Хұсайынов (Құсайынов) Мұхамеджан (1750/56 — 1824, Уфа) — діни әрі саяси қайраткер, Орынбор мүфтиі. Орынбор әкімшілігінің Кіші жүздегі саясатын жүргізуге көмектескен адамдардың бірі. Жас кезінде патша өкіметінің құпия тапсырмасымен Бұхара, Кабул қалаларына барған. Кейін түрлі қызмет атқарып, 1789 ж. мүфти болып тағайындалды. Нұралы, Ерәлі, Есім және Айшуақ хандардың тұсында Кіші жүз қазақтарын Ресей өкіметіне адал болуға шақырды. Ал Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1783 — 97) кезінде реформасын жүзеге асыру мақсатымен шекаралық сот, жазалау топтарын құру жөнінде билер мен старшындар арасында үгіт жүргізді. 1796 ж. Есім хан өлтіріліп, Кіші жүзде хан кеңесі (оны Айшуақ сұлтан басқарды) құ-рылғанда, Хұсайынов патша әкімшілігінің өкілі ретінде кеңестің құрамына кірді. Хұсайынов өзінің “Өсиет” атты (1790 — 1820) жазбаларында Кіші жүздің сол кездегі саяси жағдайы, қазақ қоғамының ішкі күресінің себеп-салдары, Әбілқайыр ханның ұрпақтары, өзара жауласқан топтар туралы мәліметтер береді. Бірақ патша өкіметінің мүддесін қорғаған адам болғандықтан мүфтидің жазбаларында Ресей империясының отарлау саясатын қорғау жағы басым. Хұсайыновтың қызы Фатима Бөкей Ордасының ханы Жәңгірдің әйелі болған.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Husajynov Қusajynov Muhamedzhan 1750 56 1824 Ufa dini әri sayasi kajratker Orynbor mүftii Orynbor әkimshiliginin Kishi zhүzdegi sayasatyn zhүrgizuge komektesken adamdardyn biri Zhas kezinde patsha okimetinin kupiya tapsyrmasymen Buhara Kabul kalalaryna bargan Kejin tүrli kyzmet atkaryp 1789 zh mүfti bolyp tagajyndaldy Nuraly Erәli Esim zhәne Ajshuak handardyn tusynda Kishi zhүz kazaktaryn Resej okimetine adal boluga shakyrdy Al Syrym Datuly bastagan ult azattyk kozgalys 1783 97 kezinde reformasyn zhүzege asyru maksatymen shekaralyk sot zhazalau toptaryn kuru zhoninde biler men starshyndar arasynda үgit zhүrgizdi 1796 zh Esim han oltirilip Kishi zhүzde han kenesi ony Ajshuak sultan baskardy ku rylganda Husajynov patsha әkimshiliginin okili retinde kenestin kuramyna kirdi Husajynov ozinin Өsiet atty 1790 1820 zhazbalarynda Kishi zhүzdin sol kezdegi sayasi zhagdajy kazak kogamynyn ishki kүresinin sebep saldary Әbilkajyr hannyn urpaktary ozara zhaulaskan toptar turaly mәlimetter beredi Birak patsha okimetinin mүddesin korgagan adam bolgandyktan mүftidin zhazbalarynda Resej imperiyasynyn otarlau sayasatyn korgau zhagy basym Husajynovtyn kyzy Fatima Bokej Ordasynyn hany Zhәngirdin әjeli bolgan Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 zhyl ISBN 5 89800 123 9 II tomBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet