Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі — Қазақстан Республикасының орталық банкі және Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейін білдіреді. Ерекше құқықтық мәртебесі бар Қазақстанның Даму Банкін қоспағанда, барлық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін білдіреді.
Қазақстан Ұлттық банкі | |||
| |||
Орналасуы | Астана, Мәңгілік Ел даңғылы, 57 «А» | ||
---|---|---|---|
Құрылды | 20 маусым 1991 | ||
Төрағасы | Тимур Сүлейменов | ||
Ел / ұйым | Қазақстан Республикасы | ||
Валюта | Қазақстан теңгесі | ||
ISO 4217 Code | KZT | ||
Қорлары | $37,8 млрд (наурыз 2024) | ||
Пайыздық мөлшерлеме | 14,75% (2024 жылғы 15 сәуірден бастап) | ||
Сайты | nationalbank.kz |
Ұлттық банк Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.
Тарихы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 1925 ж. 29 маусымда КСРО Мембанкінің Қазақ өлкелік кеңсесі ретінде ашылды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі аса маңызды екі құжат қабылдады – «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Заң және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Жарғысы туралы» 1991 жылғы 20 маусымдағы қаулысы. Ұлттық Мемлекеттік банк республиканың меншігіне көшті және Орталық банк болып табылды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңымен Қазақ КСР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта аталды.
Негізгі фунциясы
Ұлттық Банк өзінің құзыреті шегінде басқа елдердің орталық банктерімен және банктерімен қарым-қатынастарда, халықаралық банктерде және өзге қаржы-несиелік ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді.
Ұлттық Банк өзінің міндеттерін орындау кезінде пайда алу мақсатын басшылыққа алмауы тиіс.
Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Президентіне бағынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда оған заңнамада берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз.
Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескеріп отырады және егер өзінің негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмейтін болса, оны іске асыруға жәрдемдеседі.
Ұлттық Банк сатылап бағыну схемасы бар біртұтас орталықтандырылған құрылымнан тұрады. Ұлттық Банктің жоғары органы Басқарма, ал жедел басқару органы Директорлар кеңесі болып табылады.
Ұлттық Банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
Ұлттық Банк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
- Қазақстан Республикасында мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi;
- Қазақстан Республикасының аумағында банкноталар мен монеталардың эмиссиясын жүзеге асырады;
- банктердiң банк функцияларын жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының Yкiметі және келісімдері бойынша басқа да мемлекеттiк органдар үшін банк, қаржы жөнiндегi кеңесшi және Үкіметтің агенті функцияларын жүзеге асырады;
- төлем жүйесінің жұмыс істеуін ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасында валюталық реттеудi және валюталық бақылауды жүзеге асырады;
- Ұлттық Банктің алтын валюта активтерiн басқарады;
- қаржы ұйымдарының қызметін бақылауды және қадағалауды, сондай-ақ олардың Ұлттық Банктің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қызметін реттеуді және басқасын жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік баcқаруды жүзеге асырады.
Ұлттық Банк «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.
Басқару құрылымы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Президентіне тікелей бағынып, оған есеп береді. Ел Президенті Ұлттық Банк Төрағасын Парламент Сенатының келісуімен 6 жылдық мерзімге лауазымға тағайындайды және лауазымынан босатады. Ұлттық Банк құрылымын және жалпы штат санын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді. Қазақстан Ұлттық Банкінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
- Ұлттық Банк құрылымы
1. Орталық аппарат:
- департаменттер;
- басқармалар.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары:
- орталық филиал (Астана қаласы);
- республикалық маңызы бар Алматы мен Шымкент қалаларындағы филиалдар;
- Қазақстан Республикасының облыстық маңызы бар қалаларындағы филиалдар;
- Алматы қаласындағы кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығы.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдары:
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдіктері.
- Акцияларына Ұлттық банк иелік ететін заңды тұлғалар
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық төлем корпорациясы» акционерлік қоғамы
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін қамтамасыз ету орталығы» акционерлік қоғамы
- «Қазақстан Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы
- «Қазақстан Ұлттық Банкінің Банктік сервис бюросы» акционерлік қоғамы
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығы» акционерлік қоғамы
- «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамы
- «Мемлекеттік кредиттік бюро» акционерлік қоғамы
- «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (64%)
- «Қазақстанның орнықтылық қоры» акционерлік қоғамы
- «Астана» халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігі» акционерлік қоғамы
- «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамы (47%)
ҚР Ұлттық Банкі орталық аппаратының құрылымы
- Ақша-кредит саясаты департаменті
- Төлем балансы департаменті
- Қаржы нарығының статистикасы департаменті
- Қаржылық тұрақтылық және зерттеулер департаменті
- Қаржылық технологиялар департаменті
- Төлем жүйелері департаменті
- Бухгалтерлік есеп департаменті
- Операциялық есепке алу департаменті
- Ақпарат және коммуникациялар департаменті - Ұлттық Банктің баспасөз қызметі
- Ішкі аудит департаменті
- Қауіпсіздік департаменті
- Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру дайындығы басқармасы
- Тәуекелдер және комплаенс департаменті
- Монетарлық операциялар департаменті
- Халықаралық ынтымақтастық департаменті
- Заң департаменті
- Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаменті
- Қолма-қол ақша айналысы департаменті
- Қаржы департаменті
- Адам капиталын дамыту департаменті
- Әкімшілік басқармасы
- Қаржы ұйымдарын дамыту департаменті
- Алматы қаласындағы өкілдік
- Зерттеулер және талдама орталығы
- Қаржылық мониторинг және валюталық бақылау департаменті
- Тұрақты өкілдіктің қызметін қамтамасыз ету басқармасы
ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Ұлттық Банкі қайта үйымдастырылды, одан ҚР Қаржы нарығын және қаржы үйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі бөлініп шығарылды. ҚР Президентінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы Жарлығымен ҚР Ұлттық Банкінің орталық аппаратының қүрылымына мынадай өзгертулер енгізілді: қолма-қол ақшамен жұмыс және төлем жүйелері басқармалары департаменттер болып қайта құрылды; монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы құрылды.
Төрағалар
- қаңтар 1992 — желтоқсан 1993 — Ғалым Байназаров
- 1994 — қаңтар 1996 — Дәулет Сембаев
- қаңтар 1996 — ақпан 1998 — Ораз Жандосов
- ақпан 1998 — қазан 1999 — Қадыржан Дәмитов
- қазан 1999 — қаңтар 2004 — Григорий Марченко
- 26 қаңтар 2004 — наурыз 2009 — Әнуар Сәйденов
- 22 қаңтар 2009 — 1 қазан 2013 — Григорий Марченко
- 1 қазан 2013 — 2 қараша 2015 — Қайрат Келімбетов
- 2 қараша 2015 — 26 ақпан 2019 — Данияр Ақышев
- 26 ақпан 2019 — 31 қаңтар 2022 — Ерболат Досаев
- 3 ақпан 2022 — 4 қыркүйек 2023 - Ғалымжан Пірматов
- 4 қыркүйек 2023 жыл - Тимур Сүлейменов
Дереккөздер
- Халықаралық резервтер және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының валюталық активтері
- Базалық мөлшерлеме шешім қабылдау графигі (2015–2024)
- 1 Қазақ КСР Мемлекеттік мекемелері. Қазақ КДСР халық шаруашылығын басқару органы (1920- 1936 жж.), Алматы, 1981,43-6.
- 2 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан -2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 428-432 б. (Құрастыру- шылардың ескертпелері).
- ҚРҰБ-ның тарихы
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы
- Ұйымдар және еншілес кәсіпорындар
- [1]
- 9 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат).
- 10 "Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 10 желтоқсандағы № 1495 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 50, 640-бап).
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9
- Ғ.О. Пірматовты тағайындау туралы. www.akorda.kz
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk Banki Қazakstan Respublikasynyn ortalyk banki zhәne Қazakstan bank zhүjesinin zhogargy birinshi dengejin bildiredi Erekshe kukyktyk mәrtebesi bar Қazakstannyn Damu Bankin kospaganda barlyk ozge bankter bank zhүjesinin tomengi ekinshi dengejin bildiredi Қazakstan Ұlttyk bankiOrnalasuy Astana Mәngilik El dangyly 57 A Қuryldy 20 mausym 1991Toragasy Timur SүlejmenovEl ujym Қazakstan RespublikasyValyuta Қazakstan tengesiISO 4217 Code KZTҚorlary 37 8 mlrd nauryz 2024 Pajyzdyk molsherleme 14 75 2024 zhylgy 15 sәuirden bastap Sajty nationalbank kz Ұlttyk bank Biryngaj zhinaktaushy zejnetaky korynyn zejnetaky aktivterin sondaj ak Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk koryn senimgerlik baskarudy zhүzege asyrady TarihyҚazakstan Respublikasynyn Ұlttyk Banki 1925 zh 29 mausymda KSRO Membankinin Қazak olkelik kensesi retinde ashyldy Қazakstan Respublikasynyn Zhogargy Kenesi asa manyzdy eki kuzhat kabyldady Қazak KSR indegi bankter zhәne bank kyzmeti turaly 1990 zhylgy 7 zheltoksandagy Zan zhәne Қazak KSR Zhogargy Kenesinin Қazak KSR Ұlttyk Memlekettik Bankinin Zhargysy turaly 1991 zhylgy 20 mausymdagy kaulysy Ұlttyk Memlekettik bank respublikanyn menshigine koshti zhәne Ortalyk bank bolyp tabyldy Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk Banki turaly Қazakstan Respublikasynyn 1993 zhylgy 13 sәuirdegi Zanymen Қazak KSR Ұlttyk Banki Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk Banki bolyp kajta ataldy Negizgi funciyasyҰlttyk Bank ozinin kuzyreti sheginde baska elderdin ortalyk bankterimen zhәne bankterimen karym katynastarda halykaralyk bankterde zhәne ozge karzhy nesielik ujymdarda Қazakstan Respublikasynyn mүddesin bildiredi Ұlttyk Bank ozinin mindetterin oryndau kezinde pajda alu maksatyn basshylykka almauy tiis Ұlttyk Bank Қazakstan Respublikasynyn Prezidentine bagynyshty birak oz kyzmetin zhүzege asyruda ogan zannamada berilgen okilettikter sheginde tәuelsiz Ұlttyk Bank oz kyzmetin Қazakstan Respublikasynyn Үkimetimen үjlestiredi ozinin kyzmetinde Үkimettin ekonomikalyk sayasatyn eskerip otyrady zhәne eger ozinin negizgi funkciyalaryn oryndauga zhәne aksha nesie sayasatyn zhүzege asyruga kajshy kelmejtin bolsa ony iske asyruga zhәrdemdesedi Ұlttyk Bank satylap bagynu shemasy bar birtutas ortalyktandyrylgan kurylymnan turady Ұlttyk Banktin zhogary organy Baskarma al zhedel baskaru organy Direktorlar kenesi bolyp tabylady Ұlttyk Banktin negizgi maksaty Қazakstan Respublikasynda baga turaktylygyn kamtamasyz etu bolyp tabylady Negizgi maksatyn iske asyru үshin Ұlttyk Bankke mynadaj mindetter zhүkteledi memlekettin aksha nesie sayasatyn әzirleu zhәne zhүrgizu tolem zhүjesinin zhumys isteuin kamtamasyz etu valyutalyk retteudi zhәne valyutalyk bakylaudy zhүzege asyru karzhy zhүjesinin turaktylygyn kamtamasyz etuge zhәrdemdesu Ұlttyk Bank ozine zhүktelgen mindetterge sәjkes mynadaj negizgi funkciyalardy oryndajdy Қazakstan Respublikasynda memlekettik aksha nesie sayasatyn zhүrgizedi Қazakstan Respublikasynyn aumagynda banknotalar men monetalardyn emissiyasyn zhүzege asyrady bankterdin bank funkciyalaryn zhүzege asyrady Қazakstan Respublikasynyn Ykimeti zhәne kelisimderi bojynsha baska da memlekettik organdar үshin bank karzhy zhonindegi kenesshi zhәne Үkimettin agenti funkciyalaryn zhүzege asyrady tolem zhүjesinin zhumys isteuin ujymdastyrady Қazakstan Respublikasynda valyutalyk retteudi zhәne valyutalyk bakylaudy zhүzege asyrady Ұlttyk Banktin altyn valyuta aktivterin baskarady karzhy ujymdarynyn kyzmetin bakylaudy zhәne kadagalaudy sondaj ak olardyn Ұlttyk Banktin kuzyretine zhatkyzylgan mәseleler bojynsha kyzmetin retteudi zhәne baskasyn zhүzege asyrady Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk koryn senimgerlik backarudy zhүzege asyrady Ұlttyk Bank Biryngaj zhinaktaushy zejnetaky kory akcionerlik kogamynyn zejnetaky aktivterin senimgerlik baskarudy zhүzege asyrady Baskaru kurylymyҚazakstan Respublikasynyn Ұlttyk Banki Қazakstan Prezidentine tikelej bagynyp ogan esep beredi El Prezidenti Ұlttyk Bank Toragasyn Parlament Senatynyn kelisuimen 6 zhyldyk merzimge lauazymga tagajyndajdy zhәne lauazymynan bosatady Ұlttyk Bank kurylymyn zhәne zhalpy shtat sanyn Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti bekitedi Қazakstan Ұlttyk Bankinin kyzmetin karzhylandyru Қazakstan Ұlttyk Bankinin byudzhetinen shygystar smetasynan zhүzege asyrylady Ұlttyk Bank kurylymy 1 Ortalyk apparat departamentter baskarmalar 2 Қazakstan Respublikasy Ұlttyk Bankinin filialdary ortalyk filial Astana kalasy respublikalyk manyzy bar Almaty men Shymkent kalalaryndagy filialdar Қazakstan Respublikasynyn oblystyk manyzy bar kalalaryndagy filialdar Almaty kalasyndagy kassalyk operaciyalar zhәne kundylyktardy saktau ortalygy 3 Қazakstan Respublikasy Ұlttyk Bankinin ujymdary Қazakstan Respublikasy Ұlttyk Bankinin Қazakstan tenge sarajy sharuashylyk zhүrgizu kukygyndagy respublikalyk memlekettik kәsiporny Қazakstan Respublikasy Ұlttyk Bankinin Banknot fabrikasy sharuashylyk zhүrgizu kukygyndagy respublikalyk memlekettik kәsiporny Қazakstan Respublikasy Ұlttyk Bankinin okildikteri Akciyalaryna Ұlttyk bank ielik etetin zandy tulgalar Қazakstan Respublikasy Ұlttyk Bankinin Ұlttyk tolem korporaciyasy akcionerlik kogamy Қazakstan Respublikasy Ұlttyk Bankinin kyzmetin kamtamasyz etu ortalygy akcionerlik kogamy Қazakstan Ұlttyk Bankinin Ұlttyk investiciyalyk korporaciyasy akcionerlik kogamy Қazakstan Ұlttyk Bankinin Banktik servis byurosy akcionerlik kogamy Қazakstan Respublikasy Ұlttyk Bankinin tolem zhәne karzhylyk tehnologiyalardy damytu ortalygy akcionerlik kogamy Қazakstannyn depozitterge kepildik beru kory akcionerlik kogamy Memlekettik kredittik byuro akcionerlik kogamy Bagaly kagazdar ortalyk depozitariji akcionerlik kogamy 64 Қazakstannyn ornyktylyk kory akcionerlik kogamy Astana halykaralyk karzhy ortalygynyn Әkimshiligi akcionerlik kogamy Қazakstan kor birzhasy akcionerlik kogamy 47 ҚR Ұlttyk Banki ortalyk apparatynyn kurylymyAksha kredit sayasaty departamenti Tolem balansy departamenti Қarzhy narygynyn statistikasy departamenti Қarzhylyk turaktylyk zhәne zertteuler departamenti Қarzhylyk tehnologiyalar departamenti Tolem zhүjeleri departamenti Buhgalterlik esep departamenti Operaciyalyk esepke alu departamenti Akparat zhәne kommunikaciyalar departamenti Ұlttyk Banktin baspasoz kyzmeti Ishki audit departamenti Қauipsizdik departamenti Memlekettik kupiyalardy korgau zhәne zhumyldyru dajyndygy baskarmasy Tәuekelder zhәne komplaens departamenti Monetarlyk operaciyalar departamenti Halykaralyk yntymaktastyk departamenti Zan departamenti Ұjymdastyru zhumysy zhәne bakylau departamenti Қolma kol aksha ajnalysy departamenti Қarzhy departamenti Adam kapitalyn damytu departamenti Әkimshilik baskarmasy Қarzhy ujymdaryn damytu departamentiAlmaty kalasyndagy okildikZertteuler zhәne taldama ortalygy Қarzhylyk monitoring zhәne valyutalyk bakylau departamenti Turakty okildiktin kyzmetin kamtamasyz etu baskarmasy ҚR Prezidentinin 2003 zh 31 zheltoksandagy Zharlygymen ҚR Ұlttyk Banki kajta үjymdastyryldy odan ҚR Қarzhy narygyn zhәne karzhy үjymdaryn retteu zhәne kadagalau agenttigi bolinip shygaryldy ҚR Prezidentinin 2004 zh 10 zheltoksandagy Zharlygymen ҚR Ұlttyk Bankinin ortalyk apparatynyn kүrylymyna mynadaj ozgertuler engizildi kolma kol akshamen zhumys zhәne tolem zhүjeleri baskarmalary departamentter bolyp kajta kuryldy monetarlyk operaciyalardy esepke alu baskarmasy kuryldy Toragalarkantar 1992 zheltoksan 1993 Ғalym Bajnazarov 1994 kantar 1996 Dәulet Sembaev kantar 1996 akpan 1998 Oraz Zhandosov akpan 1998 kazan 1999 Қadyrzhan Dәmitov kazan 1999 kantar 2004 Grigorij Marchenko 26 kantar 2004 nauryz 2009 Әnuar Sәjdenov 22 kantar 2009 1 kazan 2013 Grigorij Marchenko 1 kazan 2013 2 karasha 2015 Қajrat Kelimbetov 2 karasha 2015 26 akpan 2019 Daniyar Akyshev 26 akpan 2019 31 kantar 2022 Erbolat Dosaev 3 akpan 2022 4 kyrkүjek 2023 Ғalymzhan Pirmatov 4 kyrkүjek 2023 zhyl Timur SүlejmenovDerekkozderHalykaralyk rezervter zhәne Қazakstan Respublikasynyn Ұlttyk korynyn valyutalyk aktivteri Bazalyk molsherleme sheshim kabyldau grafigi 2015 2024 1 Қazak KSR Memlekettik mekemeleri Қazak KDSR halyk sharuashylygyn baskaru organy 1920 1936 zhzh Almaty 1981 43 6 2 zhzh kezendegi memlekettik organdar turaly mәlimetter karanyz Қazakstan Respublikasynyn memlekettik bilik organdary 1991 zh 16 zheltoksan 2001 zh 1 kantar Anyktamalyk ҚR PM Almaty BҮ Edelvejs 2004 428 432 b Қurastyru shylardyn eskertpeleri ҚRҰB nyn tarihy Қazakstan Respublikasy Ұlttyk Bankinin erezhesin zhәne kurylymyn bekitu turaly Ұjymdar zhәne enshiles kәsiporyndar 1 9 Қazakstan Respublikasynyn memlekettik baskaru zhүjesin odan әri zhetildiru turaly ҚR Prezidentinin 2003 zh 31 zheltoksandagy 1270 Zharlygy Agymdagy muragat 10 Қazakstan Respublikasy Prezidentinin kejbir zharlyktaryna ozgertuler men tolyktyrular engizu turaly ҚR Prezidentinin 2004 zh 10 zheltoksandagy 1495 Zharlygy ҚR PҮAZh 2004 50 640 bap Қazakstan Respublikasynyn memlekettik bilik organdary 2001 2005 zhzh Anyktamalamyk Ekinshi shygarylym Қazakstan Respublikasy Prezidentinin Muragaty Zhauapty redaktor V N Shepel Almaty Edelvejs Baspa үji 2007 ISBN 9965 602 37 9 Ғ O Pirmatovty tagajyndau turaly www akorda kzBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet