy Ol үshin iskektin ushymen tүjinnin arasyn sukkylap bosatyp zhipti tartyp sheshedi Anshylardyn kise beldiginde әrtүrli nәrselerdi iluge arnalgan agashtan zhasalyp ortasynan kajysbau bajlangan ilmek te tagyldy Kisenin kajys belbeuinin kise kaltasynyn okshantajlarynyn betteri terige bastyryp salyngan oyu ornekpen zhezden mystan zhәne temirden zhasalyp altyn kүmis kaktap karala zhүrgizip ornektelgen pishini әrtүrli shytyralarmen korkemdeldi Aukatty adamdardyn kiselerinin shytyralary kүmisten kujylyp zhasaldy Қuramdyk bolikterinin ozgerui XVI gasyrdan XX gasyr aralygynda kazak kise beldiginin kuramdyk elementterinin ozgeruinde de kazaktarda әskeri karudy koldanu tarihynda bolgan ozgerister korinis tapkan HVI HVII gasyrlarda kise beldikke kynaptagy semser kylysh nemese sapy zhak salyngan sadak pen oktar salyngan koramsak kyndagy pyshak ilinse HVIII gasyrdan okdәrimen atylatyn karudy koldana bastaumen kise beldikke ot karuyna kazhetti zhabdyktar iline bastady Endi kazaktardyn kise beldiginin basty dәstүrli elementteri myltyk atuga kazhetti zhabdyktar dәri salynatyn kuty oktardy salyp alyp zhүretin teri okshantaj pilte shakpak saluga arnalgan teri kise kalta zhәne pilteni tutatugu kazhetti ottyk boldy Kise beldiktin tolyk kalpynda kajysbaular arkyly on zhaktan kise kalta kuty ottyk sol zhaktan okshantajlar men kynga salyngan pyshak arnauly kajysbaularmen ilindi HH gasyrdyn basyna dejin kise beldikte er adamdar mindetti tүrde kynga salyngan ulttyk pyshak tүrin ilip zhүrdi Kisenin guryptyk maksatta koldanyluy Қazaktar kise beldikti tikelej kyzmetinen baska әrtүrli guryptyk maksattarda da koldangan Adamdar kiynshylyk korgende tәnirge zhalbarynganda kiseni belden sheship mojnyna salyp tilek tilegen Ol zhoninde halyk auyz әdebietinde saktalgan mәlimetter barshylyk Kisenin yrymdyk guryptyk kyzmet atkaruy mal sharuashylygynda da pajdalanyldy Mәselen ingen ish tastamasyn dep yrymdap ingen mojynyna kise salatyn bolgan Mundaj yrymdar kyz ajttyruga keletin zhaushynyn tilshi bir balagyn shygaryp tymagyn teris karatyp kiip kelui syndy t b erekshelikterdi atauga bolady DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterBronevskij S Zapiski o kirgiz kajsakah Srednej Ordy Otechestvennye zapiski 1830 Ch 41 Kn 119 S 400 420 Valihanov Ch Ch Sobranie sochinenij v 5 ti tomah T 1 Alma Ata Izd vo AN Kaz SSR 1961 Sobranie sochinenie v pyati tomah Tom V Graficheskoe nasledie Alma Ata Nauka 1972 Zaharova I V Hodzhaeva R D Kazahskaya nacionalnaya odezhda XIX nachala XX vv Almaty Nauka 1964 Ertedegi әdebiet nuskalary Almaty 1967 Kazahsko russkie otnosheniya v HVIII HIH vekah 1771 1867 gody Sbornik dokumentov i materialov Alma Ata Nauka 1964 Kurylev V P Oruzhie kazahov Materialnaya kultura i hozyajstvo narodov Kavkaza Srednej Azii i Kazahstana SMAE T XXXIV L Nauka 1978 S 4 22 Samashev Z Zhetibaev Zh Қazaktyn etnografiyalyk suretterindegi belbeu motivi ҚazMU habarshysy Tarih seriyasy 1997 12 57 67 bb ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan