РК(б)П орталық комитетінің Түркістан бюросы (Түркбюро) — Ресей большевиктерінің Түркістандағы жоғары өкілетті басшы органы.
1920 жылғы шілдеден 1922 жылғы мамырға дейін қызмет істеді. Оған Г.Я. Сокольников, Г.И. Сафаров, Я.Х. Петерс, Л.М. Каганович, т.б. Мәскеу эмиссарлары мүше болды.
Өз қызметін Т.Рысқұловты Түркістаннан аластап, “рысқұловшыларды” қуғындаудан бастаған Түркістан бюросы Орталықтың -не тікелей басшылық етуін жүзеге асырды. Партия және кеңес съездерін шақыруға, Түркістан АКСР-і Конституциясының қабылдануына (1920 жылы қыркүйек) басшылық етті.
Жаңа экономикалық саясат жүргізіп, жер-су реформасымен, байлар мен ауқаттылардың дүние-мүлкін тәркілеумен айналысты. Компартия бағытынан ауытқушыларды аяусыз жазалап, партия және кеңес аппаратын тегіс жат элементтерден тазарту ісін қадағалады. “Басмашылар” қозғалысын қарулы күшпен басу үшін ислам дініне, шариат пен жергілікті халықтың салт-дәстүріне қарсы күресті. Сонымен бірге мұсылмандарды өз жағына тарту үшін уақытша шегіністерге баруға да мәжбүр болды. 1922 жылдың жазында Түркістан АКСР-і аумағында мешіттер мен медреселерге қарасты жерлер (вакуфтар) қайтарылды, қазылар мен билер соттарының қайта ашылуына рұқсат берілді. Түркістан бюросы 1922 ж. мамырда РК(б)П орталық комитетінің ортаазиялық бюросы болып қайта құрылды.
Дереккөздер
- "Қазақ Энциклопедиясы", 7 том
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
RK b P ortalyk komitetinin Tүrkistan byurosy Tүrkbyuro Resej bolshevikterinin Tүrkistandagy zhogary okiletti basshy organy 1920 zhylgy shildeden 1922 zhylgy mamyrga dejin kyzmet istedi Ogan G Ya Sokolnikov G I Safarov Ya H Peters L M Kaganovich t b Mәskeu emissarlary mүshe boldy Өz kyzmetin T Ryskulovty Tүrkistannan alastap ryskulovshylardy kugyndaudan bastagan Tүrkistan byurosy Ortalyktyn ne tikelej basshylyk etuin zhүzege asyrdy Partiya zhәne kenes sezderin shakyruga Tүrkistan AKSR i Konstituciyasynyn kabyldanuyna 1920 zhyly kyrkүjek basshylyk etti Zhana ekonomikalyk sayasat zhүrgizip zher su reformasymen bajlar men aukattylardyn dүnie mүlkin tәrkileumen ajnalysty Kompartiya bagytynan auytkushylardy ayausyz zhazalap partiya zhәne kenes apparatyn tegis zhat elementterden tazartu isin kadagalady Basmashylar kozgalysyn karuly kүshpen basu үshin islam dinine shariat pen zhergilikti halyktyn salt dәstүrine karsy kүresti Sonymen birge musylmandardy oz zhagyna tartu үshin uakytsha sheginisterge baruga da mәzhbүr boldy 1922 zhyldyn zhazynda Tүrkistan AKSR i aumagynda meshitter men medreselerge karasty zherler vakuftar kajtaryldy kazylar men biler sottarynyn kajta ashyluyna ruksat berildi Tүrkistan byurosy 1922 zh mamyrda RK b P ortalyk komitetinin ortaaziyalyk byurosy bolyp kajta kuryldy Derekkozder Қazak Enciklopediyasy 7 tom Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz