Түрікменой газ-мұнай кен орны — Оңтүстік Маңғыстау ойысының Өзен-Жетібай антиклинді өңіріндегі газ-мұнай кен орны. Маңғыстау облысында, Ақтау қаласының шығысында 115 км жерде орналасқан, 1969 жылы ашылған.
Геологиялық құрылымы
Кен орны бат жікқабатына тиесілі өнімді горизонттың табаны бойынша өлшемдері 4,4x1,4 км, амплитудасы 30 м келген ендікке жуық бағытта созылған ассиметриялы брахиантиклин қатпардан орын алған. Қатпардың солтүстік қанатының еңістену бұрышы 800°, оңтүстігінікі 300°-қа дейін жетеді. Тереңдеген сайын қатпардың амплитудасы өсе түседі, сөйтіп XIII өнімді горизонт жатынының қалыңдығы 70 м-ге жетеді. Құрылымдардың жазықтықтағы жайғасуы қабаттар бойынша сәйкесіп отырады. Бат жікқабатының шөгінділерінде 2 өнімді горизонт бар, олардың үшеуі байос қатқабатында, біреуі төменгі юрада анықталды.
Жатыс сипаты
Өнімді горизонттардың биіктігі 950 м-ге жетеді. Флюидтің сипатына қарай екі жатын газды-мұнайлы, алтауы мұнайлы және біреуі газды. Қорқоймасының типі жағынан бір жатын қойнауқаттық, күмбездік, литологиялықтұрғыдан қалқаланған, өзгелері қойнауқаттық, күмбездік. Өнімді горизонттар құмтастар мен алевролиттерден құралған, кеуектілігі 16-20%, өтімділігі 0,008-0,06 мкм2. Қойнауқаттардың өнімді бөлігінің жалпы қалыңдығы 6-15 м-ге, тиімді қалыңдығы 5,5-9,8 м-ге, мұнайға қаныққан қалыңдығы 2.4-5,8 м-ге, газға қаныққан қалыңдығы 3.5-5,1 м-ге дейін өзгереді. Жатындардағы мұнайға қанығу коэффициенттері 0,58-0,71, газға қанығу коэффициенті 0,52. Бастапқы қойнауқаттық қысым мен температура 15,1-25 МПа-ға және 65-96°С-қа дейін ауытқиды. Мұнай шығымы 11,2-72,6 м3/тәу, газдікі 9 мың м3/тәу құрады.
Құрамы
Мұнайдың тығызыдығы 855-891 кг/м3, тутқыр, аз күкіртті (0,3%), мол парафинді (21,7-30,8%), шайырлы. Мұнайда еріген газ метан құрамды (68,8%), ауыр көмірсутектер үлесі 24%-ға дейін жетеді, азот 6,8%. Еркін газдың құрамында 68,8-84,5% метан, 9,5-24,4% ауыр көмірсутектер, 5,8-6,8% азот, 0,1-0,2% көмірқышқыл газы бар. Хлор-кальцийлі типті қойнауқаттық суларының минералдылығы 125-664 г/л-ге дейін жетеді, 89,9 г/л-ге тең минералдылық төменгі юраның бір ғана горизонтында анықталды. Бром мөлшері 346-409 мг/л жетеді, йодбар. Жатындардың режимі суарынды. Кен орны игеруге дайындалған.
Дереккөздер
- Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tүrikmenoj gaz munaj ken orny Ontүstik Mangystau ojysynyn Өzen Zhetibaj antiklindi onirindegi gaz munaj ken orny Mangystau oblysynda Aktau kalasynyn shygysynda 115 km zherde ornalaskan 1969 zhyly ashylgan Geologiyalyk kurylymyKen orny bat zhikkabatyna tiesili onimdi gorizonttyn tabany bojynsha olshemderi 4 4x1 4 km amplitudasy 30 m kelgen endikke zhuyk bagytta sozylgan assimetriyaly brahiantiklin katpardan oryn algan Қatpardyn soltүstik kanatynyn enistenu buryshy 800 ontүstiginiki 300 ka dejin zhetedi Terendegen sajyn katpardyn amplitudasy ose tүsedi sojtip XIII onimdi gorizont zhatynynyn kalyndygy 70 m ge zhetedi Қurylymdardyn zhazyktyktagy zhajgasuy kabattar bojynsha sәjkesip otyrady Bat zhikkabatynyn shogindilerinde 2 onimdi gorizont bar olardyn үsheui bajos katkabatynda bireui tomengi yurada anyktaldy Zhatys sipatyӨnimdi gorizonttardyn biiktigi 950 m ge zhetedi Flyuidtin sipatyna karaj eki zhatyn gazdy munajly altauy munajly zhәne bireui gazdy Қorkojmasynyn tipi zhagynan bir zhatyn kojnaukattyk kүmbezdik litologiyalykturgydan kalkalangan ozgeleri kojnaukattyk kүmbezdik Өnimdi gorizonttar kumtastar men alevrolitterden kuralgan keuektiligi 16 20 otimdiligi 0 008 0 06 mkm2 Қojnaukattardyn onimdi boliginin zhalpy kalyndygy 6 15 m ge tiimdi kalyndygy 5 5 9 8 m ge munajga kanykkan kalyndygy 2 4 5 8 m ge gazga kanykkan kalyndygy 3 5 5 1 m ge dejin ozgeredi Zhatyndardagy munajga kanygu koefficientteri 0 58 0 71 gazga kanygu koefficienti 0 52 Bastapky kojnaukattyk kysym men temperatura 15 1 25 MPa ga zhәne 65 96 S ka dejin auytkidy Munaj shygymy 11 2 72 6 m3 tәu gazdiki 9 myn m3 tәu kurady ҚuramyMunajdyn tygyzydygy 855 891 kg m3 tutkyr az kүkirtti 0 3 mol parafindi 21 7 30 8 shajyrly Munajda erigen gaz metan kuramdy 68 8 auyr komirsutekter үlesi 24 ga dejin zhetedi azot 6 8 Erkin gazdyn kuramynda 68 8 84 5 metan 9 5 24 4 auyr komirsutekter 5 8 6 8 azot 0 1 0 2 komirkyshkyl gazy bar Hlor kalcijli tipti kojnaukattyk sularynyn mineraldylygy 125 664 g l ge dejin zhetedi 89 9 g l ge ten mineraldylyk tomengi yuranyn bir gana gorizontynda anyktaldy Brom molsheri 346 409 mg l zhetedi jodbar Zhatyndardyn rezhimi suaryndy Ken orny igeruge dajyndalgan DerekkozderҚazakstannyn munaj enciklopediyasy 2 tomdyk Almaty Munajshy Қogamdyk kory 2005 ISBN 9965 9765 1 1