Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.
Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі , әдеби шығармаларда сомдалған.
Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы» деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша, жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.
Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады. Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады.
Дереккөздер
- Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
- Кульсариева С.П. Традиции и формирование этнического менталитета у казахских детей // Қазақтың әдет-ғүрыптары мен салт- дәстүрлері: откендегісі және бүгіні. Алматы: Ғылым, 2001
Туыстық қатынастар | |
Санат:Отбасы | |
Күйеу • Әйел • Әке • Ана • Ата • Әже • Бауыр • Қарындас • • Бала • Қыз • • • Аға • • • • • Кіндік шеше • |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Әzhe balanyn әkesinin sondaj ak anasynyn sheshesin atajtyn tuystyk katynasty bildiretin atau Odan argylary үlken әzhe nemese uly әzhe dep atalady Kese tartu etip otyrgan әzhe nemere nemese shoberesimen Қazak otbasyndagy әzhe orny erekshe әri kadirli Әzhe otbasynyn gana emes әulettin de ujytkysy agajyn abysyndardyn birligin tatulygyn saktajtyn syjly anasy kejingi zhastardyn tәrbieshisi әri akylgoji Қazak kogamynda әdette zhas otau ielerinin tungysh balasyn әzhesi bauyryna salady Bala ata әzhenin kenzhesi sanalyp nemereni әzhesi tәrbielep bagyp kagady Әzhe men nemere arasyndagy tuystyk bajlanys ote nәzik әri berik Balazhan kazak үshin ata men әzhege zhas sәbi zhaj gana ermek emes tәrbielenushi erekshe subekt Tarihta kүlli ruly elge ana bolyp sanalgan Ajpara әzhe Domalak ene Zere Ajganym sekildi әzhelerdin bejnesi әdebi shygarmalarda somdalgan Aldymen әzhe tәrbiesi arkyly bala zhaksy zhamandy azhyratyp үlken kishini tani bastajdy Minez kulyk til tәrbiesi kalyptasyp bala үj sharuasyna bejim elgezek tilalgysh mejirimdi bolyp osedi Әzhenin aldyn korgen balaga bylajgy zhurt tәrbieli bala dep baga beredi Әzhe tәrbiesi kobine olaj isteme bylaj iste bүjtsen zhaman ojtsen zhaksy degen verbaldy sipatta akylgojlik mazmunda bolyp әzhenin mejirimi men zhүrek zhyluyna bolenip osedi Osylajsha zhas bala kazaky ortadagy moraldyk etikalyk normalarmen tanysa otyryp adami tulganyn kalyptasuyna gana emes dәstүrli yrym tyjymdar zhүjesinin kagidattaryn birtindep bojyna sinire bastajdy Zheti togyz zhastan әri karaj tungysh nemere uldyn tәrbiesi atasynyn kolyna otedi Al kyz nemerenin negizgi tәrbiesi әzhenin karamagynda bolady Bul kezdegi tәrbienin mazmuny ataga ilese zhүrip korgen bilgenin konilge tokudan kuralady Atasyna ilesken bala alys zherlerdi el zhaksylaryn syjly auyldardy korip zhiyn tojga t b katysyp solardy ugynuga biluge tyrysady Atanyn vizualdy tәrbiesinen otken balany bylajgy zhurt korgendi bala dep atajdy Қazak paremeologizmi Atyn bar da zher tany zhelip zhүrip atan barda el tany erip zhүrip dep kenes beredi El tanu zher tanu korgendilikke zhatady Қazaktyn dәstүrli bala tәrbiesinde korgendilik tәrbienin en zhogargy formasy bolyp tabylady Әzhe men atadan tәlim algan nemerenin ruhani zhagynan tәrbieli korgendi azamat bolyp erzhetuinin eldin auzyna iliger kosheli azamat bolyp kalyptasuynyn negizi osylajsha kalanady DerekkozderҚazaktyn etnografiyalyk kategoriyalar ugymdar men ataularynyn dәstүrli zhүjesi Enciklopediya Almaty DPS 2011 ISBN 978 601 7026 17 2 Kulsarieva S P Tradicii i formirovanie etnicheskogo mentaliteta u kazahskih detej Қazaktyn әdet gүryptary men salt dәstүrleri otkendegisi zhәne bүgini Almaty Ғylym 2001Tuystyk katynastarSanat OtbasyKүjeu Әjel Әke Ana Ata Әzhe Bauyr Қaryndas Bala Қyz Aga Kindik sheshe