Порт (француз тілінде port, латын тілінде portus — гавань, айлақ) — 1) су толқындарынан табиғи не жасанды тосқауылдармен қорғалған, кемелердің аялдауына, оларға әр түрлі қызмет көрсетуге, жолаушылар мен жүк тасымалын қамтамасыз етуге арналып салынған теңіз, өзен, көл не су бөгені жағалауының сумен шектескен бөлігі.
Порт (французша: port — кемежай) — әдетте, толқын соғуынан қорғалған және кемелердің тоқтауы үшін арнайы жабдықталып, жүк тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін теңіз, көл, өзен жағалауының бір телімі.
Порт теңіз порты және өзен порты деп бөлінеді. Теңіз порты азаматтық порт және әскери порт болып бөлінеді. Әскери порт — әскери-теңіз базасының құрамдас бөлігі. Азаматтық портқа кемелердің жүк тасымалдауын қамтамасыз ететін сауда порты, балық аулау флотының базасы болатын балық порты, т.б. мысал бола алады. Порт акваториядан (су айдыны) және аумақтан (жағалаулық бөлік) тұрады. Акваторияға портқа кіретін су жолы, рейд, ішкі су алабы, ал аумаққа портқа келетін темір жол, автомобиль жолдары, көлік қызметін атқарушы құбырлар, жүк қоймалары, алаңдар, вокзал, қызмет және әкімшілік үйлері, т.б. кіреді. Порттың гидротехникалық құрылыстарына толқын бәсеңдеткіш, пирс, док, шамшырақ (маяк), т.б.; негізгі техникалық сипаттамаға айлақтың тереңдігі мен ұзындығы жатады. Порттың жүк айналымы, жүк қабылдап, өткізу қабілеттілігі, кеме айналымы оның көліктік-экономикалық сипаттамалары деп аталады.
2) кеме бортындағы жолаушыларды отырғызуға, түсіруге, жүк тиеп, түсіруге арналған саңылау. Ескі әскери кемелерде бортқа орналасқан зеңбіректерден оқ атуға арналған саңылау.
Дереккөздер
- Қазақстан энциклопедиясы, VII-том
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Port francuz tilinde port latyn tilinde portus gavan ajlak 1 su tolkyndarynan tabigi ne zhasandy toskauyldarmen korgalgan kemelerdin ayaldauyna olarga әr tүrli kyzmet korsetuge zholaushylar men zhүk tasymalyn kamtamasyz etuge arnalyp salyngan teniz ozen kol ne su bogeni zhagalauynyn sumen shektesken boligi Akko teniz porty Izrail Port francuzsha port kemezhaj әdette tolkyn soguynan korgalgan zhәne kemelerdin toktauy үshin arnajy zhabdyktalyp zhүk tieu tүsiru zhumystary zhүrgiziletin teniz kol ozen zhagalauynyn bir telimi Port teniz porty zhәne ozen porty dep bolinedi Teniz porty azamattyk port zhәne әskeri port bolyp bolinedi Әskeri port әskeri teniz bazasynyn kuramdas boligi Azamattyk portka kemelerdin zhүk tasymaldauyn kamtamasyz etetin sauda porty balyk aulau flotynyn bazasy bolatyn balyk porty t b mysal bola alady Port akvatoriyadan su ajdyny zhәne aumaktan zhagalaulyk bolik turady Akvatoriyaga portka kiretin su zholy rejd ishki su alaby al aumakka portka keletin temir zhol avtomobil zholdary kolik kyzmetin atkarushy kubyrlar zhүk kojmalary alandar vokzal kyzmet zhәne әkimshilik үjleri t b kiredi Porttyn gidrotehnikalyk kurylystaryna tolkyn bәsendetkish pirs dok shamshyrak mayak t b negizgi tehnikalyk sipattamaga ajlaktyn terendigi men uzyndygy zhatady Porttyn zhүk ajnalymy zhүk kabyldap otkizu kabilettiligi keme ajnalymy onyn koliktik ekonomikalyk sipattamalary dep atalady 2 keme bortyndagy zholaushylardy otyrgyzuga tүsiruge zhүk tiep tүsiruge arnalgan sanylau Eski әskeri kemelerde bortka ornalaskan zenbirekterden ok atuga arnalgan sanylau DerekkozderҚazakstan enciklopediyasy VII tom Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Su sharushylygy Almaty Mektep baspasy 2002 zhyl Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet