Шынылық құм, әйнектік құм – шыны бұйымдарын дайындауға жарамды кварц құмдары. Шынылық құм гранит, гранитгнейс, құмтас, тағы басқа құрамында кварц мол тау жыныстарының физикалық, химиялық үгілуінен түзіледі. Үгілу процесі нәтижесінде пайда болған материалдар бастапқы орнынан ағын су, жел, мұздықтардың еруі әрекетінен көшіп, ұсақталып, іріктеліп, басқа орынға жиналғанда Шынылық құмның кендері қалыптасады. Шынылық құм бастапқы орнынан неғұрлым алыс жиналса, соғұрлым ірілеу, жұмыр әрі таза болып келеді. Түзілу тегіне қарай Шынылық құм элювийлік, делювийлік, мұздық, аллювийлік болып бөлінеді. Әсіресе соңғы екеуінің өндірістік мәні жоғары. Шынылық құм кендері үгілген тау жыныстарының көшу бағытына біршама сәйкес, ұзынша қабаттардан, линзалардан тұрады; бұлардың арасында саз, саздақ, сазды құмдардың қабатшалары кездеседі. Шынылық құм түйірлерінің орташа ірілігі 0,1 – 0,5 мм, құрамындағы кварц мөлшері 96% (жоғары сапалы құмда 98,5%), темір тотықтарының мөлшері 0,1% және түс беруші өзге қоспалар %-дың жүзден немесе оннан бір бөлігі шамасында болады. Тазартылған шикізатқа шыныны түссіздендіріп, оған мөлдір түс беру үшін балқыған шихтаға марганецтің асқын тотығы, шыны күңгірттенбеуі үшін 0,1 – 0,7%-дай церий тотығы, шынының беріктігін арттыру мақсатында аздаған мөлшерде алюминий тотығы қосылады. Шынылық бұйымдардың қолдану аясына қарай Шынылық құмдағы кварц пен тотықтардың мөлшеріне белгілі шек қойылады. Оптика, радиолампа, көзәйнек, айна, тағы басқа дайындалатын Шынылық құмда кварц мөлш. 99,3 – 99,8%-дан кем болмауы, ал терезе әйнегі, ыстыққа төзімді шыны дайындалатын Шынылық құмда кварц 98,5% болуы шарт. Кварц түйірлерінің ірілігі мейлінше біртекті құмнан сапасы жоғары шыны жасалады. Қазақстанда жоғары сапалы Шынылық құм кендерінің бірі Щучинск қ-ның (Солтүстік Қазақстан облысы) маңында орналасқан.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 9 т.
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shynylyk kum әjnektik kum shyny bujymdaryn dajyndauga zharamdy kvarc kumdary Shynylyk kum granit granitgnejs kumtas tagy baska kuramynda kvarc mol tau zhynystarynyn fizikalyk himiyalyk үgiluinen tүziledi Үgilu procesi nәtizhesinde pajda bolgan materialdar bastapky ornynan agyn su zhel muzdyktardyn erui әreketinen koship usaktalyp iriktelip baska orynga zhinalganda Shynylyk kumnyn kenderi kalyptasady Shynylyk kum bastapky ornynan negurlym alys zhinalsa sogurlym irileu zhumyr әri taza bolyp keledi Tүzilu tegine karaj Shynylyk kum elyuvijlik delyuvijlik muzdyk allyuvijlik bolyp bolinedi Әsirese songy ekeuinin ondiristik mәni zhogary Shynylyk kum kenderi үgilgen tau zhynystarynyn koshu bagytyna birshama sәjkes uzynsha kabattardan linzalardan turady bulardyn arasynda saz sazdak sazdy kumdardyn kabatshalary kezdesedi Shynylyk kum tүjirlerinin ortasha iriligi 0 1 0 5 mm kuramyndagy kvarc molsheri 96 zhogary sapaly kumda 98 5 temir totyktarynyn molsheri 0 1 zhәne tүs berushi ozge kospalar dyn zhүzden nemese onnan bir boligi shamasynda bolady Tazartylgan shikizatka shynyny tүssizdendirip ogan moldir tүs beru үshin balkygan shihtaga marganectin askyn totygy shyny kүngirttenbeui үshin 0 1 0 7 daj cerij totygy shynynyn beriktigin arttyru maksatynda azdagan molsherde alyuminij totygy kosylady Shynylyk bujymdardyn koldanu ayasyna karaj Shynylyk kumdagy kvarc pen totyktardyn molsherine belgili shek kojylady Optika radiolampa kozәjnek ajna tagy baska dajyndalatyn Shynylyk kumda kvarc molsh 99 3 99 8 dan kem bolmauy al tereze әjnegi ystykka tozimdi shyny dajyndalatyn Shynylyk kumda kvarc 98 5 boluy shart Kvarc tүjirlerinin iriligi mejlinshe birtekti kumnan sapasy zhogary shyny zhasalady Қazakstanda zhogary sapaly Shynylyk kum kenderinin biri Shuchinsk k nyn Soltүstik Қazakstan oblysy manynda ornalaskan DerekkozderҚazak enciklopediyasy 9 t Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet