Қызылағаш оқиғасы — 2010 жылында 11 наурыздан 12 наурызға қараған түні Қызылағаш су қоймасындағы бөгеттің бұзылуынан Қызылағаш ауылы шайылып, шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалған қайғылы оқиға. Бірақ ресми мәлімет 37 адамның ғана қаза болғанын растайды. Қызылағашта шамамен 3,5 мыңға жуық адам тұратын еді. Олардың басым көпшілігі, тіпті 80 пайызға жуығы – сырт елдерден келген қандас бауырлар. Дәулетке құнықпай, бейнеті көп ауылда қанағат пен тәубені ту етіп өмір сүріп жатқан бейқам ауылдың тірлігі бір мезгілде шәт-шәлекей болды. Биіктігі бес метрден асатын суық су бар баспананы бұзып-жарып, астан-кестеңін шығарды. Мал да, адам да дариямен ағып кетті. Ет жақынынан айырылмаған ауыл тұрғыны қалмады. Халықтың дені туысқандарының денесін, ең болмағанда, облыстық мәйітханадан көрсек екен деп көкірегі қарс айырылып жүр.
Топан су адамдардан бастап, көліктер, үйлер мен сарайларға дейін ағызып әкеткен. Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің хабарлауынша кентте 146 үй толығымен шайылып кеткен, 251 үй қираған, 42 үйді жөндеуді талап етеді. Адамдарды іздестіру жұмыстары жалғасуда. Күн сайын топан су басқан аймақты тікұшақ шарлайды. Қазір төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруде. Түкіұшақпен байланыссыз қалған ауылдардың тұрғындары орталық лагерге жеткізілуде. Мұнда оларға жан-жақты көмектер көрсетілуде. Арнасынан асқан Қызылағаш су қоймасынан суы 18 минуттың ішінде өз жолындағының барлығын шайып кеткен. Алматы-Өскемен жолындағы көпір бұзылды. Пойыздар қозғалысы тоқтатылды. Құтқарушылар құтқару жұмыстарын таңертең, су ағыны азая басаған шақта бастады. Оқиға орнына құтқарушылар мен бірге әскерилер келді. Қызылағашта бұзылмаған 122 үй қалды. Полицейдлердің тәулік бойы күзету жұмыстары ұйымдастырылды. Сол үшінде мүлік ұрлау оқиғалары тіркелген жоқ. Оқиға бойынша жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды.
Алғышарттары
Аяқасты ажалдан аман қалған тұрғындардың сөзіне қарағанда, суқойма бөгеті жарылардан үш күн бұрын ауылда жарық сөніп, телефон байланысы үзілген. Жан-жақпен хабарласа алмай қалған қызылағаштықтар суқойманың жарыла бастағанын тек бір-екі сағат бұрын ғана естіпті. Үрейленген тұрғындардың бірқатары ауыл басшысына хабар берген. Бірақ «отыра беріңдер, ешқандай қауіп жоқ» деген жауап алады.
Ет жақындарынан, бар байлығы – малы мен баспанасынан айырылып, ашу мен көз жасына ерік берген тұрғындар мұны ашына айтты. «Бір сағат бұрын қопарылыстың боларын естіп, халық дүрлігіп, әкімге телефон шалдық. Біреулер бізге «әкім отыз шақты адамды алып, шлюзді ашуға кетті, қойманың апатқа қарсы қондырғысын іске қосып, суды тежейді», – деді. Бірақ біз бұған сенбей, өз бетімізше тау жаққа қаша бастадық. Мұнымыз абырой болған екен. Егер бізге алдын ала апаттың боларын айтқанда, малымызды, жанымызды алып үлгеретін едік қой», – дейді ауыл тұрғыны Төлепберген Оқпаев. Қызылағаштықтар суқойманың жарылуы мүмкін екенін алдын ала хабарламағанын бірауыздан қуаттап отыр. Оқиғаның мән-жайын ауыл әкімінен сұрап білмекші едік, бірақ оны апат ошағынан табу қиынға соқты.
Себептері
Наурыздың 11-і күнгі апаттан кейін оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия бірден кірісті. Тұрғындардың сөзіне қарағанда, біріншіден, суқойманың шлюзі осыған дейін қыс бойы ашық жатып, тек көктем мезгілінде ғана жабылатын. Содан маусым айына дейін қар сулары, өзен ағыны толассыз қоймаға құйылып жатады. Ал бұл жолы тоспа аузы түгел бекітіліп тасталған. Жарылысқа бірнеше күн қалғанда, қойманың Қуаныш Бекеев есімді иесі қойманың шлюзін аша алмай қайтып келген. Бұл кезде 42 млн кубқа арналған суқоймада судың деңгейі 46-48 млн кубқа көтерілген болатын. «Біз «осы қойма мемлекетке қайтарылсын» деп, жоғары жаққа бірнеше рет хат жаздық. Себебі оның иесі өте ұқыпсыз адам болды. Бұл қойманы екі қойшы ғана күзететін. Апат болардан он күн бұрын әкімге хабарластық. Бірақ ол тыңдамай, бізді кері қайтарып тастады», – дейді тұрғындар. Екіншіден, үш күн толассыз жауған жауын мен еріген қар суы қоймадағы судың деңгейін асырып жіберді. Суқойма мен ауыл арасындағы 7-8 шақырым ыдырынған топанға түк болмады. Жарты сағатта Қызылағашты түгел шайып кеткен су көршілес Егінсу, Молалы,Көлтабан сынды елді мекендер мен бірнеше жайлауға да жетті. Дәл мұндай жойқын тасқын бұл өңірде бұрын-соңды болған емес.
Қылмыс
өткен жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құқық қорғау органдарына екі күн ішінде оқиғаны мұқият зерттеп, өлім-жітімге байланысты қылмыстық іс қозғауды тапсырған болатын. Мемлекет басшысы жұмысына жауапсыздық танытып, суқойманың жарылуына және адамдардың өліміне жол берген кінәлілер болса, жауапқа тартылуы керектігін ескертті. Көп ұзамай Алматы облыстық прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 315 (қызмет бабындағы әрекетсіздік) және 316 (салғырттық)-баптары бойынша іс қозғады. Жүздеген тұрғынның сөзі бекер емес болар. Істің қозғалуымен бірге Қызылағаш ауылдық округінің әкімі Есет Жүнісов, суқоймаға иелік еткен «Шынар» ЖШС директоры Қуаныш Бекеев, су пайдаланушылар арнаулы өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Мұхит Жүнісов, Ақсу аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің бастығы Күнібек Байзақов және Алматы облысы бойынша Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Евгений Ениндер тұтқынға алынды. Тергеу барысы бас прокурор Қайрат Мәми мен ішкі істер министрі Серік Баймағамбетовтің бақылауында. Бұл күн облыс мәслихатының шешімімен «Азалы күн» деп жарияланды.
Салдары
Ауылдың су шайып кеткен орнында бүгін өлім рухы кезіп жүргендей. Тұрғындардың есептеуінше, бұл табиғи зұлматтан соң, шамамен 150 адам ізім-қайым жоғалды. Бірақ ресми мәлімет әзірше 37 адамның ғана қаза болғанын растайды. Апаттан аман қалған тұрғындар әбден күйзелген. Оқыс оқиғаға ешкім де дайын болмаған еді. Қалада таныс-туысқандары болмағандықтан, тұрғындардың біразы әскери шатырларға қоныстандырылды. Киім-кешек пен тамақ жағы жетіспей жатыр. Бірақ апатты естіген көптеген мекеме-кәсіпорындар мен жеке азаматтар қайырымдылық жасауға бел шеше кіріскен. Қызылағашқа 15 наурызда 90-нан астам отбасы қайта келді. Алапат апаттан аман қалғандар тіршілігін жалғастырмақшы. Үкімет төтенше жағдайдың салдарын жоюға 600 млн теңге бөлген болатын. Оның дені материалдық көмекке, қалған 100 миллионы баспаналар салуға жұмсалады. Ал туыстарынан бір түнде айырылған отбасылардың әр жоғалтқан адамына жергілікті қазынадан 500 мың теңгеден беріледі. Қасірет шеккен отандастарымызға қол ұшын беруге жүрегінде иманы бар көптеген азаматтар бел шеше кірісті. Бірақ Қызылағаштың орнында өлім рухы кезіп жүргендей. Қайғының жарасы жазылар уақыт әлі ерте.
Галерея
Дереккөздер
- Қызылағаштағы су тасқынынан аман қалған тұрғындар көмек пен өтемақыға зәру.Қызылағаш оқиғасы: Тасқыннан кейінгі он жыл сайты, 16 наурыз 2010 жыл.
- Қызылағаш оқиғасы сабақ болды ма? Қазақстан телеарнасы Youtube арнасы.2020 ж. 23 ақп.
- Қызылағаш оқиғасы: Тасқыннан кейінгі он жыл. Азаттық радиосы Youtube арнасы.2020 ж. 12 нау.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қyzylagash okigasy 2010 zhylynda 11 nauryzdan 12 nauryzga karagan tүni Қyzylagash su kojmasyndagy bogettin buzyluynan Қyzylagash auyly shajylyp shamamen 150 adam izim kajym zhogalgan kajgyly okiga Birak resmi mәlimet 37 adamnyn gana kaza bolganyn rastajdy Қyzylagashta shamamen 3 5 mynga zhuyk adam turatyn edi Olardyn basym kopshiligi tipti 80 pajyzga zhuygy syrt elderden kelgen kandas bauyrlar Dәuletke kunykpaj bejneti kop auylda kanagat pen tәubeni tu etip omir sүrip zhatkan bejkam auyldyn tirligi bir mezgilde shәt shәlekej boldy Biiktigi bes metrden asatyn suyk su bar baspanany buzyp zharyp astan kestenin shygardy Mal da adam da dariyamen agyp ketti Et zhakynynan ajyrylmagan auyl turgyny kalmady Halyktyn deni tuyskandarynyn denesin en bolmaganda oblystyk mәjithanadan korsek eken dep kokiregi kars ajyrylyp zhүr Қyzylagash okigasyna ornatylgan monument 2010 Zhogarydan Almaty oblysyndagy Қyzylagash auyly osylaj korinedi Topan su adamdardan bastap kolikter үjler men sarajlarga dejin agyzyp әketken Totenshe zhagdajlar zhonindegi ministrliktin habarlauynsha kentte 146 үj tolygymen shajylyp ketken 251 үj kiragan 42 үjdi zhondeudi talap etedi Adamdardy izdestiru zhumystary zhalgasuda Kүn sajyn topan su baskan ajmakty tikushak sharlajdy Қazir totenshe zhagdajlar kyzmeti turgyndardy kauipsiz ajmakka koshirude Tүkiushakpen bajlanyssyz kalgan auyldardyn turgyndary ortalyk lagerge zhetkizilude Munda olarga zhan zhakty komekter korsetilude Arnasynan askan Қyzylagash su kojmasynan suy 18 minuttyn ishinde oz zholyndagynyn barlygyn shajyp ketken Almaty Өskemen zholyndagy kopir buzyldy Pojyzdar kozgalysy toktatyldy Қutkarushylar kutkaru zhumystaryn tanerten su agyny azaya basagan shakta bastady Okiga ornyna kutkarushylar men birge әskeriler keldi Қyzylagashta buzylmagan 122 үj kaldy Policejdlerdin tәulik bojy kүzetu zhumystary ujymdastyryldy Sol үshinde mүlik urlau okigalary tirkelgen zhok Okiga bojynsha zhalpyulttyk aza tutu kүni zhariyalandy AlgysharttaryAyakasty azhaldan aman kalgan turgyndardyn sozine karaganda sukojma bogeti zharylardan үsh kүn buryn auylda zharyk sonip telefon bajlanysy үzilgen Zhan zhakpen habarlasa almaj kalgan kyzylagashtyktar sukojmanyn zharyla bastaganyn tek bir eki sagat buryn gana estipti Үrejlengen turgyndardyn birkatary auyl basshysyna habar bergen Birak otyra berinder eshkandaj kauip zhok degen zhauap alady Et zhakyndarynan bar bajlygy maly men baspanasynan ajyrylyp ashu men koz zhasyna erik bergen turgyndar muny ashyna ajtty Bir sagat buryn koparylystyn bolaryn estip halyk dүrligip әkimge telefon shaldyk Bireuler bizge әkim otyz shakty adamdy alyp shlyuzdi ashuga ketti kojmanyn apatka karsy kondyrgysyn iske kosyp sudy tezhejdi dedi Birak biz bugan senbej oz betimizshe tau zhakka kasha bastadyk Munymyz abyroj bolgan eken Eger bizge aldyn ala apattyn bolaryn ajtkanda malymyzdy zhanymyzdy alyp үlgeretin edik koj dejdi auyl turgyny Tolepbergen Okpaev Қyzylagashtyktar sukojmanyn zharyluy mүmkin ekenin aldyn ala habarlamaganyn birauyzdan kuattap otyr Okiganyn mәn zhajyn auyl әkiminen surap bilmekshi edik birak ony apat oshagynan tabu kiynga sokty SebepteriNauryzdyn 11 i kүngi apattan kejin okiganyn mәn zhajyn anyktauga arnajy komissiya birden kiristi Turgyndardyn sozine karaganda birinshiden sukojmanyn shlyuzi osygan dejin kys bojy ashyk zhatyp tek koktem mezgilinde gana zhabylatyn Sodan mausym ajyna dejin kar sulary ozen agyny tolassyz kojmaga kujylyp zhatady Al bul zholy tospa auzy tүgel bekitilip tastalgan Zharylyska birneshe kүn kalganda kojmanyn Қuanysh Bekeev esimdi iesi kojmanyn shlyuzin asha almaj kajtyp kelgen Bul kezde 42 mln kubka arnalgan sukojmada sudyn dengeji 46 48 mln kubka koterilgen bolatyn Biz osy kojma memleketke kajtarylsyn dep zhogary zhakka birneshe ret hat zhazdyk Sebebi onyn iesi ote ukypsyz adam boldy Bul kojmany eki kojshy gana kүzetetin Apat bolardan on kүn buryn әkimge habarlastyk Birak ol tyndamaj bizdi keri kajtaryp tastady dejdi turgyndar Ekinshiden үsh kүn tolassyz zhaugan zhauyn men erigen kar suy kojmadagy sudyn dengejin asyryp zhiberdi Sukojma men auyl arasyndagy 7 8 shakyrym ydyryngan topanga tүk bolmady Zharty sagatta Қyzylagashty tүgel shajyp ketken su korshiles Eginsu Molaly Koltaban syndy eldi mekender men birneshe zhajlauga da zhetti Dәl mundaj zhojkyn taskyn bul onirde buryn sondy bolgan emes Қylmysotken zhiynda Elbasy Nursultan Nazarbaev kukyk korgau organdaryna eki kүn ishinde okigany mukiyat zerttep olim zhitimge bajlanysty kylmystyk is kozgaudy tapsyrgan bolatyn Memleket basshysy zhumysyna zhauapsyzdyk tanytyp sukojmanyn zharyluyna zhәne adamdardyn olimine zhol bergen kinәliler bolsa zhauapka tartyluy kerektigin eskertti Kop uzamaj Almaty oblystyk prokuraturasy Қylmystyk kodekstin 315 kyzmet babyndagy әreketsizdik zhәne 316 salgyrttyk baptary bojynsha is kozgady Zhүzdegen turgynnyn sozi beker emes bolar Istin kozgaluymen birge Қyzylagash auyldyk okruginin әkimi Eset Zhүnisov sukojmaga ielik etken Shynar ZhShS direktory Қuanysh Bekeev su pajdalanushylar arnauly ondiristik kooperativinin atkarushy direktory Muhit Zhүnisov Aksu audandyk totenshe zhagdajlar zhonindegi bolimnin bastygy Kүnibek Bajzakov zhәne Almaty oblysy bojynsha Totenshe zhagdajlar zhonindegi departament bastygynyn orynbasary Evgenij Eninder tutkynga alyndy Tergeu barysy bas prokuror Қajrat Mәmi men ishki ister ministri Serik Bajmagambetovtin bakylauynda Bul kүn oblys mәslihatynyn sheshimimen Azaly kүn dep zhariyalandy SaldaryAuyldyn su shajyp ketken ornynda bүgin olim ruhy kezip zhүrgendej Turgyndardyn esepteuinshe bul tabigi zulmattan son shamamen 150 adam izim kajym zhogaldy Birak resmi mәlimet әzirshe 37 adamnyn gana kaza bolganyn rastajdy Apattan aman kalgan turgyndar әbden kүjzelgen Okys okigaga eshkim de dajyn bolmagan edi Қalada tanys tuyskandary bolmagandyktan turgyndardyn birazy әskeri shatyrlarga konystandyryldy Kiim keshek pen tamak zhagy zhetispej zhatyr Birak apatty estigen koptegen mekeme kәsiporyndar men zheke azamattar kajyrymdylyk zhasauga bel sheshe kirisken Қyzylagashka 15 nauryzda 90 nan astam otbasy kajta keldi Alapat apattan aman kalgandar tirshiligin zhalgastyrmakshy Үkimet totenshe zhagdajdyn saldaryn zhoyuga 600 mln tenge bolgen bolatyn Onyn deni materialdyk komekke kalgan 100 milliony baspanalar saluga zhumsalady Al tuystarynan bir tүnde ajyrylgan otbasylardyn әr zhogaltkan adamyna zhergilikti kazynadan 500 myn tengeden beriledi Қasiret shekken otandastarymyzga kol ushyn beruge zhүreginde imany bar koptegen azamattar bel sheshe kiristi Birak Қyzylagashtyn ornynda olim ruhy kezip zhүrgendej Қajgynyn zharasy zhazylar uakyt әli erte GalereyaDerekkozderҚyzylagashtagy su taskynynan aman kalgan turgyndar komek pen otemakyga zәru Қyzylagash okigasy Taskynnan kejingi on zhyl sajty 16 nauryz 2010 zhyl Қyzylagash okigasy sabak boldy ma Қazakstan telearnasy Youtube arnasy 2020 zh 23 akp Қyzylagash okigasy Taskynnan kejingi on zhyl Azattyk radiosy Youtube arnasy 2020 zh 12 nau