Бернхард Карлгрен (швед. Klas Bernhard Johannes Karlgren; 15 қазан 1889, Йёнчёпинг, Швеция — 20 қазан 1978, Стокгольм) – қытайтанушы швед ғалымы, Стокгольм университетінің құрметті профессоры, Швеция, Норвегия, Данияның корольдік академияларының мүшесі, Ұлыбритания мен Ирландия азиялық зерттеулер қоғамдарының, Париждегі Азия қоғамының, Америка шығыстанушылар қоғамының, тағы басқа құрметті мүшесі болған. Швеция, Париж, Лондонның жоғары оқу орындарында білім алды. Шығыс археологиясы мәселелері жөнінде 50-ден астам монографиялық зерттеулер мен көптеген мақалалар жазды. Оның “Граммата Серика”, “Қытай және қытай-жапон тілдерінің аналитикалық сөздігі”, тағы басқа зерттеулері – Орталық және Орта Азияның, оның ішінде сюнну (ғұндар), Сәнби (сабирлар), ежелгі түркілердің және олардың тілдерінің тарихы жөніндегі сирек кездесетін еңбектер. Сонымен бірге, бұл еңбектер ежелгі дәуірде және орта ғасырлардың алғашқы кезеңінде қытай иероглифтерімен жазылған түркі есімдерінің, тіпті мәтіндерінің жазылуын анықтауға мүмкіндік береді. Оның көзқарастары мен зерттеу әдістемесі өзге қытайтанушылар мен түркітанушыларға ықпал етті.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Bernhard Karlgren shved Klas Bernhard Johannes Karlgren 15 kazan 1889 18891015 Jyonchyoping Shveciya 20 kazan 1978 Stokgolm kytajtanushy shved galymy Stokgolm universitetinin kurmetti professory Shveciya Norvegiya Daniyanyn koroldik akademiyalarynyn mүshesi Ұlybritaniya men Irlandiya aziyalyk zertteuler kogamdarynyn Parizhdegi Aziya kogamynyn Amerika shygystanushylar kogamynyn tagy baska kurmetti mүshesi bolgan Shveciya Parizh Londonnyn zhogary oku oryndarynda bilim aldy Shygys arheologiyasy mәseleleri zhoninde 50 den astam monografiyalyk zertteuler men koptegen makalalar zhazdy Onyn Grammata Serika Қytaj zhәne kytaj zhapon tilderinin analitikalyk sozdigi tagy baska zertteuleri Ortalyk zhәne Orta Aziyanyn onyn ishinde syunnu gundar Sәnbi sabirlar ezhelgi tүrkilerdin zhәne olardyn tilderinin tarihy zhonindegi sirek kezdesetin enbekter Sonymen birge bul enbekter ezhelgi dәuirde zhәne orta gasyrlardyn algashky kezeninde kytaj ieroglifterimen zhazylgan tүrki esimderinin tipti mәtinderinin zhazyluyn anyktauga mүmkindik beredi Onyn kozkarastary men zertteu әdistemesi ozge kytajtanushylar men tүrkitanushylarga ykpal etti Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IV tom Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet