Қидан патшалығы немесе Қидан мемлекеті (қытайша: 契丹 (цидань)), кейде Ляо империясы— 907 жылдан 1125 жылға дейін болған, қазіргі Ішкі Моңғолия, Моңғолия және Маньчжурияны мекендеген ежелгі көшпелі моңғолдар тайпалар мемлекеті.
Қидандардың Орта Азияға келуі
XII ғасырдың 30-шы жылдарының соңында Орталық Азияда Қазақстан мен Орта Азия аумағына қидандар (Отан тарихында қарақытайлар деп аталатын) келіп қоныстана бастады.Олар X ғасырда Оңтүстік Моңғолия мен Солтүстік Маньчжурия аумағында көшпелі Ляо мемлекетін құрған еді.
1125 жылы қидандардың империясы чжурчжендер соққысынан талқандалып, солтүстікке қарай ығысты.
Қидандардың шығу тегі туралы ғылымда қарама-қайшы пікірлер көп кездеседі. Кейбір зерттеушілер оларды қазіргі моңғолдармен түбі бір туыстас десе, енді бір ғалымдар шүршіттердің бір тармағы немесе тұңғұс-маньчжур тайпаларының араласуынан шыққан деген болжам жасайды.
Қарақытайлардың этникалық тарихы да талас туғызады. Дегенмен, бұл империяда батыс-түрік тайпаларынан құралған қидандар басымдық танытты.
Қидандардың басым көпшілігі малшылар мен аңшылар еді. Олардың ішінде отырықшы және қала тұрғындары да болды. Қидандарға жер өңдеу, бау-бақша өсіру, қолөнер, сауда жат емес-ті. Оңтүстік Моңғолиядағы кішігірім қалаларда олар отырықшы өмір кешті. Осы қалалардың орнынан қазба жұмыстары кезінде ірі храмдар мен сарайлар аршылып алынды.
1125 жылы шүршіттерден жеңілген қидандардың бір бөлігі Елюй Дашының басшылығымен батысқа қарай жылжиды. Ол Ляо мемлекетіне тәуелді болған қидан, ұйғыр, керейт, меркіт және т.б тайпаларды өзіне қосып алады. Елюй Дашы қырғыздың Енисей жері арқылы өтіп, Оңтүстік Алтай арқылы Шығыс Түркістан мен Жетісу жеріне келеді.
Қидандардың бір бөлігінің 1125 жылы Синьцзяньнің батыс өлкелерін басып алу әрекеті іске аспай қалады. Шу мен Талас алқабына келген Елюй Дашы бастаған қидандардың жорықтары сәтті болады. Бұл аймақтың орталығы қарахандық Арслан ханның әкімшілігі орналасқан Баласағұн қаласы еді.
Елюй Дашы Алып Арсланның бір кездерде өзінен көмек сұрағанын пайдаланып, Жетісудің біраз аймағын, Баласағұнды басып алады да, жоғарғы билеуші «гурхан» атағын иеленеді. Түркістандағы қарахандықтар иелігіндегі көшпенділер осы қидан ордасына қосылған. Кейінірек бұл орда мұсылман деректерінде қарақытайлар немесе жай қытайлар деген атпен белгілі болған. 1137 жылы Елюй Дашы Қашқар мен Қоданды жаулап алған соң, Мауереннахрға жорыққа аттанады. Ходжент маңында Махмұд ибн Мұхаммед Арслан ханның әскерімен шешуші шайқасқа шығады. Қарахандықтардың әскерлері талқандалып, қалған бөлігі Самарқандқа қашып кетеді.
Қарақытайлардың Ходженттегі жеңісі Мауереннахрдағы жағдайды күрт өзгертті. Осыған орай Самарқанд билеушісіне тәуелді қарахандар мен қарлұқтар көсемдерінің арасында қиын жағдай қалыптасты. Қарлұқтар бұған дейін қарахандардың ешбір тайпасымен соғыспаған еді, тіпті олар Қарахан Мұхаммед ибн Сүлейменге әскери қызмет еткен болатын. Қарахан мемлекетіндегі қарлұқтардың бас көтеруі селжұқ сұлтаны Санжардың Мауереннахрға жорық жасауына себеп болды. Қарахандар Санжардан Қарақытайларға қарсы соғысу үшін көмек сұрап, ал қарлұқтарды Санжардың көмегімен Самарқандқа дейін қуып тастайды. 1141 жылы селжұқтардың сұлтаны Санжар әскерімен Әмудариядан өтіп, Самарқандқа жақындайды. Ортағасырлық деректерді екі жақтың әскер саны жөнінде әр түрлі мәлімет келтірілген. Мұсылман және қытай деректері бойынша, Елюй Дашы 100 мың, кейбір деректерде 700 мың әскер жинаған дейді. Ал Санжарды 100 мың, кейбір деректерді 70 мың әскері болған.
Катван қырғыны 1141 жылы 9 қыркүйекте болып, шайқасқа кірісімен-ақ, Санжар біраз әскерінен айырылды. Гурхан жау әскерін қорғау үшін өз әскерін үлкен үш бөлікке бөлді. Санжар әскерімен қоян-қолтық араласқан Гурхан әскерлері оларды қоршаған кезде қыспақта қалған селжұқтар шегіне бастады. Олар Дарго аймағындағы өзеннен өтпекші болғанда көбі сонда қырылды. Қарақытайлармен табанды күрескен Санжар әскерінің сол қанаты ғана еді.
Санжар 300 атты әскерімен қоршауда қалып, әрең қашып құтылады. Елюй Дашының қолбасылары мен әскерлері селжұқтардың көп бөлігін тұтқынға түсіреді. Оның ішінде Санжардың белгілі қолбасшылары мен әйелі де бар-тұғын. Деректер бойынша, Катван даласында адам өліктері тау болып үйілген. Өлген адамдардың саны туралы әр түрлі деректер бар: 30 мың, 70 мың немесе 100 мың жауынгер қаза болды деп жазылған. Шайқас болған маңда Гурхан 3 ай тұрақтап, кейін қарақытай әскерлері Бұхара мен Самарқанд ортасындағы Кермен қаласына келеді. Осы жерде жаңа мемлекет - Си Ляо құрылады..
Дереккөздер
- "Политика киданей в Центральной Азии" Дробышев Ю.И
- Ұлы Дала мемлекеттері.-Алматы: «Аруна» баспасы, 216 бет
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қidan patshalygy nemese Қidan memleketi kytajsha 契丹 cidan kejde Lyao imperiyasy 907 zhyldan 1125 zhylga dejin bolgan kazirgi Ishki Mongoliya Mongoliya zhәne Manchzhuriyany mekendegen ezhelgi koshpeli mongoldar tajpalar memleketi Қidandardyn Orta Aziyaga keluiXII gasyrdyn 30 shy zhyldarynyn sonynda Ortalyk Aziyada Қazakstan men Orta Aziya aumagyna kidandar Otan tarihynda karakytajlar dep atalatyn kelip konystana bastady Olar X gasyrda Ontүstik Mongoliya men Soltүstik Manchzhuriya aumagynda koshpeli Lyao memleketin kurgan edi Қidandar 1125 zhyly kidandardyn imperiyasy chzhurchzhender sokkysynan talkandalyp soltүstikke karaj ygysty Қidandardyn shygu tegi turaly gylymda karama kajshy pikirler kop kezdesedi Kejbir zertteushiler olardy kazirgi mongoldarmen tүbi bir tuystas dese endi bir galymdar shүrshitterdin bir tarmagy nemese tungus manchzhur tajpalarynyn aralasuynan shykkan degen bolzham zhasajdy Қarakytajlardyn etnikalyk tarihy da talas tugyzady Degenmen bul imperiyada batys tүrik tajpalarynan kuralgan kidandar basymdyk tanytty Қidandardyn basym kopshiligi malshylar men anshylar edi Olardyn ishinde otyrykshy zhәne kala turgyndary da boldy Қidandarga zher ondeu bau baksha osiru koloner sauda zhat emes ti Ontүstik Mongoliyadagy kishigirim kalalarda olar otyrykshy omir keshti Osy kalalardyn ornynan kazba zhumystary kezinde iri hramdar men sarajlar arshylyp alyndy 1125 zhyly shүrshitterden zhenilgen kidandardyn bir boligi Elyuj Dashynyn basshylygymen batyska karaj zhylzhidy Ol Lyao memleketine tәueldi bolgan kidan ujgyr kerejt merkit zhәne t b tajpalardy ozine kosyp alady Elyuj Dashy kyrgyzdyn Enisej zheri arkyly otip Ontүstik Altaj arkyly Shygys Tүrkistan men Zhetisu zherine keledi Қidandardyn bir boliginin 1125 zhyly Sinczyannin batys olkelerin basyp alu әreketi iske aspaj kalady Shu men Talas alkabyna kelgen Elyuj Dashy bastagan kidandardyn zhoryktary sәtti bolady Bul ajmaktyn ortalygy karahandyk Arslan hannyn әkimshiligi ornalaskan Balasagun kalasy edi Elyuj Dashy Alyp Arslannyn bir kezderde ozinen komek suraganyn pajdalanyp Zhetisudin biraz ajmagyn Balasagundy basyp alady da zhogargy bileushi gurhan atagyn ielenedi Tүrkistandagy karahandyktar ieligindegi koshpendiler osy kidan ordasyna kosylgan Kejinirek bul orda musylman derekterinde karakytajlar nemese zhaj kytajlar degen atpen belgili bolgan 1137 zhyly Elyuj Dashy Қashkar men Қodandy zhaulap algan son Mauerennahrga zhorykka attanady Hodzhent manynda Mahmud ibn Muhammed Arslan hannyn әskerimen sheshushi shajkaska shygady Қarahandyktardyn әskerleri talkandalyp kalgan boligi Samarkandka kashyp ketedi Қarakytajlardyn Hodzhenttegi zhenisi Mauerennahrdagy zhagdajdy kүrt ozgertti Osygan oraj Samarkand bileushisine tәueldi karahandar men karluktar kosemderinin arasynda kiyn zhagdaj kalyptasty Қarluktar bugan dejin karahandardyn eshbir tajpasymen sogyspagan edi tipti olar Қarahan Muhammed ibn Sүlejmenge әskeri kyzmet etken bolatyn Қarahan memleketindegi karluktardyn bas koterui selzhuk sultany Sanzhardyn Mauerennahrga zhoryk zhasauyna sebep boldy Қarahandar Sanzhardan Қarakytajlarga karsy sogysu үshin komek surap al karluktardy Sanzhardyn komegimen Samarkandka dejin kuyp tastajdy 1141 zhyly selzhuktardyn sultany Sanzhar әskerimen Әmudariyadan otip Samarkandka zhakyndajdy Ortagasyrlyk derekterdi eki zhaktyn әsker sany zhoninde әr tүrli mәlimet keltirilgen Musylman zhәne kytaj derekteri bojynsha Elyuj Dashy 100 myn kejbir derekterde 700 myn әsker zhinagan dejdi Al Sanzhardy 100 myn kejbir derekterdi 70 myn әskeri bolgan Katvan kyrgyny 1141 zhyly 9 kyrkүjekte bolyp shajkaska kirisimen ak Sanzhar biraz әskerinen ajyryldy Gurhan zhau әskerin korgau үshin oz әskerin үlken үsh bolikke boldi Sanzhar әskerimen koyan koltyk aralaskan Gurhan әskerleri olardy korshagan kezde kyspakta kalgan selzhuktar shegine bastady Olar Dargo ajmagyndagy ozennen otpekshi bolganda kobi sonda kyryldy Қarakytajlarmen tabandy kүresken Sanzhar әskerinin sol kanaty gana edi Sanzhar 300 atty әskerimen korshauda kalyp әren kashyp kutylady Elyuj Dashynyn kolbasylary men әskerleri selzhuktardyn kop boligin tutkynga tүsiredi Onyn ishinde Sanzhardyn belgili kolbasshylary men әjeli de bar tugyn Derekter bojynsha Katvan dalasynda adam olikteri tau bolyp үjilgen Өlgen adamdardyn sany turaly әr tүrli derekter bar 30 myn 70 myn nemese 100 myn zhauynger kaza boldy dep zhazylgan Shajkas bolgan manda Gurhan 3 aj turaktap kejin karakytaj әskerleri Buhara men Samarkand ortasyndagy Kermen kalasyna keledi Osy zherde zhana memleket Si Lyao kurylady Derekkozder Politika kidanej v Centralnoj Azii Drobyshev Yu I Ұly Dala memleketteri Almaty Aruna baspasy 216 bet