Атырау облысы геологиялық тұрғыдан алғанда көне Шығыс Еуропа платформасының алып аумағына ендеп кірген Каспий маңы ойпатының оңтүстік жағалауын алып жатыр.
Геологиялық құрылымы
Тұтастай аумақ ернеудегі өңірге тән екі қатарлы құрылымнан тұрады. Төменгі қатар немесе іргетас геофизикалық деректер бойынша 7—20 км-лік тереңдікте және көршілес аудандармен салыстырғанда өзгеріске түскен шөгінді-жанартаулы және интрузиялық жыныстардан қалыптасқан. Іргетас сынудың салдарынан ірі блоктарға ыдыраған. Блоктар ернеулермен көмкерілген. Атырау облысының шегінде іргетастың үстіне көтерілген, ендік бағыты бойынша 500 км-ге созылған, ені 90—140 км Солтүстік Каспий-Биікжал аймағы бар. Іргетас үстінің шөгу терендігі 7-ден 10-11 км-ге дейін. Аймақтың көтеріңкі тұстары белгілі бір морфологиялық жүйеге топтасқан төбелермен, ылдилармен көмкерілген. Оңтүстік жағында Солтүстік Каспий-Биікжал көтеріңкі аймағы Оңтүстік Жем ылдиымен көмкеріледі, мұндағы іргетастың беті 12-13 км тереңдікте жатыр.
Іргетастың үстінде шөгінді қорабы бар, ол тұз асты, тұзды, тұз үсті кешендеріне бөлінеді, палеозой және мезокайнозой кезеңдерінде қалыптасқан, жыныстарының жалпы тереңдігі 12-14 км-ден асады. Тұз асты шөгінділерінің ашылған кесінділері үш Литологиялық-стратиграфиялық кешенге бөлінеді, олар: жоғарғы девондық, төменгі таскөмірлік, қалыңдығы 1800 м-ге дейінгі терригенді-карбонатты және 1000 м-лік төменгі пермьдік терригенді кешендер. Жоғарғы девондық-таскөмірлік шөгінділі Қаратон-Теңіз аймағында бірыңғай карбонатты кешен қалыптасқан. Тұз асты кешеніндегі жыныстың геологиялық кесіндісі жеткілікті зерттелмеген. Геофизикалық зерттеулердің мәліметтері бойынша оның жалпы қалыңдығы облыстың Солтүстік Каспий аймағында 1,5-3 км-ге дейін, Каспий маңындағы ойпат ернеуінің оңтүстік-шығысында 8-10 км- ге дейін өзгеріп отырады.
Іргетастың көтерілген жерінде тұз асты кешенінің құрылымы бірте-бірте дами түскен. Көтерілген жердің күмбездеріндегі тұз асты жыныстарының қалыңдғы геофизикалық мәліметтерге карағанда 1,0-1,5 км- ден аспайды, бірак ол оңтүстікке қарай күрт өсе түседі. Тұз асты кешенінің күмбезі оңтүстігінде Оңтүстік Жем инверсиялық биігінен солтүстіктегі ойпаттың орталығына қарай моноклиналды түрде енеді. Тұз асты кешенінің моноклинальды енуінің аясында 3,5—3,8 км-ден 6,0—6,4 км-ге дейінгі тереңдіктен көптеген жергілікті қатпарлар, көлемі мен аумағы жөнінен әр түрлі, көтерілетін жерлердің жолағын құрайтын белгілер ерекшеленеді. Ерекшеленген төбешіктердің ұзындығы 6-20 км-ге дейін, ені 100-300 м-ден 2-13 км-ге дейін құбылып отырады.
Тұзды кешен өте қалың төменгі галиттік аймақтың сульфатты-терригенді-карбонатты және гипсті-ангидритті түзілімдерден құралған төменгі пермьнің кунгур қатарының шөгінділерінен, сонымен аралас жалпы қалындығы 200—400 м калийлі, ангидритті және тас тұзды қабаттар кезектесіп отыратын калийлі аймақ жыныстарынан тұрады. Одан жоғары қалындығы 80—150 м галитті аймақ, оның үстінде 10—200 м-лік сульфат қабаты және 5—30 м-лік терригенді түзілімдер орналасқан. Тұз кешені жыныстарының жалпы қалыпты қалындығы 3-5 км деп белгіленген. Алайда, қазіргі кезде төменгі пермьнің кунгур қатарындағы тұз кешені жыныстарының шөгінді реттілігі күрт бұзылып отыр. Ол тек ойпаттың ернеу аймақтарында ғана ішінара сақталған. Каспий маңы синеклизінің табаны төмен түсуіне және жалпы тектоникалық жағдайдың күрделіленуіне байланысты тұзды қабат қатпарлану күйіне көшіп келеді. Жоғарыда жатқан жыныстар салмағының қысымынан тұздар жер бетіне шыға бастады. Соның нәтижесінде облыстың оңтүстік бөлігінде тұзды антиклиналдардан және тереңге кеткен күмбездерден бастап ойпаттың ортасына жақын жердегі облыс жерінің солтүстік бөлігіндегі орасан зор күмбездердің тізбегі пайда болды (Индер, Мәтенқожа, Түктібай және басқалары). Тұзды-күмбезді тектониканың жедел дамуына байланысты тұзды өзектердің морфологиясы да күрделіленіп келеді. Өз-ара тұзды бұғаздармен байланысқан күмбездер ұялы құрылымдар-күмбезаралық қораптар қалыптастыруда. Атырау облысының аймағынан көптеген блоктардан құралған 650 жеке тұз күмбезді құрылым анықталды. Тұз қабаттарының қалындығы 3—9 км арасында. Индер, Қарашүңгіл, Қараөзен, Тасты және басқа жерлердегі күмбездердің галогенді шөгінділері жер бетіне шығып жатыр. Көптеген құрылымдарда тұз шөгінділері 200—300 м-ден 3—5 км тереңдікке кеткен. Кейде тұзды денелердің көлемі 10-15-тен 300-350 км2-ге дейін жетеді. Тұз үстіндегі кешеннің қалың жыныстары жоғарғы пермь мен төрттік дәуірге дейінгі шөгінділерден құралған. Жоғарғы пермьдік-триастық қабат негізінен континенттік тектес терригенді шөгінділерден тұрады. Триастық кесінділердің жоғарғы бөлігі Прорва аймағында ең жоғарғы қалыңдығы 1,5 м-ге жететін сұр түсті теңіз құрылымдарынан түзілген. Жоғарғы пермьдік-триастық жыныстардың қалыңдығы тұзды денелердің негізгі бөліктерінде 5 м, ал күмбезаралық қораптарда 5—6 км-ге жетеді. Юралық-бор шөгінділер жағалаулық-теңіздік жөне теңіздік-терригенді, терригенді-карбонатты шөгінділер түрінде кездеседі. Бұл шөгінділердің қалыңдығы облыстың солтүстік бөлігінде 0,3—0,5 м-ден Прорва аймағында 3 км-ге дейін өзгеріп отырады.
Негізінен құм-саз құрылымдардан тұратын палеоген-төрттік кезең шөгінділерінің барлық жеріндегі дерлік қалындығы 200 м-ден 2 км-ге дейін. Тұз үстіндегі жоғарғы пермьдік-мезозой-кайнозойлық шөгінділердің осы заманғы құрылымы тұз күмбезді тектоникамен айтарлықтай күрделіленген. Мұндағы шөгінділердің әжептәуір тұрақтанғаны, бірақ жекелеген қабаттары арасында көптеген бұрыштық және стратиграфиялық сәйкессіздіктер байқалады. Күмбезаралық және жеке қораптар, кұрылымдық тұмсықтар, өркештер және қабаттардың тұз қылталарының үстінен асып жатуы орын алған. Көбінесе бұл құрылымдық нысандар жер асты атқылауларының әсерімен күрделіленеді. Тұз күмбезіндегі тұз үстінде жатқан жыныстардың дамуында жекелеген стратиграфиялық кешендер бойынша көбінесе құрылымдық сәйкессіздік, шөгінділердің ауытқуы және басқа күрделіленулер байқалады. Жекелеген учаскелерде жыныстардың моноклинальдық құлауымен қатар палеограбендер, палеокүмбездер, сондай-ақ шалғайда жабылып қалған және осы заманғы төбелер дамып келе жатыр.
Тұтастай алғанда облыстың тектоникалық дамуында жауын суының жиналу жағдайындағы сияқты сабақтастық байқалады. Сабақтастық мезгілі жөнінен геологиялық кезеңдерге сәйкес келеді. Аймақтың жоғарғы пермьдік-триастық, юра-палеогендік, неоген-төрттік даму кезеңдері айқын көрінеді. Тұз күмбездерінің қалыптасуы және ойпаттың мейлінше иінденуі осы уақыттармен байланысты. Жоғарғы пермьдік-триастык шөгінділер тұз үсті кешендері қабатының үштен екі бөлігін кұрайды.
Гидрогеологиялық жағдайы.
Облыстағы, сондай-ақ бүкіл ойпаттағы және оған жақын орналасқан әр түрлі генезисті, құрамды құрылымдардағы шөгінді жыныстардың орасан зор қабатында жер асты суларының аса мол қоры бар. Сумен жабдықтауға жарамды тұщы және тұзы болмашы ғана сулар жоғарғы қабаттарда, су сыйғызатын жыныстар орналасқан аудандарда кездеседі. Тереңдік қатпарлардағы сулар мұнай-газ шөгінділерінің тұрақты серігі, олар көмір сутектерінің қалыптасуына, сақталуына, ал жекелеген құрылымдар мен қабаттарға қалыптасқандарын бұзуға да зор әсер етеді. Ұзақ уақыт бойына мұнай мен газ іздестіру жұмыстарының және барлаудың нәтижесінде Оңтүстік Ембі мұнай кәсіпшілігі ауданында жер асты сулары мейлінше толық зерттелді деп айтуға болады. Ал Еділ мен Жайық өзендері арасындағы өңір жете зерттелмеген. Кей жылдары оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жауын-шашынның жылдык көлемі 150-ден 300 мм-ге, тіпті одан да көп мөлшерде түсетіні байқалады. Құмды алқаптарға жауған жауын жер асты суларының қорын жедел толықтыра түседі, ал сазды өңірлердегі жауын өзен аңғарларына ағады, ойпаттағы сорларға жиналады, буланып кетеді. Күрт континенттілік, климаттың шөлейттігі аймақтағы жер беті суларының мейлінше тапшылығын туғызады. Сондықтан да Жайық өзені Батыс Қазақстанның бірден-бір су арнасы болып табылады. Оның көп жылдардан бергі орташа жылдық ағыны 9-10 км3-ге жетеді (Космұрын аулы маңында), ал орташа пайдаланылуы 310-315 м3/сек.
Жер асты суларының қалыптасуы, олардың ауысуы және азаюы аймақтағы геологиялық жұмыстармен де тығыз байланысты. Облыстың қуатты шөгінді түзілімдерінде жатқан жер асты сулары мөлшерінің сан алуандығымен, гидродинамикалық, гидрохимиялық, газохимиялық, гидротермикалық касиеттерімен және қалыптасу шарттарымен ерекшеленеді. Олар су ұстайтын шөгінділердің кұрылымдық және гипсометриялық жағдайына, литологиялық кұрамына, гидрогеологиялық тереңдік дәрежесіне орай әр қилы.
Тұз астындағы, тұз үстіндегі қысымды кешендер шөгінді құндағына қарай жіктеледі. Тұз үстіндегі қысымды су кешендері өз кезегінде төменгі дәрежедегі кешенге бөлінеді. Бұлар: пермотриасты, юралық, борлық, палеогендік, неогендік және төрттік болып ажырайды. Барлық кысымды сулы қабаттарға тән нәрсе — олардың айқын көріністі газогидрохимиялық қарама-қайшылығы. Оған көптеген факторлар, оның ішінде негізгілерінің бірі болып табылатын гидродинамикалык фактор да әсер етеді. Гидродинамикалық қайшылық су режимінің табиғатындағы екі түрлі -инфильтрациялық және элизиондық режимнің өзара әрекетімен сипатталады. Су режимінің бірінші типіне әдетте гипсометриялық көтеріңкі учаскелердегі қосылатын жолдардың су жиналатын тұстарына жауын-шашынның сіңуінен қалыптасу себепші болады. Судың оңтүстік-батыс бағытына қарай ағуы қысымды арттырады. Каспий атырабын қоса облыстың оңтүстік-батыс бөлігінде геостатикалық күштің әсерімен эрозионды режим пайда болады. Сазды жыныстардан қосылатын жолдарға көшудің нәтижесінде су ағыны солтүстік-шығысқа бағытталады, ал осы тұста су азаюының жалпы аймағы байқалады.
Жер асты суларының инфильтрациялық және эрозиондық тұрғыдан бәсеңдеуі оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай жаңа кешеннен ескісіне ауысады. Судың гидродинамикалық қайшылығы өз кезегінде газогидрохимиялық, геотермикалық өзгешеліктерге себепші болады. Әрбір қысымды жеке сулы қабатта екі аймақ ерекшеленеді: тұщы су аймағы және сульфатты-натрийлі, гидрокарбонатты-натрийлі типтерге жататын, 10-15 г/л-ге дейін әлсіз минералданған сулар, ал әрі теңізге карай жоғары минералданған (300 г/л-ға лейін) су аймағы басталады.
Әрбір қысымды су кешені әрине езінің зор халық шаруашылықтық маңызы бар тұщы және әлсіз минералданған су аймақтарымен ерекшеленеді. Бор кезеңінің шөгінді түзбелері кабатындағы жоғарғы альб және сеноман кешендері анықталды. Атырау облысының айтарлықтай аумағын су ұстайтын жыныстардың қалыңдығы 300 м шипалы минералды су қабаты алып жатыр. Минералды су аймағы солтүстікте Жем өзені мен оңтүстікте Үстірттің солтүстік бөлігінің арасын қамтиды. Солтүстікте ол Оңтүстік Ембі мұнай кәсіпшілігіне, ал шығысында Мұғаджар тауларының солтүстік сілемдеріне дейін барып тіреледі. Сарыбұлақ, Үшқан, Құмшете, Биікжал, Төресай, Жаңасу т. б. шипалы минералды су көздері ерекше назар аудартады. Олардың көпшілігі тұз күмбездерімен және тұз астындағы палеозой антиклиналдык төбелерімен байланысты.
Ембі ауданының мұнай кәсіпшіліктері аймағында құрамында жекелеген бағалы химиялық қоспалары (йод, бром, стронций және басқалары) бар тұзға қаныққан жер асты суларының түрі кең таралған. Ыстық суларды табу мен пайдалану тұрғысынан Онтүстік Ембі ауданының, Солтүстік Үстірттің соған жалғас аймақтарының болашағы мейлінше зор, ал 250—1300 м-лік көптеген мұнаралармен бұрғыланған альбсеноман сулы кешендері де минералды суларға бай. Өздігінен аққандағы су беру мөлшері бұл жердегі мұнараларда секундына 35 м3-ге дейін жетеді. Қыртыстардағы су температурасының Каспий маңындағы ойпатының (Шөмішті) солтүстік-шығысында +10°С, +20°С-қа, оңтүстік-батыста +54°С-қа дейін өсуі табиғи нәрсе. Альбсеноман ыстық суының минералдануы гидрохимиялық типтері гидрокарбонат- натрийліліктен хлор-кальцийлікке дейін өзгеру арқылы 3—4 г/л-ден (Төресай) 150 г/л-ге (Гагарин) дейін ауытқып отырады.
Прорва, Гагарин, Қарақұдық және басқа алаңдарда су құрамындағы бром (350—450 мг/л), йод (9,11 мг/л), стронций (650 мг/л- ге дейін) мөлшерінің артқаны байқалады. Шөгінді кешендерінің үстіңгі жағындағы сулар әдетте эол құмдарына байланысты пайда болады (Тайсойған, Бүйрек және басқалары). Тұщы (1 г/л-ге дейін) және әлсіз тұзды (1—10 г/л) сулардың қоры құмды алқаптарда айтарлықтай мол, егер су жүретін құбырлар орнатса, Қызылқоға ауданы мен оған көрші аудандардың қажеттерін толық қамтамасыз етуге әбден болады.
Облыстың су қорын жер бетіндегі ағын мен жер астындағы сулы қабаттар құрайды. Жер бетіндегі қор ішіндегі маңызы мейлінше зоры Жайық өзені; бұдан басқа да өзендер мен суы кермектеу көлдер молшылық, бірақ олардың бәрінің тұщы суының молдығы жөнінен Жайыққа жетпейтіні сөзсіз. Қысымды жер асты суларының қоры іс жүзінде шексіз, ол жер астындағы кұмды жолдарға өту есебінен толығып отырады. Еріген қар суы, жаңбыр олардың молығу көздеріне жатады.
Тұздылығы 3 г/л судың қоры Қызылқоға, Жылыой аудандарында айтарлықтай. Кондицияланған тұщы және кермек сулар Нарын құмындағы, Тайсойғандағы, Бүйректегі, Ембі-Атыраудағы, Қарақұмдағы және басқаларындағы эол алқабының даму аудандарынан, сондай-ақ Жайық өзені табанындағы жер кабаттарынан анықталып отыр. Жер асты сулары аздаған ғана тереңдікте жатады (3—18 м), ал бұрғылау мұнараларынан орта есеппен тәулігіне 28 м3 немесе секундына 0,35 м3 су шығады. Олардың қоры қысымды суларға карағанда шартты түрде көп емес. Жайықтың Кулагин кентінен Сарайшыққа дейінгі аңғарынан тұщы су мөлшері жөнінен әр түрлі 20-ға жуық су көзі табылды. Нарын алқабының аумағынан бірқатар тұщы су көзі барланды (Сүйіндік және Баяқұдык кеңшарлары). Жер асты тұщы суларының мейлінше мол қоры Тайсойғанның құмды алқабында шоғырланған.
Жайық-Каспий бассейндік су ресурстарын пайдалану мен қорғауды реттеу инспекциясының мәліметтері бойынша Батыс Қазақстандағы жер асты суларының қоры бір миллиард текше метрден асады. Атырау облысында олар - шамамен 87 миллион текше метр - негізінен Құрманғазы, Қызылқоға және Жылыой аудандарында.
Дереккөздер
- Атырау: Энциклопедия. -Алматы: Атамұра, 2000 ISBN 5-7667-9129-1
- Тimeskz.kz . ЧТ, 23 апреля 2020
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Atyrau oblysy geologiyalyk turgydan alganda kone Shygys Europa platformasynyn alyp aumagyna endep kirgen Kaspij many ojpatynyn ontүstik zhagalauyn alyp zhatyr Geologiyalyk kurylymyTutastaj aumak erneudegi onirge tәn eki katarly kurylymnan turady Tomengi katar nemese irgetas geofizikalyk derekter bojynsha 7 20 km lik terendikte zhәne korshiles audandarmen salystyrganda ozgeriske tүsken shogindi zhanartauly zhәne intruziyalyk zhynystardan kalyptaskan Irgetas synudyn saldarynan iri bloktarga ydyragan Bloktar erneulermen komkerilgen Atyrau oblysynyn sheginde irgetastyn үstine koterilgen endik bagyty bojynsha 500 km ge sozylgan eni 90 140 km Soltүstik Kaspij Biikzhal ajmagy bar Irgetas үstinin shogu terendigi 7 den 10 11 km ge dejin Ajmaktyn koterinki tustary belgili bir morfologiyalyk zhүjege toptaskan tobelermen yldilarmen komkerilgen Ontүstik zhagynda Soltүstik Kaspij Biikzhal koterinki ajmagy Ontүstik Zhem yldiymen komkeriledi mundagy irgetastyn beti 12 13 km terendikte zhatyr Irgetastyn үstinde shogindi koraby bar ol tuz asty tuzdy tuz үsti keshenderine bolinedi paleozoj zhәne mezokajnozoj kezenderinde kalyptaskan zhynystarynyn zhalpy terendigi 12 14 km den asady Tuz asty shogindilerinin ashylgan kesindileri үsh Litologiyalyk stratigrafiyalyk keshenge bolinedi olar zhogargy devondyk tomengi taskomirlik kalyndygy 1800 m ge dejingi terrigendi karbonatty zhәne 1000 m lik tomengi permdik terrigendi keshender Zhogargy devondyk taskomirlik shogindili Қaraton Teniz ajmagynda biryngaj karbonatty keshen kalyptaskan Tuz asty keshenindegi zhynystyn geologiyalyk kesindisi zhetkilikti zerttelmegen Geofizikalyk zertteulerdin mәlimetteri bojynsha onyn zhalpy kalyndygy oblystyn Soltүstik Kaspij ajmagynda 1 5 3 km ge dejin Kaspij manyndagy ojpat erneuinin ontүstik shygysynda 8 10 km ge dejin ozgerip otyrady Irgetastyn koterilgen zherinde tuz asty kesheninin kurylymy birte birte dami tүsken Koterilgen zherdin kүmbezderindegi tuz asty zhynystarynyn kalyndgy geofizikalyk mәlimetterge karaganda 1 0 1 5 km den aspajdy birak ol ontүstikke karaj kүrt ose tүsedi Tuz asty kesheninin kүmbezi ontүstiginde Ontүstik Zhem inversiyalyk biiginen soltүstiktegi ojpattyn ortalygyna karaj monoklinaldy tүrde enedi Tuz asty kesheninin monoklinaldy enuinin ayasynda 3 5 3 8 km den 6 0 6 4 km ge dejingi terendikten koptegen zhergilikti katparlar kolemi men aumagy zhoninen әr tүrli koteriletin zherlerdin zholagyn kurajtyn belgiler erekshelenedi Erekshelengen tobeshikterdin uzyndygy 6 20 km ge dejin eni 100 300 m den 2 13 km ge dejin kubylyp otyrady Tuzdy keshen ote kalyn tomengi galittik ajmaktyn sulfatty terrigendi karbonatty zhәne gipsti angidritti tүzilimderden kuralgan tomengi permnin kungur katarynyn shogindilerinen sonymen aralas zhalpy kalyndygy 200 400 m kalijli angidritti zhәne tas tuzdy kabattar kezektesip otyratyn kalijli ajmak zhynystarynan turady Odan zhogary kalyndygy 80 150 m galitti ajmak onyn үstinde 10 200 m lik sulfat kabaty zhәne 5 30 m lik terrigendi tүzilimder ornalaskan Tuz kesheni zhynystarynyn zhalpy kalypty kalyndygy 3 5 km dep belgilengen Alajda kazirgi kezde tomengi permnin kungur kataryndagy tuz kesheni zhynystarynyn shogindi rettiligi kүrt buzylyp otyr Ol tek ojpattyn erneu ajmaktarynda gana ishinara saktalgan Kaspij many sineklizinin tabany tomen tүsuine zhәne zhalpy tektonikalyk zhagdajdyn kүrdelilenuine bajlanysty tuzdy kabat katparlanu kүjine koship keledi Zhogaryda zhatkan zhynystar salmagynyn kysymynan tuzdar zher betine shyga bastady Sonyn nәtizhesinde oblystyn ontүstik boliginde tuzdy antiklinaldardan zhәne terenge ketken kүmbezderden bastap ojpattyn ortasyna zhakyn zherdegi oblys zherinin soltүstik boligindegi orasan zor kүmbezderdin tizbegi pajda boldy Inder Mәtenkozha Tүktibaj zhәne baskalary Tuzdy kүmbezdi tektonikanyn zhedel damuyna bajlanysty tuzdy ozekterdin morfologiyasy da kүrdelilenip keledi Өz ara tuzdy bugazdarmen bajlanyskan kүmbezder uyaly kurylymdar kүmbezaralyk koraptar kalyptastyruda Atyrau oblysynyn ajmagynan koptegen bloktardan kuralgan 650 zheke tuz kүmbezdi kurylym anyktaldy Tuz kabattarynyn kalyndygy 3 9 km arasynda Inder Қarashүngil Қaraozen Tasty zhәne baska zherlerdegi kүmbezderdin galogendi shogindileri zher betine shygyp zhatyr Koptegen kurylymdarda tuz shogindileri 200 300 m den 3 5 km terendikke ketken Kejde tuzdy denelerdin kolemi 10 15 ten 300 350 km2 ge dejin zhetedi Tuz үstindegi keshennin kalyn zhynystary zhogargy perm men torttik dәuirge dejingi shogindilerden kuralgan Zhogargy permdik triastyk kabat negizinen kontinenttik tektes terrigendi shogindilerden turady Triastyk kesindilerdin zhogargy boligi Prorva ajmagynda en zhogargy kalyndygy 1 5 m ge zhetetin sur tүsti teniz kurylymdarynan tүzilgen Zhogargy permdik triastyk zhynystardyn kalyndygy tuzdy denelerdin negizgi bolikterinde 5 m al kүmbezaralyk koraptarda 5 6 km ge zhetedi Yuralyk bor shogindiler zhagalaulyk tenizdik zhone tenizdik terrigendi terrigendi karbonatty shogindiler tүrinde kezdesedi Bul shogindilerdin kalyndygy oblystyn soltүstik boliginde 0 3 0 5 m den Prorva ajmagynda 3 km ge dejin ozgerip otyrady Negizinen kum saz kurylymdardan turatyn paleogen torttik kezen shogindilerinin barlyk zherindegi derlik kalyndygy 200 m den 2 km ge dejin Tuz үstindegi zhogargy permdik mezozoj kajnozojlyk shogindilerdin osy zamangy kurylymy tuz kүmbezdi tektonikamen ajtarlyktaj kүrdelilengen Mundagy shogindilerdin әzheptәuir turaktangany birak zhekelegen kabattary arasynda koptegen buryshtyk zhәne stratigrafiyalyk sәjkessizdikter bajkalady Kүmbezaralyk zhәne zheke koraptar kurylymdyk tumsyktar orkeshter zhәne kabattardyn tuz kyltalarynyn үstinen asyp zhatuy oryn algan Kobinese bul kurylymdyk nysandar zher asty atkylaularynyn әserimen kүrdelilenedi Tuz kүmbezindegi tuz үstinde zhatkan zhynystardyn damuynda zhekelegen stratigrafiyalyk keshender bojynsha kobinese kurylymdyk sәjkessizdik shogindilerdin auytkuy zhәne baska kүrdelilenuler bajkalady Zhekelegen uchaskelerde zhynystardyn monoklinaldyk kulauymen katar paleograbender paleokүmbezder sondaj ak shalgajda zhabylyp kalgan zhәne osy zamangy tobeler damyp kele zhatyr Tutastaj alganda oblystyn tektonikalyk damuynda zhauyn suynyn zhinalu zhagdajyndagy siyakty sabaktastyk bajkalady Sabaktastyk mezgili zhoninen geologiyalyk kezenderge sәjkes keledi Ajmaktyn zhogargy permdik triastyk yura paleogendik neogen torttik damu kezenderi ajkyn korinedi Tuz kүmbezderinin kalyptasuy zhәne ojpattyn mejlinshe iindenui osy uakyttarmen bajlanysty Zhogargy permdik triastyk shogindiler tuz үsti keshenderi kabatynyn үshten eki boligin kurajdy Gidrogeologiyalyk zhagdajy Oblystagy sondaj ak bүkil ojpattagy zhәne ogan zhakyn ornalaskan әr tүrli genezisti kuramdy kurylymdardagy shogindi zhynystardyn orasan zor kabatynda zher asty sularynyn asa mol kory bar Sumen zhabdyktauga zharamdy tushy zhәne tuzy bolmashy gana sular zhogargy kabattarda su syjgyzatyn zhynystar ornalaskan audandarda kezdesedi Terendik katparlardagy sular munaj gaz shogindilerinin turakty serigi olar komir sutekterinin kalyptasuyna saktaluyna al zhekelegen kurylymdar men kabattarga kalyptaskandaryn buzuga da zor әser etedi Ұzak uakyt bojyna munaj men gaz izdestiru zhumystarynyn zhәne barlaudyn nәtizhesinde Ontүstik Embi munaj kәsipshiligi audanynda zher asty sulary mejlinshe tolyk zertteldi dep ajtuga bolady Al Edil men Zhajyk ozenderi arasyndagy onir zhete zerttelmegen Kej zhyldary ontүstik batystan soltүstik shygyska karaj zhauyn shashynnyn zhyldyk kolemi 150 den 300 mm ge tipti odan da kop molsherde tүsetini bajkalady Қumdy alkaptarga zhaugan zhauyn zher asty sularynyn koryn zhedel tolyktyra tүsedi al sazdy onirlerdegi zhauyn ozen angarlaryna agady ojpattagy sorlarga zhinalady bulanyp ketedi Kүrt kontinenttilik klimattyn sholejttigi ajmaktagy zher beti sularynyn mejlinshe tapshylygyn tugyzady Sondyktan da Zhajyk ozeni Batys Қazakstannyn birden bir su arnasy bolyp tabylady Onyn kop zhyldardan bergi ortasha zhyldyk agyny 9 10 km3 ge zhetedi Kosmuryn auly manynda al ortasha pajdalanyluy 310 315 m3 sek Zher asty sularynyn kalyptasuy olardyn auysuy zhәne azayuy ajmaktagy geologiyalyk zhumystarmen de tygyz bajlanysty Oblystyn kuatty shogindi tүzilimderinde zhatkan zher asty sulary molsherinin san aluandygymen gidrodinamikalyk gidrohimiyalyk gazohimiyalyk gidrotermikalyk kasietterimen zhәne kalyptasu sharttarymen erekshelenedi Olar su ustajtyn shogindilerdin kurylymdyk zhәne gipsometriyalyk zhagdajyna litologiyalyk kuramyna gidrogeologiyalyk terendik dәrezhesine oraj әr kily Tuz astyndagy tuz үstindegi kysymdy keshender shogindi kundagyna karaj zhikteledi Tuz үstindegi kysymdy su keshenderi oz kezeginde tomengi dәrezhedegi keshenge bolinedi Bular permotriasty yuralyk borlyk paleogendik neogendik zhәne torttik bolyp azhyrajdy Barlyk kysymdy suly kabattarga tәn nәrse olardyn ajkyn korinisti gazogidrohimiyalyk karama kajshylygy Ogan koptegen faktorlar onyn ishinde negizgilerinin biri bolyp tabylatyn gidrodinamikalyk faktor da әser etedi Gidrodinamikalyk kajshylyk su rezhiminin tabigatyndagy eki tүrli infiltraciyalyk zhәne eliziondyk rezhimnin ozara әreketimen sipattalady Su rezhiminin birinshi tipine әdette gipsometriyalyk koterinki uchaskelerdegi kosylatyn zholdardyn su zhinalatyn tustaryna zhauyn shashynnyn sinuinen kalyptasu sebepshi bolady Sudyn ontүstik batys bagytyna karaj aguy kysymdy arttyrady Kaspij atyrabyn kosa oblystyn ontүstik batys boliginde geostatikalyk kүshtin әserimen eroziondy rezhim pajda bolady Sazdy zhynystardan kosylatyn zholdarga koshudin nәtizhesinde su agyny soltүstik shygyska bagyttalady al osy tusta su azayuynyn zhalpy ajmagy bajkalady Zher asty sularynyn infiltraciyalyk zhәne eroziondyk turgydan bәsendeui ontүstik batystan soltүstik shygyska karaj zhana keshennen eskisine auysady Sudyn gidrodinamikalyk kajshylygy oz kezeginde gazogidrohimiyalyk geotermikalyk ozgeshelikterge sebepshi bolady Әrbir kysymdy zheke suly kabatta eki ajmak erekshelenedi tushy su ajmagy zhәne sulfatty natrijli gidrokarbonatty natrijli tipterge zhatatyn 10 15 g l ge dejin әlsiz mineraldangan sular al әri tenizge karaj zhogary mineraldangan 300 g l ga lejin su ajmagy bastalady Әrbir kysymdy su kesheni әrine ezinin zor halyk sharuashylyktyk manyzy bar tushy zhәne әlsiz mineraldangan su ajmaktarymen erekshelenedi Bor kezeninin shogindi tүzbeleri kabatyndagy zhogargy alb zhәne senoman keshenderi anyktaldy Atyrau oblysynyn ajtarlyktaj aumagyn su ustajtyn zhynystardyn kalyndygy 300 m shipaly mineraldy su kabaty alyp zhatyr Mineraldy su ajmagy soltүstikte Zhem ozeni men ontүstikte Үstirttin soltүstik boliginin arasyn kamtidy Soltүstikte ol Ontүstik Embi munaj kәsipshiligine al shygysynda Mugadzhar taularynyn soltүstik silemderine dejin baryp tireledi Sarybulak Үshkan Қumshete Biikzhal Toresaj Zhanasu t b shipaly mineraldy su kozderi erekshe nazar audartady Olardyn kopshiligi tuz kүmbezderimen zhәne tuz astyndagy paleozoj antiklinaldyk tobelerimen bajlanysty Embi audanynyn munaj kәsipshilikteri ajmagynda kuramynda zhekelegen bagaly himiyalyk kospalary jod brom stroncij zhәne baskalary bar tuzga kanykkan zher asty sularynyn tүri ken taralgan Ystyk sulardy tabu men pajdalanu turgysynan Ontүstik Embi audanynyn Soltүstik Үstirttin sogan zhalgas ajmaktarynyn bolashagy mejlinshe zor al 250 1300 m lik koptegen munaralarmen burgylangan albsenoman suly keshenderi de mineraldy sularga baj Өzdiginen akkandagy su beru molsheri bul zherdegi munaralarda sekundyna 35 m3 ge dejin zhetedi Қyrtystardagy su temperaturasynyn Kaspij manyndagy ojpatynyn Shomishti soltүstik shygysynda 10 S 20 S ka ontүstik batysta 54 S ka dejin osui tabigi nәrse Albsenoman ystyk suynyn mineraldanuy gidrohimiyalyk tipteri gidrokarbonat natrijlilikten hlor kalcijlikke dejin ozgeru arkyly 3 4 g l den Toresaj 150 g l ge Gagarin dejin auytkyp otyrady Prorva Gagarin Қarakudyk zhәne baska alandarda su kuramyndagy brom 350 450 mg l jod 9 11 mg l stroncij 650 mg l ge dejin molsherinin artkany bajkalady Shogindi keshenderinin үstingi zhagyndagy sular әdette eol kumdaryna bajlanysty pajda bolady Tajsojgan Bүjrek zhәne baskalary Tushy 1 g l ge dejin zhәne әlsiz tuzdy 1 10 g l sulardyn kory kumdy alkaptarda ajtarlyktaj mol eger su zhүretin kubyrlar ornatsa Қyzylkoga audany men ogan korshi audandardyn kazhetterin tolyk kamtamasyz etuge әbden bolady Oblystyn su koryn zher betindegi agyn men zher astyndagy suly kabattar kurajdy Zher betindegi kor ishindegi manyzy mejlinshe zory Zhajyk ozeni budan baska da ozender men suy kermekteu kolder molshylyk birak olardyn bәrinin tushy suynyn moldygy zhoninen Zhajykka zhetpejtini sozsiz Қysymdy zher asty sularynyn kory is zhүzinde sheksiz ol zher astyndagy kumdy zholdarga otu esebinen tolygyp otyrady Erigen kar suy zhanbyr olardyn molygu kozderine zhatady Tuzdylygy 3 g l sudyn kory Қyzylkoga Zhylyoj audandarynda ajtarlyktaj Kondiciyalangan tushy zhәne kermek sular Naryn kumyndagy Tajsojgandagy Bүjrektegi Embi Atyraudagy Қarakumdagy zhәne baskalaryndagy eol alkabynyn damu audandarynan sondaj ak Zhajyk ozeni tabanyndagy zher kabattarynan anyktalyp otyr Zher asty sulary azdagan gana terendikte zhatady 3 18 m al burgylau munaralarynan orta eseppen tәuligine 28 m3 nemese sekundyna 0 35 m3 su shygady Olardyn kory kysymdy sularga karaganda shartty tүrde kop emes Zhajyktyn Kulagin kentinen Sarajshykka dejingi angarynan tushy su molsheri zhoninen әr tүrli 20 ga zhuyk su kozi tabyldy Naryn alkabynyn aumagynan birkatar tushy su kozi barlandy Sүjindik zhәne Bayakudyk kensharlary Zher asty tushy sularynyn mejlinshe mol kory Tajsojgannyn kumdy alkabynda shogyrlangan Zhajyk Kaspij bassejndik su resurstaryn pajdalanu men korgaudy retteu inspekciyasynyn mәlimetteri bojynsha Batys Қazakstandagy zher asty sularynyn kory bir milliard tekshe metrden asady Atyrau oblysynda olar shamamen 87 million tekshe metr negizinen Қurmangazy Қyzylkoga zhәne Zhylyoj audandarynda DerekkozderAtyrau Enciklopediya Almaty Atamura 2000 ISBN 5 7667 9129 1 Timeskz kz ChT 23 aprelya 2020