Иіс, иіс сезімі, иіс түйсігі – адамның және жануарлардың арқылы процесі.
Иіс сезіммен беріліп отырады. Заттың иісі мұрынға, танауға тартылған ауамен бірге, ал ауыздағы тағам иісі көмей алдындағы таңдай тесігінен өтіп, кеңсірік ішіндегі кілегей қабықтың таяқша тәрізді клеткаларындағы сезу рецепторларына әсер етеді. Әдетте, тыныс алу кезінде иіс аз сезіледі де, ауаны күштірек тартқанда (иіскегенде) көбірек білінеді. Адам әр түрлі иісті едәуір ажырата алады және бұл адамның тұрмыс-салтына, кәсібіне қарай ерекше дамиды. Адамның иіс сезу қабілетін жаттықтыруға, күшейтуге болады. Мысалы, тәтті тағам, шарап, темекі, парфюмерия өнеркәсіптеріндегі иіс талдаушы мамандар иісті жақсы ажыратады. Иіс сезімінің адамның сыртқы дүниені тануында, азық-түліктің, дәрі-дәрмектің сапасын анықтауда маңызы зор. Иіс адамның көңіл күйіне, жалпы мінез-құлқына жағымды (қолайлы), не жағымсыз (қолайсыз) әсер етеді. Мысалы, жұпар иісті заттар адамның көңілін сергітсе, шылым түтіні, газ иісі басты ауыртады, көңіл-күйді төмендетіп, адам селқостанады, жүрегі айниды. Иіс сезімі соқыр, мылқау, керең адамдарда ерекше жетілген. Иіс сезімі температура ауытқуына, ауа ылғалдылығына, орт. жүйке жүйесі жағдайына, түрлі ауруларға байланысты өзгереді. Сүтқоректілердің иіс сезімін үш түрге бөледі: макросоматикалылар – иісті күшті сезетіндер (сүтқоректілердің көпшілігі, әсіресе, жыртқыштар, тұяқтылар); микросоматикалылар – иісті нашар сезетіндер (мысалы, ескекаяқтылар, тіссіз киттер, приматтар) және аносоматикалылар – иіс сезбейтіндер (мысалы, тісті киттер, дельфиндер). Иіс сезімі, әсіресе, жәндіктерде жақсы дамыған, себебі, олар тозаңмен қоректенетіндіктен және кейбір гүлдер (мысалы, орхидея, т.б.) жәндіктер арқылы тозаңданатындықтан гүл иісін сезудің маңызы зор. Организмнің иіс газымен улануы – иіс тию деп аталады. Иіс газы өндіріс орындарында, үйде отынның толық жанбауынан, яғни оған (жану процесіне) ауа толық түспегендіктен пайда болады. Газ плитасын дұрыс пайдаланбаса, пештегі отын (көмір, , ағаш, т.б.) әбден жанбай, мұржаны ерте жапса, үй ішінде улы газ жиналып, адамға иіс тиеді. Мұндай жағдай жеңіл автомобиль ішінде де, егер есік, терезе толығынан жабылып, кабина іші жасанды жылытқыштармен жылытылса да (мысалы, қозғалтқыш өшпей, оталып тұрса) байқалады. Бұл – адам өміріне өте қауіпті. Егер иіс тию жеңіл болса адамның басы ауырады, құлағы шыңылдайды, екі шекенің тамырлары қатты соғып, бас айналады. Сондай-ақ, көзі қарауытады, лоқсиды, құсады, ентігіп тыныс алуы нашарлайды. Егер иіс көбірек тисе, жоғарыда айтылған белгілерге қосымша адамның қол-аяғы құрысып, сіңірлері тартылып, есінен айырылады. Адам мас сияқты бейжай күйде жатқандай сезінеді. Бұл жағдайлар адам организмінің толық уланып, тыныс алуы қиындап, жүрек соғысының тоқталуына әкеледі.
Емі: иіс тиген адамды дереу таза ауаға шығарып, салқын су бүркіп, мүсәтір спиртін иіскетеді. Егер адамның тыныс алуы нашарласа, тез арада сыртқы киімдерін шешіп, қолдан жедел дәрігерлік көмек көрсету керек. Оттекпен де тыныс алдыру пайдалы. Организмнен уды тез шығару үшін көп мөлшерде сұйық ішкізіп, жылы ұстап, терлеткен пайдалы.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Odor-Olfactometry-Deodorization |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Iis iis sezimi iis tүjsigi adamnyn zhәne zhanuarlardyn arkyly procesi Iis sezimmen berilip otyrady Zattyn iisi murynga tanauga tartylgan auamen birge al auyzdagy tagam iisi komej aldyndagy tandaj tesiginen otip kensirik ishindegi kilegej kabyktyn tayaksha tәrizdi kletkalaryndagy sezu receptorlaryna әser etedi Әdette tynys alu kezinde iis az seziledi de auany kүshtirek tartkanda iiskegende kobirek bilinedi Adam әr tүrli iisti edәuir azhyrata alady zhәne bul adamnyn turmys saltyna kәsibine karaj erekshe damidy Adamnyn iis sezu kabiletin zhattyktyruga kүshejtuge bolady Mysaly tәtti tagam sharap temeki parfyumeriya onerkәsipterindegi iis taldaushy mamandar iisti zhaksy azhyratady Iis seziminin adamnyn syrtky dүnieni tanuynda azyk tүliktin dәri dәrmektin sapasyn anyktauda manyzy zor Iis adamnyn konil kүjine zhalpy minez kulkyna zhagymdy kolajly ne zhagymsyz kolajsyz әser etedi Mysaly zhupar iisti zattar adamnyn konilin sergitse shylym tүtini gaz iisi basty auyrtady konil kүjdi tomendetip adam selkostanady zhүregi ajnidy Iis sezimi sokyr mylkau keren adamdarda erekshe zhetilgen Iis sezimi temperatura auytkuyna aua ylgaldylygyna ort zhүjke zhүjesi zhagdajyna tүrli aurularga bajlanysty ozgeredi Sүtkorektilerdin iis sezimin үsh tүrge boledi makrosomatikalylar iisti kүshti sezetinder sүtkorektilerdin kopshiligi әsirese zhyrtkyshtar tuyaktylar mikrosomatikalylar iisti nashar sezetinder mysaly eskekayaktylar tissiz kitter primattar zhәne anosomatikalylar iis sezbejtinder mysaly tisti kitter delfinder Iis sezimi әsirese zhәndikterde zhaksy damygan sebebi olar tozanmen korektenetindikten zhәne kejbir gүlder mysaly orhideya t b zhәndikter arkyly tozandanatyndyktan gүl iisin sezudin manyzy zor Organizmnin iis gazymen ulanuy iis tiyu dep atalady Iis gazy ondiris oryndarynda үjde otynnyn tolyk zhanbauynan yagni ogan zhanu procesine aua tolyk tүspegendikten pajda bolady Gaz plitasyn durys pajdalanbasa peshtegi otyn komir agash t b әbden zhanbaj murzhany erte zhapsa үj ishinde uly gaz zhinalyp adamga iis tiedi Mundaj zhagdaj zhenil avtomobil ishinde de eger esik tereze tolygynan zhabylyp kabina ishi zhasandy zhylytkyshtarmen zhylytylsa da mysaly kozgaltkysh oshpej otalyp tursa bajkalady Bul adam omirine ote kauipti Eger iis tiyu zhenil bolsa adamnyn basy auyrady kulagy shynyldajdy eki shekenin tamyrlary katty sogyp bas ajnalady Sondaj ak kozi karauytady loksidy kusady entigip tynys aluy nasharlajdy Eger iis kobirek tise zhogaryda ajtylgan belgilerge kosymsha adamnyn kol ayagy kurysyp sinirleri tartylyp esinen ajyrylady Adam mas siyakty bejzhaj kүjde zhatkandaj sezinedi Bul zhagdajlar adam organizminin tolyk ulanyp tynys aluy kiyndap zhүrek sogysynyn toktaluyna әkeledi Emi iis tigen adamdy dereu taza auaga shygaryp salkyn su bүrkip mүsәtir spirtin iisketedi Eger adamnyn tynys aluy nasharlasa tez arada syrtky kiimderin sheship koldan zhedel dәrigerlik komek korsetu kerek Ottekpen de tynys aldyru pajdaly Organizmnen udy tez shygaru үshin kop molsherde sujyk ishkizip zhyly ustap terletken pajdaly DerekkozderҚazak tili terminder sozdigi I tomOrtakkorda bugan katysty media fajldar bar Category Odor Olfactometry Deodorization