Авиация (франц. aviation, лат. аvis - құс) – Жер маңайындағы әуе кеңістігінде ауадан ауыр аппараттармен (ұшақ, тікұшақ, т.б.) ұшуды білдіретін ұғым. Осы аппараттардың ұшуын қамтамасыз ететін қызметтер жүйесі де авиация құрамына енеді.
Авиация азаматтық авиация және әскери авиация болып екіге бөлінеді. Азаматтық авиацияға көліктік, санитарлық, оқу-спорттық, арнайы мақсатқа арналған, ал әскери авиацияға әуе күштері, теңіздік, армиялық, әуе шабуылынан қорғануға арналған ұшу аппараттары жатады.
Адамның аспанға ұшу жөніндегі арманы ерте заманнан басталған. Тасқа салынған қанатты адамдардың суреттері соның дәлелі болып табылады. Дүние жүзіндегі көптеген халықтардың ертегілері мен аңыздарында аспанға ұшу жөніндегі адам арманы айтылады. 1754 жылы орыс ғалымы М.В.Ломоносов серіппе күшімен қозғалысқа келетін тікұшақ моделін жасап, ондай аппараттың ұша алатынын іс-жүзінде дәлелдеді. 19-ғасырдың аяғында моторсыз ұшатын аппараттар – қалқыма ұшақтар жасала бастады. 1891-96 жылдары неміс ғалымы О.Лилиенталь бірқатар қалқыма ұшақ жасап, бірнешеуімен ұшып та көрді. 19-ғасырдағы бу машинасын жасаудың қарқынды дамуы бу қозғалтқышы бар ұшақ жасау ісіне алып келді. Ресейде теңіз офицері А.Ф.Можайский (1825-1890) өзі әуеде ұшатын оқ деп атаған осындай ұшатын аппаратқа патент алды. Қалқыма ұшақ 1885 жылы жасалды, бірақ ұшу кезінде апатқа ұшырады. 1894 жылы Англияда конструктор Х.Максим бу машиналы алапат ұшақ жасады, ол да ұшар мезетте жерге құлап түсіп қирады. Француз өнертапқышы К.Адер жарқанаттың қанатын көзге елестетін «Авьон» аппаратымен бірнеше ондаған қашықтықты ұшып өтіп барып (1897) құлады. Бұл сәтсіздіктердің бәрі де, негізінен, бу қозғалтқыштардың аса ауырлығы мен ұшу талабына сай келмейтінінен болып жатты.
19-ғасырдың аяғында автомобильдерде кеңінен қолданылған іштен жанатын қозғалтқыштардың жетілдірілуі жеңіл әрі қуатты авиациялық қозғалтқышты жасауға жол ашты. Оны ұшаққа алғаш болып америкалық ағайынды механиктер У. және О.Райт пайдаланды. 1903 жылы 17 желтоқсанда олардың керосинмен жұмыс істейтін қозғалтқышы бар ұшағы сәтті ұшты. Ағайынды Райттар жасаған ұшақтарын жетілдіре түсіп, 1908 жылы сенімді басқарылатын және 1,5 сағатқа дейін ұша алатын күйге жеткізді. 20-ғасырдың басында Еуропада, негізінен, Францияда, А. Сантос-Дюмон, Ф.Фербер және басқалар бірінен соң бірі ұшақ жасауға кірісті. 1909 жылы 25 шілдеде француз конструктор-ұшқышы Л.Блерио өзінің монопландық сұлбада жасаған «Блерио-11» ұшағымен Франциядан Англияға Ла-Манш бұғазы үстімен ұшып өтті. 1909-14 жылдары Я.М.Гаккель, Д.П.Григорович, В.А.Слесаров, И.И.Стеглау жасаған ұшақтар шықты. 1910 жылы Б.Н.Юрьев Ресейдегі алғашқы тікұшақтың жобасын жасады. Дегенмен, бұл кезеңдегі ұшақтардың сапасы аса жақсы болған жоқ. Соның салдарынан көптеген ұшақтар апатқа ұшырап отырды. Ілгері дамыған көптеген елдердің ғалымдары авиация саласында теориялық және тәжірибелік ізденістерге кірісті. АҚШ-та – С.Ленгли мен О.Шанют, Англияда – Дж.Кейли, Францияда – А.Эйфель, Германияда – Л.Прандтль, Ресейде – Н.Е.Жуковский мен С.А.Чаплыгин авиацияның дамуына үлкен үлес қосты. 1914 жылы басталған 1-дүние жүзілік соғыс авиацияның шұғыл өркендеуіне себепкер болды. Ол кезеңдегі белгілі ұшақтардың қатарына Ресейдің «Илья Муромец», Францияның «Фарман», «Вуазен» және «Ньюпор», ағылшынның «Сопвич», немістің «Фоккер» ұшақтарын жатқызуға болады. Олар сағатына 90-120 км жылдамдықпен ұшты. Кейінірек ұшақтардың ұшу жылдамдықтары сағатына 200-220 км, биіктеуі 7 км-ге жетті. 20-ғасырдың 20-30-жылдары Англияда, Францияда, АҚШ-та, Германияда, Ресейде және басқа елдерде әскери және азаматтық ұшақтардың бірнеше жүздеген типтері жасалып, олардың көпшілігі көп сериямен шығарылды. Англияда жасалынған «Супермарин S.6В» ұшағы айрықша болды. Онымен 1927 жылы американ ұшқышы Ч.Линдберг алғаш рет АҚШ-тан Еуропаға Атлант мұхиты үстімен ұшып өтті. Он жылдан кейін 1937 жылы орыс ұшқыштары В.П.Чкалов, Г.Ф.Байдуков және штурман А.В.Беляков АНТ-25 ұшағымен Мәскеу – Солтүстік Полюс – Ванкувер (АҚШ) маршруты бойынша 8504 км аралықты қонбай ұшып өтті. Бұл ерлікті кейін өзге ұшқыштар да қайталады. 30-жылдардың 2-жартысында КСРО-да, Англияда, Германияда, Италияда, АҚШ-та, Францияда реактивті қозғалтқыштардың шығуымен авиация техникасы сапа жағынан жаңа сатыға көтерілді. Реактивті қозғалтқыштары бар алғашқы шетелдік ұшақтардан: Италияның КК-1 және КК-2 (1940-41), Англияның «Глостер» (1941), АҚШ «Эркомет» (1942) ұшақтарын атауға болады. 50-жылдардың басында алғаш рет Кеңес Одағында дыбыстан жылдам ұшатын (сағатына 1450 км) бір орындық МиГ-19 жойғыш ұшағы, 60-жылдардың екінші жартысында американың F-4 «Фантом» жойғыш-бомбалаушысы, сондай-ақ көп мақсатқа қолданылатын, бірден тік көтеріле ұшы, тік қона алатын, ұшқан кезде қанатының геометриялық параметрлерін қажетке қарай өзгертуге болатын F-111 ерекше ұшақтары жасалды. 60-жылдардың аяғында бірқатар елдерде дыбыстан жылдам ұшатын жолаушы таситын ұшақтар жасалды. 90-жылдардың басында әскери ұшақтардың ұшу жылдамдығы сағатына 3000-3500 км, биіктігі 30000 м, ұшу қашықтығы 15000 км-ден асты, тіпті әуеде жанармай құйып алатын дәрежеге жетті. Бірқатар елдерде орбиталық және әуе-ғарыштық ұшақтар жасау жұмыстары жүргізілді және әжептәуір табыстарға қол жетті. Авиация мен ракеталық техникалардың дамуы ғарыштық кемелердің және қуатты көпсатылы тасығыш ракеталарды шығаруға негіз қалады. Қазақстандағы авиацияның дамуы 1926 жылдан басталады. Осы жылы Қызылорда аэропортының құмдауыт алаңынан алғаш рет аспанға ПО-2 ұшағы көтерілді. 1929 жылы Қызылорда – Мәскеу әуе жолы орнықты. Алматы –Мәскеу тұрақты әуе қатынасы 1940 жылы ПС-84 ұшағы арқылы жалғасты. 1970 жылы әуе жолының ұзындығы 75 мың км-ге жуықтады. Әуе жолы ол кезде Қазақстан астанасы Алматыны одақтас республикалар астаналары және ірі өнеркәсіпті қалалармен байланыстырды. 1977 жылдан дыбыстан жылдам ұшатын ТУ-144жолаушы алып ұшағы 1-рет КСРО-да Алматы мен Мәскеуді жалғастырды. Республикамыздың аудан, облыс орталықтары мен әуе жолы байланысы орнады. Республика әуе жолдарының ұзындығы 1975 жылы 80,0 мың км болды. Бұл сол кездегі жалпы одақтың әуе жолдары ұзындығының 11%-і еді. Онан кейінгі жылдары ұшақ паркі сапа жағынан жаңартылып, сан жағынан өсе түсті. Республиканың әуе жодарында Ан-24, Ил-76, Ил-62, Ту-134, Ту-154, Як-40, Як-42 ұшқыр ұшақтары жолаушыларға қызмет етіп келеді. Соңғы кездегі жаңа техникалардың қолданылуына байланысты аэропорттар жүйесі едәуір ұлғайды. Қазақстанның магистральдық және жергілікті әуе жолдарында аэропорт пен аэровокзал саны көбейді. Ұшақтарды қондыру және қозғалысын басқарудың радио-радиолокациялық және жарыққа негізделген техникалық құралдарын қайта құру және жаңарту жөнінде көп жұмыстар жасалды. Агенттіктер мен аэрофлот кассаларының жүйесі ұлғайды, көпшілікке қызмет көрсетудің автоматтандырылған жүйесі – «Сирена» ойдағыдай қызмет атқарады. Ил-76, Ил-86, Ту-134, Ту-154, «Боинг-737» және «Боинг-747» ұшақтары 90-жылдардан бастап Қазақстан Республикасы қалаларын Будапешт, Бейжің, Сеул, Ыстамбұл, Тегеран, Тель-Авив, Мәскеу, т.б. көптеген қалалармен байланыстырды. Астанадан тәулігіне 15, Алматыдан 200-ден аса әуе кемелері ұшады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Aviaciya franc aviation lat avis kus Zher manajyndagy әue kenistiginde auadan auyr apparattarmen ushak tikushak t b ushudy bildiretin ugym Osy apparattardyn ushuyn kamtamasyz etetin kyzmetter zhүjesi de aviaciya kuramyna enedi Otto Liliental 29 mamyr 1895 zh Aviaciya azamattyk aviaciya zhәne әskeri aviaciya bolyp ekige bolinedi Azamattyk aviaciyaga koliktik sanitarlyk oku sporttyk arnajy maksatka arnalgan al әskeri aviaciyaga әue kүshteri tenizdik armiyalyk әue shabuylynan korganuga arnalgan ushu apparattary zhatady Adamnyn aspanga ushu zhonindegi armany erte zamannan bastalgan Taska salyngan kanatty adamdardyn suretteri sonyn dәleli bolyp tabylady Dүnie zhүzindegi koptegen halyktardyn ertegileri men anyzdarynda aspanga ushu zhonindegi adam armany ajtylady 1754 zhyly orys galymy M V Lomonosov serippe kүshimen kozgalyska keletin tikushak modelin zhasap ondaj apparattyn usha alatynyn is zhүzinde dәleldedi 19 gasyrdyn ayagynda motorsyz ushatyn apparattar kalkyma ushaktar zhasala bastady 1891 96 zhyldary nemis galymy O Liliental birkatar kalkyma ushak zhasap birnesheuimen ushyp ta kordi 19 gasyrdagy bu mashinasyn zhasaudyn karkyndy damuy bu kozgaltkyshy bar ushak zhasau isine alyp keldi Resejde teniz oficeri A F Mozhajskij 1825 1890 ozi әuede ushatyn ok dep atagan osyndaj ushatyn apparatka patent aldy Қalkyma ushak 1885 zhyly zhasaldy birak ushu kezinde apatka ushyrady 1894 zhyly Angliyada konstruktor H Maksim bu mashinaly alapat ushak zhasady ol da ushar mezette zherge kulap tүsip kirady Francuz onertapkyshy K Ader zharkanattyn kanatyn kozge elestetin Avon apparatymen birneshe ondagan kashyktykty ushyp otip baryp 1897 kulady Bul sәtsizdikterdin bәri de negizinen bu kozgaltkyshtardyn asa auyrlygy men ushu talabyna saj kelmejtininen bolyp zhatty 19 gasyrdyn ayagynda avtomobilderde keninen koldanylgan ishten zhanatyn kozgaltkyshtardyn zhetildirilui zhenil әri kuatty aviaciyalyk kozgaltkyshty zhasauga zhol ashty Ony ushakka algash bolyp amerikalyk agajyndy mehanikter U zhәne O Rajt pajdalandy 1903 zhyly 17 zheltoksanda olardyn kerosinmen zhumys istejtin kozgaltkyshy bar ushagy sәtti ushty Agajyndy Rajttar zhasagan ushaktaryn zhetildire tүsip 1908 zhyly senimdi baskarylatyn zhәne 1 5 sagatka dejin usha alatyn kүjge zhetkizdi 20 gasyrdyn basynda Europada negizinen Franciyada A Santos Dyumon F Ferber zhәne baskalar birinen son biri ushak zhasauga kiristi 1909 zhyly 25 shildede francuz konstruktor ushkyshy L Blerio ozinin monoplandyk sulbada zhasagan Blerio 11 ushagymen Franciyadan Angliyaga La Mansh bugazy үstimen ushyp otti 1909 14 zhyldary Ya M Gakkel D P Grigorovich V A Slesarov I I Steglau zhasagan ushaktar shykty 1910 zhyly B N Yurev Resejdegi algashky tikushaktyn zhobasyn zhasady Degenmen bul kezendegi ushaktardyn sapasy asa zhaksy bolgan zhok Sonyn saldarynan koptegen ushaktar apatka ushyrap otyrdy Ilgeri damygan koptegen elderdin galymdary aviaciya salasynda teoriyalyk zhәne tәzhiribelik izdenisterge kiristi AҚSh ta S Lengli men O Shanyut Angliyada Dzh Kejli Franciyada A Ejfel Germaniyada L Prandtl Resejde N E Zhukovskij men S A Chaplygin aviaciyanyn damuyna үlken үles kosty 1914 zhyly bastalgan 1 dүnie zhүzilik sogys aviaciyanyn shugyl orkendeuine sebepker boldy Ol kezendegi belgili ushaktardyn kataryna Resejdin Ilya Muromec Franciyanyn Farman Vuazen zhәne Nyupor agylshynnyn Sopvich nemistin Fokker ushaktaryn zhatkyzuga bolady Olar sagatyna 90 120 km zhyldamdykpen ushty Kejinirek ushaktardyn ushu zhyldamdyktary sagatyna 200 220 km biikteui 7 km ge zhetti 20 gasyrdyn 20 30 zhyldary Angliyada Franciyada AҚSh ta Germaniyada Resejde zhәne baska elderde әskeri zhәne azamattyk ushaktardyn birneshe zhүzdegen tipteri zhasalyp olardyn kopshiligi kop seriyamen shygaryldy Angliyada zhasalyngan Supermarin S 6V ushagy ajryksha boldy Onymen 1927 zhyly amerikan ushkyshy Ch Lindberg algash ret AҚSh tan Europaga Atlant muhity үstimen ushyp otti On zhyldan kejin 1937 zhyly orys ushkyshtary V P Chkalov G F Bajdukov zhәne shturman A V Belyakov ANT 25 ushagymen Mәskeu Soltүstik Polyus Vankuver AҚSh marshruty bojynsha 8504 km aralykty konbaj ushyp otti Bul erlikti kejin ozge ushkyshtar da kajtalady 30 zhyldardyn 2 zhartysynda KSRO da Angliyada Germaniyada Italiyada AҚSh ta Franciyada reaktivti kozgaltkyshtardyn shyguymen aviaciya tehnikasy sapa zhagynan zhana satyga koterildi Reaktivti kozgaltkyshtary bar algashky sheteldik ushaktardan Italiyanyn KK 1 zhәne KK 2 1940 41 Angliyanyn Gloster 1941 AҚSh Erkomet 1942 ushaktaryn atauga bolady 50 zhyldardyn basynda algash ret Kenes Odagynda dybystan zhyldam ushatyn sagatyna 1450 km bir oryndyk MiG 19 zhojgysh ushagy 60 zhyldardyn ekinshi zhartysynda amerikanyn F 4 Fantom zhojgysh bombalaushysy sondaj ak kop maksatka koldanylatyn birden tik koterile ushy tik kona alatyn ushkan kezde kanatynyn geometriyalyk parametrlerin kazhetke karaj ozgertuge bolatyn F 111 erekshe ushaktary zhasaldy 60 zhyldardyn ayagynda birkatar elderde dybystan zhyldam ushatyn zholaushy tasityn ushaktar zhasaldy 90 zhyldardyn basynda әskeri ushaktardyn ushu zhyldamdygy sagatyna 3000 3500 km biiktigi 30000 m ushu kashyktygy 15000 km den asty tipti әuede zhanarmaj kujyp alatyn dәrezhege zhetti Birkatar elderde orbitalyk zhәne әue garyshtyk ushaktar zhasau zhumystary zhүrgizildi zhәne әzheptәuir tabystarga kol zhetti Aviaciya men raketalyk tehnikalardyn damuy garyshtyk kemelerdin zhәne kuatty kopsatyly tasygysh raketalardy shygaruga negiz kalady Қazakstandagy aviaciyanyn damuy 1926 zhyldan bastalady Osy zhyly Қyzylorda aeroportynyn kumdauyt alanynan algash ret aspanga PO 2 ushagy koterildi 1929 zhyly Қyzylorda Mәskeu әue zholy ornykty Almaty Mәskeu turakty әue katynasy 1940 zhyly PS 84 ushagy arkyly zhalgasty 1970 zhyly әue zholynyn uzyndygy 75 myn km ge zhuyktady Әue zholy ol kezde Қazakstan astanasy Almatyny odaktas respublikalar astanalary zhәne iri onerkәsipti kalalarmen bajlanystyrdy 1977 zhyldan dybystan zhyldam ushatyn TU 144zholaushy alyp ushagy 1 ret KSRO da Almaty men Mәskeudi zhalgastyrdy Respublikamyzdyn audan oblys ortalyktary men әue zholy bajlanysy ornady Respublika әue zholdarynyn uzyndygy 1975 zhyly 80 0 myn km boldy Bul sol kezdegi zhalpy odaktyn әue zholdary uzyndygynyn 11 i edi Onan kejingi zhyldary ushak parki sapa zhagynan zhanartylyp san zhagynan ose tүsti Respublikanyn әue zhodarynda An 24 Il 76 Il 62 Tu 134 Tu 154 Yak 40 Yak 42 ushkyr ushaktary zholaushylarga kyzmet etip keledi Songy kezdegi zhana tehnikalardyn koldanyluyna bajlanysty aeroporttar zhүjesi edәuir ulgajdy Қazakstannyn magistraldyk zhәne zhergilikti әue zholdarynda aeroport pen aerovokzal sany kobejdi Ұshaktardy kondyru zhәne kozgalysyn baskarudyn radio radiolokaciyalyk zhәne zharykka negizdelgen tehnikalyk kuraldaryn kajta kuru zhәne zhanartu zhoninde kop zhumystar zhasaldy Agenttikter men aeroflot kassalarynyn zhүjesi ulgajdy kopshilikke kyzmet korsetudin avtomattandyrylgan zhүjesi Sirena ojdagydaj kyzmet atkarady Il 76 Il 86 Tu 134 Tu 154 Boing 737 zhәne Boing 747 ushaktary 90 zhyldardan bastap Қazakstan Respublikasy kalalaryn Budapesht Bejzhin Seul Ystambul Tegeran Tel Aviv Mәskeu t b koptegen kalalarmen bajlanystyrdy Astanadan tәuligine 15 Almatydan 200 den asa әue kemeleri ushady Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet