Жак Деррида ( фр. Jacques Derrida, 15.07.1930 жыл, , Алжир - 08.10.2004 жыл, Париж) - идеялары әсіресе адамзат тілінің методологиясымен бірге әлеуметтанудың бірқатар салаларындағы ойға әсер еткен француз философы.
Жак Деррида | |
Жалпы мағлұмат | |
---|---|
Туған күні | Lua error Module:Wikidata ішіндегі 39 жолында: attempt to concatenate field '?' (a nil value). |
Қайтыс болған күні | |
Қайтыс болған жері | |
Азаматтығы | Франция |
Ұлты | Еврей |
Шығармашылығы | |
Шығармалардың тілі | Француз тілі |
Бағыты | |
Ықпал еткендер | Платон, С.Къеркегор, Ф.Ницше, М.Фуко, А.Камю, З. Фрейд, Гуссерль, М.Хайдеггер, Леви Стросс, Ж. Лакан |
Ықпалды жалғастырушылар | де Ман, Кавелл, Рорти, Кофман, Лаку-Labarthe, Нэнси, Слотердейк, Stiegler, Батлер, Ronell, Kopic |
Марапаттары | Адорно сыйлығы (Адорно-Preis) |
http://thedeconstruction.org/ |
Ол қазіргі заман француз деконструкциялау ағымының көрнекті өкілі, маңызы ескірмеген және ең көп талас тудырған, батыстық мәдениеттерде шығармалары өте көп оқылатын ойшылдардың бірі. Ол өз өмірінде 40-тан артық монография, жүздеген мақалалар жазған. Ол қазіргі заманғы гуманитарлық салалардың бәрінде дерлік, мысалы антропология, тарих, лингвистика, , саясаттану, феминизм, балалар құқығы секілді көптеген салаларға әсер еткен. Оның шығармалары Еуропа, Латын Америкасы және басқа құрлықтарда көбірек оқылды және батыс философиясына қатысты зерттеулерде оның идеяларына талдау жасау маңызды орында тұрады. Әсіресе онтология, гносеология (әлеуметтік гносеология), этика, эстетика, герменевтика, көркемөнер салаларындағы ықпалы біршама жоғары болды. Жак Дерриданың философиялық идеялары архитектура (деконструкциялық форма), музыка, өнер салаларында тіке қолданылған. Дерриданың өзі тірі кезінде деконструкцияның ұстазы ретінде «мол мұраны артыма қалтырдым» деп айтқан екен. Өмірінің кейінгі кезеңдерінде ол этика және саясат тақырыбындағы мәселелерге назар аударған және ол жазған кітаптар ұқсамаған, тіпті қарама-қарсы саяси қозғалыстарға дейін әсер етіп, оны таласқа толы түрлі-түсті адам етіп көрсеткен.
Өмірбаяны
- Жак Деррида 1930 жылы 15 шілдеде Эль-Биаре (Алжирде) беделді еврей отбасында өмірге келген. Отбасында 3 бала болып, ата-анасы оны Жаки (Jackie) деп атаған.
- Ол кезде Алжир Францияның отары болған. Сондықтан ол отарлық сана мен отарлық байланыстың халін сезініп өскен. Француз тілінде тәрбие алған. Дүниежүзілік ІІ соғыс кезінде қорлану мен үрейді бастан кешірген.
- 1942 жылы 2-ші оқу жылында Деррида оқудан шығарылады.
- 1948 жылы ЖЖ.Руссо, Ф.Ницше, А.Камю философияларын оқып-зерттеумен шұғылданды.
- 19 жасында Алжирден Франция Париж қаласына барып, 1952 жылы École Normale Supérieure оқуға түседі. Ол жерде Деррида М. Фуко дəрістерін тыңдап, онымен танысады.
- 1960-1964 жылы Әйгілі Сорбоннда ассистент болады.
- 1964 жылы Деррида — Парижде Grandes Ecoles философия профессоры болады.
- Деррида ғалымдық өмірін бастаған кезінде францияда дәурендеген структурализм ағымының әсеріне ұшыраған. Бірақ сөйте тұра ол структурализмге сыншылдық мәміле ұстанған.
- 1966 жылы Деррида АҚШ-тағы Джон Хопкинс университтетінде өткізілген структурализм конференциясына қатысып, «Гуманитарлық пәндердің құрылымы, символ және ойын» деген мақаласын қорғаған. Дегенмен, ол сол мақаласында структурализмді қатты сынаған. Конференция кезінде ол әйгілі Жак Лаканмен (Jacques Lacan) танысып, өзінің ғылыми ортадағы беделін арттырған.
- 1967 жыл Деррида үшін шығармашылық шабыты тасып, мол туындылар жазған жыл болды. Оның өте маңызды үш кітабы осы жылы жариялады:
- «Хат және өзгешелік»
- «Дауыс және құбылыс»
- және «Грамматология жөнінде».
Бұлар Дерриданың ең таңдаулы шығармалары есептеледі. Оның бұдан басқа
- "Тарқалу"
- "Философияның шекарасы"
- "Майдан" деген кітаптары бар.
- Ол Еуропа-Америка құрлығындағы көптеген университеттерде сабақ берді, құрметті профессор болды. Олар атап айтқанда: Джон Хопкинс унивреситеті, Йельск университеті, Нью-Йорк университеті, Стоуни Брук университеті, The New School for Social Research (Жаңа әлеуметтік зерттеу мектебі) and European Graduate School (Еуропа жоғары мектебі) қатарлылар.
- Ол сондай-ақ Кембридж университеті (1992), Колумбия университеті, Жаңа әлеуметтік зерттеу мектебі, Эссекс университеті, Левена Католик университеті, және Силезия университеті қатарлы әлемнің көптеген университетінің құрметті докторы болды.
- Ол сондай-ақ АҚШ өнер және ғылым академиясының академигі болды. Ол Франкфурт университеті жағынан Адорно сыйлығын (Адорно-Preis) алды.
- Өмірінің соңы жылдары оның өмірінен бірнеше биографиялық документалдық фильмдер жасалды.
- 2003 жылы Дерриданың рак ауруына шалдыққаны белгілі болды.
- 2004 жылдың 9 қарашасында, Париж қаласында рактан қайтыс болады.
Философиясы
Нәсілшілдікті тамырынан сынау
Дерриданың деконструкциялау ілімі расизмге (нәсілшілдікке) негіз болған батыстық рационалды мәдениет жүйесін сынау және аударып тастауға негізделген. Мұндағы дәстүрлі батыс мәдениеті деп отарғанымыз батыстық метафизика (физика шеше алмайтын мәселелерді шешуге талпыну) мен онтология (болмыс, түпнегіз туралы ілім) дәстүрі, әсіресе соның ішінде батыстық ойдың арғы негізін белгілеген логоцентризм (logocentrism) мен фоноцентризм (phonocentrism) есептеледі.
Батыс мәдениеті адам ақылы мен еркіндігін, этикасы мен жеке тұлғалығын көбінесе дуализм (қарама-қайшылық, екі бастама) бойынша сипаттайды. Логоцентризм мен фоноцентризмнің адамды шектеуі мен тежеуі себепті белсенді, еркін, сезімтал адам жоғалып, нәсілшілдік пен өшпенділікке толы біртүрлі адам пайда болды. Аталған рационализм тұлғаның ақылдық үстемдігі мен сөйлеу үстемдігі орнын арттырып, адамның табиғат және объективті әлем алдындағы асқынуын туғызады, басқа адам мен қоғам алдындағы расизм (нәсілшілдік) пиғылын күшейтеді. Батыс расизмі "батыс мәдениеті басқа мәдениеттерден үстем" деген пікірге негізделген әрі батыс мәдениеті арқылы басқа мәдениеттерді түзету, емдеу, жуу, жою, тазарту зорлығына талпынады. Деррида "батыста (ақ нәсілділерде) керемет ағарту қабілеті бар!" деп мазақтаған болатын.
мен сынау
Логоцентризм мен фоноцентризм бір нәрсенің екі жағы іспетті. Логоцентризм дегеніміз ЛОГОС негіз етілген идея. Логос сөзін ең алғаш ежелгі грек ойшылы Гераклит қолданған, ол: "Логосты білсең бәрін білесің", Тіпті Зевс те логосқа бағынады" деген секілді көптеген нақыл сөздер қалтырған.
Логос сөзінің әдетте ақыл, логика, сөз, ақиқат, тек (тектілік деген де осыған қатысты) қатарлы мағыналары бар. Яғни, "әлемде бір логостық негіз бар, барлық нәрсе содан бастау алады, бәрі соған бағынады, соны тану бәрін тану болады, соның заңы барша заңның незігі" деген идея логоцентризмнің негізгі ойжелісі есептеледі.
Ал, фоноцентризм дегеніміз үн —- ақиқат пен мәнді паш ете алады, логостық ақиқат пен мән-мағына үн арқылы ғана жарқырап көрінеді, үн – көрсеткі, ал ақиқат пен мән – көрсетілгі, үн кез келген нәрсенің ішкі логостық мәнін толық бейнелеп, жариялай алады деген ойжеліге саяды. Дерриданың айтуынша, фоноцентризм бойынша "үннің негізі сонда, ол логостық идея ретінде ішкі жағынан мәнмен байланысады, ол мәнді жарататын, мәнді қабылдайтын, мәнді айтатын, мәнді құрылымдайтын нәрсемен жақындыққа ие». Сондай-ақ: «логоцентризм дегеніміз де фоноцентризм, яғни онда тіл мен болмыс, тіл мен болмыстың мәні, үн мен мәнділік арманы бірлікке ие." Логоцентризм "заттың болмысы мәлім Майданды белгілейді, майданда өзін көрсетеді" дегенді жақтайды.
Антикадан жеткен дәстүр
Батыс мәдениеті Сократтан басталып, христиандық орта ғасырды бастан кешіріп, бүгінгі күнге жеткенше логоцентризм мен фоноцентризм бойынша дамыған. Платонның айтуы бойынша, идея мен логос бір нәрсе. Идея дегеніміз рухтың үн қатпауы, рухтың өз-өзімен үнсіз сөйлесуі болса, ал үн қатқаны – логос (сөз, үкім, қисын, логика) болмақ. Платон адамның ақылды (рационалды) өзем (субъект) екенін белгілеп қана қоймай, сөйлеудің логостық алғышарты туралы да айтты - сөйлеу логикаға бағынуы керек.
Антикалық заманнан бастап гректер өз ұлты қолданған грек тілін бірден-бір "үйлесімді" тіл деп есептеп, ал грекше сөйлемейтін халықтарды түгел "жабайылар" мағынасындағы дегені мәлім. Варвар деген "сөйлемейтін", "шүлдірлеп сөйлейтіндер" деген мағынаға да ие. Христиан діні басталған кезде антикалық мәдениет ықпалын пайдаланып, Исаның шәкірті Иоанн жазған "Иоанн інжілінде" былай деп бастайды: "Алғашында логос болды, логос тәңірімен біртұтастанды, логос дегеніміз тәңірі". Мұндағы логос айту және ақиқат мағынасында. Яғни, бір тұрғыда Тәңірінің ақиқаты, енді бір тұрғыда Тәңірінің сөзі.
Гректер ақылға сай келетін идея мен логос бір нәрсе деп қарады. Бұл рационалды, логикалы ерекшелікке ие грек мәдениеті болып дамыды. Ал, Қытай философиясындағы Дао термині де дәл осындай мағына береді. Ол әлемнің ең арғы мәні, ең алғашқы бастама, ең табиғи заңы деген сөз. Дегенмен, қытай Даоының Еуропалық Логос сөзінен айырмашылығы, Дао бәрін білмейеді, яғни ол саналы емес, демек ол сөз айтпайды, тек орындатады. Әсіресе Еуропа мәдениетінің бір тамыры болған ежелгі Еврей мәдениетінің ерекшелігі бойынша Логос бәрін білетін және сөйлейтін нәрсе. Әрине, бұл түрдегі ойжеліден діни мәдениет басталған.
Сөйлеу және жазу
Дерриданың пікірінше, логоцентризм мен фоноцентризм ақиқат пен мәннің бар болуына (presence) сенім артып, ақылмен сөйлейтін тұлға образын жасауға тырысты, адамды ақылды жан деп есептеп, ақыл арқылы оның іс-әрекетті таңдау мүмкіндігін шектеу амалын жасады. Бұл жамандықтан сақтану, адамның бұзылуын болдырмау үшін деп түсіндірілді. Дерриданың ойынша батыстың бұл метафизикасы ойдан құрастырылған жасанды нәрсе, сондықтан дәстүрлі мәдениетке деконструкциялау әдісін қолданып, оның бойындағы тым ақылды сандырақтарды сығып алып тастау керек.
Батыстық логоцентризм мен фоноцентризмнің маңызды бір рөлі – бәріне біртұтас бап келетін түбегейлі ақиқатты тауып (бәлкім жасап) шығару, біртұтас ақылды меңгерген ғажайып тұлға образын сомдау болды. Бірақ бұл өмірдегі әрбір жеке адам бостандығының тоналуына алып барады. Дерриданың деконструкциялау тәсілі жазуды сөйлеудің орнына бастыру, өзгешелікті біртұтастықтың орнына ауыстыру амалы. Батыстық мәдениет фоноцентризм әсерінде "сөйлеу жазудан маңызды, сөз бен ақиқат бір нәрсе, сөйлеу ақиқатқа жеткізеді және мәнді өмір сүргізеді" деп есептеуді негіздік ұстаным еткен. Батыс ойшылдары жазуға күдікпен қарады. Олар жазуды мағынаның Меннен бөгделенуі (alienation) деп түсінді. Мәннің өзгешеленуінің ең маңызды бір белгісі жазушы болмаған кезде, жазушы қайтыс болған кезде жазылған мәтін (text) жалғасты сақтала береді. Бұл бір түрлі сөлекет құбылыс секілденіп, мысалы Платон жазуды қылмыс деп те түсіндірді. Оның ойынша, бейне жазу таңбалары "заңсыз бала" секілді өз әкесі болған жазушыны лақтырып кетеді, ал сөйлеу "заңды бала" секілді, ол қашанда сөйлеушіден екі елі ажырамайды. Платон сөйлеуді «Рухта қашалған парасатты сөздер», «тірі сөз» (living word) деп атады және жазылған сөздерді (written word) соның бір түрлі елесі ғана деп түсінді. Деррида жазу сөзінің бұлдырлығына, көп мағыналылығына және өзгешелігіне сөйлеудің анықтығы мен біртұтастығын қарсы қойды. Жазу сөзі жазушыдан бөлініп дербестенсе де ол кез келген уақытта оқуға болатын, мағынасына талдау жасап, жаңа мағына қосуға болатын нәрсеге айналады, бұл жазудың шексіз өзгеше мағынада түсінуге болатын жүйе ретінде өмір сүру үшін жаратылғанын көрсетеді деп есептеді.
Деконструкциялау
Деконструкциялау - сөзбе сөз мағынасы "құрылымды бөлшектеу", "құрылымды сөгу" деген мағынада болып, Деррида бастаған Деконструкция ағымының тірек сөзі, негізгі әдіснамасы есептеледі. Дегенмен бұл сөз алғаш рет әйгілі Болмыс және уақыт еңбегінде deconstruction формасында ыдырату, жәркемдеу, түсіндіру мағынасында қолданылған. Жак Деррида бұл негізде оған тағы жоғалту, түйіншектендірмеу, өзгешелендіру мағыналарын қосты.
Деррида тілдік ұғымға анализ жасаудан бастап, метафизикалық қатып қалған құрылымдарды сөгіп, олардың орталық тірек нүктелерін жоюға тырысуды деконструкциялау амалы ретінде орнықтырды. Деконструкция құрылымданудың тоқтауы, іргесінің сөгілуі, бөлшектерінің ыдырауы болып, аталған мәтіннің астарын анық түсінуге көмектеседі. Былай желіп өте шығатын ойлар мұнда тоқтап, сол ойға себеп болатын негізгі түйіншектер шешіліп, оның астарындағы сыр ашыққа шығады, міне бұл деконструкция амалы болмақ. Әрине, әр кезек деконструкция жасаудан жаңа құрылым қалыптасады, әрбір оқырман әрбір шығарманы қайта оқыған сайын жаңадан оның мағынасын сөгіп, жаңа түсініктерді байқайды, мұнда бір түрлі ақылды түсіндіру ендігі жерде өте бір "дөрекі", "жалаң", "шекті" түсіндіру екені паш болады. Қазақша бұл сөз аударылмайды, халықаралық термин ретінде осы деконструкция және деконструкциялау түрінде сақталады.
Деконструкция көп мағыналы, күрделі сөз. Тек бір түрлі түсіндірумен деконструкцияның мағынасын түгел қамту мүмкін емес, және бұл деконструкциялау әдіснамасының негізгі рухына қайшы. Онда кез келген ұғым адамға әр рет өзінің әртүрлі қабатын ашып отыруы керек. Деконструкция әрі жасампаз герменевтика (hermeneutics), әрі өзгешелену (differance). Дерриданың өзгешелік бойынша деконструкциялау амалын жасампаз түсіндіру (герменевтикалау) әрекеті деп атауға да болады. Оның ойынша, барлық түсіндіру әрекеті мәтіннің (text) алғашқы шығармашылығынан бұрын және өзгеше, яғни оқу дегеніміз қате оқу (reading is mis-reading) болмақ. Демек, деконструкцияны түсіну үшін міндетті түрде өзгешеленуді түсіну керек.
Өзгешелену
Өзгешелену (differance) үздіксіз өзгешелік (difference) қалыптастыратын еркін ойын, немесе көрсетілім, қойылым, ол өзгеше болу атаулының басталу көзі (differentiating origin of differences). Ол қайнардың өзгешелігі (originary differance) туғызған өзгешелену, бірақ бұл қайнар мәңгі толысып тоқтамайтын күрделі нәрсе, сондықтан қайнар (origin) сөзі сай келеді деуге де болмайды. Дерриданың өзгешелену идеясы Фридрих Ницшеден, Зигмунд Фрейдтен, Мартин Хайдеггерден, Ж.Лаканнан, шабыт алғаны анық. Өзгешелену бейне бөтен санасыздық (alterity of the unconscious) шүңеті секілді; ол рационалды да, Феноменологиялық та емес, ашық саналық, немесе нақты осындағы бар болу да емес, ол бейне Ф.Ницшенің билік еркі, З.Фрейдтің жасырын санасы секілді санасыз еркін ойын алаңы іспетті. Барлық рационализм мен метафизика түгелдей осы түрдегі өзгешеленудің ойын өрнегі ғана. Дегенмен, батыс метафизикасы жасанды негізге құрылған. Философия сол жасандылықты жойып, өзгешелену әлеміне енуі керек. Бірдейлік рационалды философияның ерекшелігі болса, өзгешелену ту бастағы қайнардан басталған шынайылық. Батыстың дәстүрлі метафизикасы дуализм (екі жау) түріндегі ойлау амалына дағдыланып, заттарды бір-бірінен ажыратып, ал оны қатып-семдіріп, уақыт бойындағы өзгешелену өзгерісін тұншықтырып, затты оның өзімен бірдей етуге тырысты, – міне бұл рационализм жасандылығы.
Өзгешеленуде дуализмдік қарама-қайшылықтағы кез келген шама өзінің қарсы жағына ауысуы керек, және ол ендігі жерде екінші бір мағынаның созылуы болады. Сондықтан рационализмдегі дуализм тек теориялық жасандылық қана. Өзгешелену бір сөз (word), не белгінің (sign) кезекте өмір сүріп отырған мағына мен ақиқатты көрсетуі емес, ол жасырын қалтарысты бөліктегі көп түрлі мағыналардың мынауынан анауына ауысудың мүмкіндігін көрсетеді. Тіл арғы логостық мәннің ырқындағы нәрсе емес, өзгешелену ойыны барысында өздігінен пайда болатын және жаратылатын табиғи құбылыс қана.
Мұнда бір атап өтерлігі, Деррида өзгешелену (differance) делінетін қос мағыналы сөз арқылы фоноцентризмдік «біртұтастық» сөзінің орнын бастырды. Өзгешеленуде екі негізгі мағына бар: бірі уақыт жағындағы іркілу, екеншісі айырмашылық. Яғни, ол уақыт іркілісін туғызған айырмашылықтың ерікті (ойын) әрекеті, және бір жағынан айырмашылықтың нәтижесі. Өзгешелік өзгешеленудің уақыттағы іркілуінен пайда болады, демек өзгешелену үздіксіз өзгеретін мағына туғызады, немесе мұнда мағынаның қозғалысы жөңкіледі. Жазудың бұлдырлығы мен бөтен мағыналылыққа орай өзгешелену ойыны текстің жасампаз түсіндірілуіне ұласады. Ол толық еркін, шексіз (bottomless), шахмат ойыны (chessboard) секілді мағынаның жаңалануы. Дегенмен Деррида жазу мен өзгешелену арқылы мәннің өзгерместігі теориясын бүлдіргенімен, мәннің қатал уәжділігіне қарсы сөз айтпаған секілді.
Ықпалы және бағалануы
Деррида қазіргі заман идеялық ағымдарға үлкен әсер етсе де, кейбір қарсылықтарға да ұшырады. Бір рет Деррида мен ортасында пікірталас болғаны белгілі. Гадамер дискуссияда өзара түсіну және түсінісуге талпыну аңсары болады десе, Деррида келіспей, бұл түрдегі өзара түсіну мен түсінісуге тырысушылдықты «Осындағы Метафизиканың» әләулайы, түсінудегі мән қайткен күнде ұғымдық нәрсе болады деп есептеді. Дерриданың ойынша герменевтикалық түсіну әдісін айтпағанда, ең негізгі әдіс деконструкциялық түсіну әдісі болмақ.
Дерриданың идеясы бастан ақыр тартысқа толы болды. Оның идеялары ағылшындық (Англия мен АҚШ) еш отаспағандықтан, АҚШ-тың философия мектептері оны мойындағысы келмеді. Оның идеясының кейбір жаңа замандық қозғалыстарға дейін ықпал етті, мысалы тіпті феминизм, көгілдірлерге қарсылық қозғалысы, негірлер қозғалысы, хайуанат құқы секілділерде де жаппай қолданылды. Бірақ дәстүрлі философиялық бағыттағылар оны мойындағысы келмеді, оны бүлінген Еуропаны одан сайын бұзу деп түсінді. Тіпті «Дерриданың еңбектерінің еш ғылыми құны жоқ, бар болғаны ол Париждік моданың бір түрі ғана» деушілер де табылды.
Деррида қайтыс болғанда Франция президенті Жак Ширак былай деп көңіл айтқан болатын: «Ол (Деррида) арқылы Франция әлемге өзінің тағы бір ұлы идеясын ұсынды. Ол нағыз жер шарының азаматы болуға толымды тұлға болатын».
Қосымша
Деррида жаһандануды табиғи, болмай қоймайтын процесс ретінде бағалайды. Ол әлеуметтік өзгеріс белгілі тарих қажетпліктен туындайды және ол адам баласын өзгертуге алып барады дейді. Сондықтан да Деррида өз кітабының атауына мынадай ұран пайдаланады: 'космополиттер, қозғалыңдар! (1997). Ол жаһандану процесін қолдан жасалған (табиғатқа қайшы) деп қарамайды және оны бәрін жоятын рахымсыз жойқын күш деп те танымайды. Ол осы процеске атсалысуға шақырады: "жаһандану дәуірі адамының алдында тұрған басты міндет - өзін жаңа әлеммен қоршау". Жаһандануды ұлттық, мемлекеттік құқық шеңберінен шығарып, құқық дамуының табиғи процесі ретінде қарастырады ("Космополитизм тұрғысынан қарағанда философияға құқықтың болуы", 1997). Сондықтан да ол қазіргі әлемнің үш мәселесін - жаһандануды, космополитизмді және құқықты байланыстырып қарастырады. "Космополитизм және кешірім" (2001) деген басты еңбегінде Деррида жаһандану үшін бүгінгі өмір сүріп отырған құқықтық кеңістіктің күші, бұл кеңістік қаншалықты біртұтастанатындығы мәселелері маңызды емес, бастысы біркелкі мәдениеті, дәстүрі, құқы бар орталықтандырылған әлем жоқ жағдайда біз өз құқымызды қорғау үшін неге арқа сүйей аламыз, соны анықтауға тырысады.
Тағы қараныз
Дереккөздер
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. – 569 б. ISBN 9965-808-89-9
- D'ailleurs, Derrida — Дерриданың басқа қыры Saafa Фатхи жасаған. (1999). Jacques Derrida Kirby Dick және Amy Ziering Kofman (2002). Jacques Derrida: 1 және 2 бөлім
- Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3
- Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7
- Bensmaïa, Réda Poststructuralism, in Kritzman (2005), pp. 92–93
- Vincent B. Leitch Postmodernism: Local Effects, Global Flows, SUNY Series in Postmodern Culture (Albany, NY: State University of New York Press, 1996), p. 27.
- Derrida, Jacques (1992). "“Force of Law”". Deconstruction and the Possibility of Justice. translated by Mary Quaintance, eds., Drucilla Cornell, Michael Rosenfeld, and David Gray Carlson (1st ed.). New York: Routledge. pp. 3–67. ISBN 0810103974.
- Деррида туралы пікірлер
Сілтемелер
- Деррида және толғаныс философиясы (Қазақша) Мұрағатталған 18 маусымның 2015 жылы.
- Деконструкция
- Жазу және Өзгешелік — Уики (En)
- Грамматология жөнінде — Уики (En)
- Сөйлеу және Феномен — Уики (En)
- Гумер кітапханасындағы Ж. Дерриданың кітаптары
- Ж. Дерриданың кейбір кітаптары Мұрағатталған 17 маусымның 2011 жылы.
- Жаке Деррида туралы мақалалар Мұрағатталған 4 тамыздың 2008 жылы.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zhak Derrida fr Jacques Derrida 15 07 1930 zhyl Alzhir 08 10 2004 zhyl Parizh ideyalary әsirese adamzat tilinin metodologiyasymen birge әleumettanudyn birkatar salalaryndagy ojga әser etken francuz filosofy Zhak DerridaZhalpy maglumatTugan kүniLua error Module Wikidata ishindegi 39 zholynda attempt to concatenate field a nil value Қajtys bolgan kүni8 kazan 2004 2004 10 08 Қajtys bolgan zheriParizh FranciyaAzamattygyFranciyaҰltyEvrejShygarmashylygyShygarmalardyn tiliFrancuz tiliBagytyPostmodernizm PoststrukturalizmYkpal etkenderPlaton S Kerkegor F Nicshe M Fuko A Kamyu Z Frejd Gusserl M Hajdegger Levi Stross Zh LakanYkpaldy zhalgastyrushylarde Man Kavell Rorti Kofman Laku Labarthe Nensi Sloterdejk Stiegler Batler Ronell KopicMarapattaryAdorno syjlygy Adorno Preis http thedeconstruction org Ol kazirgi zaman francuz dekonstrukciyalau agymynyn kornekti okili manyzy eskirmegen zhәne en kop talas tudyrgan batystyk mәdenietterde shygarmalary ote kop okylatyn ojshyldardyn biri Ol oz omirinde 40 tan artyk monografiya zhүzdegen makalalar zhazgan Ol kazirgi zamangy gumanitarlyk salalardyn bәrinde derlik mysaly antropologiya tarih lingvistika sayasattanu feminizm balalar kukygy sekildi koptegen salalarga әser etken Onyn shygarmalary Europa Latyn Amerikasy zhәne baska kurlyktarda kobirek okyldy zhәne batys filosofiyasyna katysty zertteulerde onyn ideyalaryna taldau zhasau manyzdy orynda turady Әsirese ontologiya gnoseologiya әleumettik gnoseologiya etika estetika germenevtika korkemoner salalaryndagy ykpaly birshama zhogary boldy Zhak Derridanyn filosofiyalyk ideyalary arhitektura dekonstrukciyalyk forma muzyka oner salalarynda tike koldanylgan Derridanyn ozi tiri kezinde dekonstrukciyanyn ustazy retinde mol murany artyma kaltyrdym dep ajtkan eken Өmirinin kejingi kezenderinde ol etika zhәne sayasat takyrybyndagy mәselelerge nazar audargan zhәne ol zhazgan kitaptar uksamagan tipti karama karsy sayasi kozgalystarga dejin әser etip ony talaska toly tүrli tүsti adam etip korsetken ӨmirbayanyZhak Derrida 1930 zhyly 15 shildede El Biare Alzhirde bedeldi evrej otbasynda omirge kelgen Otbasynda 3 bala bolyp ata anasy ony Zhaki Jackie dep atagan Ol kezde Alzhir Franciyanyn otary bolgan Sondyktan ol otarlyk sana men otarlyk bajlanystyn halin sezinip osken Francuz tilinde tәrbie algan Dүniezhүzilik II sogys kezinde korlanu men үrejdi bastan keshirgen 1942 zhyly 2 shi oku zhylynda Derrida okudan shygarylady 1948 zhyly ZhZh Russo F Nicshe A Kamyu filosofiyalaryn okyp zertteumen shugyldandy 19 zhasynda Alzhirden Franciya Parizh kalasyna baryp 1952 zhyly Ecole Normale Superieure okuga tүsedi Ol zherde Derrida M Fuko deristerin tyndap onymen tanysady 1960 1964 zhyly Әjgili Sorbonnda assistent bolady 1964 zhyly Derrida Parizhde Grandes Ecoles filosofiya professory bolady Derrida galymdyk omirin bastagan kezinde franciyada dәurendegen strukturalizm agymynyn әserine ushyragan Birak sojte tura ol strukturalizmge synshyldyk mәmile ustangan 1966 zhyly Derrida AҚSh tagy Dzhon Hopkins universittetinde otkizilgen strukturalizm konferenciyasyna katysyp Gumanitarlyk pәnderdin kurylymy simvol zhәne ojyn degen makalasyn korgagan Degenmen ol sol makalasynda strukturalizmdi katty synagan Konferenciya kezinde ol әjgili Zhak Lakanmen Jacques Lacan tanysyp ozinin gylymi ortadagy bedelin arttyrgan 1967 zhyl Derrida үshin shygarmashylyk shabyty tasyp mol tuyndylar zhazgan zhyl boldy Onyn ote manyzdy үsh kitaby osy zhyly zhariyalady Hat zhәne ozgeshelik Dauys zhәne kubylys zhәne Grammatologiya zhoninde Bular Derridanyn en tandauly shygarmalary esepteledi Onyn budan baska Tarkalu Filosofiyanyn shekarasy Majdan degen kitaptary bar Ol Europa Amerika kurlygyndagy koptegen universitetterde sabak berdi kurmetti professor boldy Olar atap ajtkanda Dzhon Hopkins univresiteti Jelsk universiteti Nyu Jork universiteti Stouni Bruk universiteti The New School for Social Research Zhana әleumettik zertteu mektebi and European Graduate School Europa zhogary mektebi katarlylar Ol sondaj ak Kembridzh universiteti 1992 Kolumbiya universiteti Zhana әleumettik zertteu mektebi Esseks universiteti Levena Katolik universiteti zhәne Sileziya universiteti katarly әlemnin koptegen universitetinin kurmetti doktory boldy Ol sondaj ak AҚSh oner zhәne gylym akademiyasynyn akademigi boldy Ol Frankfurt universiteti zhagynan Adorno syjlygyn Adorno Preis aldy Өmirinin sony zhyldary onyn omirinen birneshe biografiyalyk dokumentaldyk filmder zhasaldy 2003 zhyly Derridanyn rak auruyna shaldykkany belgili boldy 2004 zhyldyn 9 karashasynda Parizh kalasynda raktan kajtys bolady FilosofiyasyNәsilshildikti tamyrynan synau Derridanyn dekonstrukciyalau ilimi rasizmge nәsilshildikke negiz bolgan batystyk racionaldy mәdeniet zhүjesin synau zhәne audaryp tastauga negizdelgen Mundagy dәstүrli batys mәdenieti dep otarganymyz batystyk metafizika fizika sheshe almajtyn mәselelerdi sheshuge talpynu men ontologiya bolmys tүpnegiz turaly ilim dәstүri әsirese sonyn ishinde batystyk ojdyn argy negizin belgilegen logocentrizm logocentrism men fonocentrizm phonocentrism esepteledi Batys mәdenieti adam akyly men erkindigin etikasy men zheke tulgalygyn kobinese dualizm karama kajshylyk eki bastama bojynsha sipattajdy Logocentrizm men fonocentrizmnin adamdy shekteui men tezheui sebepti belsendi erkin sezimtal adam zhogalyp nәsilshildik pen oshpendilikke toly birtүrli adam pajda boldy Atalgan racionalizm tulganyn akyldyk үstemdigi men sojleu үstemdigi ornyn arttyryp adamnyn tabigat zhәne obektivti әlem aldyndagy askynuyn tugyzady baska adam men kogam aldyndagy rasizm nәsilshildik pigylyn kүshejtedi Batys rasizmi batys mәdenieti baska mәdenietterden үstem degen pikirge negizdelgen әri batys mәdenieti arkyly baska mәdenietterdi tүzetu emdeu zhuu zhoyu tazartu zorlygyna talpynady Derrida batysta ak nәsildilerde keremet agartu kabileti bar dep mazaktagan bolatyn men synau Logocentrizm men fonocentrizm bir nәrsenin eki zhagy ispetti Logocentrizm degenimiz LOGOS negiz etilgen ideya Logos sozin en algash ezhelgi grek ojshyly Geraklit koldangan ol Logosty bilsen bәrin bilesin Tipti Zevs te logoska bagynady degen sekildi koptegen nakyl sozder kaltyrgan Logos sozinin әdette akyl logika soz akikat tek tektilik degen de osygan katysty katarly magynalary bar Yagni әlemde bir logostyk negiz bar barlyk nәrse sodan bastau alady bәri sogan bagynady sony tanu bәrin tanu bolady sonyn zany barsha zannyn nezigi degen ideya logocentrizmnin negizgi ojzhelisi esepteledi Al fonocentrizm degenimiz үn akikat pen mәndi pash ete alady logostyk akikat pen mәn magyna үn arkyly gana zharkyrap korinedi үn korsetki al akikat pen mәn korsetilgi үn kez kelgen nәrsenin ishki logostyk mәnin tolyk bejnelep zhariyalaj alady degen ojzhelige sayady Derridanyn ajtuynsha fonocentrizm bojynsha үnnin negizi sonda ol logostyk ideya retinde ishki zhagynan mәnmen bajlanysady ol mәndi zharatatyn mәndi kabyldajtyn mәndi ajtatyn mәndi kurylymdajtyn nәrsemen zhakyndykka ie Sondaj ak logocentrizm degenimiz de fonocentrizm yagni onda til men bolmys til men bolmystyn mәni үn men mәndilik armany birlikke ie Logocentrizm zattyn bolmysy mәlim Majdandy belgilejdi majdanda ozin korsetedi degendi zhaktajdy Antikadan zhetken dәstүr Batys mәdenieti Sokrattan bastalyp hristiandyk orta gasyrdy bastan keshirip bүgingi kүnge zhetkenshe logocentrizm men fonocentrizm bojynsha damygan Platonnyn ajtuy bojynsha ideya men logos bir nәrse Ideya degenimiz ruhtyn үn katpauy ruhtyn oz ozimen үnsiz sojlesui bolsa al үn katkany logos soz үkim kisyn logika bolmak Platon adamnyn akyldy racionaldy ozem subekt ekenin belgilep kana kojmaj sojleudin logostyk algysharty turaly da ajtty sojleu logikaga bagynuy kerek Antikalyk zamannan bastap grekter oz ulty koldangan grek tilin birden bir үjlesimdi til dep eseptep al grekshe sojlemejtin halyktardy tүgel zhabajylar magynasyndagy degeni mәlim Varvar degen sojlemejtin shүldirlep sojlejtinder degen magynaga da ie Hristian dini bastalgan kezde antikalyk mәdeniet ykpalyn pajdalanyp Isanyn shәkirti Ioann zhazgan Ioann inzhilinde bylaj dep bastajdy Algashynda logos boldy logos tәnirimen birtutastandy logos degenimiz tәniri Mundagy logos ajtu zhәne akikat magynasynda Yagni bir turgyda Tәnirinin akikaty endi bir turgyda Tәnirinin sozi Grekter akylga saj keletin ideya men logos bir nәrse dep karady Bul racionaldy logikaly erekshelikke ie grek mәdenieti bolyp damydy Al Қytaj filosofiyasyndagy Dao termini de dәl osyndaj magyna beredi Ol әlemnin en argy mәni en algashky bastama en tabigi zany degen soz Degenmen kytaj Daoynyn Europalyk Logos sozinen ajyrmashylygy Dao bәrin bilmejedi yagni ol sanaly emes demek ol soz ajtpajdy tek oryndatady Әsirese Europa mәdenietinin bir tamyry bolgan ezhelgi Evrej mәdenietinin ereksheligi bojynsha Logos bәrin biletin zhәne sojlejtin nәrse Әrine bul tүrdegi ojzheliden dini mәdeniet bastalgan Sojleu zhәne zhazu Derridanyn pikirinshe logocentrizm men fonocentrizm akikat pen mәnnin bar boluyna presence senim artyp akylmen sojlejtin tulga obrazyn zhasauga tyrysty adamdy akyldy zhan dep eseptep akyl arkyly onyn is әreketti tandau mүmkindigin shekteu amalyn zhasady Bul zhamandyktan saktanu adamnyn buzyluyn boldyrmau үshin dep tүsindirildi Derridanyn ojynsha batystyn bul metafizikasy ojdan kurastyrylgan zhasandy nәrse sondyktan dәstүrli mәdenietke dekonstrukciyalau әdisin koldanyp onyn bojyndagy tym akyldy sandyraktardy sygyp alyp tastau kerek Batystyk logocentrizm men fonocentrizmnin manyzdy bir roli bәrine birtutas bap keletin tүbegejli akikatty tauyp bәlkim zhasap shygaru birtutas akyldy mengergen gazhajyp tulga obrazyn somdau boldy Birak bul omirdegi әrbir zheke adam bostandygynyn tonaluyna alyp barady Derridanyn dekonstrukciyalau tәsili zhazudy sojleudin ornyna bastyru ozgeshelikti birtutastyktyn ornyna auystyru amaly Batystyk mәdeniet fonocentrizm әserinde sojleu zhazudan manyzdy soz ben akikat bir nәrse sojleu akikatka zhetkizedi zhәne mәndi omir sүrgizedi dep esepteudi negizdik ustanym etken Batys ojshyldary zhazuga kүdikpen karady Olar zhazudy magynanyn Mennen bogdelenui alienation dep tүsindi Mәnnin ozgeshelenuinin en manyzdy bir belgisi zhazushy bolmagan kezde zhazushy kajtys bolgan kezde zhazylgan mәtin text zhalgasty saktala beredi Bul bir tүrli soleket kubylys sekildenip mysaly Platon zhazudy kylmys dep te tүsindirdi Onyn ojynsha bejne zhazu tanbalary zansyz bala sekildi oz әkesi bolgan zhazushyny laktyryp ketedi al sojleu zandy bala sekildi ol kashanda sojleushiden eki eli azhyramajdy Platon sojleudi Ruhta kashalgan parasatty sozder tiri soz living word dep atady zhәne zhazylgan sozderdi written word sonyn bir tүrli elesi gana dep tүsindi Derrida zhazu sozinin buldyrlygyna kop magynalylygyna zhәne ozgesheligine sojleudin anyktygy men birtutastygyn karsy kojdy Zhazu sozi zhazushydan bolinip derbestense de ol kez kelgen uakytta okuga bolatyn magynasyna taldau zhasap zhana magyna kosuga bolatyn nәrsege ajnalady bul zhazudyn sheksiz ozgeshe magynada tүsinuge bolatyn zhүje retinde omir sүru үshin zharatylganyn korsetedi dep eseptedi Dekonstrukciyalau Dekonstrukciyalau Dekonstrukciyalau sozbe soz magynasy kurylymdy bolshekteu kurylymdy sogu degen magynada bolyp Derrida bastagan Dekonstrukciya agymynyn tirek sozi negizgi әdisnamasy esepteledi Degenmen bul soz algash ret әjgili Bolmys zhәne uakyt enbeginde deconstruction formasynda ydyratu zhәrkemdeu tүsindiru magynasynda koldanylgan Zhak Derrida bul negizde ogan tagy zhogaltu tүjinshektendirmeu ozgeshelendiru magynalaryn kosty Derrida tildik ugymga analiz zhasaudan bastap metafizikalyk katyp kalgan kurylymdardy sogip olardyn ortalyk tirek nүktelerin zhoyuga tyrysudy dekonstrukciyalau amaly retinde ornyktyrdy Dekonstrukciya kurylymdanudyn toktauy irgesinin sogilui bolshekterinin ydyrauy bolyp atalgan mәtinnin astaryn anyk tүsinuge komektesedi Bylaj zhelip ote shygatyn ojlar munda toktap sol ojga sebep bolatyn negizgi tүjinshekter sheshilip onyn astaryndagy syr ashykka shygady mine bul dekonstrukciya amaly bolmak Әrine әr kezek dekonstrukciya zhasaudan zhana kurylym kalyptasady әrbir okyrman әrbir shygarmany kajta okygan sajyn zhanadan onyn magynasyn sogip zhana tүsinikterdi bajkajdy munda bir tүrli akyldy tүsindiru endigi zherde ote bir doreki zhalan shekti tүsindiru ekeni pash bolady Қazaksha bul soz audarylmajdy halykaralyk termin retinde osy dekonstrukciya zhәne dekonstrukciyalau tүrinde saktalady Dekonstrukciya kop magynaly kүrdeli soz Tek bir tүrli tүsindirumen dekonstrukciyanyn magynasyn tүgel kamtu mүmkin emes zhәne bul dekonstrukciyalau әdisnamasynyn negizgi ruhyna kajshy Onda kez kelgen ugym adamga әr ret ozinin әrtүrli kabatyn ashyp otyruy kerek Dekonstrukciya әri zhasampaz germenevtika hermeneutics әri ozgeshelenu differance Derridanyn ozgeshelik bojynsha dekonstrukciyalau amalyn zhasampaz tүsindiru germenevtikalau әreketi dep atauga da bolady Onyn ojynsha barlyk tүsindiru әreketi mәtinnin text algashky shygarmashylygynan buryn zhәne ozgeshe yagni oku degenimiz kate oku reading is mis reading bolmak Demek dekonstrukciyany tүsinu үshin mindetti tүrde ozgeshelenudi tүsinu kerek Өzgeshelenu Өzgeshelenu differance үzdiksiz ozgeshelik difference kalyptastyratyn erkin ojyn nemese korsetilim kojylym ol ozgeshe bolu ataulynyn bastalu kozi differentiating origin of differences Ol kajnardyn ozgesheligi originary differance tugyzgan ozgeshelenu birak bul kajnar mәngi tolysyp toktamajtyn kүrdeli nәrse sondyktan kajnar origin sozi saj keledi deuge de bolmajdy Derridanyn ozgeshelenu ideyasy Fridrih Nicsheden Zigmund Frejdten Martin Hajdeggerden Zh Lakannan shabyt algany anyk Өzgeshelenu bejne boten sanasyzdyk alterity of the unconscious shүneti sekildi ol racionaldy da Fenomenologiyalyk ta emes ashyk sanalyk nemese nakty osyndagy bar bolu da emes ol bejne F Nicshenin bilik erki Z Frejdtin zhasyryn sanasy sekildi sanasyz erkin ojyn alany ispetti Barlyk racionalizm men metafizika tүgeldej osy tүrdegi ozgeshelenudin ojyn ornegi gana Degenmen batys metafizikasy zhasandy negizge kurylgan Filosofiya sol zhasandylykty zhojyp ozgeshelenu әlemine enui kerek Birdejlik racionaldy filosofiyanyn ereksheligi bolsa ozgeshelenu tu bastagy kajnardan bastalgan shynajylyk Batystyn dәstүrli metafizikasy dualizm eki zhau tүrindegi ojlau amalyna dagdylanyp zattardy bir birinen azhyratyp al ony katyp semdirip uakyt bojyndagy ozgeshelenu ozgerisin tunshyktyryp zatty onyn ozimen birdej etuge tyrysty mine bul racionalizm zhasandylygy Өzgeshelenude dualizmdik karama kajshylyktagy kez kelgen shama ozinin karsy zhagyna auysuy kerek zhәne ol endigi zherde ekinshi bir magynanyn sozyluy bolady Sondyktan racionalizmdegi dualizm tek teoriyalyk zhasandylyk kana Өzgeshelenu bir soz word ne belginin sign kezekte omir sүrip otyrgan magyna men akikatty korsetui emes ol zhasyryn kaltarysty boliktegi kop tүrli magynalardyn mynauynan anauyna auysudyn mүmkindigin korsetedi Til argy logostyk mәnnin yrkyndagy nәrse emes ozgeshelenu ojyny barysynda ozdiginen pajda bolatyn zhәne zharatylatyn tabigi kubylys kana Munda bir atap oterligi Derrida ozgeshelenu differance delinetin kos magynaly soz arkyly fonocentrizmdik birtutastyk sozinin ornyn bastyrdy Өzgeshelenude eki negizgi magyna bar biri uakyt zhagyndagy irkilu ekenshisi ajyrmashylyk Yagni ol uakyt irkilisin tugyzgan ajyrmashylyktyn erikti ojyn әreketi zhәne bir zhagynan ajyrmashylyktyn nәtizhesi Өzgeshelik ozgeshelenudin uakyttagy irkiluinen pajda bolady demek ozgeshelenu үzdiksiz ozgeretin magyna tugyzady nemese munda magynanyn kozgalysy zhonkiledi Zhazudyn buldyrlygy men boten magynalylykka oraj ozgeshelenu ojyny tekstin zhasampaz tүsindiriluine ulasady Ol tolyk erkin sheksiz bottomless shahmat ojyny chessboard sekildi magynanyn zhanalanuy Degenmen Derrida zhazu men ozgeshelenu arkyly mәnnin ozgermestigi teoriyasyn bүldirgenimen mәnnin katal uәzhdiligine karsy soz ajtpagan sekildi Ykpaly zhәne bagalanuy Derrida kazirgi zaman ideyalyk agymdarga үlken әser etse de kejbir karsylyktarga da ushyrady Bir ret Derrida men ortasynda pikirtalas bolgany belgili Gadamer diskussiyada ozara tүsinu zhәne tүsinisuge talpynu ansary bolady dese Derrida kelispej bul tүrdegi ozara tүsinu men tүsinisuge tyrysushyldykty Osyndagy Metafizikanyn әlәulajy tүsinudegi mәn kajtken kүnde ugymdyk nәrse bolady dep eseptedi Derridanyn ojynsha germenevtikalyk tүsinu әdisin ajtpaganda en negizgi әdis dekonstrukciyalyk tүsinu әdisi bolmak Derridanyn ideyasy bastan akyr tartyska toly boldy Onyn ideyalary agylshyndyk Angliya men AҚSh esh otaspagandyktan AҚSh tyn filosofiya mektepteri ony mojyndagysy kelmedi Onyn ideyasynyn kejbir zhana zamandyk kozgalystarga dejin ykpal etti mysaly tipti feminizm kogildirlerge karsylyk kozgalysy negirler kozgalysy hajuanat kuky sekildilerde de zhappaj koldanyldy Birak dәstүrli filosofiyalyk bagyttagylar ony mojyndagysy kelmedi ony bүlingen Europany odan sajyn buzu dep tүsindi Tipti Derridanyn enbekterinin esh gylymi kuny zhok bar bolgany ol Parizhdik modanyn bir tүri gana deushiler de tabyldy Derrida kajtys bolganda Franciya prezidenti Zhak Shirak bylaj dep konil ajtkan bolatyn Ol Derrida arkyly Franciya әlemge ozinin tagy bir uly ideyasyn usyndy Ol nagyz zher sharynyn azamaty boluga tolymdy tulga bolatyn ҚosymshaDerrida zhaһandanudy tabigi bolmaj kojmajtyn process retinde bagalajdy Ol әleumettik ozgeris belgili tarih kazhetplikten tuyndajdy zhәne ol adam balasyn ozgertuge alyp barady dejdi Sondyktan da Derrida oz kitabynyn atauyna mynadaj uran pajdalanady kosmopolitter kozgalyndar 1997 Ol zhaһandanu procesin koldan zhasalgan tabigatka kajshy dep karamajdy zhәne ony bәrin zhoyatyn rahymsyz zhojkyn kүsh dep te tanymajdy Ol osy proceske atsalysuga shakyrady zhaһandanu dәuiri adamynyn aldynda turgan basty mindet ozin zhana әlemmen korshau Zhaһandanudy ulttyk memlekettik kukyk shenberinen shygaryp kukyk damuynyn tabigi procesi retinde karastyrady Kosmopolitizm turgysynan karaganda filosofiyaga kukyktyn boluy 1997 Sondyktan da ol kazirgi әlemnin үsh mәselesin zhaһandanudy kosmopolitizmdi zhәne kukykty bajlanystyryp karastyrady Kosmopolitizm zhәne keshirim 2001 degen basty enbeginde Derrida zhaһandanu үshin bүgingi omir sүrip otyrgan kukyktyk kenistiktin kүshi bul kenistik kanshalykty birtutastanatyndygy mәseleleri manyzdy emes bastysy birkelki mәdenieti dәstүri kuky bar ortalyktandyrylgan әlem zhok zhagdajda biz oz kukymyzdy korgau үshin nege arka sүjej alamyz sony anyktauga tyrysady Tagy karanyzFilosofiya DekonstrukciyalauDerekkozderOryssha kazaksha tүsindirme sozdik Әleumettanu zhәne sayasattanu bojynsha Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar EKO ҒӨF 2006 569 b ISBN 9965 808 89 9 D ailleurs Derrida Derridanyn baska kyry Saafa Fathi zhasagan 1999 Jacques Derrida Kirby Dick zhәne Amy Ziering Kofman 2002 Jacques Derrida 1 zhәne 2 bolim Sayasi tүsindirme sozdik Almaty 2007 ISBN 9965 32 491 3 Biekenov K Sadyrova M Әleumettanudyn tүsindirme sozdigi Almaty Sozdik Slovar 2007 344 bet ISBN 9965 822 10 7 Bensmaia Reda Poststructuralism in Kritzman 2005 pp 92 93 Vincent B Leitch Postmodernism Local Effects Global Flows SUNY Series in Postmodern Culture Albany NY State University of New York Press 1996 p 27 Derrida Jacques 1992 Force of Law Deconstruction and the Possibility of Justice translated by Mary Quaintance eds Drucilla Cornell Michael Rosenfeld and David Gray Carlson 1st ed New York Routledge pp 3 67 ISBN 0810103974 Derrida turaly pikirlerSiltemelerDerrida zhәne tolganys filosofiyasy Қazaksha Muragattalgan 18 mausymnyn 2015 zhyly Dekonstrukciya Zhazu zhәne Өzgeshelik Uiki En Grammatologiya zhoninde Uiki En Sojleu zhәne Fenomen Uiki En Gumer kitaphanasyndagy Zh Derridanyn kitaptary Zh Derridanyn kejbir kitaptary Muragattalgan 17 mausymnyn 2011 zhyly Zhake Derrida turaly makalalar Muragattalgan 4 tamyzdyn 2008 zhyly