Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны — Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы жерінде, Орал қаласынан шығысқа қарай 150 км жерде орналасқан Қазақстандағы ірі мұнай-газ кен орны. Елде өндірілетін барлық газдың 45% және мұнайдың 16% құрайды. 2017 жылы КПО 146 миллион баррель мұнай эквивалентін өндірді. 1979 жылы ашылған.
Қарашығанақ мұнай-газ конденсат кен орны | |
51°09′ с. е. 52°58′ ш. б. / 51.150° с. е. 52.967° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 51°09′ с. е. 52°58′ ш. б. / 51.150° с. е. 52.967° ш. б. (G) (O) (Я) | |
Ел | Қазақстан |
Аймақ | Батыс Қазақстан облысы |
Статусы | қолданыста |
Ашылған уақыты | 1979 жыл |
Теңгерімдік қорлары | 1,35 трлн м³ газ, 1,2 млрд т мұнай млрд м³ |
Жылдық өнімі | 139,5 млн млрд м³ |
Жер қойнауын пайдаланушы | Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. |
Жатыс сипаты
Көтерілім құрылғының биіктігі 1700 м, аумағы 16×29 км. Кен шоғыры мұнайлы, газды, конденсатты. Газконденсатты бөлігінің биіктігі 1420 м, мұнай қабатының қуаты 200 м. Биогермдік және биоморфты-детритті әктас, доломит, т. б. әр түрлі ауыспалы жыныстары өнімді деп саналады. Коллекторлары кеуекті, кеуекті-ұралы типті. Кеуектілігінің орташа шамасы мұнайда 9,4%, газконденсат бөлігінде 10,7%. Газға қаныкқан резервуарлық бөлігінің орташа өткізгіштігі 0,08 мкм2, мұнайға қаныққан бөлігінікі 0,05 мкм2. Газға қаныққан коллекторының орташа пайдалы қалыңдығы 200 м, қаныққан мұнайдыкі - 45,7 м. Пермьдік бөлігінің газбен қаныққан коллекторы 0,90, тас көмір бөлігінікі 0,89. Мұнайға қаныққан коэффициенті 0,92-ге тең.
Геологиялық құрылымы
Кен орының жабындысы - кун-гур ярусының ирень свитасындағы галит қабатынан тұрады. Тұз-күмбезді тектоникалық өрекеті пайда болған беткі қабатын жоғары пермьнің дара ярусының терригенді-галогенді қабаттары жапқан. Кен шоғыры шегі - 3526 м тереңдікте. Газды-мұнайлы жапсары 4950 м-де байқалған, сулы-мұнайлы жапсары 5150 м. Пермьдік бөлігіндегі газконденсаттың бастапқы орташа қысымы 53,8 МПа, тас көмірлі қабатында 56,7 МПа. Қабаттардағы температура 67-89°С. Пермь бөлігіндегі конденсаттың орташа қысымы 486 г/м3, тас көмір қабатында 644 г/м3. Газдың дебиті тәулігіне 590 мың м3-ді көрсетті, концентта 500 мың м3, мұнайдыкі 326 м3.
Мұнай құрамы
Кен орнының мұнайлы бөлігін қасиетіне қарап оңтүстік-батыс және солтүстік-шығыс деп бөледі. Оңтүстік-батысының мұнайы ауыр (орташа тығыздық 861 кг/м3). Ондағы газдың орташа мөлшері 520 м3/м. Солтүстік-шығыс алаңындағы мұнай жеңіл (орташа тығыздық 830 кг/м3). Мұнда газдың құрам мөлшері 900 м3-ге жетеді. Конденсаттың тығыздығы 778-ден 814 кг/м3.
Конденсат құрамы
Конденсатта парафиннің мөлшері 1,8-3,0%, шайырлығы 1,0-1,7%, күкірттілігі 0,55-2,16%, меркаптандар үлесі 0,09-0,26%. 200°С-қа дейінгі температурада булануға ұшырайтын фракциялар 39-52%-і құрайды, 300°С-қа дейінгілері 60-77,5%. Конденсаттағы нафтен мөлшері 21,0-44,77% және ароматтылығы 6,2-13,6% жағдайында көміртекті метан қатары 49-68%-і құрайды. Мұнайдың тығыздылығы 8-10-нан 888 кг/м3-ге ауытқиды. Онда күкірттің мөлшері 0,54-1,98%, парафині 3,71-6,64%, асфальтендер 0,07-0,71%, 200°С-қа дейінгі температурада буланып кететін фракция мөлшері 20-43%, 300°С-қа дейінгісі 38-60%. Конденсаттағы сияқты мұнайда да метанды көмірсутектің үлесі басым.
Газдың құрамы
Қабатты газдың құрамы: метан — 70,6%, этан — 6,1%, пропан 2,9%, бутан 1,8%, пентан және т. б. ауыр көмірсутектер 8,5%, азот 0,7%, күкіртті сутек 3,5%, екі тотықты көміртек 5,6%, меркаптандар 0,07%. Мұнайдағы ерітілген газ құрамында метан 69,8%, этан 9,0%, пропан 4,2%, бутан 2,8%, пентан 1,5%, азот 0,9%, күкіртті сутек 5,0%, екі тотықты көміртек 6,1%, меркаптандар 0,03%.
Табан суының құрамы
Кен орнының табан суы өте қатты минералданған, жоғары сульфатты қабаты тұздықсулы хлоркальций типті. Құрамында сирек элементтер мөлшері жоғары. Минералдық 112-159 г/л. Негізгі кен шоғырларынан басқа Қарашығанақ мұнай-газ конденсат орындағы кунгур ярусының филиппин горизонты мен ирень свитасын жауып жатқан шөгінділерде де аз мөлшерде көмірсутек шоғырлары кездеседі. Олардың басым көпшілігі өндірістік іздестіру-барлау сатысында. Кен орнындағы газ қоры 1317,4 млрд м3-ді құрайды (1995). Мұнда бастапқы қордың 2%-ке жуығы ғана өндірілген. Кен орнында Қазақстандағы газконденсаттың 91%-і, газдың 66%-і шоғырланған.
Дереккөздер
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
Сілтемелер
- Геологиялық құрылым Қарашығанақ Мұнай-Газ Конденсат Кені Мұрағатталған 2 маусымның 2016 жылы. (орыс.)
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қarashyganak munaj gaz kondensat ken orny Batys Қazakstan oblysynyn Borli audany zherinde Oral kalasynan shygyska karaj 150 km zherde ornalaskan Қazakstandagy iri munaj gaz ken orny Elde ondiriletin barlyk gazdyn 45 zhәne munajdyn 16 kurajdy 2017 zhyly KPO 146 million barrel munaj ekvivalentin ondirdi 1979 zhyly ashylgan Қarashyganak munaj gaz kondensat ken orny51 09 s e 52 58 sh b 51 150 s e 52 967 sh b 51 150 52 967 G O Ya Koordinattar 51 09 s e 52 58 sh b 51 150 s e 52 967 sh b 51 150 52 967 G O Ya El ҚazakstanAjmakBatys Қazakstan oblysyStatusykoldanystaAshylgan uakyty1979 zhylTengerimdik korlary1 35 trln m gaz 1 2 mlrd t munaj mlrd m Zhyldyk onimi139 5 mln mlrd m Zher kojnauyn pajdalanushyҚarashyganak Petroleum Operejting B V Қarashyganak munaj gaz kondensat ken ornyҚarashyganak munaj gaz kondensat ken ornyҚarashyganak munaj gaz kondensat ken ornyZhatys sipatyKoterilim kurylgynyn biiktigi 1700 m aumagy 16 29 km Ken shogyry munajly gazdy kondensatty Gazkondensatty boliginin biiktigi 1420 m munaj kabatynyn kuaty 200 m Biogermdik zhәne biomorfty detritti әktas dolomit t b әr tүrli auyspaly zhynystary onimdi dep sanalady Kollektorlary keuekti keuekti uraly tipti Keuektiliginin ortasha shamasy munajda 9 4 gazkondensat boliginde 10 7 Gazga kanykkan rezervuarlyk boliginin ortasha otkizgishtigi 0 08 mkm2 munajga kanykkan boliginiki 0 05 mkm2 Gazga kanykkan kollektorynyn ortasha pajdaly kalyndygy 200 m kanykkan munajdyki 45 7 m Permdik boliginin gazben kanykkan kollektory 0 90 tas komir boliginiki 0 89 Munajga kanykkan koefficienti 0 92 ge ten Geologiyalyk kurylymyKen orynyn zhabyndysy kun gur yarusynyn iren svitasyndagy galit kabatynan turady Tuz kүmbezdi tektonikalyk oreketi pajda bolgan betki kabatyn zhogary permnin dara yarusynyn terrigendi galogendi kabattary zhapkan Ken shogyry shegi 3526 m terendikte Gazdy munajly zhapsary 4950 m de bajkalgan suly munajly zhapsary 5150 m Permdik boligindegi gazkondensattyn bastapky ortasha kysymy 53 8 MPa tas komirli kabatynda 56 7 MPa Қabattardagy temperatura 67 89 S Perm boligindegi kondensattyn ortasha kysymy 486 g m3 tas komir kabatynda 644 g m3 Gazdyn debiti tәuligine 590 myn m3 di korsetti koncentta 500 myn m3 munajdyki 326 m3 Munaj kuramyKen ornynyn munajly boligin kasietine karap ontүstik batys zhәne soltүstik shygys dep boledi Ontүstik batysynyn munajy auyr ortasha tygyzdyk 861 kg m3 Ondagy gazdyn ortasha molsheri 520 m3 m Soltүstik shygys alanyndagy munaj zhenil ortasha tygyzdyk 830 kg m3 Munda gazdyn kuram molsheri 900 m3 ge zhetedi Kondensattyn tygyzdygy 778 den 814 kg m3 Kondensat kuramyKondensatta parafinnin molsheri 1 8 3 0 shajyrlygy 1 0 1 7 kүkirttiligi 0 55 2 16 merkaptandar үlesi 0 09 0 26 200 S ka dejingi temperaturada bulanuga ushyrajtyn frakciyalar 39 52 i kurajdy 300 S ka dejingileri 60 77 5 Kondensattagy naften molsheri 21 0 44 77 zhәne aromattylygy 6 2 13 6 zhagdajynda komirtekti metan katary 49 68 i kurajdy Munajdyn tygyzdylygy 8 10 nan 888 kg m3 ge auytkidy Onda kүkirttin molsheri 0 54 1 98 parafini 3 71 6 64 asfaltender 0 07 0 71 200 S ka dejingi temperaturada bulanyp ketetin frakciya molsheri 20 43 300 S ka dejingisi 38 60 Kondensattagy siyakty munajda da metandy komirsutektin үlesi basym Gazdyn kuramyҚabatty gazdyn kuramy metan 70 6 etan 6 1 propan 2 9 butan 1 8 pentan zhәne t b auyr komirsutekter 8 5 azot 0 7 kүkirtti sutek 3 5 eki totykty komirtek 5 6 merkaptandar 0 07 Munajdagy eritilgen gaz kuramynda metan 69 8 etan 9 0 propan 4 2 butan 2 8 pentan 1 5 azot 0 9 kүkirtti sutek 5 0 eki totykty komirtek 6 1 merkaptandar 0 03 Taban suynyn kuramyKen ornynyn taban suy ote katty mineraldangan zhogary sulfatty kabaty tuzdyksuly hlorkalcij tipti Қuramynda sirek elementter molsheri zhogary Mineraldyk 112 159 g l Negizgi ken shogyrlarynan baska Қarashyganak munaj gaz kondensat oryndagy kungur yarusynyn filippin gorizonty men iren svitasyn zhauyp zhatkan shogindilerde de az molsherde komirsutek shogyrlary kezdesedi Olardyn basym kopshiligi ondiristik izdestiru barlau satysynda Ken ornyndagy gaz kory 1317 4 mlrd m3 di kurajdy 1995 Munda bastapky kordyn 2 ke zhuygy gana ondirilgen Ken ornynda Қazakstandagy gazkondensattyn 91 i gazdyn 66 i shogyrlangan DerekkozderBatys Қazakstan oblysy Enciklopediya Almaty Arys baspasy 2002 zhyl ISBN 9965 607 02 8SiltemelerGeologiyalyk kurylym Қarashyganak Munaj Gaz Kondensat Keni Muragattalgan 2 mausymnyn 2016 zhyly orys