Үлкен Кавказ — Кавказ таулы аймағына кіретін тау жүйесі. Батыс, солтүстік-батысындағы Қара теңізден шығыс, оңтүстік-шығысында Каспий теңізіне дейін 1100 км-ге созыла орналасқан. Ені әр бөлігінде әр түрлі: батысында Новороссийск меридианында 30 км, орта тұсында — Джауджинау меридианында 110 км, Дағыстан аумағында 160 км, ең енді жері 180 км — Эльбрус меридианында. Үлкен Кавказ ұзына бойына 3 бөлікке бөлінеді: Осьтік бөлігі, солтүстік және оңтүстік беткейлері. Осьтік бөлігі өн бойына созылып кететін 2 жотадан: Бас немесе Суайырық жотадан және оған солт-нен қатарласа орналасқан Бүйір жотадан тұрады. Бүйір жота Бас жотадан биіктеу келеді. Үлкен Кавказ көлденеңінен Батыс (Эльбрусқа дейін), Орт. (Эльбрус пен Казбектің аралығы) және Шығыс (Казбектен шығысқа қарай) бөліктерге бөлінеді. Үлкен Кавказ Орт. бөлігінде ең үлкен биікке көтеріледі. Мұндағы Бас және Бүйір жотадағы көптеген шыңдардың биіктігі 5000 м-ден асады: Эльбрус (5642 м), Дыхтау (5203 м), Шхара (5068 м), Казбек (5033 м), т.б. пен Эльбрус Бүйір жотадағы сөнген жанартау конустарын құрайды. Орт. Кавказдың шегінде екі жота да қатты кристалдық тау жыныстарынан құралған, олар альпілік жер бедерін түзеді. Үлкен Кавказ батыс және шығыс шетіне қарай жіңішкеріп, аласара түседі. Солтүстік және оңтүстік беткейлері анағұрлым аласа жоталар мен қырқалардан тұрады. Үлкен Кавказ қоңыржай және субтропиктік климат белдеулерінің шекарасында орналасқан. Климат жағдайлары таудың төм. белдеулерінде сан алуан. Қара тіеңіз жағалауында, Туапседен солтүстік-батыста ылғалды субтропиктік (жылдық жауын-шашын 1200 — 1600 мм), ал оңтүстік-батысқа қарай жерортатеңіздік (1200 мм-ден кем). Шығыс Кавказ оңтүстік беткейінде біршама құрғақ, қысы жұмсақ, жазы жылырақ. Солтүстік беткейінде қысы қатаң, жоғары көтерілген сайын климат айырмасы азаяды, температура төмендеп, жауын-шашын артады. Үлкен Кавказдың биік таулы батыс бөлігінің оңтүстік-батыс беткейінде жылдық жауын-шашын мөлш. 3000 мм-ден асады. Мұздықтар, негізінен, тау жүйесінің Орт. биік бөлігіне шоғырланған. Ең ірілерінің ұзындығы 12 км-ден асады. Мұздықтар қазіргі кезде жаппай қысқаруда. Өзендері (Кубань, Терек, Риопи, Ингури және олардың салалары) биік таулы бөлігінде қар және мұздық суымен толығады; 6 ай бойы тасиды. Үлкен Кавказды негізінен таулы орман және таулы шалғын ландшафты алып жатады. Орман төменде жалпақ жапырақты ағаш тұқымдарынан (емен, граб) тұрады. Орта таулы белдеуде шамшат орманы басып, жоғары қарай аралас орман, ең жоғары бөлігінде қылқан жапырақты орман (шырша, майқарағай) өседі. Тау бастарын субальпілік және альпілік шалғындар басқан. Жануарлардан орман белдеуінде қоңыр аю, қасқыр, түлкі, сілеусін, қабан, т.б. мекендейді. Биік таулы белдеуге аю, елік, тау құры, тур, т.б. тән. Марганец, полиметалл, молибден мен вольфрам, тас көмір мен тас тұзының кен орындары бар. Кисловодск, Сочи-Мацеста, Цхалтубо, т.б. минералды су көздері әлемге әйгілі. Тау өзендері су энергия қорына бай. Биік тау басындағы субальпілік және альпілік шалғындар, орман белдеуіндегі шалғынды алаңдар мал жайылымы. Таудың төм. және ішінара орта белдеуі егіншілікке қолайлы. Қара теңіз жағалауына қараған бөлігінде шай, цитрустар, жеміс ағаштары, т.б. субтропиктік дақылдар өсіріледі.
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Үlken Kavkaz Kavkaz tauly ajmagyna kiretin tau zhүjesi Batys soltүstik batysyndagy Қara tenizden shygys ontүstik shygysynda Kaspij tenizine dejin 1100 km ge sozyla ornalaskan Eni әr boliginde әr tүrli batysynda Novorossijsk meridianynda 30 km orta tusynda Dzhaudzhinau meridianynda 110 km Dagystan aumagynda 160 km en endi zheri 180 km Elbrus meridianynda Үlken Kavkaz uzyna bojyna 3 bolikke bolinedi Ostik boligi soltүstik zhәne ontүstik betkejleri Ostik boligi on bojyna sozylyp ketetin 2 zhotadan Bas nemese Suajyryk zhotadan zhәne ogan solt nen katarlasa ornalaskan Bүjir zhotadan turady Bүjir zhota Bas zhotadan biikteu keledi Үlken Kavkaz koldeneninen Batys Elbruska dejin Ort Elbrus pen Kazbektin aralygy zhәne Shygys Kazbekten shygyska karaj bolikterge bolinedi Үlken Kavkaz Ort boliginde en үlken biikke koteriledi Mundagy Bas zhәne Bүjir zhotadagy koptegen shyndardyn biiktigi 5000 m den asady Elbrus 5642 m Dyhtau 5203 m Shhara 5068 m Kazbek 5033 m t b pen Elbrus Bүjir zhotadagy songen zhanartau konustaryn kurajdy Ort Kavkazdyn sheginde eki zhota da katty kristaldyk tau zhynystarynan kuralgan olar alpilik zher bederin tүzedi Үlken Kavkaz batys zhәne shygys shetine karaj zhinishkerip alasara tүsedi Soltүstik zhәne ontүstik betkejleri anagurlym alasa zhotalar men kyrkalardan turady Үlken Kavkaz konyrzhaj zhәne subtropiktik klimat beldeulerinin shekarasynda ornalaskan Klimat zhagdajlary taudyn tom beldeulerinde san aluan Қara tieniz zhagalauynda Tuapseden soltүstik batysta ylgaldy subtropiktik zhyldyk zhauyn shashyn 1200 1600 mm al ontүstik batyska karaj zherortatenizdik 1200 mm den kem Shygys Kavkaz ontүstik betkejinde birshama kurgak kysy zhumsak zhazy zhylyrak Soltүstik betkejinde kysy katan zhogary koterilgen sajyn klimat ajyrmasy azayady temperatura tomendep zhauyn shashyn artady Үlken Kavkazdyn biik tauly batys boliginin ontүstik batys betkejinde zhyldyk zhauyn shashyn molsh 3000 mm den asady Muzdyktar negizinen tau zhүjesinin Ort biik boligine shogyrlangan En irilerinin uzyndygy 12 km den asady Muzdyktar kazirgi kezde zhappaj kyskaruda Өzenderi Kuban Terek Riopi Inguri zhәne olardyn salalary biik tauly boliginde kar zhәne muzdyk suymen tolygady 6 aj bojy tasidy Үlken Kavkazdy negizinen tauly orman zhәne tauly shalgyn landshafty alyp zhatady Orman tomende zhalpak zhapyrakty agash tukymdarynan emen grab turady Orta tauly beldeude shamshat ormany basyp zhogary karaj aralas orman en zhogary boliginde kylkan zhapyrakty orman shyrsha majkaragaj osedi Tau bastaryn subalpilik zhәne alpilik shalgyndar baskan Zhanuarlardan orman beldeuinde konyr ayu kaskyr tүlki sileusin kaban t b mekendejdi Biik tauly beldeuge ayu elik tau kury tur t b tәn Marganec polimetall molibden men volfram tas komir men tas tuzynyn ken oryndary bar Kislovodsk Sochi Macesta Chaltubo t b mineraldy su kozderi әlemge әjgili Tau ozenderi su energiya koryna baj Biik tau basyndagy subalpilik zhәne alpilik shalgyndar orman beldeuindegi shalgyndy alandar mal zhajylymy Taudyn tom zhәne ishinara orta beldeui eginshilikke kolajly Қara teniz zhagalauyna karagan boliginde shaj citrustar zhemis agashtary t b subtropiktik dakyldar osiriledi Үlken KavkazSiltemeler Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 IX tom Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet