Инбридинг (ағылшынша іn – ішінде және breedіng – будандастыру) – бір популяция аумағындағы жақын түрлердің будандасуы.
Жақын туысты будандастырылатын организмдерде қандай да болмасын гендегі (гендер жұбының бірі) бірдей формасының көріну мүмкіндігі жоғары болады. Осыған байланысты, жақын текті будандасудың деңгейі өскен сайын гомозиготалы организмдердің пайда болу жиілігі де артады. Өсімдіктерде табиғи инбридинг өздігінен тозаңдану кезінде жүзеге асады. Айқас тозаңданатын өсімдіктердегі инбридинг – ырықсыз (мәжбүрлік) тозаңдану деп аталады. Бұл инбредті (туыс дарабастарды шағылыстыру кезінде пайда болушы) депрессияға, яғни дарабастардың өмір сүру қабілеттілігінің және өнімділігінің төмендеуіне әкеледі. Инбредті депрессия рецессивті летальді (өлімге душар ететін) гендерге, сондай-ақ, организмнің тіршілік ету қабілеттігін төмендететін гендердің гомозиготалы қалыпқа ауысуына байланысты болады. Мысалы, жүгері, картоп, капустаның өздігінен тозаңдануы нәтижесінде өсу деңгейі, жеміс беруінің төмендеуі, әр түрлі ауытқулары байқалады. Инбридингке байланысты депрессия, көбінесе, бірінші ұрпақта көрінеді де, белгілі бір деңгейге жеткеннен кейін, әрі қарай дамымайды. Инбредті дарабастар қалыпты гендері бойынша гомозиготалы болғандықтан, бағалы белгілерімен сипатталатын гендер де келесі ұрпаққа тұрақты беріліп отырады. Екі немесе бірнеше инбредті линияларды будандастыру бірнеше буданды (гибридті) ұрпақтың гетерозисіне әкеледі. Мысалы, жүгерінің тетрабуданы – төрт инбредті линиялардың будандасуынан пайда болатын өнім. Ол жай сорттарға қарағанда өнімді 30 – 60%-ке жоғары береді.
Мал шаруашылығындағы инбридинг – жақын текті жануарлардың шағылысуы болып табылады. Мұны мал шаруашылығында ұзақ уақыт қолдану, жануарлардың тіршілік қабілетінің төмендеуіне, организмнің кейбір ауруларға қарсы тұру қасиетінің кемуіне, олардың беретін өнімі мен сапасының нашарлауына, мутантты ұрпақтардың пайда болуына және төлдерінің өлі тууына әкеледі. Тәжірибеде инбридингті жиі қолдану – организмде әр түрлі тұқым қуалайтын аномалиялардың көрінуіне әкеледі. Мысалы, селекцияда өсімдік сорттары мен асыл тұқымды малдың бағалы белгілерін сақтау мақсатында инбридингтің орташа деңгейі ғана қолданылады.
Инбридингтің жоғары деңгейдегі қолайсыз салдары – генетикалық жағынан туыс адамдардың некелесуінің дұрыс еместігіне негіз болады. Ағайын адамдар арасындағы некелесу – олардың балаларында сирек байқалатын тұқым қуалайтын аурулармен ауыруына, мүгедектікке, өлі туу, өліп қалуға әкеледі. Инбридинг рецессивті аллельдерді шығару үшін, көптеген аллельдері бойынша гомозиготалы организм (таза линия) және асыл тұқымдар алу үшін, сорт ішінде аллельдерді сақтау үшін, популяцияда әр түрлі белгілерді анықтау үшін қолданылады. Өсімдіктер селекциясында осы мағынаға сай көбінесе инцухт (немісше Іnzucht) – термині қолданылады. Бұл – организмдердің бір популяциясындағы туыстығы өте жақын формаларды шағылыстыру болып саналады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Экология және табиғат қорғау / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Inbriding agylshynsha in ishinde zhәne breeding budandastyru bir populyaciya aumagyndagy zhakyn tүrlerdin budandasuy Europada inbriding karapajym kubylys bolgan surette ekinshi Karl Ispanskijdin argy atalary Zhakyn tuysty budandastyrylatyn organizmderde kandaj da bolmasyn gendegi gender zhubynyn biri birdej formasynyn korinu mүmkindigi zhogary bolady Osygan bajlanysty zhakyn tekti budandasudyn dengeji osken sajyn gomozigotaly organizmderdin pajda bolu zhiiligi de artady Өsimdikterde tabigi inbriding ozdiginen tozandanu kezinde zhүzege asady Ajkas tozandanatyn osimdikterdegi inbriding yryksyz mәzhbүrlik tozandanu dep atalady Bul inbredti tuys darabastardy shagylystyru kezinde pajda bolushy depressiyaga yagni darabastardyn omir sүru kabilettiliginin zhәne onimdiliginin tomendeuine әkeledi Inbredti depressiya recessivti letaldi olimge dushar etetin genderge sondaj ak organizmnin tirshilik etu kabilettigin tomendetetin genderdin gomozigotaly kalypka auysuyna bajlanysty bolady Mysaly zhүgeri kartop kapustanyn ozdiginen tozandanuy nәtizhesinde osu dengeji zhemis beruinin tomendeui әr tүrli auytkulary bajkalady Inbridingke bajlanysty depressiya kobinese birinshi urpakta korinedi de belgili bir dengejge zhetkennen kejin әri karaj damymajdy Inbredti darabastar kalypty genderi bojynsha gomozigotaly bolgandyktan bagaly belgilerimen sipattalatyn gender de kelesi urpakka turakty berilip otyrady Eki nemese birneshe inbredti liniyalardy budandastyru birneshe budandy gibridti urpaktyn geterozisine әkeledi Mysaly zhүgerinin tetrabudany tort inbredti liniyalardyn budandasuynan pajda bolatyn onim Ol zhaj sorttarga karaganda onimdi 30 60 ke zhogary beredi Mal sharuashylygyndagy inbriding zhakyn tekti zhanuarlardyn shagylysuy bolyp tabylady Muny mal sharuashylygynda uzak uakyt koldanu zhanuarlardyn tirshilik kabiletinin tomendeuine organizmnin kejbir aurularga karsy turu kasietinin kemuine olardyn beretin onimi men sapasynyn nasharlauyna mutantty urpaktardyn pajda boluyna zhәne tolderinin oli tuuyna әkeledi Tәzhiribede inbridingti zhii koldanu organizmde әr tүrli tukym kualajtyn anomaliyalardyn korinuine әkeledi Mysaly selekciyada osimdik sorttary men asyl tukymdy maldyn bagaly belgilerin saktau maksatynda inbridingtin ortasha dengeji gana koldanylady Inbridingtin zhogary dengejdegi kolajsyz saldary genetikalyk zhagynan tuys adamdardyn nekelesuinin durys emestigine negiz bolady Agajyn adamdar arasyndagy nekelesu olardyn balalarynda sirek bajkalatyn tukym kualajtyn aurularmen auyruyna mүgedektikke oli tuu olip kaluga әkeledi Inbriding recessivti allelderdi shygaru үshin koptegen allelderi bojynsha gomozigotaly organizm taza liniya zhәne asyl tukymdar alu үshin sort ishinde allelderdi saktau үshin populyaciyada әr tүrli belgilerdi anyktau үshin koldanylady Өsimdikter selekciyasynda osy magynaga saj kobinese incuht nemisshe Inzucht termini koldanylady Bul organizmderdin bir populyaciyasyndagy tuystygy ote zhakyn formalardy shagylystyru bolyp sanalady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IV tom Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Ekologiya zhәne tabigat korgau Zhalpy redakciyasyn baskargan tүsindirme sozdikter toptamasyn shygaru zhonindegi gylymi baspa bagdarlamasynyn gylymi zhetekshisi pedagogika gylymdarynyn doktory professor Қazakstan Respublikasy Memlekettik syjlygynyn laureaty A Қ Қusajynov Almaty Mektep baspasy ZhAҚ 2002 zhyl 456 bet ISBN 5 7667 8284 5Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet