Неке – отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты – неке деп түсінуіміз қажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады (қараңыз азаматтық неке). Егер кәмелетке толған балалары ата-анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе – бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата-анасыз бірге тұрып, бір-біріне қамқорлық жасайтын болса – бұл да отбасы. Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайтын қатынастар- отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік, өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі
Некенің құқықтық табиғаты
Заңда неке таңдауға ерік берілген, яғни некеге тұру немесе оны бұзу үшін тараптардың өзара ерікті келісімі қажет. Некеде ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері тең, әйелдердің құқығын шектеуге жол берілмейді. Бұл әйелдердің үй шаруашылығын жүргізумен ғана айналысып қоймай, сондай-ақ ерімен бірге бизнеспен айналысуына, мансапқа талпынуына мүмкіндік береді. Ерлі-зайыптық қатынастар, әдеттегідей ғұмырлық, яки некеге тұру белгілі бір мерзім көрсетілмей жүзеге асырылады.
Қазақстанда мемлекеттік органында тіркелген неке ғана неке деп танылады.
Қазақстанда некеге тұрған кезде отбасылық қатынастарда әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік немесе қай дінді ұстанатындығына қарай азаматтардың құқығын шектеудің кез келген түрлеріне тыйым салынады. Ерлі-зайыптылар қатынастарына туыстарының араласуына жол берілмейді.
Некеге тұрудың шарттары мен тәртібі. Неке жасы.
Некеге тұру некеге тұрушы ері мен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жету болып табылады. Егер неке күш көрсету, алдау, қорқыту жолымен қиылған болса, онда ол жарамсыз деп танылуы мүмкін. Некеге тұру келісімін некені тіркеу рәсімінің барысында некеге тұрушы адамның тікелей өзі ауызша білдіреді және оның қолын қойғызу арқылы расталады. Соның өзінде ата – аналарының немесе туыстарының келісімі талап етілмейді. Дей тұрғанмен, қай жағынан алып қарағанда да ата – анасының құптауы болашақ отбасы үшін өте маңызды екендігі күмәнсіз. Отбасын құру үшін неке жасына жетудің үлкен маңызы бар. Некеге тұрушылар белгілі бір рухани және күш – қуат кемелділігіне ие болуы керек, ол белгілі бір жаспен байланысты. Біздің заңымызға сәйкес неке жасы – 18 жас. АХАТ органдары дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендете алады. Неке жасына жетпеген адамдардың некеге тұруына ата – аналарының келісімі бойынша ғана рұқсат етіледі. Жүктілік немесе баланың тууы, әскери қызметке шақырылуы, кәмелетке толмағандардың нақты отбасын құруы дәлелді себептердің қатарына жатады. Соның өзінде басқа да дәлелді себептердің болуы мүмкін.
Некеге тұратын адамдар медициналық, сондай – ақ медициналық – генетикалық мәселелер және репродукциялық денсаулық қорғау мәселелері бойынша консультациялар алып, тексеруден өтулеріне болады. Мұндай тексерулер некеге тұратын адамдардың екеуінің келісімімен ғана өткізілуі тиіс. Некеге тұратын адамдарды тексерудің нәтижелері медициналық құпия болып табылады және ол некеге тұруға ниеттенген адамға тексеруден өткен адамның келісімімен ғана хабарлануы мүмкін.
Болашақ ерлі – зайыптылар АХАТ органына өздерінің некеге тұрғысы келетіндіктері туралы бірлесіп жазбаша түрде мәлімдеуі керек. Ал олардың біреуі АХАТ органына бірге өтініш беру үшін келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда қалай істеу керек? Егер ол дәлелді себептермен АХАТ органына келе алмайтын жағдайда ол адамдардың некеге тұруды қалайтындытары жөніндегі нотариус куәландырған өтінішін табыс етуге заң рұқсат береді. Некеге тұратын адамның тікелей қатысуымен неке мемлекеттік АХАТ органдарында қиылады. Некені сенімхат бойынша немесе өкілер арқылы қиюға тыйым салынады. Қамауда немесе бас бостандығынан айырылғандар некеге отыра алады. Алайда оларда мемлекеттік тіркеу АХАТ – та емес, бас бостандығын айыру орнында немесе қамауда отырған жерде жүргізіледі. Заңда неке қиюға кедергілер де көзделген. Бұл өзге тіркелген некенің болуы, болашақ ерлі – зайыптылардың жақын туыстығы, некеге тұрушылардың біреуінің іс - әрекетке қабілетсіздігі, сондай – ақ бала асырап алушылар мен асырап алғандар арасында неке қию.
Некелік шарт
Некелік шарт – біздің тұрмысымызға салыстырмалы түрде жақында енген ұғым. Некелік шарт деп – некеге тұратын адамдардың немесе ерлі-зайыптылардың некеде тұрғандағы немесе оны бұзған жағдайдағы мүліктік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын келісімдері танылады. Некелік шарт міндетті түрде жазбаша жасалуы және нотариуспен куәландырылуы қажет. Некелік шартты некеге отыратын адамдардың тікелей өздері, сондай-ақ адвокат не нотариус толтыруы мүмкін екендігін айырықша атап көрсету қажет. Некелік шартты нотариалды куәландыру үшін жекеменшік немесе мемлекеттік нотариусқа жүгіну керек. Некелік шартты некені тіркегенге дейін, сондай-ақ некеде тұрған кез келген уақытта жасасуға болады. Некелік шарттың субъектілері не ерлі-зайыптылар, не некеге енді тұруға әзірленіп жатқан адамдар болуы мүмкін (күйеу мен қалыңдық). Ерлі-зайыптылар, яғни АХАТ органдарында тіркелмеген, бірақ бірге тұратын және бір-біріне қамқорлық көрсететін адамдар некелік шарт жасаса алмайды. Некеге тұратын кәмелетке толмағандар (18 жасқа дейінгі адамдар) ата-аналарының немесе қамқоршыларының келісімімен ғана некелік шарт жасаса алады. Бұл кәмелетке толмағандардың өз бетінше некелік шарт жасасуына тыйым салынады деген сөз. Некелік шарт жасасу – некені тіркеу үшін қажетті шарт болып табылмайтындағын атап өту керек. Некеге отыратын адамдардың немесе ерлі-зайыптылардың неке шартын жасасуы немесе оған қол қоюдан бас тартуы ерікті түрде шешіледі, өйткені бұл олардың міндеті емес, құқығы болып табылады. Бірақ сонымен бірге неке шартында ерлі-зайыптылардың немесе некеге тұратын адамдардың ортақ еркі білдірілуі тиіс.
Неке қиюдың кедергілері. Некенің жарамсыздығы. Жалған неке
жақын туыс адамдардың арасында неке қиюға тыйым салынады. Бұл тыйым салудың негізінде көптеген тұқым-қуалаушылық аурулардың болашақ ұрпаққа медициналық-биологиялық жолмен берілу мүмкіндігі жатыр. Мәселен, қазақтың әдеттік құқығы жеті атаға дейінгі адамдардың некеге тұруына тыйым салады. Қазіргі қолданылып жүрген заң немере қарындастары мен ағаларының, нағашылары мен жиендерінің некеге тұруына тыйым салмайды. Бірақ әдептік нормалармен денсаулығы нашар ұрпақтың дүниеге келу мүмкіндігі мұндай некеге көбіне тоқтау салады. Бала асырап алушылар мен асырап алынғандар арасындағы некеге тыйым салу адамгершілік-әдептік нормаларға негізделген. Олардың арасында қандастық туыстық байланыс болмаса да, асырап алу фактісінен туындайтын қатынастар, ата-аналық және баласы ретіндегі қатынас қалыптасуы тиіс. Некенің жарамсыздығы туралы мәселе, егер ол мынадай жағдайларда қиылған болса туындайды:
- некеге тұрушылардың өзара келісімі болмаған;
- неке жасына жетпеген адаммен некелескен;
- іс-әрекетке қабілетсіз адаммен;
- жақын туыстарымен;
- өзге біреумен тіркелген некеде тұратын адаммен;
- бала асырап алушылар мен асырап алынғандар арасында.
Бұдан басқа, жалған неке, яғни отбасын құру мақсатын көздемейтін неке жарамсыз деп танылады. Әдетте, жалған некеге тұру қандай да бір мүліктік құқыққа және игілікке қол жеткізу мақсатында жасалады. Тұрғын үй алу, астаналық қалада тіркелу, тұрақты тұру үшін шетелге көшуді қалау, азаматтық алу, мұраға ие болу — мұндай мақсаттың көбінесе көздейтіні осылар. Жалған некені көзге басқаша көріну үшін жасалатын неке деп атауға болады. Жалған некені өз пайдасын көздеп жасалатын есепті некеден айыра білу керек. Соңғысы ерлі-зайыптылардың біреуі не екеуі тарапынан белгілі бір пайданы көздеп жасалатын неке болса да, алайда сөзсіз отбасын құру мақсатын көздейді. Жалған некеде мұндай мақсат мүлдем болмайды. "Есепті неке" қоғамда теріс бағаланатындығына қарамастан, жарамсыз деп танылмайды, өйткені ол қандай да бір пайда табуға (материалдық, әлеуметтік және т.б.) ғана бағытталған емес, ерлі-зайыптық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге бағытталған неке. Жаңадан құрылған отбасы мүшелеріне, жеке басының қауілсіздігіне нақты қатер төндіретін ауруын (мысалы, ВИЧ- инфекциясы, адам ағзасында ауруға қарсы тұратын заттардың жетіспеушілігі, сөз және басқалары) жасырған адаммен қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін. Мәжбүрлеп қиылған неке де жарамсыз, діни әдет-ғұрыптарды қатал ұстанатын және келісімді қажет етпейтін әйелдерге қатысты жүзеге асырылады. Мұндай жағдайда тек жәбір көрген әйелдің өзі немесе прокурордың ғана оның өзін қорғау жөнінде сотқа жүгінуге қақы бар екендігін атап көрсету қажет. Неке ол қиылған күннен бастап жарамсыз деп танылады. Некені жарамсыз деп тану ерлі-зайыптылардың барлық жекебастық және мүліктік құқықтарының жойылғандығын білдіреді. Ерлі-зайыптылар ортақ тек алу, ерінің не әйелінің тұрақжайын пайдалану, алимент алу құқығынан айырылады. Алайда кейбір жағдайлар көмекке мұқтаж және жарамсыз некені қиған кезде сот адал деп таныған кінәсіз ері не әйелі алимент алуға, тегін сақтау құқығын сақтап қала алады. Некені жарамсыз деп танудың салдарынан өзіне келтірілген моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге қақы бар. Адал деп танылған ерлі-зайыптылардың некеге тұруға кедергі болатын жағдайларды білмеуін заң түсінеді. Мысалы, есінің дұрыс еместігі, туысқандық жақындығы, т.б. Бірақ сонымен бірге некенің жарамсыз деп танылуы мұндай некеден туған балалардың құқығына ықпал ете алмайды, өйткені баланы оның ата-аналары жіберген құқық бұзушылық үшін жазалауға болмайды. Сонымен, ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын, отбасын құру мақсатымен заңда белгіленген тәртіп бойынша тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған ері мен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты неке деп түсінуіміз керек. Қазақстанда тек мемлекеттік азаматтық хал актілерін тіркеу органдарында жасалған адамдардың одағы ғана неке деп танылады. Болашақ ерлі-зайыптылардың өзара келісімі және олардың неке жасы 18-ге толуы неке қиюдың басты шарты болып табылады. Ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастар құқықтары мен міндеттерінің теңдік қағидаларына негізделеді. Азаматтық некеден туған балалар, тіркелген некеден туған балалар сияқты заңмен қорғалады. Алайда мұндай қатынастар әдетте тараптар үшін заңдық салдар туындатпайды.
Некені бұзу
Некені тоқтату және оның негізі
Ерлі-зайыптылардың жеке және мүліктік құқытық қатынастарының тоқтатылуын некенің тоқтатылуы деп түсінеді. Неке заңда айқындалған белгілі бір оқиғалардың тууына байланысты немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің не екеуінің бірдей қалауымен тоқтатылады. Некені тоқтататын оқиғалар қатарына мыналар жатады:
- ерінің қайтыс болуы;
- соттың ерлі-зайыптылардың біреуін өлді деп жариялауы;
- некенің бұзылуы (ажырасу).
Некенің тоқтату негіздерінің тізімі толық болып табылады. Ері қайтыс болған немесе ерлі-зайыптылардың біреуі өлді деп жарияланған жағдайда неке өздігінен тоқтатылады. Егер артында қалған адам жаңадан некеге тұрғысы келсе, бұрынғы неке бойынша ерінің өлгені бойынша АХАТ органдары берген куәлікті көрсетсе де жеткілікті. Соттың азаматты (ерлі-зайыптылардың бірін) өлді деп жариялау жөніндегі шешімі долбараға ғана негізделеді. Ол адамның өлгені туралы нақты ақиқат дәлелдер жоқ. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 31-бабына сәйкес, егер азамат тұрақты тұратын жерде үш жыл бойына ол туралы ешқандай мәліметтер болмаса, егер ол өлім қаупі төнген жағдайда немесе оның өлімі алты ай ішінде жазатайым оқиғадан болды деп есептеуге негіз болатын жағдайларда хабар-ошарсыз кетсе, ол азамат мүдделі адамдардың арызы бойынша сот арқылы өлді деп жариялануы мүмкін. Сот азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы шешім шығарған сәттен бастап, онымен неке тоқтатылды деп есептеледі. Кейде қайтыс болды деп жарияланған адамдардың шындығында тірі болып шығатын жағдайлары да кездеседі. Өлді деп жарияланған жұбайы тірі келген жағдайда сот әлгі шешімді бұзады, бірақ тоқтатылған неке өздігінен қалпына келтірілмейді. Ол ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша АХАТ органдары арқылы қалпына келтірілуі мүмкін. Егер қалпына келтіру туралы өтініш берілмесе, ерлі-зайыптылардың екеуінің де тірі екендігіне қарамастан, неке тоқтатылған деп есептеледі. Басқа жұбай жаңа некеге тұрған жағдайда, бұрынғы неке қалпына келтіріле алмайды. Жаңа некенің тағдыры түрліше шешілуі мүмкін: ол не сақталады, немесе бұзылады, бұл кейін бұрынғы жұбайымен некесін тіркеуге мүмкіндік береді.
Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу
Ерлі-зайыптылардың көзі тірі кезінде неке олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін. Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі-зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларында жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі-зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай-ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді. Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
- АХАТ органдарында ерлі-зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
- кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
- бір-біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
Некені бұзу АХАТ органдарында мемлекеттік тіркеуден өтуді қажет етеді. Тіркеу некені бұзу жөніндегі өтініш берілген күннен бастап бір ай өткенде жүзеге асырылады. Бір ай мерзім ерлі-зайыптыларға қабылдаған шешім туралы тағы да әбден ойланып-толғану үшін беріледі. Некені тіркеу үшін берілетін мерзімнен айырмашылығы - некені бұзған кезде оның мерзімі ұзартылып не қысқартымайды. Ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша некені АХАТ органдарында бұзумен қатар, заң жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша некенің бұзудың қарабайыр оңайлатылған тәртібін де белгілейді. Татуластыру - мақсат емес, отбасын сақтаудың амалы ғана. Сондықтан да бұл міндетті орындау мүмкін болмаса және балаларды не жұбайларды қорғау мүдделеріне қайшы келетін болса, онда сот некені бұзады.
Егер сот неке біржолата бұзылмаған деген қорытындыға келген жағдайда, ол істі кейінге қарауға қалдырып, ерлі-зайыптыларға татуласу үшін 3 айлық мерзім тағайындай алады. Бірақ сот нақты мерзімді әрбір істің жағдайына қарай бегілейді. Егер ерлі-зайыптыларды татуластыру шаралары нәтиже бермей және жұбайлардың біреуі некенің бұзылуын қасарыса талап ететін болса, некені бұзу іске асырылады.
Егер айырылысатын ерлі-зайыптылардың кәмелетке толмаған балалары болып және жұбайлар ол балалардың кіммен қалатындығы жөнінде келіспеген жағдайда, бұл мәселені сот шешеді. Сот балалардың ата-анасының біреуімен қалатындығы жөнінде не баланың ата-анасының әрқайсысымен қалатындығы жөнінде (егер екі бала не одан көп болса) шешім шығара алады. Соның өзінде сот кәмелетке толмаған балалардың мүдделерін ғана еске алу керек. Сондай-ақ балалардың мүдделерін және болашақ ананың денсаулығын қорғау мақсатында заңның 15-бабында мынадай қағида көзделген: «Әйелдің жүкті кезінде және нәрестенің бір жасқа толмаған кезінде әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды». Айырылысатын жұбайлар ортақ мүліктерді бөлісу жөніндегі мәселені кейбір жағдайларда өздері дербес шешеді. Бірақ ерлі-зайыптылар келісімге келмеген жағдайда мүліктерді бөлуді сот іске асырады және әдетте, оларды тең бөледі. Егерде некелік шартта мүліктерді бөлісу мәселесі қарастырылған болса, онда сот мүлікті екі жақтың не бір жағының талабы бойынша осы келісімшартқа сәйкес бөледі. Сот тәртібімен некені бұзу ерлі – зайыптылардың некені бұзу туралы өтініш берген күннен бастап бір ай өткеннен кейін іске асырылады.
Некені тоқтатудың құқықтық салдары
Жоғарыда айтылғандай, некені бұзу нәтижесінде ерлі зайыптылардың некеде тұрған кездегі жеке және мүліктік қатынастары тоқтатылады. Мысалы, бірге тұруы, ортақ бірлескен меншік, өзара қамқорлық және асырау. Соның өзінде кейбір құқықтық қатынастар бірден тоқтатылады да, енді біреулерінің сақталуы мүмкін. Некеге тұрған кезінде бірлесіп жиған мүліктері бөлінген жағдайда, әдетте, некенің тоқтатылуымен байланысты ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншік тәртібі де тоқтайды, бірақ мүлік бөлінбеген жағдайдағы ажырасу өзінен - өзі жұбайлардың ортақ бірлескен меншігін үлестік меншікке айналдыра алмайды. Некенің бұзылуымен бірге жұбайы қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік құқығы, бұрынғы жұбайы – ажырасушысының өліміне байланысты келтірілген зиянның орнын толтыру және т.б. құқығы да жойылады. Некенің тоқтатылуы жаңадан некеге тұру құқығын туғызады. Ажырасу жолымен некенің бұзылуы ата – аналарының балаларына қатысты құқықтары мен міндеттерін тоқтата алмайды.
Дереккөздер
- “ Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-638-5
- Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6
Тағы қараңыз
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Neke otbasyn kurudyn negizi bolyp tabylady Erli zajyptylar arasyndagy mүliktik zhәne mүliktik emes zheke katynastardy tugyzatyn otbasyn kuru maksatymen zanda belgilengen tәrtippen taraptardyn erikti zhәne tolyk kelisimi zhagdajynda zhasalgan erkek pen әjeldin arasyndagy ten kukyktyk odakty neke dep tүsinuimiz kazhet Neke sakinalary Semej meshitindegi musylman nekesi Eger neke tirkelmese de birak erkek pen әjel birge turyp balalaryn tәrbieleumen ajnalysyp zhatsa muny da otbasy dep ajtuga bolady karanyz azamattyk neke Eger kәmeletke tolgan balalary ata anasymen birge turyp olarga kamkorlyk zhasap materialdyk komek korsetse bul da otbasy Eger kәmeletke tolgan agalary men karyndastary ata anasyz birge turyp bir birine kamkorlyk zhasajtyn bolsa bul da otbasy Adamdar arasynda nekeden tuystyktan bala asyrap aludan otbasyna tәrbieleu үshin bala aludan tuyndajtyn katynastar otbasylyk katynastar dep atalady Birak otbasyndagy katynastardyn bәri birdej kukyk zhonimen rettele bermejdi Otbasyndagy katynastar negizinen adamgershilik izgilik onegelik normalary negizinde retteledi Bul ozara kurmet sүjispenshilik kamkorlyk zhәne imandylyk koldaudyn korinisi Otbasylyk omir kalyby kobinese ulttyk dәstүrler men әdet guryptarga sүjenedi үlkenderdi kadirleu otbasyn kamtamasyz etu onyn basshysy retinde tolyktaj er adamga zhүkteledi tuyskandardy kadirlep kurmetteu Nekege turudyn sharttary men tәrtibiNekenin kukyktyk tabigaty Zanda neke tandauga erik berilgen yagni nekege turu nemese ony buzu үshin taraptardyn ozara erikti kelisimi kazhet Nekede erli zajyptylardyn kukyktary men mindetteri ten әjelderdin kukygyn shekteuge zhol berilmejdi Bul әjelderdin үj sharuashylygyn zhүrgizumen gana ajnalysyp kojmaj sondaj ak erimen birge biznespen ajnalysuyna mansapka talpynuyna mүmkindik beredi Erli zajyptyk katynastar әdettegidej gumyrlyk yaki nekege turu belgili bir merzim korsetilmej zhүzege asyrylady Қazakstanda memlekettik organynda tirkelgen neke gana neke dep tanylady Қazakstanda nekege turgan kezde otbasylyk katynastarda әleumettik nәsildik ulttyk tildik nemese kaj dindi ustanatyndygyna karaj azamattardyn kukygyn shekteudin kez kelgen tүrlerine tyjym salynady Erli zajyptylar katynastaryna tuystarynyn aralasuyna zhol berilmejdi Nekege turudyn sharttary men tәrtibi Neke zhasy Nekege turu nekege turushy eri men әjeldin ozara erikti kelisimi zhәne olardyn neke zhasyna zhetu bolyp tabylady Eger neke kүsh korsetu aldau korkytu zholymen kiylgan bolsa onda ol zharamsyz dep tanyluy mүmkin Nekege turu kelisimin nekeni tirkeu rәsiminin barysynda nekege turushy adamnyn tikelej ozi auyzsha bildiredi zhәne onyn kolyn kojgyzu arkyly rastalady Sonyn ozinde ata analarynyn nemese tuystarynyn kelisimi talap etilmejdi Dej turganmen kaj zhagynan alyp karaganda da ata anasynyn kuptauy bolashak otbasy үshin ote manyzdy ekendigi kүmәnsiz Otbasyn kuru үshin neke zhasyna zhetudin үlken manyzy bar Nekege turushylar belgili bir ruhani zhәne kүsh kuat kemeldiligine ie boluy kerek ol belgili bir zhaspen bajlanysty Bizdin zanymyzga sәjkes neke zhasy 18 zhas AHAT organdary dәleldi sebepteri bolgan zhagdajda neke zhasyn eki zhyldan aspajtyn merzimge tomendete alady Neke zhasyna zhetpegen adamdardyn nekege turuyna ata analarynyn kelisimi bojynsha gana ruksat etiledi Zhүktilik nemese balanyn tuuy әskeri kyzmetke shakyryluy kәmeletke tolmagandardyn nakty otbasyn kuruy dәleldi sebepterdin kataryna zhatady Sonyn ozinde baska da dәleldi sebepterdin boluy mүmkin Nekege turatyn adamdar medicinalyk sondaj ak medicinalyk genetikalyk mәseleler zhәne reprodukciyalyk densaulyk korgau mәseleleri bojynsha konsultaciyalar alyp tekseruden otulerine bolady Mundaj tekseruler nekege turatyn adamdardyn ekeuinin kelisimimen gana otkizilui tiis Nekege turatyn adamdardy tekserudin nәtizheleri medicinalyk kupiya bolyp tabylady zhәne ol nekege turuga niettengen adamga tekseruden otken adamnyn kelisimimen gana habarlanuy mүmkin Bolashak erli zajyptylar AHAT organyna ozderinin nekege turgysy keletindikteri turaly birlesip zhazbasha tүrde mәlimdeui kerek Al olardyn bireui AHAT organyna birge otinish beru үshin keluge mүmkindigi bolmagan zhagdajda kalaj isteu kerek Eger ol dәleldi sebeptermen AHAT organyna kele almajtyn zhagdajda ol adamdardyn nekege turudy kalajtyndytary zhonindegi notarius kuәlandyrgan otinishin tabys etuge zan ruksat beredi Nekege turatyn adamnyn tikelej katysuymen neke memlekettik AHAT organdarynda kiylady Nekeni senimhat bojynsha nemese okiler arkyly kiyuga tyjym salynady Қamauda nemese bas bostandygynan ajyrylgandar nekege otyra alady Alajda olarda memlekettik tirkeu AHAT ta emes bas bostandygyn ajyru ornynda nemese kamauda otyrgan zherde zhүrgiziledi Zanda neke kiyuga kedergiler de kozdelgen Bul ozge tirkelgen nekenin boluy bolashak erli zajyptylardyn zhakyn tuystygy nekege turushylardyn bireuinin is әreketke kabiletsizdigi sondaj ak bala asyrap alushylar men asyrap algandar arasynda neke kiyu Nekelik shart Nekelik shart bizdin turmysymyzga salystyrmaly tүrde zhakynda engen ugym Nekelik shart dep nekege turatyn adamdardyn nemese erli zajyptylardyn nekede turgandagy nemese ony buzgan zhagdajdagy mүliktik kukyktary men mindetterin ajkyndajtyn kelisimderi tanylady Nekelik shart mindetti tүrde zhazbasha zhasaluy zhәne notariuspen kuәlandyryluy kazhet Nekelik shartty nekege otyratyn adamdardyn tikelej ozderi sondaj ak advokat ne notarius toltyruy mүmkin ekendigin ajyryksha atap korsetu kazhet Nekelik shartty notarialdy kuәlandyru үshin zhekemenshik nemese memlekettik notariuska zhүginu kerek Nekelik shartty nekeni tirkegenge dejin sondaj ak nekede turgan kez kelgen uakytta zhasasuga bolady Nekelik sharttyn subektileri ne erli zajyptylar ne nekege endi turuga әzirlenip zhatkan adamdar boluy mүmkin kүjeu men kalyndyk Erli zajyptylar yagni AHAT organdarynda tirkelmegen birak birge turatyn zhәne bir birine kamkorlyk korsetetin adamdar nekelik shart zhasasa almajdy Nekege turatyn kәmeletke tolmagandar 18 zhaska dejingi adamdar ata analarynyn nemese kamkorshylarynyn kelisimimen gana nekelik shart zhasasa alady Bul kәmeletke tolmagandardyn oz betinshe nekelik shart zhasasuyna tyjym salynady degen soz Nekelik shart zhasasu nekeni tirkeu үshin kazhetti shart bolyp tabylmajtyndagyn atap otu kerek Nekege otyratyn adamdardyn nemese erli zajyptylardyn neke shartyn zhasasuy nemese ogan kol koyudan bas tartuy erikti tүrde sheshiledi ojtkeni bul olardyn mindeti emes kukygy bolyp tabylady Birak sonymen birge neke shartynda erli zajyptylardyn nemese nekege turatyn adamdardyn ortak erki bildirilui tiis Neke kiyudyn kedergileri Nekenin zharamsyzdygy Zhalgan neke zhakyn tuys adamdardyn arasynda neke kiyuga tyjym salynady Bul tyjym saludyn negizinde koptegen tukym kualaushylyk aurulardyn bolashak urpakka medicinalyk biologiyalyk zholmen berilu mүmkindigi zhatyr Mәselen kazaktyn әdettik kukygy zheti ataga dejingi adamdardyn nekege turuyna tyjym salady Қazirgi koldanylyp zhүrgen zan nemere karyndastary men agalarynyn nagashylary men zhienderinin nekege turuyna tyjym salmajdy Birak әdeptik normalarmen densaulygy nashar urpaktyn dүniege kelu mүmkindigi mundaj nekege kobine toktau salady Bala asyrap alushylar men asyrap alyngandar arasyndagy nekege tyjym salu adamgershilik әdeptik normalarga negizdelgen Olardyn arasynda kandastyk tuystyk bajlanys bolmasa da asyrap alu faktisinen tuyndajtyn katynastar ata analyk zhәne balasy retindegi katynas kalyptasuy tiis Nekenin zharamsyzdygy turaly mәsele eger ol mynadaj zhagdajlarda kiylgan bolsa tuyndajdy nekege turushylardyn ozara kelisimi bolmagan neke zhasyna zhetpegen adammen nekelesken is әreketke kabiletsiz adammen zhakyn tuystarymen ozge bireumen tirkelgen nekede turatyn adammen bala asyrap alushylar men asyrap alyngandar arasynda Budan baska zhalgan neke yagni otbasyn kuru maksatyn kozdemejtin neke zharamsyz dep tanylady Әdette zhalgan nekege turu kandaj da bir mүliktik kukykka zhәne igilikke kol zhetkizu maksatynda zhasalady Turgyn үj alu astanalyk kalada tirkelu turakty turu үshin shetelge koshudi kalau azamattyk alu muraga ie bolu mundaj maksattyn kobinese kozdejtini osylar Zhalgan nekeni kozge baskasha korinu үshin zhasalatyn neke dep atauga bolady Zhalgan nekeni oz pajdasyn kozdep zhasalatyn esepti nekeden ajyra bilu kerek Songysy erli zajyptylardyn bireui ne ekeui tarapynan belgili bir pajdany kozdep zhasalatyn neke bolsa da alajda sozsiz otbasyn kuru maksatyn kozdejdi Zhalgan nekede mundaj maksat mүldem bolmajdy Esepti neke kogamda teris bagalanatyndygyna karamastan zharamsyz dep tanylmajdy ojtkeni ol kandaj da bir pajda tabuga materialdyk әleumettik zhәne t b gana bagyttalgan emes erli zajyptyk kukyktar men mindetterdi belgileuge bagyttalgan neke Zhanadan kurylgan otbasy mүshelerine zheke basynyn kauilsizdigine nakty kater tondiretin auruyn mysaly VICh infekciyasy adam agzasynda auruga karsy turatyn zattardyn zhetispeushiligi soz zhәne baskalary zhasyrgan adammen kiylgan neke zharamsyz dep tanyluy mүmkin Mәzhbүrlep kiylgan neke de zharamsyz dini әdet guryptardy katal ustanatyn zhәne kelisimdi kazhet etpejtin әjelderge katysty zhүzege asyrylady Mundaj zhagdajda tek zhәbir korgen әjeldin ozi nemese prokurordyn gana onyn ozin korgau zhoninde sotka zhүginuge kaky bar ekendigin atap korsetu kazhet Neke ol kiylgan kүnnen bastap zharamsyz dep tanylady Nekeni zharamsyz dep tanu erli zajyptylardyn barlyk zhekebastyk zhәne mүliktik kukyktarynyn zhojylgandygyn bildiredi Erli zajyptylar ortak tek alu erinin ne әjelinin turakzhajyn pajdalanu aliment alu kukygynan ajyrylady Alajda kejbir zhagdajlar komekke muktazh zhәne zharamsyz nekeni kigan kezde sot adal dep tanygan kinәsiz eri ne әjeli aliment aluga tegin saktau kukygyn saktap kala alady Nekeni zharamsyz dep tanudyn saldarynan ozine keltirilgen moraldyk ziyannyn ornyn toltyrudy talap etuge kaky bar Adal dep tanylgan erli zajyptylardyn nekege turuga kedergi bolatyn zhagdajlardy bilmeuin zan tүsinedi Mysaly esinin durys emestigi tuyskandyk zhakyndygy t b Birak sonymen birge nekenin zharamsyz dep tanyluy mundaj nekeden tugan balalardyn kukygyna ykpal ete almajdy ojtkeni balany onyn ata analary zhibergen kukyk buzushylyk үshin zhazalauga bolmajdy Sonymen erli zajyptylar arasyndagy mүliktik zhәne mүliktik emes zheke katynastardy tuyndatatyn otbasyn kuru maksatymen zanda belgilengen tәrtip bojynsha taraptardyn erikti zhәne tolyk kelisimi zhagdajynda zhasalgan eri men әjeldin arasyndagy ten kukyktyk odakty neke dep tүsinuimiz kerek Қazakstanda tek memlekettik azamattyk hal aktilerin tirkeu organdarynda zhasalgan adamdardyn odagy gana neke dep tanylady Bolashak erli zajyptylardyn ozara kelisimi zhәne olardyn neke zhasy 18 ge toluy neke kiyudyn basty sharty bolyp tabylady Erli zajyptylar arasyndagy katynastar kukyktary men mindetterinin tendik kagidalaryna negizdeledi Azamattyk nekeden tugan balalar tirkelgen nekeden tugan balalar siyakty zanmen korgalady Alajda mundaj katynastar әdette taraptar үshin zandyk saldar tuyndatpajdy Nekeni buzuTolyk makalasy Nekeni buzu Nekeni toktatu zhәne onyn negizi Erli zajyptylardyn zheke zhәne mүliktik kukytyk katynastarynyn toktatyluyn nekenin toktatyluy dep tүsinedi Neke zanda ajkyndalgan belgili bir okigalardyn tuuyna bajlanysty nemese erli zajyptylardyn bireuinin ne ekeuinin birdej kalauymen toktatylady Nekeni toktatatyn okigalar kataryna mynalar zhatady erinin kajtys boluy sottyn erli zajyptylardyn bireuin oldi dep zhariyalauy nekenin buzyluy azhyrasu Nekenin toktatu negizderinin tizimi tolyk bolyp tabylady Eri kajtys bolgan nemese erli zajyptylardyn bireui oldi dep zhariyalangan zhagdajda neke ozdiginen toktatylady Eger artynda kalgan adam zhanadan nekege turgysy kelse buryngy neke bojynsha erinin olgeni bojynsha AHAT organdary bergen kuәlikti korsetse de zhetkilikti Sottyn azamatty erli zajyptylardyn birin oldi dep zhariyalau zhonindegi sheshimi dolbaraga gana negizdeledi Ol adamnyn olgeni turaly nakty akikat dәlelder zhok Қazakstan Respublikasynyn Azamattyk kodeksinin 31 babyna sәjkes eger azamat turakty turatyn zherde үsh zhyl bojyna ol turaly eshkandaj mәlimetter bolmasa eger ol olim kaupi tongen zhagdajda nemese onyn olimi alty aj ishinde zhazatajym okigadan boldy dep esepteuge negiz bolatyn zhagdajlarda habar osharsyz ketse ol azamat mүddeli adamdardyn aryzy bojynsha sot arkyly oldi dep zhariyalanuy mүmkin Sot azamatty kajtys boldy dep zhariyalau turaly sheshim shygargan sәtten bastap onymen neke toktatyldy dep esepteledi Kejde kajtys boldy dep zhariyalangan adamdardyn shyndygynda tiri bolyp shygatyn zhagdajlary da kezdesedi Өldi dep zhariyalangan zhubajy tiri kelgen zhagdajda sot әlgi sheshimdi buzady birak toktatylgan neke ozdiginen kalpyna keltirilmejdi Ol erli zajyptylardyn birlesken otinishi bojynsha AHAT organdary arkyly kalpyna keltirilui mүmkin Eger kalpyna keltiru turaly otinish berilmese erli zajyptylardyn ekeuinin de tiri ekendigine karamastan neke toktatylgan dep esepteledi Baska zhubaj zhana nekege turgan zhagdajda buryngy neke kalpyna keltirile almajdy Zhana nekenin tagdyry tүrlishe sheshilui mүmkin ol ne saktalady nemese buzylady bul kejin buryngy zhubajymen nekesin tirkeuge mүmkindik beredi Nekeni buzu azhyrasu AHAT organdarynda nekeni buzuErli zajyptylardyn kozi tiri kezinde neke olar azhyrassa gana toktatylady Azhyrasu arkyly nekenin toktatyluy AHAT organdary nemese sotta zanda belgilengen tәrtip bojynsha iske asyryluy mүmkin Nekeni buzu AHAT organdarynda erli zajyptylardyn birikken zhәne zhekelegen erekshe zhagdajlarynda zhubajlardyn bireuinin otinishi bojynsha zhүrgiziledi Al sotta nekeni buzu erli zajyptylardyn ekeuinin birlesken sondaj ak zhubajlardyn bireuinin otinishi bojynsha zhүrgizile beredi Nekeni buzu үshin mynadaj үsh sharttyn boluy kazhet AHAT organdarynda erli zajyptylardyn nekeni buzu zhonindegi ozara kelisimi kәmeletke tolmagan balalarynyn bolmauy bir birine mүliktik zhәne ozge de talaptarynyn bolmauy Nekeni buzu AHAT organdarynda memlekettik tirkeuden otudi kazhet etedi Tirkeu nekeni buzu zhonindegi otinish berilgen kүnnen bastap bir aj otkende zhүzege asyrylady Bir aj merzim erli zajyptylarga kabyldagan sheshim turaly tagy da әbden ojlanyp tolganu үshin beriledi Nekeni tirkeu үshin beriletin merzimnen ajyrmashylygy nekeni buzgan kezde onyn merzimi uzartylyp ne kyskartymajdy Erli zajyptylardyn ozara kelisimi bojynsha nekeni AHAT organdarynda buzumen katar zan zhubajlardyn bireuinin otinishi bojynsha nekenin buzudyn karabajyr onajlatylgan tәrtibin de belgilejdi Tatulastyru maksat emes otbasyn saktaudyn amaly gana Sondyktan da bul mindetti oryndau mүmkin bolmasa zhәne balalardy ne zhubajlardy korgau mүddelerine kajshy keletin bolsa onda sot nekeni buzady Eger sot neke birzholata buzylmagan degen korytyndyga kelgen zhagdajda ol isti kejinge karauga kaldyryp erli zajyptylarga tatulasu үshin 3 ajlyk merzim tagajyndaj alady Birak sot nakty merzimdi әrbir istin zhagdajyna karaj begilejdi Eger erli zajyptylardy tatulastyru sharalary nәtizhe bermej zhәne zhubajlardyn bireui nekenin buzyluyn kasarysa talap etetin bolsa nekeni buzu iske asyrylady Eger ajyrylysatyn erli zajyptylardyn kәmeletke tolmagan balalary bolyp zhәne zhubajlar ol balalardyn kimmen kalatyndygy zhoninde kelispegen zhagdajda bul mәseleni sot sheshedi Sot balalardyn ata anasynyn bireuimen kalatyndygy zhoninde ne balanyn ata anasynyn әrkajsysymen kalatyndygy zhoninde eger eki bala ne odan kop bolsa sheshim shygara alady Sonyn ozinde sot kәmeletke tolmagan balalardyn mүddelerin gana eske alu kerek Sondaj ak balalardyn mүddelerin zhәne bolashak ananyn densaulygyn korgau maksatynda zannyn 15 babynda mynadaj kagida kozdelgen Әjeldin zhүkti kezinde zhәne nәrestenin bir zhaska tolmagan kezinde әjeldin kelisiminsiz nekeni buzuga bolmajdy Ajyrylysatyn zhubajlar ortak mүlikterdi bolisu zhonindegi mәseleni kejbir zhagdajlarda ozderi derbes sheshedi Birak erli zajyptylar kelisimge kelmegen zhagdajda mүlikterdi boludi sot iske asyrady zhәne әdette olardy ten boledi Egerde nekelik shartta mүlikterdi bolisu mәselesi karastyrylgan bolsa onda sot mүlikti eki zhaktyn ne bir zhagynyn talaby bojynsha osy kelisimshartka sәjkes boledi Sot tәrtibimen nekeni buzu erli zajyptylardyn nekeni buzu turaly otinish bergen kүnnen bastap bir aj otkennen kejin iske asyrylady Nekeni toktatudyn kukyktyk saldary Zhogaryda ajtylgandaj nekeni buzu nәtizhesinde erli zajyptylardyn nekede turgan kezdegi zheke zhәne mүliktik katynastary toktatylady Mysaly birge turuy ortak birlesken menshik ozara kamkorlyk zhәne asyrau Sonyn ozinde kejbir kukyktyk katynastar birden toktatylady da endi bireulerinin saktaluy mүmkin Nekege turgan kezinde birlesip zhigan mүlikteri bolingen zhagdajda әdette nekenin toktatyluymen bajlanysty erli zajyptylardyn ortak birlesken menshik tәrtibi de toktajdy birak mүlik bolinbegen zhagdajdagy azhyrasu ozinen ozi zhubajlardyn ortak birlesken menshigin үlestik menshikke ajnaldyra almajdy Nekenin buzyluymen birge zhubajy kajtys bolgannan kejin muragerlik kukygy buryngy zhubajy azhyrasushysynyn olimine bajlanysty keltirilgen ziyannyn ornyn toltyru zhәne t b kukygy da zhojylady Nekenin toktatyluy zhanadan nekege turu kukygyn tugyzady Azhyrasu zholymen nekenin buzyluy ata analarynyn balalaryna katysty kukyktary men mindetterin toktata almajdy Derekkozder Қukyktanu Zhalpy bilim beretin mekteptin kogamdyk gumanitarlyk bagytyndagy 10 synybyna arnalgan okulyk A Ibraeva G Өlibaeva Қ Ajthozhin Almaty Mektep baspasy 2006 ISBN 9965 33 638 5 Oryssha kazaksha zandyk tүsindirme sozdik anyktamalyk Almaty Zheti zhargy baspasy 2008 zhyl ISBN 9965 11 274 6Tagy karanyzAzamattyk neke Neke kiyarBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet