I Акбар (урду: جلال الدین محمد اکبر) — Ұлы Моғолдар патшалығы 3-ші падишаһы, қолбасшы. Ұлы Моғолдар патшалығының негізін қалаушысы Бабырдың немересі, Хумаюнның үлкен баласы.
I Акбар جلال الدین محمد اکبر | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
27 қаңтар 1556 — 17 қазан 1605 | |||
Ізашары | Хумаюн | ||
Ізбасары | Жаһангір | ||
Өмірбаяны | |||
Діні | Ислам | ||
Дүниеге келуі | 14 қазан 1542 Омаркот, Ұлы Моғолдар патшалығы | ||
Қайтыс болуы | 17 қазан 1605 (63 жас) Агра, Ұлы Моғолдар патшалығы | ||
Жерленді | Акбар кесенесі, Агра | ||
Әкесі | Хумаюн | ||
Анасы | Хамидабану бегім | ||
Жұбайы | Рүкия бегім Салима бегім Джодха бегім | ||
Балалары | Ұлдары: Хасан мырза Құсайын мырза Жаһангір Мұрат мырза Даниял мырза Хүшрі мырза Қыздары: Арамбану бегім Шаһрунниса бегім Ханымсұлтан бегім | ||
I Акбар Ортаққорда | |||
өңдеу |
Оның тұсында Ұлы Моғолдар патшалығы өзінің шарықтау шыңына жетті: мәдениет, өркениет, ғылым, өнер, әсіресе, сәулет өнері жоғары деңгейге жетті; ірі мешіттер, көптеген ғибадатханалар ашылды; терең құдықтар, әсем мазарлар салынды; I Акбардың дінге еріктілік саясатына сәйкес жизия салығы жойылып, үнді халқының әл-ауқаты жақсарды.
Толық атағы: Ағзам сұлтан әрі Мәртебелі қаған, Әділ имам, Ислам сұлтаны, Мүміндер әмірі, Үндістан билеушісі, Жоғарғы халиф, Әбілфатх Жалалуддин Мұхаммед Акбар, Заман иесі, Жеңімпаз падишаһ, Алланың көлеңкесі, Үнділер мен Моғолдар сұлтанатының шаһиншаһы (урду: әс-Сұлтан үл-Ағзам уә-л-Хақан үл-Мүкаррам, Имам-и-Әділ, Сұлтан үл-Ислам, Каффатт үл-Анғам, Әмір үл-Мүминин, Мәлік-и-Үндістан, Халифат үл-Мүтғали, Әбілфатх Жалалуддин Мұхаммед Акбар, Сахиб-и-Заман, Падишаһ-и-Ғази, Зиллулла, Шаһиншаһ-и-Сұлтанат-үл-Хиндия-уә-л-Мұғалия.
Өмірбаяны
I Акбар 1542 жылдың 14 қазанында Омаркот қаласында Ұлы Моғолдар падишаһы Хумаюн мен Хамида Бану бегімнің шаңырағында дүниеге келді.
Билеген жылдары
Мальваны, Раджпутананы, Гуджаратты, Бенгалияны, Аудты, Бихарды, Синдті, Кашмирді жаулап алып, өз тұсында патшалық жерін едәуір ұлғайтты және Ұлы Моғолдар әулетінің билігін нығайта түсті. Елде әкімшілік, әлеуметтік және әскери жаңартпаларды жүзеге асырды. I Акбар дүниетанымы кең, рухани бай адам болған. Ол бүкіл болмыстың біртұтас және оның себебі бір екенін жақсы түсініп, сол кездегі үнді жеріндегі түрлі діни көзқарастарды біріктіруге ұмтылды. Сондықтан ол "дін-и илаһи" (Құдай діні) атты жаңа дін енгізді. Бұл исламды, индуизмді, буддизмді, зороастризмді, джайнизмді және христиандықты біріктіруге ұмтылған талпыныс еді. I Акбар тұсында Үндістанда сәулет өнерінің тамаша ескерткіштері салынды: Қызыл форт (1565-1574), Фатехпур Сикри қаласы (1569-1574), Аймер форты (1564-1573), Делидегі Сарай қақпасы (1560), Лал-Кила (1586-1618) және т.б. Олардың құрылысында мұсылман сәулет өнері мен үнді дәстүрінің озық үлгілері жарасымды пайдаланылған.
I Акбар тұсында Ұлы Моғолдар патшалығының шекарасы кеңейді. Оның құрамына шығыс пен оңтүстікке Бенгалия, Орисса, Гуджарат, Кашмир субалары, Хандеши сұлтандығы мен Ахмеднагар енді. Солтүстікте Ираннан тартып алынған маңызды сауда орталығы Кандагар қаласын қосып алды. Акбардың алдыңғы билеушілерден ерекшелігі өзіне қызметке үнді шонжарларын тартуы еді. Мұнымен қатар ол үнді саудагерлерімен де жақсы қатынаста болды. Оның тұсында индуизмге табынғанды қудалау тоқтатылды, үнді тұрғындары өте ауыр жизия жан басы салығынан босатылды. 1593 жылы дін сенімдегі еркіндікке байланысты жарлық шығарылды. Алдын зорлап мұсылман дініне өткізілген үнділердің барлығына дін еркіндігі берілді. Акбар тұсында да салық жүйесі реттелді. Акбардың жарлығы бойынша бүкіл Үндістанда жерді өлшеудің бірдей түрі енгізілді. Өте үлкен Ұлы Моғолдар патшалығы Акбар тұсында 15 субаға (облысқа) бөлінді. Субаларды падишаһтың наменгерлері (субадарлары) басқарды. Акбар Үндістанның ирригациялық жүйесін кеңейтті. Акбардың барлық саясат мемлекетті орталықтандыруға, падишаһ билігін нығайтуға бағытталды. Бірақ ол феодалдық ортаның салт-дәстүрін, ру-тайпалық қатынастың, Үндістанның әлеуметтік құрылысын ескермей кете алмады. Сондықтан оның құрған басқару жүйесі өзінен алдыңғы мұсылман билеушілерінен мүлде басқа болды деу қиын. Орталық үкімет әскери, қаржы және сот мекемелеріне бөлінді. Акбар тұсында көптеген құрылыстар салынып, елордасы Дели сол кездегі қалалардың ішіндегі ең гүлденген қалалардың біріне айналды.
Акбардың тоғыз қазынасы
I Акбар билеген жылдарының екінші жартысы мәдениет, өркениет, ғылым және өнердің дамуымен өтті. Әрине, бұл тек падишаһтың еңбегі емес, бұл оның уәзірлерінің де еңбегі. Осы уәзірлерден тұратын Акбардың үкіметі Наваратнас, яғни хиндиден аударғанда — Тоғыз қазына деген атаумен Үндістанның тарихында қалды. Бұл атау осы үкіметтегі мүшелердің санына сілтейді, яғни Акбардың уәзірлерінің саны тоғыс болған, ол мыналар:
№ | Атағы, есімі, лақап аты | Өмір сүрген жылдары | Лауазымы |
---|---|---|---|
1 | Шейх | 1551-1602 | Ұлы уәзір |
2 | Раджа | т.ж.б.-1589 | Қаржы уәзірі |
3 | 1506-1589 | Мәдениет уәзірі | |
4 | Раджа | 1528-1586 | Сыртқы істер уәзірі |
5 | Шейх | 1547-1595 | Білім беру уәзірі |
6 | Раджа | 1550-1614 | Моғол әскерінің штаб бастығы |
7 | Ханзада | 1556-1627 | Қорғаныс уәзірі |
8 | Молла | 1582-1620 | Ішкі істер уәзірі |
9 | Шейх | т.ж.б.-қ.ж.б. | Діни істер уәзірі |
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 1-том
- Үндістан Ұлы Моғолдар патшалығының тұсында
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
I Akbar urdu جلال الدین محمد اکبر Ұly Mogoldar patshalygy 3 shi padishaһy kolbasshy Ұly Mogoldar patshalygynyn negizin kalaushysy Babyrdyn nemeresi Humayunnyn үlken balasy I Akbar جلال الدین محمد اکبرLauazymyTu Ұly Mogoldar patshalygynyn 3 shi padishaһy27 kantar 1556 17 kazan 1605Izashary HumayunIzbasary ZhaһangirӨmirbayanyDini IslamDүniege kelui 14 kazan 1542 1542 10 14 Omarkot Ұly Mogoldar patshalygyҚajtys boluy 17 kazan 1605 1605 10 17 63 zhas Agra Ұly Mogoldar patshalygyZherlendi Akbar kesenesi AgraӘkesi HumayunAnasy Hamidabanu begimZhubajy Rүkiya begim Salima begim Dzhodha begimBalalary Ұldary Hasan myrza Қusajyn myrza Zhaһangir Murat myrza Daniyal myrza Hүshri myrza Қyzdary Arambanu begim Shaһrunnisa begim Hanymsultan begimI Akbar Ortakkordaondeu Onyn tusynda Ұly Mogoldar patshalygy ozinin sharyktau shynyna zhetti mәdeniet orkeniet gylym oner әsirese sәulet oneri zhogary dengejge zhetti iri meshitter koptegen gibadathanalar ashyldy teren kudyktar әsem mazarlar salyndy I Akbardyn dinge eriktilik sayasatyna sәjkes zhiziya salygy zhojylyp үndi halkynyn әl aukaty zhaksardy Tolyk atagy Agzam sultan әri Mәrtebeli kagan Әdil imam Islam sultany Mүminder әmiri Үndistan bileushisi Zhogargy halif Әbilfath Zhalaluddin Muhammed Akbar Zaman iesi Zhenimpaz padishaһ Allanyn kolenkesi Үndiler men Mogoldar sultanatynyn shaһinshaһy urdu әs Sultan үl Agzam uә l Hakan үl Mүkarram Imam i Әdil Sultan үl Islam Kaffatt үl Angam Әmir үl Mүminin Mәlik i Үndistan Halifat үl Mүtgali Әbilfath Zhalaluddin Muhammed Akbar Sahib i Zaman Padishaһ i Ғazi Zillulla Shaһinshaһ i Sultanat үl Hindiya uә l Mugaliya ӨmirbayanyI Akbar 1542 zhyldyn 14 kazanynda Omarkot kalasynda Ұly Mogoldar padishaһy Humayun men Hamida Banu begimnin shanyragynda dүniege keldi Bilegen zhyldary I Akbar tusyndagy Ұly Mogoldar patshalygy Malvany Radzhputanany Gudzharatty Bengaliyany Audty Bihardy Sindti Kashmirdi zhaulap alyp oz tusynda patshalyk zherin edәuir ulgajtty zhәne Ұly Mogoldar әuletinin biligin nygajta tүsti Elde әkimshilik әleumettik zhәne әskeri zhanartpalardy zhүzege asyrdy I Akbar dүnietanymy ken ruhani baj adam bolgan Ol bүkil bolmystyn birtutas zhәne onyn sebebi bir ekenin zhaksy tүsinip sol kezdegi үndi zherindegi tүrli dini kozkarastardy biriktiruge umtyldy Sondyktan ol din i ilaһi Қudaj dini atty zhana din engizdi Bul islamdy induizmdi buddizmdi zoroastrizmdi dzhajnizmdi zhәne hristiandykty biriktiruge umtylgan talpynys edi I Akbar tusynda Үndistanda sәulet onerinin tamasha eskertkishteri salyndy Қyzyl fort 1565 1574 Fatehpur Sikri kalasy 1569 1574 Ajmer forty 1564 1573 Delidegi Saraj kakpasy 1560 Lal Kila 1586 1618 zhәne t b Olardyn kurylysynda musylman sәulet oneri men үndi dәstүrinin ozyk үlgileri zharasymdy pajdalanylgan I Akbar tusynda Ұly Mogoldar patshalygynyn shekarasy kenejdi Onyn kuramyna shygys pen ontүstikke Bengaliya Orissa Gudzharat Kashmir subalary Handeshi sultandygy men Ahmednagar endi Soltүstikte Irannan tartyp alyngan manyzdy sauda ortalygy Kandagar kalasyn kosyp aldy Akbardyn aldyngy bileushilerden ereksheligi ozine kyzmetke үndi shonzharlaryn tartuy edi Munymen katar ol үndi saudagerlerimen de zhaksy katynasta boldy Onyn tusynda induizmge tabyngandy kudalau toktatyldy үndi turgyndary ote auyr zhiziya zhan basy salygynan bosatyldy 1593 zhyly din senimdegi erkindikke bajlanysty zharlyk shygaryldy Aldyn zorlap musylman dinine otkizilgen үndilerdin barlygyna din erkindigi berildi Akbar tusynda da salyk zhүjesi retteldi Akbardyn zharlygy bojynsha bүkil Үndistanda zherdi olsheudin birdej tүri engizildi Өte үlken Ұly Mogoldar patshalygy Akbar tusynda 15 subaga oblyska bolindi Subalardy padishaһtyn namengerleri subadarlary baskardy Akbar Үndistannyn irrigaciyalyk zhүjesin kenejtti Akbardyn barlyk sayasat memleketti ortalyktandyruga padishaһ biligin nygajtuga bagyttaldy Birak ol feodaldyk ortanyn salt dәstүrin ru tajpalyk katynastyn Үndistannyn әleumettik kurylysyn eskermej kete almady Sondyktan onyn kurgan baskaru zhүjesi ozinen aldyngy musylman bileushilerinen mүlde baska boldy deu kiyn Ortalyk үkimet әskeri karzhy zhәne sot mekemelerine bolindi Akbar tusynda koptegen kurylystar salynyp elordasy Deli sol kezdegi kalalardyn ishindegi en gүldengen kalalardyn birine ajnaldy Akbardyn togyz kazynasyI Akbar bilegen zhyldarynyn ekinshi zhartysy mәdeniet orkeniet gylym zhәne onerdin damuymen otti Әrine bul tek padishaһtyn enbegi emes bul onyn uәzirlerinin de enbegi Osy uәzirlerden turatyn Akbardyn үkimeti Navaratnas yagni hindiden audarganda Togyz kazyna degen ataumen Үndistannyn tarihynda kaldy Bul atau osy үkimettegi mүshelerdin sanyna siltejdi yagni Akbardyn uәzirlerinin sany togys bolgan ol mynalar Atagy esimi lakap aty Өmir sүrgen zhyldary Lauazymy1 Shejh 1551 1602 Ұly uәzir2 Radzha t zh b 1589 Қarzhy uәziri3 1506 1589 Mәdeniet uәziri4 Radzha 1528 1586 Syrtky ister uәziri5 Shejh 1547 1595 Bilim beru uәziri6 Radzha 1550 1614 Mogol әskerinin shtab bastygy7 Hanzada 1556 1627 Қorganys uәziri8 Molla 1582 1620 Ishki ister uәziri9 Shejh t zh b k zh b Dini ister uәziriDerekkozderҚazak enciklopediyasy 1 tom Үndistan Ұly Mogoldar patshalygynyn tusynda