Аржан обалары — сақ дәуірінің ескерткіші. Ресей Федерациясындағы Тыва Республикасының Аржан және Тарлық елді мекендерінің аралығында орналасқан. Алғаш 1971-74 ж. археолог М.П. Грязновтың басшылығымен зерттелген. Диаметрі 30-85 см қарағай бөренелерінен жасалған, пішіні төрт текше, аса беделді адамға немесе “патшаға” арналған қабір. Сырты сегіз адамның ағаштан ойылған табыты мен алты аттың қаңқасы қойылған текше қарағай шарбақпен қоршалған. Айналасындағы үшбұрышты, трапеция тәріздес, ортадан шетке қарай радиалды түрде орналасқан 70-ке жуық қабірлерден 160-қа тарта жүгенделген аттар мен 15 адамның қаңқасы табылды. Қорғанның етегіне құрбандыққа шалған малдардың сүйегі көмілген. Ескерткіш ертеректе қатты тоналған. Дегенмен, киім-кешектер қалдығы, қару-жарақтар, ат әбзелдері, әшекей бұйымдар, тасқа салынған суреттер т. б. көптеп табылды. А. о-нан табылған заттай деректер негізінде, ертеден ғылымда пікірталас туғызған скиф-сақ дәуірінің басталу кезеңін, бейнелеу өнеріндегі хайуанаттық нақыштың қалыптасу мерзімін б.з.б. 7-6 ғ-дан емес б.з.б. 8 ғ-дың басынан бастауға және скиф-сақ мәдениеттерінің қалыптасуы мен дамуын тек қана Қара теңіздің солт. аймағымен шектеген көзқарасты өзгертіп, Кіндік Азия, Орт. Қазақстан, Алтай, Арал өңірлері, Алдыңғы Азияда да оның ошақтары бар екенін дәлелдеуге мүмкіндік туды. Қазақстанда Аржан мәдениетіне жататын ескерткіштер — Алтайда (Майемер, Зевакинода), Сарыарқада (Тасмола), Арал өңірінде (Түгіскен, Үйғарақта) және Жетісуда табылған. Әдеб.: Грязнов М.П., Аржан, Л., 1981, с. 61 ; Членова Н.Л., Центральная Азия и скифы, т. 1, М., 1997, с. 98.
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Arzhan obalary sak dәuirinin eskertkishi Resej Federaciyasyndagy Tyva Respublikasynyn Arzhan zhәne Tarlyk eldi mekenderinin aralygynda ornalaskan Algash 1971 74 zh arheolog M P Gryaznovtyn basshylygymen zerttelgen Diametri 30 85 sm karagaj borenelerinen zhasalgan pishini tort tekshe asa bedeldi adamga nemese patshaga arnalgan kabir Syrty segiz adamnyn agashtan ojylgan tabyty men alty attyn kankasy kojylgan tekshe karagaj sharbakpen korshalgan Ajnalasyndagy үshburyshty trapeciya tәrizdes ortadan shetke karaj radialdy tүrde ornalaskan 70 ke zhuyk kabirlerden 160 ka tarta zhүgendelgen attar men 15 adamnyn kankasy tabyldy Қorgannyn etegine kurbandykka shalgan maldardyn sүjegi komilgen Eskertkish erterekte katty tonalgan Degenmen kiim keshekter kaldygy karu zharaktar at әbzelderi әshekej bujymdar taska salyngan suretter t b koptep tabyldy A o nan tabylgan zattaj derekter negizinde erteden gylymda pikirtalas tugyzgan skif sak dәuirinin bastalu kezenin bejneleu onerindegi hajuanattyk nakyshtyn kalyptasu merzimin b z b 7 6 g dan emes b z b 8 g dyn basynan bastauga zhәne skif sak mәdenietterinin kalyptasuy men damuyn tek kana Қara tenizdin solt ajmagymen shektegen kozkarasty ozgertip Kindik Aziya Ort Қazakstan Altaj Aral onirleri Aldyngy Aziyada da onyn oshaktary bar ekenin dәleldeuge mүmkindik tudy Қazakstanda Arzhan mәdenietine zhatatyn eskertkishter Altajda Majemer Zevakinoda Saryarkada Tasmola Aral onirinde Tүgisken Үjgarakta zhәne Zhetisuda tabylgan Әdeb Gryaznov M P Arzhan L 1981 s 61 Chlenova N L Centralnaya Aziya i skify t 1 M 1997 s 98 Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz