Жарыс , спорттық жарыс — қатысушы жақтардың өз қайрат-жігері, өнері, білімі, айла-тәсілі, тәжірибесі, шеберлігімен бір-бірінен басым түсуге бағытталған еңбек, ойын тәрізді іс-әрекеті. Жарыстың спорттық түрі адамды күш-қуат жағынан жан-жақты жетілдіруді көздейтін тәрбиенің құрамдас бөлігі болып табылады. Жарыс адамның ынта-ықылас, құмарлық-құштарлық түйсігіне әсер ететіндіктен, қатысушылардың күш-жігерін, жылдамдық, қайсарлық, төзімділік, жеңіске ұмтылушылық, өзі туып-өскен елі мен жеріне деген отансүйгіштік қасиеттерін шыңдап, қалыптастырады. Спорттық жарыстар алға қойған мақсаты мен қатысушылардың орнын анықтайтындығына қарай жекелей жарыс, жекелей-командалық жарыс, командалық жарыс, ұжымдық жарыс (көптеген спорт түрін қамтитын универсиада, спартакиада, олимпиада); өткізілу сипатына қарай ресми біріншілік (аудан, қала, облыс, республика, Азия, Еуропа, дүние жүзі чемпиондарын анықтау), белгілі-бір жүлде үшін өткізілетін дәстүрлі жарыс, алдын-ала белгіленген командалар мен қатысушылар арасында өткізілетін жолдастық не матчтық жарыс, қатысушылардың спорттық деңгейін анықтайтын (іріктеу) жарыс болып бөлінеді. Қазақстанда жарыстар мектеп, ауыл, аудан, қала, облыстарда өтіп, республикалық жарысқа ұласады. Бұған қоса мыңдаған адам қатысатын бұқаралық сипаттағы жүгіру жарысы, шаңғы жарысы; ауыл спортшылары арасында — “”, мектеп оқушылары арасында — “” (Алматы облысында), еңбек, соғыс ардагерлеріне арналған жарыстар өтеді. 2001 жылы 27 спорт түрінен еліміздің 8 қаласында 1-Қазақстандық спартакиада өтті. Жарыстар бұқаралық спорттың дамуына ықпалын тигізеді.
Сілтеме
Қазақ энциклопедиясы
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zharys sporttyk zharys katysushy zhaktardyn oz kajrat zhigeri oneri bilimi ajla tәsili tәzhiribesi sheberligimen bir birinen basym tүsuge bagyttalgan enbek ojyn tәrizdi is әreketi Zharystyn sporttyk tүri adamdy kүsh kuat zhagynan zhan zhakty zhetildirudi kozdejtin tәrbienin kuramdas boligi bolyp tabylady Zharys adamnyn ynta ykylas kumarlyk kushtarlyk tүjsigine әser etetindikten katysushylardyn kүsh zhigerin zhyldamdyk kajsarlyk tozimdilik zheniske umtylushylyk ozi tuyp osken eli men zherine degen otansүjgishtik kasietterin shyndap kalyptastyrady Sporttyk zharystar alga kojgan maksaty men katysushylardyn ornyn anyktajtyndygyna karaj zhekelej zharys zhekelej komandalyk zharys komandalyk zharys uzhymdyk zharys koptegen sport tүrin kamtityn universiada spartakiada olimpiada otkizilu sipatyna karaj resmi birinshilik audan kala oblys respublika Aziya Europa dүnie zhүzi chempiondaryn anyktau belgili bir zhүlde үshin otkiziletin dәstүrli zharys aldyn ala belgilengen komandalar men katysushylar arasynda otkiziletin zholdastyk ne matchtyk zharys katysushylardyn sporttyk dengejin anyktajtyn irikteu zharys bolyp bolinedi Қazakstanda zharystar mektep auyl audan kala oblystarda otip respublikalyk zharyska ulasady Bugan kosa myndagan adam katysatyn bukaralyk sipattagy zhүgiru zharysy shangy zharysy auyl sportshylary arasynda mektep okushylary arasynda Almaty oblysynda enbek sogys ardagerlerine arnalgan zharystar otedi 2001 zhyly 27 sport tүrinen elimizdin 8 kalasynda 1 Қazakstandyk spartakiada otti Zharystar bukaralyk sporttyn damuyna ykpalyn tigizedi SiltemeҚazak enciklopediyasy Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz