Иран революциясы (1905-11) – империализм мен феодализмге қарсы буржуазиялық революция.
Революцияның басталу себептері
Оған Каджар әулеті бастаған билеуші феодалдар тобы және оларды қолдайтын империалистер мен жаңадан пайда бола бастаған ұлттық буржуазия, шаруалар, қолөнершілер және жұмысшылар арасындағы қайшылықтар себеп болды. Бұл қайшылықтар Иранның 20 ғасырдың басында Англия мен патшалық Ресейдің жартылай отарына айналуына байланысты күшейе түскен еді. 1905-07 жылы орыс революциясы Иранға үлкен әсер етіп, революцияның басталуын тездетті.
Революцияның бірінші кезеңі
Иран революциясы 1905 жылдың аяғында жаппай ереуілдермен және Тегеран, Шираз, т. б. қалаларда шаһ өкіметінің зорлық-зомбылығына қарсы жалпы халықтық қызу демонстрациялармен басталды. Халық қозғалысының дүмпуінен қауіптенген шаһ 1906 жылы 5 тамызда конституциялық құрылысты енгізуге мәжбүр болды. 7 қазанда бірінші Иран мәжілісі ашылды. Ол шаһ өкіметіне шек қоятын Иран конституциясының бірінші бөлімін – Негізгі заңды жасады. Негізгі заң бекітілгеннен кейін (1906), революцияның бірінші кезеңі аяқталды.
Революцияның екінші кезеңі
1907 жылы революцияның екінші кезеңі басталды. Демократиялық және реакциялық күштер арасындағы күрес шиеленісе түсті. Революцияға қатысушылар арасында либералдық және демократиялық бағыт өріс алды. 1907 жылы 7 қазанда мәжіліс қабылдаған Негізгі заңға қосымшаларды бекітті. Иран конституциясының ең маңызды бөлімі болған бұл қосымшалар азаматтардың буржуазиялық праволарын енгізді. Империалистік елдер Иран революциясына қарсы болды. 1907 жылы Англия мен патшалық Ресей өзара келісім жасасып, 1909 жылдың көктемінде Оңтүстік Иранға ағылшын әскерлері, Иран Азербайжаны мен Гилян қаласына патша әскерлері кірді. Бұл Иран реакцияшыларының жағдайын жақсарта түсті. Сөйтіп 1908 жылы 23 маусымда Мұхаммед-Әли шаһ патша офицерлері бастаған парсы казактар бригадасының күшімен контрреволюция төңкеріс жасады. Бұдан кейін революция күрес орталығы Иран Азербайжанына ауысып, 1908-09 жылы Тебриз көтерілісі басталды. Бұл революцияның ең жоғарғы сатысы – қарулы көтеріліске ұласып кей жерлерде (Тебриз) қозғалыс басында демократияшыл топтар тұрды. Революцияшыл Тебризге Закавказье революционерлері үлкен көмек көрсетті. Олар Тебризге еріктілер отрядтарын, қару-жарақ жіберіп, шаһ әскерлерімен шайқасқа қатысты. Гилян революционерлеріне Г. К. бастаған Закавказье большевиктері көп көмек көрсетті. 1909 жылы шілдеде гилян федайлары мен бахтияр отрядтарының Тегеранға жасаған табысты жорығының нәтижесінде тақтан түсіріліп, кәмелетке толмаған оның баласы Ахмед шаһ болып жарияланды. Бұдан кейін-ақ революция өзінің соңғы кезеңіне енді (1909-11).
Революцияның соңғы кезеңі
1911 жылы шілдеде патша үкіметінің құпия қолдауымен Иранға бұрынғы шаһ Мұхаммед-Әли келді. Курдистан қаласында оның інісі Салар-әд-Доул реакцияшыл бүліншілік көтерді. Реакцияның ескі тәртібін қайтадан орнатып, революция жетістіктерін жоймақ болған әрекеті халықты ызаландыра түсті. Бүкіл Иранда контрреволюцияға соққы беруді талап еткен жаппай шерулер мен демонстрациялар өріс алды. Сөйтіп қайтадан революцияшыл қарулы федай отрядтары құрыла бастады. 1911 жылдың күзінде Мұхаммед Әли Салар-әд-Доулдың қарақшылары біріккен үкімет күштері мен ерікті отрядтардан ойсырап жеңілді. Иран революциясы 1911 жылдың аяғында империалистік державалардың және Иран реакциясының біріккен күштерімен басылды.
Иран революциясы – 1905-07 жылғы орыс революциясынан кейін көтерілген, В. И. Ленин «Азияның оянуы» деп атаған империализм мен феодализмге қарсы толқынның бір бөлігі. Бұл толқын шығыста буржуазиялық-демократиялық және ұлт-азаттық революциялар заманын ашты.
Дереккөздер
Қазақ совет энцеклопедиясы. 5 том.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Iran revolyuciyasy 1905 11 imperializm men feodalizmge karsy burzhuaziyalyk revolyuciya Revolyuciyanyn bastalu sebepteriOgan Kadzhar әuleti bastagan bileushi feodaldar toby zhәne olardy koldajtyn imperialister men zhanadan pajda bola bastagan ulttyk burzhuaziya sharualar kolonershiler zhәne zhumysshylar arasyndagy kajshylyktar sebep boldy Bul kajshylyktar Irannyn 20 gasyrdyn basynda Angliya men patshalyk Resejdin zhartylaj otaryna ajnaluyna bajlanysty kүsheje tүsken edi 1905 07 zhyly orys revolyuciyasy Iranga үlken әser etip revolyuciyanyn bastaluyn tezdetti Revolyuciyanyn birinshi kezeniIran revolyuciyasy 1905 zhyldyn ayagynda zhappaj ereuildermen zhәne Tegeran Shiraz t b kalalarda shaһ okimetinin zorlyk zombylygyna karsy zhalpy halyktyk kyzu demonstraciyalarmen bastaldy Halyk kozgalysynyn dүmpuinen kauiptengen shaһ 1906 zhyly 5 tamyzda konstituciyalyk kurylysty engizuge mәzhbүr boldy 7 kazanda birinshi Iran mәzhilisi ashyldy Ol shaһ okimetine shek koyatyn Iran konstituciyasynyn birinshi bolimin Negizgi zandy zhasady Negizgi zan bekitilgennen kejin 1906 revolyuciyanyn birinshi kezeni ayaktaldy Revolyuciyanyn ekinshi kezeni1907 zhyly revolyuciyanyn ekinshi kezeni bastaldy Demokratiyalyk zhәne reakciyalyk kүshter arasyndagy kүres shielenise tүsti Revolyuciyaga katysushylar arasynda liberaldyk zhәne demokratiyalyk bagyt oris aldy 1907 zhyly 7 kazanda mәzhilis kabyldagan Negizgi zanga kosymshalardy bekitti Iran konstituciyasynyn en manyzdy bolimi bolgan bul kosymshalar azamattardyn burzhuaziyalyk pravolaryn engizdi Imperialistik elder Iran revolyuciyasyna karsy boldy 1907 zhyly Angliya men patshalyk Resej ozara kelisim zhasasyp 1909 zhyldyn kokteminde Ontүstik Iranga agylshyn әskerleri Iran Azerbajzhany men Gilyan kalasyna patsha әskerleri kirdi Bul Iran reakciyashylarynyn zhagdajyn zhaksarta tүsti Sojtip 1908 zhyly 23 mausymda Muhammed Әli shaһ patsha oficerleri bastagan parsy kazaktar brigadasynyn kүshimen kontrrevolyuciya tonkeris zhasady Budan kejin revolyuciya kүres ortalygy Iran Azerbajzhanyna auysyp 1908 09 zhyly Tebriz koterilisi bastaldy Bul revolyuciyanyn en zhogargy satysy karuly koteriliske ulasyp kej zherlerde Tebriz kozgalys basynda demokratiyashyl toptar turdy Revolyuciyashyl Tebrizge Zakavkaze revolyucionerleri үlken komek korsetti Olar Tebrizge eriktiler otryadtaryn karu zharak zhiberip shaһ әskerlerimen shajkaska katysty Gilyan revolyucionerlerine G K bastagan Zakavkaze bolshevikteri kop komek korsetti 1909 zhyly shildede gilyan fedajlary men bahtiyar otryadtarynyn Tegeranga zhasagan tabysty zhorygynyn nәtizhesinde taktan tүsirilip kәmeletke tolmagan onyn balasy Ahmed shaһ bolyp zhariyalandy Budan kejin ak revolyuciya ozinin songy kezenine endi 1909 11 Revolyuciyanyn songy kezeni1911 zhyly shildede patsha үkimetinin kupiya koldauymen Iranga buryngy shaһ Muhammed Әli keldi Kurdistan kalasynda onyn inisi Salar әd Doul reakciyashyl bүlinshilik koterdi Reakciyanyn eski tәrtibin kajtadan ornatyp revolyuciya zhetistikterin zhojmak bolgan әreketi halykty yzalandyra tүsti Bүkil Iranda kontrrevolyuciyaga sokky berudi talap etken zhappaj sheruler men demonstraciyalar oris aldy Sojtip kajtadan revolyuciyashyl karuly fedaj otryadtary kuryla bastady 1911 zhyldyn kүzinde Muhammed Әli Salar әd Douldyn karakshylary birikken үkimet kүshteri men erikti otryadtardan ojsyrap zhenildi Iran revolyuciyasy 1911 zhyldyn ayagynda imperialistik derzhavalardyn zhәne Iran reakciyasynyn birikken kүshterimen basyldy Iran revolyuciyasy 1905 07 zhylgy orys revolyuciyasynan kejin koterilgen V I Lenin Aziyanyn oyanuy dep atagan imperializm men feodalizmge karsy tolkynnyn bir boligi Bul tolkyn shygysta burzhuaziyalyk demokratiyalyk zhәne ult azattyk revolyuciyalar zamanyn ashty DerekkozderҚazak sovet enceklopediyasy 5 tom