Қазыбек бек Тауасарұлы (1692 ж. Алматы облысы Кербұлақ ауданы – 1776 жылы Алматы облысы Күрті ауданы) – батыр, Жоңғарларға қарсы Ұлы жүз сапын басқарған қолбасшы, саяхатшы, шежіреші. Қазыбек Тауасарұлының бізге "Түп-тұқианнан өзіме шейін" атты кітабы жеткен. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан шыққан.
Қазыбек бек Тауасарұлы | |
---|---|
Дүниеге келгені: | 1692 Алматы облысы, Кербұлақ ауданы |
Қайтыс болғаны: | 1776 Алматы облысы, Күрті ауданы |
Мансабы: | батыр |
Жас кезінде шығыс елдерінде болып, мұсылманша жан-жақты білім алған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шапырашты Наурызбай батырдың әскерінде мыңбасы (кейбір деректерде ақылшысы) болған. Жоңғарлармен болған 1727 жылғы Бұланты шайқасына, 1729 жылы Аңырақай шайқасына қатысқан. Батыр қайтыс болған жерді халық Қазыбек тауы деп атап кеткен. Оның ұлы Қасқары батыр да жоңғарларға қарсы соғыста көзге түскен. Б.Қыдырбекұлы, Б.Нұржекеұлы, т.б. авторлардың пікірлері бойынша Қазыбек Бек “Түп тұқианнан өзіме шейін” деген шежіре еңбек жазған.
Өмірбаяны
Кіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған. Баласының неге болсын қабілетті зеректігін ерте байқаған әкесі Қазыбекті бес жасында Бұхараға апарып, дін оқуына береді. Кішкентайлығына қарамай жақсы оқыған бала Қазыбек медресені төрт жылда тамамдап, елге оралады. Мұнда екі жыл ауыл балаларына дәріс береді.
Оқу жолы
Екі жыл бала оқытып, біраз адамның сауатын ашқан он бір жасар Қазыбек қасына ауылдасы, өзінен бір жас үлкен Өтеғұл байдың баласы Өтегенді (кейін Сүйінбай, Жамбыл жырлаған Өтеген) ертіп, тағы да білім іздеп жолға шығады. Олар Самарқантта бір жарым жыл болып, атақты Қазы-заде Румидің ұрпағы Хафиз-задеге шәкірт болып, одан дәріс тыңдайды. Одан кейін қайта жолға шығып, Шамға, Бағдатқа, одан әрі Ыстамбұлға, Римге барып, сегіз жыл сапарда болады. Қазыбекке, әсіресе, Бағдат пен Ыстамбұлда болып, білім алған кездері өте пайдалы болып, жан-жақты өсуіне мүмкіндік алады. Араб, парсы тілдерін айтарлықтай меңгереді. Араб тілін жақсы білудің арқасында Ыстамбұл кітапханасында әл-Фараби еңбектерімен танысады, Махмұд Қашқаридің "Диуани лүғат ат-Түрк", Қожа Ахмет Яссауидің "Диуани хикмет" кітаптарын осы жерде оқиды. Қазыбек пен Өтеген бүкіл Еуропаны, орыс жерінің біраз жерін аралап, 1709 жылы елге оралады.
Соғыс жылдары
Елге келгеннен кейін, жиған-терген дүниелерін жинақтап, "Иран шешегі" атты кітабын жазады. Бірақ, жаугершілікті заманның кітап жазып, ғылыммен айналысуына мүмкіндік бермейді. Ол амалсыз қаламын найзаға айырбастап, ел қорғау ісіне араласады. Оның бұдан кейінгі бар өмірі елдің шетінде, жаудың өтінде өтеді. Ол алғаш қалмақтармен Аягөзде болған соғысқа қатысады. Осында ол Қабанмен, Қожаберген жыраумен танысады. Осыдан бір жылдан соң, Севан Рабданға Тәуке ханның елшісі болып барады. Елдің "Ақтабан шұбырындыға" ұшырауы - ерлердің жанына қатты батады. Олар бұл күндері ат үстінен түспей, бірде босқан елдің басын қосып, ұжымдастырып жатса, бірде өкшелей қуған жауға тойтарыс беріп, шайқасып жатты. Осы бір қазақтың басына төнген қаралы күндердің ауыртпалығын Қазыбек те ел ағаларымен бірге көріп, арпалысты күн кешеді. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар бастаған талай соғысқа қатысып, ерлік көрсетеді. Бізге Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-тұқияннан өзіме шейін" деген жалғыз еңбегі жетті. Ол онда замандастары жайында көп деректер береді. Ел-жұртының тәуелсіздігі жолында арыстанша алысып, опат болған көптеген ерлердің аты-жөні айтылып, ерліктері баяндалган, исі қазаққа әйгілі тұлғалар жайында сүйсіне жазган. Тауасарұлы еңбегінің аса құндылығы да осында.
Дереккөздер
- "Қазақ энциклопедиясы"
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazybek bek Tauasaruly 1692 zh Almaty oblysy Kerbulak audany 1776 zhyly Almaty oblysy Kүrti audany batyr Zhongarlarga karsy Ұly zhүz sapyn baskargan kolbasshy sayahatshy shezhireshi Қazybek Tauasarulynyn bizge Tүp tukiannan ozime shejin atty kitaby zhetken Ұly zhүzdin shapyrashty tajpasynyn asyl ruynan shykkan Қazybek bek TauasarulyDүniege kelgeni 1692 Almaty oblysy Kerbulak audanyҚajtys bolgany 1776 Almaty oblysy Kүrti audanyMansaby batyr Zhas kezinde shygys elderinde bolyp musylmansha zhan zhakty bilim algan Zhongar shapkynshylygy kezinde shapyrashty Nauryzbaj batyrdyn әskerinde mynbasy kejbir derekterde akylshysy bolgan Zhongarlarmen bolgan 1727 zhylgy Bulanty shajkasyna 1729 zhyly Anyrakaj shajkasyna katyskan Batyr kajtys bolgan zherdi halyk Қazybek tauy dep atap ketken Onyn uly Қaskary batyr da zhongarlarga karsy sogysta kozge tүsken B Қydyrbekuly B Nurzhekeuly t b avtorlardyn pikirleri bojynsha Қazybek Bek Tүp tukiannan ozime shejin degen shezhire enbek zhazgan ӨmirbayanyKishi Aziyanyn iri kalalarynda bolyp dini gylymi bilim algan okymysty zhongar baskynshylygyna karsy kүreste kol bastagan batyr Shykkan tegi Ұly zhүzdin Shapyrashty tajpasynyn Asyl ruynan Әkesi Matajuly Tauasar bi bolgan Balasynyn nege bolsyn kabiletti zerektigin erte bajkagan әkesi Қazybekti bes zhasynda Buharaga aparyp din okuyna beredi Kishkentajlygyna karamaj zhaksy okygan bala Қazybek medreseni tort zhylda tamamdap elge oralady Munda eki zhyl auyl balalaryna dәris beredi Oku zholyEki zhyl bala okytyp biraz adamnyn sauatyn ashkan on bir zhasar Қazybek kasyna auyldasy ozinen bir zhas үlken Өtegul bajdyn balasy Өtegendi kejin Sүjinbaj Zhambyl zhyrlagan Өtegen ertip tagy da bilim izdep zholga shygady Olar Samarkantta bir zharym zhyl bolyp atakty Қazy zade Rumidin urpagy Hafiz zadege shәkirt bolyp odan dәris tyndajdy Odan kejin kajta zholga shygyp Shamga Bagdatka odan әri Ystambulga Rimge baryp segiz zhyl saparda bolady Қazybekke әsirese Bagdat pen Ystambulda bolyp bilim algan kezderi ote pajdaly bolyp zhan zhakty osuine mүmkindik alady Arab parsy tilderin ajtarlyktaj mengeredi Arab tilin zhaksy biludin arkasynda Ystambul kitaphanasynda әl Farabi enbekterimen tanysady Mahmud Қashkaridin Diuani lүgat at Tүrk Қozha Ahmet Yassauidin Diuani hikmet kitaptaryn osy zherde okidy Қazybek pen Өtegen bүkil Europany orys zherinin biraz zherin aralap 1709 zhyly elge oralady Sogys zhyldaryElge kelgennen kejin zhigan tergen dүnielerin zhinaktap Iran sheshegi atty kitabyn zhazady Birak zhaugershilikti zamannyn kitap zhazyp gylymmen ajnalysuyna mүmkindik bermejdi Ol amalsyz kalamyn najzaga ajyrbastap el korgau isine aralasady Onyn budan kejingi bar omiri eldin shetinde zhaudyn otinde otedi Ol algash kalmaktarmen Ayagozde bolgan sogyska katysady Osynda ol Қabanmen Қozhabergen zhyraumen tanysady Osydan bir zhyldan son Sevan Rabdanga Tәuke hannyn elshisi bolyp barady Eldin Aktaban shubyryndyga ushyrauy erlerdin zhanyna katty batady Olar bul kүnderi at үstinen tүspej birde boskan eldin basyn kosyp uzhymdastyryp zhatsa birde okshelej kugan zhauga tojtarys berip shajkasyp zhatty Osy bir kazaktyn basyna tongen karaly kүnderdin auyrtpalygyn Қazybek te el agalarymen birge korip arpalysty kүn keshedi Қabanbaj Bogenbaj Nauryzbaj batyrlar bastagan talaj sogyska katysyp erlik korsetedi Bizge Қazybek bek Tauasarulynyn Tүp tukiyannan ozime shejin degen zhalgyz enbegi zhetti Ol onda zamandastary zhajynda kop derekter beredi El zhurtynyn tәuelsizdigi zholynda arystansha alysyp opat bolgan koptegen erlerdin aty zhoni ajtylyp erlikteri bayandalgan isi kazakka әjgili tulgalar zhajynda sүjsine zhazgan Tauasaruly enbeginin asa kundylygy da osynda Derekkozder Қazak enciklopediyasy Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz Bul tulga turaly makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi auystyru kazhet