Су көлігі - энергияны пайдалануы жағынан көліктің ең арзан түрі.
Поезд, машина, ұшақ сияқты кемелер мен баржылар жылдам қозғалмағанымен, ауыр жүктерді тасымалдауда оларға ешбір көлік теңесе алмайды. Кеме жасауға жұмсалатын көптеген материалдардың тығыздығы тұщы және теңіз суының тығыздығынан едәуір үлкен. Бірақ кез келген кеме үшін жүзудің негізгі шарты орындалады: кеменің суға батқан бөлігі ығыстырып шығарған судың салмағы кеменің жолаушыларымен, отынымен, тетіктерімен және басқа құралдарымен қоса есептегендегі салмағына тең болады. Кеме суда орнықты және қауіпсіз жүзуі үшін ол берілген бір тереңдікке дейін ғана суға батуы тиіс. Кеменің суға бататын тереңдігі шөгім деп аталады. Рұқсат етілетін шөгім кеменің қорпусында қызыл сызық - ватерсызықпен белгіленеді. Кеме суға ватерсызыққа дейін батқанда, кеменің жүгімен қоса есептегендегі салмағына тең ығыстырылған судың салмағы су ығыстырым деп аталады. Әдетте су ығыстырымды күш бірлігімен белгілейді. Алайда көбінесе су ығыстырымға салмақтың орнына ығыстырылып шығарылған судың массасы алынады (жүгі бар кеменің массасы) және оны тонна арқылы өрнектейді. Кеменің ватерсызықтан төмен батуы өте қауіпті. Су палубадағы люктар арқылы трюмдарға еніп, ал бұдан кеме суға батып кетуі мүмкін. Егер ватерсызық су деңгейінен жоғары болса, яғни кеме суға жеткілікті дәрежеде батпаса, онда кеме сапарға шықпауы тиіс, толқындар оны теңселтіп, аударып тастауы мүмкін. Сондықтан бос кемелердің трюмдарына міндетті түрде масыл жүк (құм, қиыршық тас) тиеледі. Су көлігінін ішіндегі ең күрделісі -сүңгуір қайықтар. Сүңгуір қайықты құрастырушыларға көптеген мәселелерді шешуге тура келеді: сүңгуір аппаратының беріктігі мен орнықтылығы, өте ұзақ су астында жүзу кезіндегі экипажға қолайлы, т. б. жағдайларды туғызу және қайықты басқару (суға шөгу, су бетіне көтерілу, жүзу кезінде тепе-теңдікті сақтау). Ал жүзу шарттарын сендер білесіңдер: Fа >FА - суға бату; Fа < FА - су бетіне шығу; Fа = FА - жүзу (1-сурет). Сүңгуір қайықтың суға батуы кезінде оның суға толатын арнаулы орындары болады. Бұл кезде қайыққа әрекет ететін ауырлық күші артады да, ол суға батады. Қайық жоғары көтерілген кезде қуатты сорғылар ауаның көмегімен олардан суды айдап шығарады. Бұл кезде ауырлық күші ығыстырушы күштен аз болады да, қайық су бетіне көтеріледі.
Өзен көлігі
Өзен көлігі – ішкі су жолдарында қатынайтын көлік түрі. Республика аумағында қазіргі жағдайда кеме қатынауға болатын 7-ге жуық су алабы бар. Қазақстан аумағындағы кеме қатынайтын өзендер тым әркелкі орналасқан. Республиканың шығыс жақ шетін бойлап Ертіс өзені ағады, ол республиканың ең қуатты су күретамыры. Қазақстанның батыс жағын Жайық (Орал) өзені кесіп өтеді, ал Оңтүстікте Сырдария өзенінде, Балқаш көлі мен оған құятын Іле, Қаратал өзендерінде, Солтүстікте Есіл өзенінде кеме қатынай алатын су жолдары жоқ. Қазақстанда кеме қатынайтын жалпы пайдаланудағы су жолдарының ұзындығы 5635 км; оның ішінде жоғары Ертіс телімі бойынша – 1715 км, Орал бойынша – 1164 км, Іле пайдалану телімі бойынша – 880 км, Балқаш бойынша – 978 км, Сырдария бойынша – 840 км, Есіл бойынша – 55 км. Қазақстан өзендерінің суы аз болуына байланысты оларды кеме қатынайтын жағдайда ұстау үшін жыл сайын бірнеше млн. теңге шығын жұмсалады. “Ракета” үлгісіндегі алғашқы кеме Ертісте 1962 жылғы су қатынасы маусымында пайда болды, ол Павлодар – Омбы желісінде жолаушылар тасымалдады. Бұдан кейінгі жылдары Ертістегі, сонан соң Оралдағы жолаушылар флоты “Ракета”, “Метеор”, “Белорусь” үлгісіндегі бірнеше кемелермен толықтырылды. Жүк айналымының көлемі бойынша өзен көлігі темір жол көлігі мен автомобиль көлігінен кейінгі үшінші орынды алады. Қазақстан өзендерінде 1963 жылдан бастап жүкті контейнерлерге және кеменің табанына тиеп тасымалдау дамыды. Бұлай тасымалдау жүктің сақталуын, ең бастысы, жүкті көліктің бір түрінен екіншісіне механизмді қолдана отырып, қолайлы түрде әрі арзан бағаға тиеуді қамтамасыз етеді. Ертіс, Орал, Сырдария, Іле өзендерінің бойымен жергілікті мәні бар жүктер тасымалданды. 1996 ж. Семейде, Павлодарда, Өскеменде, Оралда, Атырауда және Қапшағайда су жолдары мемлекеттік кәсіпорындары құрылды. Бағдарлама бойынша бұл қалалардағы өзен кемежайлары, барлық сүйреткі, жүк, жолаушы және май құю кемелері, төрт жолаушы вокзалы, Ертістегі он екі айлақ, Қапшағай бөгеніндегі екі айлақ аукционда сатылды. Елдің ішкі су ресурстарын кеме қатынасы үшін пайдалану тәртібі, кеме жүретін гидротехникасы құрылыстарды күту және іске жарату, жүкті, жолаушыларды тасымалдау шарттары, порттың, кеменің және оның экипажының мәртебесі айқындалған “Ішкі су көлігі туралы” ҚР заңының қабылдануы (2005) өзен көлігі қатынасының дамуына серпін берді. 2005 жылдан бастап Қазақстанның үш аймағында – Павлодар, Семей және Өскеменде өзен көлігі қатынасы жандана бастады. Түрлі себептермен, соның ішінде экономикалық және технологиялық себептермен 18 жыл бойына тоқтап тұрған ең арзан көлік осы жылы Ертіс өзенінде қайтадан қатынады. Өскемен шлюзі қалпына келтірілді, Ертіс кеме дәлізінің табаны тазартылды, 1978 ж. басталып, аяқсыз қалған құрылысы қайта қолға алынды, уақыт талабына сай келетін ең жаңа техникамен және технологиямен жабдықталған қажетті инфрақұрылым құрылды. Сөйтіп, Қазақстанның шығысындағы аймақтық су дәлізінде Ресей мен Қытайдың айлақтарына өзен көлігі қатынасының ашылуы еліміздің Солтүстік Мұзды мұхитқа дейін шығу мүмкіндігін туғызды. Қазіргі кезде үш ел арасындағы жүк тасымалының бірыңғай стандарттарын жасау және ілеспе заңи құжаттарды егжей-тегжейлі пысықтау жұмыстары жүргізілуде. 2005 ж. жалпы ішкі су жолдарымен 825,04 мың т жүк тасылды, мұның өзі 2004 жылмен салыстырғанда 144,2% көп. Жүк айналымы 89052,4 мың ткм, яғни 2004 жылмен салыстырғанда 108,6% көп.
Теңіз көлігі
Теңіз көлігі – теңіз су жолында қатынайтын көлік құралы. 1960 жылға дейін теңіз тасымалы Каспийдің солтүстік бөлігінде шоғырланған. Бұл орайда Гурьев (қазіргі Атырау) айлағында мұнай жүктерін тасымалдау есебінен жүк айналымы жоғары деңгейде болды. Маңғыстау түбегінің солтүстік бөлігінде орналасқан Баутино айлағы екінші орынды иеленді. 1964 ж. Мақат – Бейнеу – Маңғыстау темір жолының салынуына және онымен Маңғыстау мұнайының Атырауға тасымалдана бастауына байланысты теңіз жолымен Баку мен Орта Азия мұнайын Атырау айлағына әкелу едәуір азайды. Каспий теңізімен жүк тасымалдау соңғы жылдары Маңғыстау түбегінің байлығын игеруге байланысты қайта жанданды. Транзиттік тасымалдың көбеюіне орай Каспий теңізі халықаралық жүктерді тасымалдау үшін пайдаланыла бастады. Еуропа – Кавказ – Азия көлік дәлізі (ТРАСЕКА) дәлізінің бірқатар қатынас бағыттары осы теңіздің айлақтары арқылы өтеді және Ресейдің Солтүстігіне апаратын Қара теңіз бен Каспий теңізін Волга- арнасы арқылы жалғастыратын, Иранның оңтүстігі және солтүстігі айлақтары арқылы өтетін көлік дәліздерін байланыстырады. Сондықтан Еуропа жаңғыру және даму банкінің инвестициясын тарта отырып, халықаралық Ақтау теңіз сауда айлағын жаңғырту тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы шешімдерінің бірі болды. Жаңа айлақ жүктерді Иранның Каспийдегі айлақтары арқылы Түркияға және одан әрі Жерорта теңізі мен Қызыл теңіздің айлақтарына, ал келешекте Пәкстан мен Ауғанстан арқылы Үнді мұхитына тасымалдауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда Ақтау айлағының жүк айналымын негізінен экспорттық жүк: мұнай, металл өнімі, астық құрайды. Айлақтың жүк жөнелту қуаты мұнай бойынша жылына 9,5 млн. т, құрғақ жүк бойынша 1,5 млн. т, 2005 ж. Ақтау айлағы арқылы жөнелтілген жүктің жалпы көлемі – 10,4 млн. т, оның ішінде мұнай – 9,0 млн. т, құрғақ жүк – 1,4 млн. т, мұның өзі 2004 ж. көрсеткіштен 107% артық. Жөнелтілген мұнайдың негізгі бағыттары: Ақтау – Баку – Батуми, Ақтау – Махачқала – Новороссийск және Ақтау – Нека (Иран). 2005 ж. Павлодардан Ақтау айлағына жеткізілген 1,07 млн. т металл қақтамасы мен Ресейдің металл өнімі Иран айлақтарына және Еуропа елдеріне жөнелтілді, сондай-ақ 33,0 мың т астық Иран айлақтарына жеткізілді. Ақтау айлағы арқылы Қазақстан мұнайын жөнелтуші негізгі компаниялар: “Қазтеңізкөлікфлот”, “ҚазМұнайГаз”, “Маңғыстаумұнайгаз”, “Caspіan Oіl Developments Ltd, Petrofont Lіmіted Ltd, Euro-Asіan Oіl A.G., Energy Co. Ltd.
Дереккөздер
- Физика және астрономия. - Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Su koligi energiyany pajdalanuy zhagynan koliktin en arzan tүri Poezd mashina ushak siyakty kemeler men barzhylar zhyldam kozgalmaganymen auyr zhүkterdi tasymaldauda olarga eshbir kolik tenese almajdy Keme zhasauga zhumsalatyn koptegen materialdardyn tygyzdygy tushy zhәne teniz suynyn tygyzdygynan edәuir үlken Birak kez kelgen keme үshin zhүzudin negizgi sharty oryndalady kemenin suga batkan boligi ygystyryp shygargan sudyn salmagy kemenin zholaushylarymen otynymen tetikterimen zhәne baska kuraldarymen kosa eseptegendegi salmagyna ten bolady Keme suda ornykty zhәne kauipsiz zhүzui үshin ol berilgen bir terendikke dejin gana suga batuy tiis Kemenin suga batatyn terendigi shogim dep atalady Ruksat etiletin shogim kemenin korpusynda kyzyl syzyk vatersyzykpen belgilenedi Keme suga vatersyzykka dejin batkanda kemenin zhүgimen kosa eseptegendegi salmagyna ten ygystyrylgan sudyn salmagy su ygystyrym dep atalady Әdette su ygystyrymdy kүsh birligimen belgilejdi Alajda kobinese su ygystyrymga salmaktyn ornyna ygystyrylyp shygarylgan sudyn massasy alynady zhүgi bar kemenin massasy zhәne ony tonna arkyly ornektejdi Kemenin vatersyzyktan tomen batuy ote kauipti Su palubadagy lyuktar arkyly tryumdarga enip al budan keme suga batyp ketui mүmkin Eger vatersyzyk su dengejinen zhogary bolsa yagni keme suga zhetkilikti dәrezhede batpasa onda keme saparga shykpauy tiis tolkyndar ony tenseltip audaryp tastauy mүmkin Sondyktan bos kemelerdin tryumdaryna mindetti tүrde masyl zhүk kum kiyrshyk tas tieledi Su koliginin ishindegi en kүrdelisi sүnguir kajyktar Sүnguir kajykty kurastyrushylarga koptegen mәselelerdi sheshuge tura keledi sүnguir apparatynyn beriktigi men ornyktylygy ote uzak su astynda zhүzu kezindegi ekipazhga kolajly t b zhagdajlardy tugyzu zhәne kajykty baskaru suga shogu su betine koterilu zhүzu kezinde tepe tendikti saktau Al zhүzu sharttaryn sender bilesinder Fa gt FA suga batu Fa lt FA su betine shygu Fa FA zhүzu 1 suret Sүnguir kajyktyn suga batuy kezinde onyn suga tolatyn arnauly oryndary bolady Bul kezde kajykka әreket etetin auyrlyk kүshi artady da ol suga batady Қajyk zhogary koterilgen kezde kuatty sorgylar auanyn komegimen olardan sudy ajdap shygarady Bul kezde auyrlyk kүshi ygystyrushy kүshten az bolady da kajyk su betine koteriledi Өzen koligi Өzen koligi ishki su zholdarynda katynajtyn kolik tүri Respublika aumagynda kazirgi zhagdajda keme katynauga bolatyn 7 ge zhuyk su alaby bar Қazakstan aumagyndagy keme katynajtyn ozender tym әrkelki ornalaskan Respublikanyn shygys zhak shetin bojlap Ertis ozeni agady ol respublikanyn en kuatty su kүretamyry Қazakstannyn batys zhagyn Zhajyk Oral ozeni kesip otedi al Ontүstikte Syrdariya ozeninde Balkash koli men ogan kuyatyn Ile Қaratal ozenderinde Soltүstikte Esil ozeninde keme katynaj alatyn su zholdary zhok Қazakstanda keme katynajtyn zhalpy pajdalanudagy su zholdarynyn uzyndygy 5635 km onyn ishinde zhogary Ertis telimi bojynsha 1715 km Oral bojynsha 1164 km Ile pajdalanu telimi bojynsha 880 km Balkash bojynsha 978 km Syrdariya bojynsha 840 km Esil bojynsha 55 km Қazakstan ozenderinin suy az boluyna bajlanysty olardy keme katynajtyn zhagdajda ustau үshin zhyl sajyn birneshe mln tenge shygyn zhumsalady Raketa үlgisindegi algashky keme Ertiste 1962 zhylgy su katynasy mausymynda pajda boldy ol Pavlodar Omby zhelisinde zholaushylar tasymaldady Budan kejingi zhyldary Ertistegi sonan son Oraldagy zholaushylar floty Raketa Meteor Belorus үlgisindegi birneshe kemelermen tolyktyryldy Zhүk ajnalymynyn kolemi bojynsha ozen koligi temir zhol koligi men avtomobil koliginen kejingi үshinshi oryndy alady Қazakstan ozenderinde 1963 zhyldan bastap zhүkti kontejnerlerge zhәne kemenin tabanyna tiep tasymaldau damydy Bulaj tasymaldau zhүktin saktaluyn en bastysy zhүkti koliktin bir tүrinen ekinshisine mehanizmdi koldana otyryp kolajly tүrde әri arzan bagaga tieudi kamtamasyz etedi Ertis Oral Syrdariya Ile ozenderinin bojymen zhergilikti mәni bar zhүkter tasymaldandy 1996 zh Semejde Pavlodarda Өskemende Oralda Atyrauda zhәne Қapshagajda su zholdary memlekettik kәsiporyndary kuryldy Bagdarlama bojynsha bul kalalardagy ozen kemezhajlary barlyk sүjretki zhүk zholaushy zhәne maj kuyu kemeleri tort zholaushy vokzaly Ertistegi on eki ajlak Қapshagaj bogenindegi eki ajlak aukcionda satyldy Eldin ishki su resurstaryn keme katynasy үshin pajdalanu tәrtibi keme zhүretin gidrotehnikasy kurylystardy kүtu zhәne iske zharatu zhүkti zholaushylardy tasymaldau sharttary porttyn kemenin zhәne onyn ekipazhynyn mәrtebesi ajkyndalgan Ishki su koligi turaly ҚR zanynyn kabyldanuy 2005 ozen koligi katynasynyn damuyna serpin berdi 2005 zhyldan bastap Қazakstannyn үsh ajmagynda Pavlodar Semej zhәne Өskemende ozen koligi katynasy zhandana bastady Tүrli sebeptermen sonyn ishinde ekonomikalyk zhәne tehnologiyalyk sebeptermen 18 zhyl bojyna toktap turgan en arzan kolik osy zhyly Ertis ozeninde kajtadan katynady Өskemen shlyuzi kalpyna keltirildi Ertis keme dәlizinin tabany tazartyldy 1978 zh bastalyp ayaksyz kalgan kurylysy kajta kolga alyndy uakyt talabyna saj keletin en zhana tehnikamen zhәne tehnologiyamen zhabdyktalgan kazhetti infrakurylym kuryldy Sojtip Қazakstannyn shygysyndagy ajmaktyk su dәlizinde Resej men Қytajdyn ajlaktaryna ozen koligi katynasynyn ashyluy elimizdin Soltүstik Muzdy muhitka dejin shygu mүmkindigin tugyzdy Қazirgi kezde үsh el arasyndagy zhүk tasymalynyn biryngaj standarttaryn zhasau zhәne ilespe zani kuzhattardy egzhej tegzhejli pysyktau zhumystary zhүrgizilude 2005 zh zhalpy ishki su zholdarymen 825 04 myn t zhүk tasyldy munyn ozi 2004 zhylmen salystyrganda 144 2 kop Zhүk ajnalymy 89052 4 myn tkm yagni 2004 zhylmen salystyrganda 108 6 kop Teniz koligi Teniz koligi teniz su zholynda katynajtyn kolik kuraly 1960 zhylga dejin teniz tasymaly Kaspijdin soltүstik boliginde shogyrlangan Bul orajda Gurev kazirgi Atyrau ajlagynda munaj zhүkterin tasymaldau esebinen zhүk ajnalymy zhogary dengejde boldy Mangystau tүbeginin soltүstik boliginde ornalaskan Bautino ajlagy ekinshi oryndy ielendi 1964 zh Makat Bejneu Mangystau temir zholynyn salynuyna zhәne onymen Mangystau munajynyn Atyrauga tasymaldana bastauyna bajlanysty teniz zholymen Baku men Orta Aziya munajyn Atyrau ajlagyna әkelu edәuir azajdy Kaspij tenizimen zhүk tasymaldau songy zhyldary Mangystau tүbeginin bajlygyn igeruge bajlanysty kajta zhandandy Tranzittik tasymaldyn kobeyuine oraj Kaspij tenizi halykaralyk zhүkterdi tasymaldau үshin pajdalanyla bastady Europa Kavkaz Aziya kolik dәlizi TRASEKA dәlizinin birkatar katynas bagyttary osy tenizdin ajlaktary arkyly otedi zhәne Resejdin Soltүstigine aparatyn Қara teniz ben Kaspij tenizin Volga arnasy arkyly zhalgastyratyn Irannyn ontүstigi zhәne soltүstigi ajlaktary arkyly otetin kolik dәlizderin bajlanystyrady Sondyktan Europa zhangyru zhәne damu bankinin investiciyasyn tarta otyryp halykaralyk Aktau teniz sauda ajlagyn zhangyrtu tәuelsiz Қazakstan Respublikasynyn algashky sheshimderinin biri boldy Zhana ajlak zhүkterdi Irannyn Kaspijdegi ajlaktary arkyly Tүrkiyaga zhәne odan әri Zherorta tenizi men Қyzyl tenizdin ajlaktaryna al keleshekte Pәkstan men Auganstan arkyly Үndi muhityna tasymaldauga mүmkindik beredi Қazirgi tanda Aktau ajlagynyn zhүk ajnalymyn negizinen eksporttyk zhүk munaj metall onimi astyk kurajdy Ajlaktyn zhүk zhoneltu kuaty munaj bojynsha zhylyna 9 5 mln t kurgak zhүk bojynsha 1 5 mln t 2005 zh Aktau ajlagy arkyly zhoneltilgen zhүktin zhalpy kolemi 10 4 mln t onyn ishinde munaj 9 0 mln t kurgak zhүk 1 4 mln t munyn ozi 2004 zh korsetkishten 107 artyk Zhoneltilgen munajdyn negizgi bagyttary Aktau Baku Batumi Aktau Mahachkala Novorossijsk zhәne Aktau Neka Iran 2005 zh Pavlodardan Aktau ajlagyna zhetkizilgen 1 07 mln t metall kaktamasy men Resejdin metall onimi Iran ajlaktaryna zhәne Europa elderine zhoneltildi sondaj ak 33 0 myn t astyk Iran ajlaktaryna zhetkizildi Aktau ajlagy arkyly Қazakstan munajyn zhoneltushi negizgi kompaniyalar Қaztenizkolikflot ҚazMunajGaz Mangystaumunajgaz Caspian Oil Developments Ltd Petrofont Limited Ltd Euro Asian Oil A G Energy Co Ltd DerekkozderFizika zhәne astronomiya Almaty Atamura 2007 ISBN 9965 34 634 8 Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom