Құдағи жүзік – екі саусаққа қатар киюге арналған қосбауырдағы бар, үсті тұтас болып келетін, ерекше көркемделетін жүзік түрі. Халық арасында құдағи жүзікті қалыңдықтың шешесі құдағиына сыйлаған. Бірқатар ғалымдардың мәліметінше, жақсы, ізгі тілектің белгісі ретінде қыз бен жігіттің шешелері бір-біріне тарту еткен.
Ғұрыптық мәні мен түрлері
Құдағи жүзік сыйлаудың ғұрыптың мәні балаларының жұбы жазылмасын, қос бауырдақтай болып мәңгі қатар жүрсін, бақытты болсын деген тілектен туындаған. Құдағи жүзікті зергерлерге арнайы тапсырыспен жасататын болған. Оның тұтас бетіне сіркелеп өрнек түсіріп, алтынмен аптаған, кейде асыл тастардан көз орнатқан. Құдағи жүзік тарту ету елдің батыс өңірінде кең тараған. Осыған орай ол халық тілінде адай жүзік деп те аталды. Сонымен қатар бұл жүзік қасының санына қарай – "қос қасты жүзік", бауырдағына қарай – "қос бауырдақ жүзік", "қос балдақ жүзік" деп те аталады.
Сипаты
ҚР Ұлттық мұрағаты қорында сақталған XIX ғасырда күмістен жасалған қосбауырдақты құдағи жүзіктің алақанының ортасында ұзыншақ дөңес келген есекқұрт және екі жанында қас деп аталатын жайпақтау, сопақша келген бөліктері бар. Екі қас аралығына жалған сіркелеу тәсілімен тұмарша өрнектері бедерленген. Жүзік қырына кереге көз өрнектер айналдыра салынған. Көлемі 6х4,5см. (1-сурет).
Құдағи жүзіктің жайпақтау, сопақша келген екі қасына ақықтан көз орнатылған. Ақықтың үстіне сіркелеу әдісімен S пішінді өрнек салынған. Қастың сырты айналдыра жапырақ пішінді өсімдік өрнектермен, оның сыртынан геометриялық өрнектермен әшекейленген. Алақанның жиегін айналдыра сіркелеу әдісімен өсімдік (гүл) өрнектер салынған. Алақан шеңберіне білезік пен екі аралығын жалғайтын шынжыр ілуге арналған тойнақ бекітілген. Жүзіктің мөлшері 7х6 см. (2-сурет).
Алтын жалатылған құдағи жүзік, көлемі 8х1,3х4,3 см. Бетіне бес қас қондырылған. Жүзік алақанының ортасында дөңгелек пішінді, айналасына сопақша пішінді қас орнатылған. Қастардың ортасына төрт құстұмсық өрнегі салынған (3-сурет).
Екі саусаққа арнап соғылған бауырдағы бар күмістен жасалған құдағи жүзік. Алақанына жалған сіркемен тұмарша өрнектер, екі қасына шыныдан көз салынған. Пошымы дөңгелек болып келген. Диаметрі 6 см (4-сурет).
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Тәжімұратов Ә. Шебердің қолы ортақ. Алматы: Қазақстан, 1977;
- Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. Алматы: Ғылым, 1991;
- Шойбеков Р.Н. Қазақ зергерлік өнерінің лексикасы. Алматы: Қазақстан, 1993;
- Шоқпарұлы Д., Дәркембайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы: Алматыкітап, 2007.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қudagi zhүzik eki sausakka katar kiyuge arnalgan kosbauyrdagy bar үsti tutas bolyp keletin erekshe korkemdeletin zhүzik tүri Halyk arasynda kudagi zhүzikti kalyndyktyn sheshesi kudagiyna syjlagan Birkatar galymdardyn mәlimetinshe zhaksy izgi tilektin belgisi retinde kyz ben zhigittin shesheleri bir birine tartu etken Қudagi zhүzik ҚR ҰM korynan 1 suret Ғuryptyk mәni men tүrleriҚudagi zhүzik syjlaudyn guryptyn mәni balalarynyn zhuby zhazylmasyn kos bauyrdaktaj bolyp mәngi katar zhүrsin bakytty bolsyn degen tilekten tuyndagan Қudagi zhүzikti zergerlerge arnajy tapsyryspen zhasatatyn bolgan Onyn tutas betine sirkelep ornek tүsirip altynmen aptagan kejde asyl tastardan koz ornatkan Қudagi zhүzik tartu etu eldin batys onirinde ken taragan Osygan oraj ol halyk tilinde adaj zhүzik dep te ataldy Sonymen katar bul zhүzik kasynyn sanyna karaj kos kasty zhүzik bauyrdagyna karaj kos bauyrdak zhүzik kos baldak zhүzik dep te atalady SipatyҚudagi zhүzik ҚR ҰM korynan 2 suret Bes kasty kudagi zhүzik ҚR ҰM korynan 3 suret Қos kasty kudagi zhүzik ҚR ҰM korynan 4 suret ҚR Ұlttyk muragaty korynda saktalgan XIX gasyrda kүmisten zhasalgan kosbauyrdakty kudagi zhүziktin alakanynyn ortasynda uzynshak dones kelgen esekkurt zhәne eki zhanynda kas dep atalatyn zhajpaktau sopaksha kelgen bolikteri bar Eki kas aralygyna zhalgan sirkeleu tәsilimen tumarsha ornekteri bederlengen Zhүzik kyryna kerege koz ornekter ajnaldyra salyngan Kolemi 6h4 5sm 1 suret Қudagi zhүziktin zhajpaktau sopaksha kelgen eki kasyna akyktan koz ornatylgan Akyktyn үstine sirkeleu әdisimen S pishindi ornek salyngan Қastyn syrty ajnaldyra zhapyrak pishindi osimdik ornektermen onyn syrtynan geometriyalyk ornektermen әshekejlengen Alakannyn zhiegin ajnaldyra sirkeleu әdisimen osimdik gүl ornekter salyngan Alakan shenberine bilezik pen eki aralygyn zhalgajtyn shynzhyr iluge arnalgan tojnak bekitilgen Zhүziktin molsheri 7h6 sm 2 suret Altyn zhalatylgan kudagi zhүzik kolemi 8h1 3h4 3 sm Betine bes kas kondyrylgan Zhүzik alakanynyn ortasynda dongelek pishindi ajnalasyna sopaksha pishindi kas ornatylgan Қastardyn ortasyna tort kustumsyk ornegi salyngan 3 suret Eki sausakka arnap sogylgan bauyrdagy bar kүmisten zhasalgan kudagi zhүzik Alakanyna zhalgan sirkemen tumarsha ornekter eki kasyna shynydan koz salyngan Poshymy dongelek bolyp kelgen Diametri 6 sm 4 suret DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterTәzhimuratov Ә Sheberdin koly ortak Almaty Қazakstan 1977 Shojbekov R N Қazak zergerlik onerinin sozdigi Almaty Ғylym 1991 Shojbekov R N Қazak zergerlik onerinin leksikasy Almaty Қazakstan 1993 Shokparuly D Dәrkembajuly D Қazaktyn koldanbaly oneri Almaty Almatykitap 2007