Пракситель — б. э. бұрынғы IV ғ. мәшһүр грек мүсіншісі, б. э. бұрынғы 390 ж. шамасында Афиныда туған, өз әкесі мүсінші Кефисодоттың қолында оқыған. Праксительдің творчестволық қызметі б. э. бұрынғы 370—334 жж. жатады, ол Афиныда, Кіші Азия жағасындағы қалалар мен Эгей теңізі аралдарында жұмыс істеді. Ежелгі авторлар оның 40 шақты шығармасын еске алады. Мүсінші өзінің сүйікті материалы мәрмәрді асқан шеберлікпен өңдеп, жарық пен көлеңкенің нәзік құбылыстарын ойната білді. Пракситель бейнелерінен айқын үйлесім, қоңыржай , сезімтал сұлулық рухының лебі еседі. Ол көфнесе ғажайып адамгершілігі, сыршыл көз тартатын жас құдайлар мен тәңірияларды бейнелеген. Біздің заманымызға тек «Диониспен тұрған Гермес», (б. э. бұрынғы 330 ж. шамасы. Олимпиядағы музей) мүсіндер тобының ғана түп- нұсқасы жетті. Шебердің өзге шығармалары римдік мәрмәр көшірмелері арқылы белгілі. Әсем бір әдеппен тостағанға шарап құйып жатқан жас мүсінінің 20 шақты көшірмесі сақталған. Ертеде Кос аралына арнап жасалған қалқандағы өз сәулесіне сүйсіне қарап тұрған Афродита мүсіні (Лувр) мен, әсіресе, Афродитаның Книд аралындағы жалаңаш мүсіні (Ватикан мен Мюнхен) зор даңққа бөленген. Бұл мүсіндерге мүсіншінің сүйген жары, әйгілі Фрина ару үлгі болған. Пракситель Аполлонды кесірткеге садағын кезеп тұрған қалпында (Ватикан) сомдап, аңшылық пірі Артемиданы (Лувр) және бейжай демалып отырған Сатирды (Капитолий музейі, Рим) бейнелеген.
Дереккөздер
- Өнердің ықшам тарихы—Антик өнері — Алматы, «Өнер» баспасы, 1988.—360 бет ISBN 5-89840-030-3
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Praksitel b e buryngy IV g mәshһүr grek mүsinshisi b e buryngy 390 zh shamasynda Afinyda tugan oz әkesi mүsinshi Kefisodottyn kolynda okygan Praksiteldin tvorchestvolyk kyzmeti b e buryngy 370 334 zhzh zhatady ol Afinyda Kishi Aziya zhagasyndagy kalalar men Egej tenizi araldarynda zhumys istedi Ezhelgi avtorlar onyn 40 shakty shygarmasyn eske alady Mүsinshi ozinin sүjikti materialy mәrmәrdi askan sheberlikpen ondep zharyk pen kolenkenin nәzik kubylystaryn ojnata bildi Praksitel bejnelerinen ajkyn үjlesim konyrzhaj sezimtal sululyk ruhynyn lebi esedi Ol kofnese gazhajyp adamgershiligi syrshyl koz tartatyn zhas kudajlar men tәniriyalardy bejnelegen Bizdin zamanymyzga tek Dionispen turgan Germes b e buryngy 330 zh shamasy Olimpiyadagy muzej mүsinder tobynyn gana tүp nuskasy zhetti Sheberdin ozge shygarmalary rimdik mәrmәr koshirmeleri arkyly belgili Әsem bir әdeppen tostaganga sharap kujyp zhatkan zhas mүsininin 20 shakty koshirmesi saktalgan Ertede Kos aralyna arnap zhasalgan kalkandagy oz sәulesine sүjsine karap turgan Afrodita mүsini Luvr men әsirese Afroditanyn Knid aralyndagy zhalanash mүsini Vatikan men Myunhen zor dankka bolengen Bul mүsinderge mүsinshinin sүjgen zhary әjgili Frina aru үlgi bolgan Praksitel Apollondy kesirtkege sadagyn kezep turgan kalpynda Vatikan somdap anshylyk piri Artemidany Luvr zhәne bejzhaj demalyp otyrgan Satirdy Kapitolij muzeji Rim bejnelegen DerekkozderӨnerdin yksham tarihy Antik oneri Almaty Өner baspasy 1988 360 bet ISBN 5 89840 030 3Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz