Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры – Қазақстандағы жастар мен балаларға арналған театр ұжымы. Театрдың құрушысы да, алғашқы басшысы да Кеңес одағы бойынша балалар театрының негізін қалаған режиссер Наталия Ильинична Сац болды. Театр алғашқы кезде екі труппадан – қазақ және орыс труппасынан тұрды.
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры | |
---|---|
Орналасуы | Қазақстан |
Негізделгені | 1946 |
Директоры | Азамат Сатыбалды |
Марапаттары | * ІІ дәрежелі диплом (1958), ІІІ дәрежелі диплом (1985);
|
Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Ортаққорда |
Тарихы
Театр шымылдығын 1945 жылдың 7 қарашасында орыс труппасы Е. Шварцтың «Қызыл телпек» пьесасымен ашты. Қазақ труппасы сахналық жолын 1947 жылы 2 ақпанда А. Н Островскийдің «Мысыққа күнде той бола бермес» пьесасын (режиссер А. А. Алексеев) қоюмен бастады. Театр шымылдығы ресми түрде 1946 жылы 4 шілдеде А. Толстойдың «Алтын кілт» спектакілімен (режиссер Н. Сац) ашылды. Театрдың өсіп-өркендеуі мен кәсіптік деңгейінің көтерілуіне Н.И.Сацтан бастап, режиссерлер: С.Шәріпов, Т.Сидоров, Мен Дон Ук, С.Естемесова, Г.Хайруллина, В.Пұсырманов, Е.Обаев, М.Байсеркенов, Қ.Жетпісбаев, Р.Сейтметов, Н.Жақыпбай, Ж.Хаджиев мол үлес қосты. Театрда қазақ драматургиясы мен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген туындыларынан репертуар кестесі қалыптасып, фестивальдарға қатысу үрдістерін жандандыра бастады. Шығармашылық жолында талай асуларды кездестіре отырып, түрлі жетістіктерден де құр алақан қалмады.
Театр қазақ драматургтерімен бірге орыс, батыс классиктерінің және өзге халықтардың таңдаулы деген пьесаларын сахнаға шығарды. Фридрих Шиллердің «Зұлымдық пен Махаббат», Н.Хикметтің «Әпенді», Мольердің «Скапеннің айласы», Б.Брехттың «Әйдік апай және оның балалары», «Вероналық екі бозбала», «Дуалы түнгі думан», «Гамлет», «Ромео мен Джулетта» («Махабат айдыны»), А.Чеховтың «Шағала» спектакльдері режиссерлер мен актерлер құрамының күштілігін, классикалық ірі туындыларды еркін түрде игере алатын кемел шаққа жеткендіктерін танытады. Жарты ғасырдан артық өнер тарихында театр шығармашылық даму мен қалыптасудың әртүрлі белестерінен өтіп, бүгінгі ұлттық сахна өнерінде өзіндік орнын белгіледі. Бұл театр көп жылдарға дейін орыс балалар театрымен бірлесіп жұмыс істеді. 1982 жылдан бастап өз алдына дербес бөлініп шықты.
1992 жылы Ғабит Мүсіреповтің 90 жылдығының құрметіне театрға Ұлы жазушының есімі берілді. 1996 жылы театрдың 50 жылдық мерейтойына орай, оған «Академиялық» деген статус берілді.
Театр жетістіктері
- 1958 жылы Мәскеуде өткен Бүкіл-одақтық жастар театрларының фестивалінде "Ыбырай Алтынсарин" (авт. М. Ақынжанов ) спектаклі екінші дәрежелі дипломды иеленді. Бұл спектакльдегі үздік өнерлері үшін артистер Б. Қалтаев, С. Саттарова, Ә. Өмірзақова, қоюшы-режиссер А. Тоқпанов фестиваль лауреаттары атанды.
- 1966 жылы Мен Дон Ук қойған Ш. Хұсайыновтың “Алғашқы ұшқындар” спектаклі театрға Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығын әперді.
- 1983 жылы М. Әуезовтің “Алуа” пьесасын сахналаған режиссер Р. Сейтметов пен спектакльде ойнаған артистер – Г. Қазақбаева, М. Құланбаев, М. Бақтыгереев Қазақ ССР-інің Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды.
- 1985 жылы Ұлы Жеңістің 40 жылдығына арналған Бүкілодақтық байқауда “Жау тылындағы бала” (авт. Қ. Қайсенов, инсц. О. Бөкей, реж. Н. Жақыпбай ) спектаклі ІІІ дәрежелі дипломға ие болды.
- 1995 жылы Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай өткізілген Республикалық театр фестиваліне қатысқан “Желсіз түнде жарық ай” (авт. М. Әуезов, инсц. Ш. Айманов ) спектаклі бірінші орынды жеңіп алды және қойылым режиссері Н. Жақыпбай “Ең үздік режиссерлік шешімі үшін” жүлдесімен марапатталды.
- 1994 жылы режиссер Есмұхан Обаев қойған Әкім Таразидың "Індет" трагикомедиясы 1997 жылы өткен республикалық театр фестивалінде бас жүлдені иеленді.
- 1998 жылы Каир қаласында өткен Халықаралық театр фестивалінде “Жан азабы” (авт. Ш. Айтматов, реж. Н. Жақыпбай ) қойылымы ең үздік спектакльдер қатарынан көрінді. Осы жылы өткен түркі халықтарының театр фестивалінде театр ұжымы арнайы дипломмен марапатталды.
- 2002 жылы Иран Ғайыптың "Қорқыттың Көрі" спектаклі Қазан қаласында өткен "Түркі халықтарының театр фестиваліне" қатысып, Қорқыт рөлін сомдаған Балтабай Сейітмамытұлы лауреат атанды.
- 2003 жылы республикалық театрлар фестивалінде Жанат Хаджиев қойған Ілияс Жансүгіровтің "Исатай-Махамбет" тарихи драмасы бас жүлдені қанжығасына байлады.
- 2004 жылы республикалық байқауға қатысқан Сәкен Жүнісовтің "Тұрымтайдай ұл еді…" спектаклі бас жүлдені иеленді.
- 2006 жылы Астана қаласында өткен республикалық фестивальде Талғат Теменовтің "Алма бағы" драмасы "Замандас тақырыбы" номинациясын жеңіп алды. Осы жылы Уфа қаласында өткен ІV түркі тілдес елдер театрларының халықаралық "Туғанлык" фестиваліне қатысқан "Алма бағы" спектаклінде шал бейнесін сомдаған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Тұрсын Құралиев "Аталар дәстүріне құрмет" арнайы сыйлығын иеленді.
- 2007 жылдың 27-30 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткен халықаралық театр фестиваліне қатысқан Софы Сматаев, Талғат Теменовтің "Көгілдір такси" мелодрамасында Мариям рөлін сомдаған актриса Күләш Шаяхметова "Ең үздік әйел бейнесі" үшін лауреат атанды.
- 2008 жылдың 2-7 қыркүйек аралығында Алматы қаласындағы ІІ халықаралық Орта Азия мемлекеттерінің театр фестивалінде өнер ордасының "Жұмақтағы жасын" спектаклі "Ең үздік шетел классикасын сахналаған қойылым" жүлдесін жеңіп алды.
- 2009 жылдың 17-27 қараша аралығында Сеул қаласында өткен "Ұлы Жібек жолы" театр фестиваліне "Мулен Ружға шақыру" спектаклімен қатысты.
- 2010 жылдың 22-24 сәуірі аралығында театр Мәскеу қаласына гастрольдік сапармен барып, көрермен қауымды қойылымдарымен қуантты. Осы жылдың 27-30 мамыры аралығында Алматы қаласында өткен ІІІ халықаралық Орта Азия халықтарының театр фестиваліне қатысқан Шыңғыс Айтматовтың "Қызыл орамалды шынарым" лирикалық драмасында Әсел рөлін сомдаған Аида Жантілеуова "Ең үздік әйел бейнесі үшін" лауреат атанды.
- 2011 жылдың 25-30 наурызы аралығында "Қызыл орамалды шынарым" драмасымен Түркияның Адана қаласында өткен "Ұлы Жібек жолы" атты Түркітілдес елдердің халықаралық театрлар фестиваліне қатысып қайтты.
- 2012 жылдың 15-19 сәуірінде Түрікменстанның Ашхабад қаласында өткен халықаралық театр фестиваліне қатысты.
- 2013 жылдың 15-16 қараша күндері Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына орай Бішкек қаласында өткен "Арт-Ордо" халықаралық театр фестиваліне Мұхтар Әуезовтің "Ай-Қарагөз…" трагедиясымен қатысты.
- 2014 жылдың 10-19 қыркүйегінде Әзірбайжан Республикасының Шеки қаласында өткен халықаралық театр фестиваліне қатысып, "Естайдың Қорланы" туындысын көрсетті.
- 2015 жылы театр әлемнің 83 мемлекеті қатысатын "АССИТЕЖ" дүниежүзілік балалар мен жасөспірімдер театрлары ассоциациясының қатарына қосылды. Аталған ұйымға қабылданған қазақстандық өнер ордаларының ішінде 84-ші болып бекітілді.
- 2016 жылдың 20-30 сәуір аралығында Түркияның Конья қаласында өткен "Мың тыныс — бір дауыс" атты халықаралық театр фестиваліне "Қара шекпен" қойылымымен қатысты. Осы жылдың мамыр айында "Дидар" ІІ халықаралық театр өнерінің эксперименттік фестиваль-лабораториясында Ермек Аманшаевтың "Ол" моноспектаклі "Ең үздік қойылым" номинациясына ие болды.
- 2017 жыл - сәуір айында Ақтөбе қаласында өткен ІІ республикалық "Балауса" экспериментальдық спектакльдер фестиваліне "Ол" атты психологиялық драмамен барды. Аталған туындыдағы актер Данияр Базарқұлов "Ең үздік ер адам бейнесі" номинациясына ие болды; 22-24 мамырында ақын-драматург Иран Ғайыптың 70 жылдығына орай өткізілген "Мәңгілік елдің Алтын адамы" атты республикалық театр фестивалінде "Естайдың Қорланы" спектаклінде Қорлан бейнесін сомдаған актриса Жібек Лебаева "Ең үздік әйел бейнесі" номинациясын иеленді; 9-13 қыркүйегінде танымал театр сыншысы Әшірбек Сығайдың 70 жылдығына орай өткізілген ХХV республикалық драма театрлары фестиваліне қатысқан "Шыңырау" драмасы "Режиссерлік дебют" номинациясын жеңіп алды; 8-12 желтоқсаны аралығында Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық-драма театрының 45 жылдығы аясында, белгілі режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанат Хаджиевтің рухына арнап өткізілген І аймақтық театр фестивалінде "Ант" драмалық дастаны "Қарағанды облысы әкімінің арнайы сыйлығымен" марапатталды.
- 2018 жыл - сәуір айында Ақтөбе қаласында өткен Тахауи Ахтановтың 90 жылдығына арналған ІІІ республикалық "Балауса" экспериментальды спектакльдер фестивалінде "Шыңырау" драмасы "Үздік спектакль" номинациясын жеңіп алды; маусым айында, ІІ дүниежүзілік "Астана" театр фестивалінде "Қара шекпен" әфсанасын қалың көрермен назарына ұсынды; қыркүйек айында Ақтау қаласында өткен Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына арналған Каспий жағалауы елдерінің ІI халықаралық театр фестиваліне "Шыңырау" спектаклімен қатысып, сыншылардың жоғары бағасына ие болды.
Театр актерлері мен актрисалары
Роза Әшірбекова, Күләш Қажығалиева, Жақсыбек Құрманбеков, Гүлжамал Қазақбаева, Хазима Нұғманова, Лидия Кәден, Кәдірбек Демесін, Жібек Лебаева, Сағат Жылгелдиев, Сағызбай Қарабалин, Тынышкүл Сұлтанбердиева, Сәкен Рақышев, Сүндет Бектау, Күлжәмилә Белжанова, Қадырғазы Қуандықов, Еркін Әбдірешов, Жібек Бектемірова, Шолпан Сіргебаева, Райхан Қалиолдина, Жомарт Зейнәбіл, Лиза Серікова, Раушан Байзақова, Рахман Омаров, Айгүл Иманбаева, Сафуан Шаймерденов, Сәуле Тұрдахунова, Руслан Ахметов, Еділ Рамазанов, Әсет Иманғалиев, Данияр Базарқұлов, Ақмарал Дайрабаева, Динара Әбікеева, Ерлан Кәрiбаев, Қуаныш Тұрдалин, Сәния Ерзат, Нұргүл Мыңғатова, Бақыт Тушаев, Әсем Қашағанова, Ақбота Қаймақбаева, Жанар Мақашева, Есжан Хмидуллин, Бейбіт Камаранов, Мерей Әжібеков, Гауһар Сағынғалиева, Толқын Нұрбекова, Анар Әділова, Гүлбаһрам Байбосынова, Елдар Отарбаев, Дархан Сүлейменов, Мақсат Сәбитов және т.б..
Театр ұжымында 200-ден астам адам қызмет етеді. Оның 60-тан астамы артистер. Қалғаны әкімдік, шығармашылық құрамның жетекші қызметкерлері мен техникалық құрам жұмыскерлері. Театрда 7 цех және 6 бөлім бар. Спектакльдердің қойылу уақыты: 10.00 және 19.00 Мекен жайы: Абылай хан даңғылы, 38 ғимарат.
Театр директоры болып келген Сәбит Әбдіхалықов Мұхтар Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрына басшылық қызметке ауысып, орнын актер Азамат Сатыбалды алмастырды.
Галерея
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Қазақстанның мәдени ошақтары. Культурные центры Казахстана: Фотоальбом. – Алматы:«АСА» Баспа үйі» ЖШС, 2012. – 288 б. (қазақ, орыс, тілдерінде) ISBN 978-601-80325-0-9
Сыртқы сілтемелер
- Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театры
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ғabit Mүsirepov atyndagy Қazak Memlekettik Akademiyalyk balalar men zhasospirimder teatry Қazakstandagy zhastar men balalarga arnalgan teatr uzhymy Teatrdyn kurushysy da algashky basshysy da Kenes odagy bojynsha balalar teatrynyn negizin kalagan rezhisser Nataliya Ilinichna Sac boldy Teatr algashky kezde eki truppadan kazak zhәne orys truppasynan turdy Ғabit Mүsirepov atyndagy Қazak Memlekettik Akademiyalyk balalar men zhasospirimder teatryOrnalasuy ҚazakstanNegizdelgeni 1946Direktory Azamat SatybaldyMarapattary II dәrezheli diplom 1958 III dәrezheli diplom 1985 1966 zhyl Қazakstan Lenin komsomoly syjlygy 2008 zhyl En үzdik shetel klassikasyn sahnalagan kojylym zhүldesi 2016 zhyl En үzdik kojylym nominaciyasy 2018 Үzdik spektakl nominaciyasy Ғabit Mүsirepov atyndagy Қazak Memlekettik Akademiyalyk balalar men zhasospirimder teatry OrtakkordaTarihyTeatr shymyldygyn 1945 zhyldyn 7 karashasynda orys truppasy E Shvarctyn Қyzyl telpek pesasymen ashty Қazak truppasy sahnalyk zholyn 1947 zhyly 2 akpanda A N Ostrovskijdin Mysykka kүnde toj bola bermes pesasyn rezhisser A A Alekseev koyumen bastady Teatr shymyldygy resmi tүrde 1946 zhyly 4 shildede A Tolstojdyn Altyn kilt spektakilimen rezhisser N Sac ashyldy Teatrdyn osip orkendeui men kәsiptik dengejinin koteriluine N I Sactan bastap rezhisserler S Shәripov T Sidorov Men Don Uk S Estemesova G Hajrullina V Pusyrmanov E Obaev M Bajserkenov Қ Zhetpisbaev R Sejtmetov N Zhakypbaj Zh Hadzhiev mol үles kosty Teatrda kazak dramaturgiyasy men birge orys batys klassikterinin zhәne ozge halyktardyn tandauly degen tuyndylarynan repertuar kestesi kalyptasyp festivaldarga katysu үrdisterin zhandandyra bastady Shygarmashylyk zholynda talaj asulardy kezdestire otyryp tүrli zhetistikterden de kur alakan kalmady Teatr kazak dramaturgterimen birge orys batys klassikterinin zhәne ozge halyktardyn tandauly degen pesalaryn sahnaga shygardy Fridrih Shillerdin Zulymdyk pen Mahabbat N Hikmettin Әpendi Molerdin Skapennin ajlasy B Brehttyn Әjdik apaj zhәne onyn balalary Veronalyk eki bozbala Dualy tүngi duman Gamlet Romeo men Dzhuletta Mahabat ajdyny A Chehovtyn Shagala spektaklderi rezhisserler men akterler kuramynyn kүshtiligin klassikalyk iri tuyndylardy erkin tүrde igere alatyn kemel shakka zhetkendikterin tanytady Zharty gasyrdan artyk oner tarihynda teatr shygarmashylyk damu men kalyptasudyn әrtүrli belesterinen otip bүgingi ulttyk sahna onerinde ozindik ornyn belgiledi Bul teatr kop zhyldarga dejin orys balalar teatrymen birlesip zhumys istedi 1982 zhyldan bastap oz aldyna derbes bolinip shykty 1992 zhyly Ғabit Mүsirepovtin 90 zhyldygynyn kurmetine teatrga Ұly zhazushynyn esimi berildi 1996 zhyly teatrdyn 50 zhyldyk merejtojyna oraj ogan Akademiyalyk degen status berildi Teatr zhetistikteri1958 zhyly Mәskeude otken Bүkil odaktyk zhastar teatrlarynyn festivalinde Ybyraj Altynsarin avt M Akynzhanov spektakli ekinshi dәrezheli diplomdy ielendi Bul spektakldegi үzdik onerleri үshin artister B Қaltaev S Sattarova Ә Өmirzakova koyushy rezhisser A Tokpanov festival laureattary atandy 1966 zhyly Men Don Uk kojgan Sh Husajynovtyn Algashky ushkyndar spektakli teatrga Қazakstan Lenin komsomoly syjlygyn әperdi 1983 zhyly M Әuezovtin Alua pesasyn sahnalagan rezhisser R Sejtmetov pen spektaklde ojnagan artister G Қazakbaeva M Қulanbaev M Baktygereev Қazak SSR inin Memlekettik syjlygymen marapattaldy 1985 zhyly Ұly Zhenistin 40 zhyldygyna arnalgan Bүkilodaktyk bajkauda Zhau tylyndagy bala avt Қ Қajsenov insc O Bokej rezh N Zhakypbaj spektakli III dәrezheli diplomga ie boldy 1995 zhyly Ұly Abajdyn 150 zhyldyk merejtojyna oraj otkizilgen Respublikalyk teatr festivaline katyskan Zhelsiz tүnde zharyk aj avt M Әuezov insc Sh Ajmanov spektakli birinshi oryndy zhenip aldy zhәne kojylym rezhisseri N Zhakypbaj En үzdik rezhisserlik sheshimi үshin zhүldesimen marapattaldy 1994 zhyly rezhisser Esmuhan Obaev kojgan Әkim Tarazidyn Indet tragikomediyasy 1997 zhyly otken respublikalyk teatr festivalinde bas zhүldeni ielendi 1998 zhyly Kair kalasynda otken Halykaralyk teatr festivalinde Zhan azaby avt Sh Ajtmatov rezh N Zhakypbaj kojylymy en үzdik spektaklder katarynan korindi Osy zhyly otken tүrki halyktarynyn teatr festivalinde teatr uzhymy arnajy diplommen marapattaldy 2002 zhyly Iran Ғajyptyn Қorkyttyn Kori spektakli Қazan kalasynda otken Tүrki halyktarynyn teatr festivaline katysyp Қorkyt rolin somdagan Baltabaj Sejitmamytuly laureat atandy 2003 zhyly respublikalyk teatrlar festivalinde Zhanat Hadzhiev kojgan Iliyas Zhansүgirovtin Isataj Mahambet tarihi dramasy bas zhүldeni kanzhygasyna bajlady 2004 zhyly respublikalyk bajkauga katyskan Sәken Zhүnisovtin Turymtajdaj ul edi spektakli bas zhүldeni ielendi 2006 zhyly Astana kalasynda otken respublikalyk festivalde Talgat Temenovtin Alma bagy dramasy Zamandas takyryby nominaciyasyn zhenip aldy Osy zhyly Ufa kalasynda otken IV tүrki tildes elder teatrlarynyn halykaralyk Tuganlyk festivaline katyskan Alma bagy spektaklinde shal bejnesin somdagan Қazakstan Respublikasynyn enbek sinirgen әrtisi Tursyn Қuraliev Atalar dәstүrine kurmet arnajy syjlygyn ielendi 2007 zhyldyn 27 30 nauryz aralygynda Shymkent kalasynda otken halykaralyk teatr festivaline katyskan Sofy Smataev Talgat Temenovtin Kogildir taksi melodramasynda Mariyam rolin somdagan aktrisa Kүlәsh Shayahmetova En үzdik әjel bejnesi үshin laureat atandy 2008 zhyldyn 2 7 kyrkүjek aralygynda Almaty kalasyndagy II halykaralyk Orta Aziya memleketterinin teatr festivalinde oner ordasynyn Zhumaktagy zhasyn spektakli En үzdik shetel klassikasyn sahnalagan kojylym zhүldesin zhenip aldy 2009 zhyldyn 17 27 karasha aralygynda Seul kalasynda otken Ұly Zhibek zholy teatr festivaline Mulen Ruzhga shakyru spektaklimen katysty 2010 zhyldyn 22 24 sәuiri aralygynda teatr Mәskeu kalasyna gastroldik saparmen baryp korermen kauymdy kojylymdarymen kuantty Osy zhyldyn 27 30 mamyry aralygynda Almaty kalasynda otken III halykaralyk Orta Aziya halyktarynyn teatr festivaline katyskan Shyngys Ajtmatovtyn Қyzyl oramaldy shynarym lirikalyk dramasynda Әsel rolin somdagan Aida Zhantileuova En үzdik әjel bejnesi үshin laureat atandy 2011 zhyldyn 25 30 nauryzy aralygynda Қyzyl oramaldy shynarym dramasymen Tүrkiyanyn Adana kalasynda otken Ұly Zhibek zholy atty Tүrkitildes elderdin halykaralyk teatrlar festivaline katysyp kajtty 2012 zhyldyn 15 19 sәuirinde Tүrikmenstannyn Ashhabad kalasynda otken halykaralyk teatr festivaline katysty 2013 zhyldyn 15 16 karasha kүnderi Shyngys Ajtmatovtyn 85 zhyldygyna oraj Bishkek kalasynda otken Art Ordo halykaralyk teatr festivaline Muhtar Әuezovtin Aj Қaragoz tragediyasymen katysty 2014 zhyldyn 10 19 kyrkүjeginde Әzirbajzhan Respublikasynyn Sheki kalasynda otken halykaralyk teatr festivaline katysyp Estajdyn Қorlany tuyndysyn korsetti 2015 zhyly teatr әlemnin 83 memleketi katysatyn ASSITEZh dүniezhүzilik balalar men zhasospirimder teatrlary associaciyasynyn kataryna kosyldy Atalgan ujymga kabyldangan kazakstandyk oner ordalarynyn ishinde 84 shi bolyp bekitildi 2016 zhyldyn 20 30 sәuir aralygynda Tүrkiyanyn Konya kalasynda otken Myn tynys bir dauys atty halykaralyk teatr festivaline Қara shekpen kojylymymen katysty Osy zhyldyn mamyr ajynda Didar II halykaralyk teatr onerinin eksperimenttik festival laboratoriyasynda Ermek Amanshaevtyn Ol monospektakli En үzdik kojylym nominaciyasyna ie boldy 2017 zhyl sәuir ajynda Aktobe kalasynda otken II respublikalyk Balausa eksperimentaldyk spektaklder festivaline Ol atty psihologiyalyk dramamen bardy Atalgan tuyndydagy akter Daniyar Bazarkulov En үzdik er adam bejnesi nominaciyasyna ie boldy 22 24 mamyrynda akyn dramaturg Iran Ғajyptyn 70 zhyldygyna oraj otkizilgen Mәngilik eldin Altyn adamy atty respublikalyk teatr festivalinde Estajdyn Қorlany spektaklinde Қorlan bejnesin somdagan aktrisa Zhibek Lebaeva En үzdik әjel bejnesi nominaciyasyn ielendi 9 13 kyrkүjeginde tanymal teatr synshysy Әshirbek Sygajdyn 70 zhyldygyna oraj otkizilgen HHV respublikalyk drama teatrlary festivaline katyskan Shynyrau dramasy Rezhisserlik debyut nominaciyasyn zhenip aldy 8 12 zheltoksany aralygynda Serke Қozhamkulov atyndagy Zhezkazgan muzykalyk drama teatrynyn 45 zhyldygy ayasynda belgili rezhisser Қazakstannyn enbek sinirgen kajratkeri Zhanat Hadzhievtin ruhyna arnap otkizilgen I ajmaktyk teatr festivalinde Ant dramalyk dastany Қaragandy oblysy әkiminin arnajy syjlygymen marapattaldy 2018 zhyl sәuir ajynda Aktobe kalasynda otken Tahaui Ahtanovtyn 90 zhyldygyna arnalgan III respublikalyk Balausa eksperimentaldy spektaklder festivalinde Shynyrau dramasy Үzdik spektakl nominaciyasyn zhenip aldy mausym ajynda II dүniezhүzilik Astana teatr festivalinde Қara shekpen әfsanasyn kalyn korermen nazaryna usyndy kyrkүjek ajynda Aktau kalasynda otken Nurmuhan Zhantorinnin 90 zhyldygyna arnalgan Kaspij zhagalauy elderinin II halykaralyk teatr festivaline Shynyrau spektaklimen katysyp synshylardyn zhogary bagasyna ie boldy Teatr akterleri men aktrisalaryRoza Әshirbekova Kүlәsh Қazhygalieva Zhaksybek Қurmanbekov Gүlzhamal Қazakbaeva Hazima Nugmanova Lidiya Kәden Kәdirbek Demesin Zhibek Lebaeva Sagat Zhylgeldiev Sagyzbaj Қarabalin Tynyshkүl Sultanberdieva Sәken Rakyshev Sүndet Bektau Kүlzhәmilә Belzhanova Қadyrgazy Қuandykov Erkin Әbdireshov Zhibek Bektemirova Sholpan Sirgebaeva Rajhan Қalioldina Zhomart Zejnәbil Liza Serikova Raushan Bajzakova Rahman Omarov Ajgүl Imanbaeva Safuan Shajmerdenov Sәule Turdahunova Ruslan Ahmetov Edil Ramazanov Әset Imangaliev Daniyar Bazarkulov Akmaral Dajrabaeva Dinara Әbikeeva Erlan Kәribaev Қuanysh Turdalin Sәniya Erzat Nurgүl Myngatova Bakyt Tushaev Әsem Қashaganova Akbota Қajmakbaeva Zhanar Makasheva Eszhan Hmidullin Bejbit Kamaranov Merej Әzhibekov Gauһar Sagyngalieva Tolkyn Nurbekova Anar Әdilova Gүlbaһram Bajbosynova Eldar Otarbaev Darhan Sүlejmenov Maksat Sәbitov zhәne t b Teatr uzhymynda 200 den astam adam kyzmet etedi Onyn 60 tan astamy artister Қalgany әkimdik shygarmashylyk kuramnyn zhetekshi kyzmetkerleri men tehnikalyk kuram zhumyskerleri Teatrda 7 ceh zhәne 6 bolim bar Spektaklderdin kojylu uakyty 10 00 zhәne 19 00 Meken zhajy Abylaj han dangyly 38 gimarat Teatr direktory bolyp kelgen Sәbit Әbdihalykov Muhtar Әuezov atyndagy memlekettik akademiyalyk drama teatryna basshylyk kyzmetke auysyp ornyn akter Azamat Satybaldy almastyrdy GalereyaDerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Қazakstannyn mәdeni oshaktary Kulturnye centry Kazahstana Fotoalbom Almaty ASA Baspa үji ZhShS 2012 288 b kazak orys tilderinde ISBN 978 601 80325 0 9Syrtky siltemelerҒabit Mүsirepov atyndagy Қazak Memlekettik Akademiyalyk balalar men zhasospirimder teatry