Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі — Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органның төменгі палатасы. Бес жылға сайланатын Мәжілістің 98 депутаты бар, олардың барлығы да тікелей сайланады.
Қазақстан Парламентінің Мәжілісі | |
VIII-шақырылым | |
Мемлекет | |
---|---|
Түрі | |
Түрі | Парламенттің төменгі палатасы |
Сайлану мерзімі | 5 жыл |
Басшылығы | |
Төрағасы | Ерлан Қошанов, Аманат |
, Ақ жол | |
Альберт Рау, Аманат | |
Құрылымы | |
| |
Фракциялары | Аманат: 62 депутат Ауыл ХДПП: 8 депутат Ақ Жол ДП: 6 депутат Respublica: 6 депутат ҚХП: 5 депутат ЖСДП: 4 депутат Партиясыз: 7 депутат |
Сайлауы | |
Дауыс беру жүйесі | Жабық бойынша пропорционалдық өкілеттік: 69 депутат |
Соңғы сайлауы | |
Жиналыс залы | |
| |
Штаб-пәтері | |
Тарихы | |
Құрылуы | (1995 жыл) |
Ізашары | Бірпалаталы Қазақстан Жоғарғы Кеңесі |
parlam.kz/kk/mazhilis | |
Тарихы
1994 жылғы күзде журналист және Қазақстан Жоғарғы Кеңесі депутаттығына бұрынғы үміткер Татьяна Квятовская 1994 жылғы парламент сайлауының қорытындысын жоққа шығаруды талап етіп сотқа шағым түсірді. 1995 жылы наурызда ұзаққа созылған сот процестерінен кейін Қазақстанның сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Жоғарғы Кеңес төрағасы Әбіш Кекілбайұлының қарсылықтарына қарамастан, 1995 жылғы 6 наурызда Квятковскаяның талаптарын негізді деп таныды. Сот ұйғарымының нәтижесінде Назарбаев 11 наурызда Жоғарғы Кеңесті тарату туралы жарлық шығарды, Кеңесте қабылданған барлық заң жобалары «жарамсыз» деп танылды. Сол себептен Қазақстанда заң шығарушы билік болмады, оның орнына барлық заңдар Президент Жарлықтары негізінде қабылданды.
нәтижесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Ол Парламентті заң шығару қызметiн жүзеге асыратын, қос Палатадан: Мәжіліс пен Сенаттан тұратын жоғары өкiлдi орган ретінде айқындады.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Қолданыстағы Конституцияны қабылдағаннан кейін Қазақстандағы экономикалық реформаны жүргізу үшін «даңғыл жол» ашылды. Бейнелеп айтқанда, барлығын да басқарған, бірақ ештеңені басқара алмаған Жоғарғы Кеңестің орнына, осы жылдардың ішінде елдің бет-бейнесін өзгерткен заңдарды қабылдаған қос палаталы кәсіби Парламент келді», – деп атап көрсетті.
Осы Конституцияда «Парламент» деген ұғым алғаш рет ресми түрде бекітілді. Ел Президенті Конституция қабылданғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлыққа қол қойды, оған сәйкес қос палаталы Парламентке депутаттар сайлауы болып өтті.
2021 және 2022 жылдардағы конституциялық өзгерістер мен сайлау заңнамасына енгізілген өзгерістер Қазақстан халқы ассамблеясына бөлінген тоғыз орынды алып тастады, пропорционалды мандаттардың сайлау шегін 7 пайыздан 5 пайызға дейін қысқартты, бір мандатты сайлау округтері қайта енгізілді.
Бірінші сайланым (1996–1999)
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне алғашқы сайлау 1995 жылы 9 желтоқсанда болды. Мажоритарлық жүйе негізінде 67 депутат сайланды. Бірінші сайланымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының өкілеттіктері 1996 жылы 30 қаңтарда бірінші сессияның ашылуынан басталды.
Депутаттық корпуста жергілікті атқарушы органдардың және мәслихаттың басшылары мен қызметкерлері басым болды - олар 19 адам. Әрбір бесінші депутат кәсіпорынның, қауымдастықтың, фирманың, қордың және басқа құрылымдардың басшылары болып жұмыс істеген. 9 депутат ғылым, жоғары оқу орындары қызметкерлері, мұғалім болған. Әрбір оныншы депутат Президент Әкімшілігінің, министрліктер мен республикалық комитеттердің қызметкерлері болған. 4 парламентарий уақытша жұмыс істемеген. 11 депутат - аграрлық салада, 3 депутат мәдениет саласында жұмыс істеген. Екі депутат құқық қорғау органдарының қызметкері және инженер-экономист болып істеген. Бір депутат – заңгер, біреуі әскери қызметші және біреуі зейнеткер болған. Мәжілісте 7 ғылым докторы, 10 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Парламентарийлердің арасында 9 депутат әйел болды.
- Мәжіліс Төрағасы — Марат Тұрдыбекұлы Оспанов.
- Мәжіліс Төрағасының орынбасары — .
Екінші сайланым (1999–2004)
1999 жылдың күзінде енгізілген конституциялық өзгерістерге сәйкес алғаш рет Орталық Азия өңірінде аралас схема бойынша Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне сайлау өтті, бұл саяси партияларға тең өкілдік негізінде партиялық тізім бойынша Парламентке сайлану мүмкіндігін берді. Осындай жаңалықтардың нәтижесінде бұл сайлау, парламенттік үлгідегі саяси партиялар құру процесін ынталандыра отырып, жоғары саяси мәнімен және баламалы түрде өтуімен ерекшеленді. Сайлауға 10 саяси партия қатысты. Мажоритарлық бір мандатты округтарда 547 кандидат тіркелді. Жалпы сайлау барысында сол кезеңде Қазақстан үшін бұрын-соңды болмаған кандидаттар саны – орташа есеппен бір орынға сегіз адам тіркелді.
Парламент Мәжілісіне сайлау қорытындылары бойынша бір мандатты округтар бойынша 67 депутат және біртұтас жалпыұлттық округ бойынша партиялардан 10 депутат сайланды. Олар жеті проценттік барьерді еңсерген төрт партияның – «Отан», Азаматтық, Аграрлық және Коммунистік партияның өкілдері болды. Сайланған 77 депутаттың 8-і - әйелдер, 74-і – жоғары білімді, 30-ға жуығы екі жоғары оқу орындарын бітірген адамдар болды. Депутаттар арасында 1 академик, 7 доктор және әртүрлі мамандықтары бар 20 ғылым кандидаты болды.
Депутаттық корпустың басым көпшілігі инженерлер – 30, заңгерлер – 22, экономистер – 16, педагогикалық білімі барлар – 14, ауыл шаруашылық ғалымдары мен мамандары – 8, сондай-ақ журналист, дәрігер, тарихшы, менеджер, әскери қызметші, халықаралық қатынастар маманы және т.б болды.
- Мәжіліс Төрағасы — Жармахан Айтбайұлы Тұяқбай.
- Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Мұхамбет Жұманазарұлы Көпеев.
- Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Сергей Александрович Дьяченко.
Үшінші сайланым (2004–2007)
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін сайлау 2004 жылғы қыркүйекте болып өтті. Сайлауға 12 саяси партия қатысты, олардың ішінде 4-уі – екі сайлау блогының құрамында.
Сайлау нәтижесінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне 77 депутат сайланды. 67 депутат Республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі ескеріле отырып құрылған, шамамен сайлаушылардың саны тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланды. 10 депутат барабар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланды. Олардың ішінде 7 депутат «Отан» республикалық саяси партиясынан, бір-біреуден «Асар» республикалық партиясынан, «Ақ жол» демократиялық партиясынан және Қазақстанның Аграрлық және Азаматтық партияларының «АИСТ» сайлау блогынан (Еңбекшілердің аграрлық-индустриялық одағы) сайланған.
Сайланған парламентарийлердің жалпы санынан 59 депутатты саяси партиялар ұсынды: «Отан» республикалық саяси партиясынан – 42, «АИСТ» сайлау блогынан - 11, «Асар» республикалық партиясынан – 4, «Ақ жол» демократиялық партиясынан – 1, Қазақстан Демократиялық партиясынан - 1. Өзін өзі ұсынғандар – 18 депутат.
Палата құрамында 69 ер адам және 8 әйел бар. Үшінші сайланған Мәжілістің депутаттық құрамының орташа жас мөлшері – 53 жас, ең жасы – 28 жаста, ең егдесі – 73 жаста. Барлық депутаттар жоғары білімді болды.
28 депутаттың ғылыми дәрежесі мен атағы бар, олардың ішінде 13 ғылым кандидаты мен 15 ғылым докторы болды. Парламентарийлер арасында әртүрлі мамандықтағы инженерлердің саны едәуір, олар – 21, заңгерлер – 14, экономистер – 16. Бұдан басқа, үшінші сайланған Мәжілісте ауыл шаруашылығы, халықаралық қатынастар мамандарының кәсіби біліктілігін иеленгендер, менеджерлер, дәрігерлер, педагогтар, әскери қызметшілер, журналистер, мәдениет қайраткерлері және т.б. болды. 37 парламентарий екі жоғары оқу орнын бітірген.
Соңғы жылдар ішінде Палатада парламенттік стажы бар депутаттар саны өскен. Мәжілістің 29 депутаты бұрынғы сайланымда жұмыс істеген, 3 – бірінші және екінші сайланымда, екеуі - Сенатта, 12 депутат бұрын әртүрлі сайланған Жоғарғы Кеңестің депутаттары болған.
- Мәжіліс Төрағасы — Орал Байқонысұлы Мұхамеджанов
- Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Сергей Александрович Дьяченко
Үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» Жарлығының қабылдануына байланысты 2007 жылғы 20 маусымда өз қызметін аяқтады.
Төртінші сайланым (2007–2011)
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы Конституцияға 2007 жылғы мамырда енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2007 жылғы тамызда өтті.
Жаңартылған Конституцияға сәйкес Мәжіліс 107 депутаттан құралды. 98 депутат біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жасырын дауыс беру жағдайында жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде партиялық тізімдер бойынша сайланды. Қалған депутаттар Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.
Жеті саяси партия қатысқан 2007 жылғы 18 тамыздағы сайлауда 7 пайыздық барьерді тек «Нұр Отан» Республикалық Халықтық-Демократиялық партиясы ғана еңсерді, одан сайланған депутаттар Парламент Мәжілісіндегі барлық 98 орынды алды. Палатадағы 9 орын Қазақстан халқы ассамблеясы 2007 жылғы 20 тамызда сайлаған депутаттарға берілді.
Мәжілістің құрамына бұрынғы сайланымның депутаттық корпусынан – 39 депутат, мемлекеттік басқару органдарынан – 24 адам, жергілікті басқару органдарынан – 19 адам, бизнес құрылымдарынан – 8 адам, білім беру, ғылым және мәдениет саласынан – 8 адам және басқа салалардан 9 адам кірді. Палатада білімі бойынша әр түрлі біліктілігі бар инженерлер – 42, заңгерлер – 34, бір бөлігі басқа бейін бойынша екінші жоғары білім алған педагогтар басым – 23 депутат. 21 депутаттың – экономикалық білімі, 9-ның ауыл шаруашылық білімі болды. Депутаттық корпуста сондай-ақ дәрігерлер, халықаралық қатынастар мамандары, журналистер, мәдениет пен өнер және басқа да мамандықтар қызметкерлері болды. Мәжілісте 15 ғылым докторы және 27 ғылым кандидаты жұмыс істеді, 35 парламентарийдің екі жоғары білімі болды. Палатада әр түрлі ұлттардың өкілдігі кеңейді. Депутаттық корпустың құрамына 82 қазақ, 17 орыс, 2 неміс және бір-бірден белорус, балқар, кәріс, украин, өзбек және ұйғыр кірді. Әйелдердің саны екі еседен астам артты – 17 депутат.
Төртінші сайланған Мәжілістің депутаттық корпусының орта жасы – 52 жас, бұл үшінші сайланымдағыдан бір жасқа төмен. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылады – 44 депутат, одан кейінгі топ 40-тан 50 жасқа дейінгілер – 36 депутат, 60 жастан асқандар – 23 адам және саны ең аз топ 30-дан 40 жасқан дейінгілер – 4 депутат.
- Мәжіліс Төрағасы — Аслан Есболайұлы Мусин
- Мәжіліс Төрағасы — Орал Байғонысұлы Мұхамеджанов
- Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Сергей Александрович Дьяченко
- Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Бақытжан Тұрсынұлы Жұмағұлов
- Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Жәнібек Сәлімұлы Кәрібжанов
- Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Владимир Яковлевич Бобров
Төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қазақстан Республикасы Президентінің «Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін тарату және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы Жарлығына байланысты өз жұмысын аяқтады.
Бесінші сайланым (2012–2016)
Бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жаңа құрамы 2012 жылғы қаңтарда жасақталды.
Сайлауға жеті саяси партия қатысты, олардың үшеуі сайлау қорытындысы бойынша сайлаушылардың 7%-дан астам дауысына ие болып, Парламент Мәжілісіне өтті, олар: «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы (80,99%), «Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы (7,47 %), Қазақстан коммунистік халық партиясы (7,19%).
Парламент Мәжілісінде «Нұр Отан» партиясынан 83 депутат, «Ақ жол» партиясынан 8 депутат, ҚКХП-дан 7 депутат жұмыс істейді. Қазақстан халқы ассамблеясынан 9 депутат бар. Мәжілісте барлығы 107 депутат жұмыс істейді.
Мәжілістің құрамына бұрынғы сайланымның депутаттық корпусынан 43 депутат өтті. Палатада білімі бойынша әр түрлі біліктіліктегі инженерлер – 30 депутат, 21 педагог, 13 заңгер депутат бар. 21 депутаттың экономикалық білімі, 10 депутаттың ауыл шаруашылығы білімі бар.
Мәжілісте 2 академик, 17 ғылым докторы және 25 ғылым кандидаты жұмыс істейді, 60 парламентарийдің екі жоғары білімі бар. Палатада түрлі ұлт өкілдерінің құрамы кеңейді. Депутаттық корпус құрамында 76 қазақ, 21 орыс, 3 украин, 2 неміс және бір-бірден татар, шешен, корей, өзбек және ұйғыр бар. Депутат әйелдердің саны – 26.
Мәжілістің депутаттық корпусының орта жасы – 56 жасты құрайды, бұл төртінші сайланымдағыдан төрт жасқа жоғары. Жасы бойынша саны ең көп топ 50-ден 59 жасқа дейінгілер болып табылады 47 депутат, 60 жастан асқандар 34, содан кейінгі топ 40 жастан 47 жасқа дейінгілер 22 депутат және ең аз топ 30 жастан 39 жасқа дейінгілер 4 депутат.
Алтыншы сайланым (2016–2021)
- Мәжіліс Төрағасы — Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин
- Мәжіліс Төрағасы — Ерлан Жақанұлы Қошанов
- Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Сергей Александрович Дьяченко
- Мәжіліс Төрағасының орынбасары — Бақтықожа Салахатдинұлы Ізмұхамбетов
Жетінші сайланым (2021–2023)
VII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарда өтті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылдың қыркүйек айында Қазақстан халқына Жолдауында Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өтетінін хабарлады.
2023 жылғы 19 қаңтар күні Президент Қ.Тоқаев Парламент палаталарының төрағаларымен және Премьер-министрмен Парламент Мәжілісін тарату және мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату жөнінде кеңес өткізді. Президенттің Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты мәлімдемесінде 2023 жылғы 19 қаңтардағы Жарлығымен жетінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісін таратып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2023 жылғы 19 наурызға тағайындағанын хабарлады , .
Сайлауға қатысқан бес партияның үшеуі сайлаушылардың 7 пайыздан астамының дауысына ие болып, Парламент Мәжілісінің құрамына кірді. Олар: «Nur Otan» партиясы (71,09%), Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы (10,95 %) және Қазақстан Халық партиясы (9,10 %). «Нұр Отан» партиясынан Парламент Мәжілісінде 76, «Ақ жол» партиясынан 12, Қазақстан Халық партиясынан 10 депутат қызмет етеді. 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланды.
Сегізінші сайланым (2023–)
VIII сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің сайлауы 2023 жылғы 19 наурызда өтті.
Сайлау нәтижесінде сайлауға қатысқан жеті партияның алтауы Мәжіліске кірді (тек Байтақ Жасылдар партиясы ғана беспайыздық нәтижеге жете алмады) және өзін-өзі ұсынған үміткерлердің жетеуі Мәжілістегі мандаттарын алды.
Басшылығы
Төраға
Мәжілістің спикері оның төрағасы деп аталады. Төраға Мәжіліс сессияларын ашады, палатаның кезекті бірлескен отырыстарын шақырады, оның кезекті және кезектен тыс бірлескен отырыстарына төрағалық етеді. Бұл лауазымның қазіргі иегері — Ерлан Жақанұлы Қошанов.
Төраға орынбасарлары
Төрағаның екі бар, олардың кандидатурасын Төрағаның өзі ұсынады және Мәжілісмендер сайлайды. Орынбасарлар Төраға қоятын міндеттерді орындайды.
Сайланымдар тізімі
Сайланымы | Қызметі | Сайлауы |
---|---|---|
(тізім) | 30 қаңтар 1996 – 1 желтоқсан 1999 | 1995 |
(тізім) | 1 желтоқсан 1999 – 3 қараша 2004 | |
(тізім) | 3 қараша 2004 – 20 маусым 2007 | |
(тізім) | 1 қыркүйек 2007 – 15 қараша 2011 | 2007 |
(тізім) | 20 қаңтар 2012 – 20 қаңтар 2016 | |
(тізім) | 25 наурыз 2016 – 30 желтоқсан 2020 | |
(тізім) | 15 қаңтар 2021 – 19 қаңтар 2023 | |
(тізім) | 29 наурыз 2023 – | 2023 |
Тұрақты комитеттері
- Аграрлық мәселелер комитеті
- Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті
- Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті
- Әлеуметтік-мәдени даму комитеті
- Қаржы және бюджет комитеті
- Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитеті
- Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті
Сыртқы сілтемелер
- Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінің ресми сайты
- Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесінің ресми сайты Мұрағатталған 20 қыркүйектің 2012 жылы.
Дереккөздер
- Иванов, Анатолий Парламентские выборы в Казахстане: о традиции очередных внеочередных (орыс.). informburo (14 января 2016). Тексерілді, 25 қараша 2023.
- Osakwe, Christopher Анатомия гражданских кодексов России и Казахстана: биопсия экономических конституций двух постсоветских республик — Издательство "Проспект", 2014.
- Президент Парламент Мәжілісін тарату жөнінде кеңес өткізді
- Президенттің Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты мәлімдемесі
- Президенттің Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуге қатысты мәлімдемесі
- ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауда дауыс берудің алдын ала нәтижелері туралы (қаз.) (20 наурыз 2023).
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Қazakstan Respublikasy Parlamentinin Mәzhilisi Қazakstan Respublikasynyn zhogargy zan shygarushy organnyn tomengi palatasy Bes zhylga sajlanatyn Mәzhilistin 98 deputaty bar olardyn barlygy da tikelej sajlanady Қazakstan Parlamentinin MәzhilisiVIII shakyrylymMemleket ҚazakstanTүriTүriParlamenttin tomengi palatasySajlanu merzimi5 zhylBasshylygyToragasyErlan Қoshanov Amanat 1 akpan 2022 zhyldan beri Ak zhol 29 nauryz 2023 zhyldan beriAlbert Rau Amanat 29 nauryz 2022 zhyldan beriҚurylymyFrakciyalary Amanat 62 deputat Auyl HDPP 8 deputat Ak Zhol DP 6 deputat Respublica 6 deputat ҚHP 5 deputat ZhSDP 4 deputat Partiyasyz 7 deputatSajlauyDauys beru zhүjesiZhabyk bojynsha proporcionaldyk okilettik 69 deputat 29 deputatSongy sajlauy19 nauryz 2023Zhinalys zalyShtab pәteriAstana ҚazakstanTarihyҚuryluy1995 zhylIzasharyBirpalataly Қazakstan Zhogargy Kenesiparlam kz kk mazhilisBul үlgini koru ondeuTarihy1994 zhylgy kүzde zhurnalist zhәne Қazakstan Zhogargy Kenesi deputattygyna buryngy үmitker Tatyana Kvyatovskaya 1994 zhylgy parlament sajlauynyn korytyndysyn zhokka shygarudy talap etip sotka shagym tүsirdi 1995 zhyly nauryzda uzakka sozylgan sot procesterinen kejin Қazakstannyn sol kezdegi Prezident Nursultan Nazarbaev pen Zhogargy Kenes toragasy Әbish Kekilbajulynyn karsylyktaryna karamastan 1995 zhylgy 6 nauryzda Kvyatkovskayanyn talaptaryn negizdi dep tanydy Sot ujgarymynyn nәtizhesinde Nazarbaev 11 nauryzda Zhogargy Kenesti taratu turaly zharlyk shygardy Keneste kabyldangan barlyk zan zhobalary zharamsyz dep tanyldy Sol sebepten Қazakstanda zan shygarushy bilik bolmady onyn ornyna barlyk zandar Prezident Zharlyktary negizinde kabyldandy nәtizhesinde Қazakstan Respublikasynyn zhana Konstituciyasy kabyldandy Ol Parlamentti zan shygaru kyzmetin zhүzege asyratyn kos Palatadan Mәzhilis pen Senattan turatyn zhogary okildi organ retinde ajkyndady Қazakstan Respublikasynyn Prezidenti Nursultan Әbishuly Nazarbaev Қoldanystagy Konstituciyany kabyldagannan kejin Қazakstandagy ekonomikalyk reformany zhүrgizu үshin dangyl zhol ashyldy Bejnelep ajtkanda barlygyn da baskargan birak eshteneni baskara almagan Zhogargy Kenestin ornyna osy zhyldardyn ishinde eldin bet bejnesin ozgertken zandardy kabyldagan kos palataly kәsibi Parlament keldi dep atap korsetti Osy Konstituciyada Parlament degen ugym algash ret resmi tүrde bekitildi El Prezidenti Konstituciya kabyldangannan kejin Қazakstan Respublikasyndagy sajlau turaly Konstituciyalyk zan kүshi bar Zharlykka kol kojdy ogan sәjkes kos palataly Parlamentke deputattar sajlauy bolyp otti 2021 zhәne 2022 zhyldardagy konstituciyalyk ozgerister men sajlau zannamasyna engizilgen ozgerister Қazakstan halky assambleyasyna bolingen togyz oryndy alyp tastady proporcionaldy mandattardyn sajlau shegin 7 pajyzdan 5 pajyzga dejin kyskartty bir mandatty sajlau okrugteri kajta engizildi Birinshi sajlanym 1996 1999 Tolyk makalasy Tolyk makalasy Қazakstan Parlamenti Mәzhilisinin 1 sajlanym deputattary Қazakstan Respublikasy Parlamentinin Mәzhilisine algashky sajlau 1995 zhyly 9 zheltoksanda boldy Mazhoritarlyk zhүje negizinde 67 deputat sajlandy Birinshi sajlanymdagy Қazakstan Respublikasy Parlamenti Mәzhilisi deputattarynyn okilettikteri 1996 zhyly 30 kantarda birinshi sessiyanyn ashyluynan bastaldy Deputattyk korpusta zhergilikti atkarushy organdardyn zhәne mәslihattyn basshylary men kyzmetkerleri basym boldy olar 19 adam Әrbir besinshi deputat kәsiporynnyn kauymdastyktyn firmanyn kordyn zhәne baska kurylymdardyn basshylary bolyp zhumys istegen 9 deputat gylym zhogary oku oryndary kyzmetkerleri mugalim bolgan Әrbir onynshy deputat Prezident Әkimshiliginin ministrlikter men respublikalyk komitetterdin kyzmetkerleri bolgan 4 parlamentarij uakytsha zhumys istemegen 11 deputat agrarlyk salada 3 deputat mәdeniet salasynda zhumys istegen Eki deputat kukyk korgau organdarynyn kyzmetkeri zhәne inzhener ekonomist bolyp istegen Bir deputat zanger bireui әskeri kyzmetshi zhәne bireui zejnetker bolgan Mәzhiliste 7 gylym doktory 10 gylym kandidaty zhumys istedi Parlamentarijlerdin arasynda 9 deputat әjel boldy Mәzhilis Toragasy Marat Turdybekuly Ospanov Mәzhilis Toragasynyn orynbasary Ekinshi sajlanym 1999 2004 Tolyk makalasy Tolyk makalasy Қazakstan Parlamenti Mәzhilisinin 2 sajlanym deputattary 1999 zhyldyn kүzinde engizilgen konstituciyalyk ozgeristerge sәjkes algash ret Ortalyk Aziya onirinde aralas shema bojynsha Қazakstan Respublikasy Parlamentinin Mәzhilisine sajlau otti bul sayasi partiyalarga ten okildik negizinde partiyalyk tizim bojynsha Parlamentke sajlanu mүmkindigin berdi Osyndaj zhanalyktardyn nәtizhesinde bul sajlau parlamenttik үlgidegi sayasi partiyalar kuru procesin yntalandyra otyryp zhogary sayasi mәnimen zhәne balamaly tүrde otuimen erekshelendi Sajlauga 10 sayasi partiya katysty Mazhoritarlyk bir mandatty okrugtarda 547 kandidat tirkeldi Zhalpy sajlau barysynda sol kezende Қazakstan үshin buryn sondy bolmagan kandidattar sany ortasha eseppen bir orynga segiz adam tirkeldi Parlament Mәzhilisine sajlau korytyndylary bojynsha bir mandatty okrugtar bojynsha 67 deputat zhәne birtutas zhalpyulttyk okrug bojynsha partiyalardan 10 deputat sajlandy Olar zheti procenttik barerdi ensergen tort partiyanyn Otan Azamattyk Agrarlyk zhәne Kommunistik partiyanyn okilderi boldy Sajlangan 77 deputattyn 8 i әjelder 74 i zhogary bilimdi 30 ga zhuygy eki zhogary oku oryndaryn bitirgen adamdar boldy Deputattar arasynda 1 akademik 7 doktor zhәne әrtүrli mamandyktary bar 20 gylym kandidaty boldy Deputattyk korpustyn basym kopshiligi inzhenerler 30 zangerler 22 ekonomister 16 pedagogikalyk bilimi barlar 14 auyl sharuashylyk galymdary men mamandary 8 sondaj ak zhurnalist dәriger tarihshy menedzher әskeri kyzmetshi halykaralyk katynastar mamany zhәne t b boldy Mәzhilis Toragasy Zharmahan Ajtbajuly Tuyakbaj Mәzhilis Toragasynyn orynbasary Muhambet Zhumanazaruly Kopeev Mәzhilis Toragasynyn orynbasary Sergej Aleksandrovich Dyachenko Үshinshi sajlanym 2004 2007 Tolyk makalasy Tolyk makalasy Қazakstan Parlamenti Mәzhilisinin 3 sajlanym deputattary Үshinshi sajlangan Қazakstan Respublikasy Parlamentinin Mәzhilisin sajlau 2004 zhylgy kyrkүjekte bolyp otti Sajlauga 12 sayasi partiya katysty olardyn ishinde 4 ui eki sajlau blogynyn kuramynda Sajlau nәtizhesinde Қazakstan Respublikasy Parlamentinin Mәzhilisine 77 deputat sajlandy 67 deputat Respublikanyn әkimshilik aumaktyk birligi eskerile otyryp kurylgan shamamen sajlaushylardyn sany ten bir mandatty aumaktyk sajlau okrugteri bojynsha sajlandy 10 deputat barabar okildik zhүjesi bojynsha zhәne birtutas zhalpyulttyk sajlau okruginin aumagy bojynsha partiyalyk tizimder negizinde sajlandy Olardyn ishinde 7 deputat Otan respublikalyk sayasi partiyasynan bir bireuden Asar respublikalyk partiyasynan Ak zhol demokratiyalyk partiyasynan zhәne Қazakstannyn Agrarlyk zhәne Azamattyk partiyalarynyn AIST sajlau blogynan Enbekshilerdin agrarlyk industriyalyk odagy sajlangan Sajlangan parlamentarijlerdin zhalpy sanynan 59 deputatty sayasi partiyalar usyndy Otan respublikalyk sayasi partiyasynan 42 AIST sajlau blogynan 11 Asar respublikalyk partiyasynan 4 Ak zhol demokratiyalyk partiyasynan 1 Қazakstan Demokratiyalyk partiyasynan 1 Өzin ozi usyngandar 18 deputat Palata kuramynda 69 er adam zhәne 8 әjel bar Үshinshi sajlangan Mәzhilistin deputattyk kuramynyn ortasha zhas molsheri 53 zhas en zhasy 28 zhasta en egdesi 73 zhasta Barlyk deputattar zhogary bilimdi boldy 28 deputattyn gylymi dәrezhesi men atagy bar olardyn ishinde 13 gylym kandidaty men 15 gylym doktory boldy Parlamentarijler arasynda әrtүrli mamandyktagy inzhenerlerdin sany edәuir olar 21 zangerler 14 ekonomister 16 Budan baska үshinshi sajlangan Mәzhiliste auyl sharuashylygy halykaralyk katynastar mamandarynyn kәsibi biliktiligin ielengender menedzherler dәrigerler pedagogtar әskeri kyzmetshiler zhurnalister mәdeniet kajratkerleri zhәne t b boldy 37 parlamentarij eki zhogary oku ornyn bitirgen Songy zhyldar ishinde Palatada parlamenttik stazhy bar deputattar sany osken Mәzhilistin 29 deputaty buryngy sajlanymda zhumys istegen 3 birinshi zhәne ekinshi sajlanymda ekeui Senatta 12 deputat buryn әrtүrli sajlangan Zhogargy Kenestin deputattary bolgan Mәzhilis Toragasy Oral Bajkonysuly Muhamedzhanov Mәzhilis Toragasynyn orynbasary Sergej Aleksandrovich Dyachenko Үshinshi sajlangan Қazakstan Respublikasy Parlamentinin Mәzhilisi Қazakstan Respublikasy Prezidentinin Қazakstan Respublikasy Parlamentinin Mәzhilisin taratu zhәne Қazakstan Respublikasy Parlamenti Mәzhilisi deputattarynyn kezekten tys sajlauyn tagajyndau turaly Zharlygynyn kabyldanuyna bajlanysty 2007 zhylgy 20 mausymda oz kyzmetin ayaktady Tortinshi sajlanym 2007 2011 Tolyk makalasy Tolyk makalasy Қazakstan Parlamenti Mәzhilisinin 4 sajlanym deputattary Tortinshi sajlangan Қazakstan Respublikasy Parlamenti Mәzhilisinin sajlauy Konstituciyaga 2007 zhylgy mamyrda engizilgen ozgerister men tolyktyrularga sәjkes 2007 zhylgy tamyzda otti Zhanartylgan Konstituciyaga sәjkes Mәzhilis 107 deputattan kuraldy 98 deputat birtutas zhalpyulttyk sajlau okrugi bojynsha zhasyryn dauys beru zhagdajynda zhalpyga birdej ten zhәne tikelej sajlau kukygy negizinde partiyalyk tizimder bojynsha sajlandy Қalgan deputattar Қazakstan halky Assambleyasynan sajlandy Zheti sayasi partiya katyskan 2007 zhylgy 18 tamyzdagy sajlauda 7 pajyzdyk barerdi tek Nur Otan Respublikalyk Halyktyk Demokratiyalyk partiyasy gana enserdi odan sajlangan deputattar Parlament Mәzhilisindegi barlyk 98 oryndy aldy Palatadagy 9 oryn Қazakstan halky assambleyasy 2007 zhylgy 20 tamyzda sajlagan deputattarga berildi Mәzhilistin kuramyna buryngy sajlanymnyn deputattyk korpusynan 39 deputat memlekettik baskaru organdarynan 24 adam zhergilikti baskaru organdarynan 19 adam biznes kurylymdarynan 8 adam bilim beru gylym zhәne mәdeniet salasynan 8 adam zhәne baska salalardan 9 adam kirdi Palatada bilimi bojynsha әr tүrli biliktiligi bar inzhenerler 42 zangerler 34 bir boligi baska bejin bojynsha ekinshi zhogary bilim algan pedagogtar basym 23 deputat 21 deputattyn ekonomikalyk bilimi 9 nyn auyl sharuashylyk bilimi boldy Deputattyk korpusta sondaj ak dәrigerler halykaralyk katynastar mamandary zhurnalister mәdeniet pen oner zhәne baska da mamandyktar kyzmetkerleri boldy Mәzhiliste 15 gylym doktory zhәne 27 gylym kandidaty zhumys istedi 35 parlamentarijdin eki zhogary bilimi boldy Palatada әr tүrli ulttardyn okildigi kenejdi Deputattyk korpustyn kuramyna 82 kazak 17 orys 2 nemis zhәne bir birden belorus balkar kәris ukrain ozbek zhәne ujgyr kirdi Әjelderdin sany eki eseden astam artty 17 deputat Tortinshi sajlangan Mәzhilistin deputattyk korpusynyn orta zhasy 52 zhas bul үshinshi sajlanymdagydan bir zhaska tomen Zhasy bojynsha sany en kop top 50 den 59 zhaska dejingiler bolyp tabylady 44 deputat odan kejingi top 40 tan 50 zhaska dejingiler 36 deputat 60 zhastan askandar 23 adam zhәne sany en az top 30 dan 40 zhaskan dejingiler 4 deputat Mәzhilis Toragasy Aslan Esbolajuly Musin Mәzhilis Toragasy Oral Bajgonysuly Muhamedzhanov Mәzhilis Toragasynyn orynbasary Sergej Aleksandrovich Dyachenko Mәzhilis Toragasynyn orynbasary Bakytzhan Tursynuly Zhumagulov Mәzhilis Toragasynyn orynbasary Zhәnibek Sәlimuly Kәribzhanov Mәzhilis Toragasynyn orynbasary Vladimir Yakovlevich Bobrov Tortinshi sajlangan Қazakstan Respublikasy Parlamentinin Mәzhilisi Қazakstan Respublikasy Prezidentinin Tortinshi shakyrylgan Қazakstan Respublikasy Parlamentinin Mәzhilisin taratu zhәne Қazakstan Respublikasy Parlamenti Mәzhilisi deputattarynyn kezekten tys sajlauyn tagajyndau turaly 2011 zhylgy 16 karashadagy Zharlygyna bajlanysty oz zhumysyn ayaktady Besinshi sajlanym 2012 2016 Tolyk makalasy Tolyk makalasy Қazakstan Parlamenti Mәzhilisinin 5 sajlanym deputattary Besinshi sajlangan Қazakstan Respublikasy Parlamenti Mәzhilisinin zhana kuramy 2012 zhylgy kantarda zhasaktaldy Sajlauga zheti sayasi partiya katysty olardyn үsheui sajlau korytyndysy bojynsha sajlaushylardyn 7 dan astam dauysyna ie bolyp Parlament Mәzhilisine otti olar Nur Otan Halyktyk Demokratiyalyk partiyasy 80 99 Ak zhol Қazakstannyn Demokratiyalyk partiyasy 7 47 Қazakstan kommunistik halyk partiyasy 7 19 Parlament Mәzhilisinde Nur Otan partiyasynan 83 deputat Ak zhol partiyasynan 8 deputat ҚKHP dan 7 deputat zhumys istejdi Қazakstan halky assambleyasynan 9 deputat bar Mәzhiliste barlygy 107 deputat zhumys istejdi Mәzhilistin kuramyna buryngy sajlanymnyn deputattyk korpusynan 43 deputat otti Palatada bilimi bojynsha әr tүrli biliktiliktegi inzhenerler 30 deputat 21 pedagog 13 zanger deputat bar 21 deputattyn ekonomikalyk bilimi 10 deputattyn auyl sharuashylygy bilimi bar Mәzhiliste 2 akademik 17 gylym doktory zhәne 25 gylym kandidaty zhumys istejdi 60 parlamentarijdin eki zhogary bilimi bar Palatada tүrli ult okilderinin kuramy kenejdi Deputattyk korpus kuramynda 76 kazak 21 orys 3 ukrain 2 nemis zhәne bir birden tatar sheshen korej ozbek zhәne ujgyr bar Deputat әjelderdin sany 26 Mәzhilistin deputattyk korpusynyn orta zhasy 56 zhasty kurajdy bul tortinshi sajlanymdagydan tort zhaska zhogary Zhasy bojynsha sany en kop top 50 den 59 zhaska dejingiler bolyp tabylady 47 deputat 60 zhastan askandar 34 sodan kejingi top 40 zhastan 47 zhaska dejingiler 22 deputat zhәne en az top 30 zhastan 39 zhaska dejingiler 4 deputat Altynshy sajlanym 2016 2021 Tolyk makalasy Tolyk makalasy Қazakstan Parlamenti Mәzhilisinin 6 sajlanym deputattary Mәzhilis Toragasy Nurlan Zajrollauly Nygmatulin Mәzhilis Toragasy Erlan Zhakanuly Қoshanov Mәzhilis Toragasynyn orynbasary Sergej Aleksandrovich Dyachenko Mәzhilis Toragasynyn orynbasary Baktykozha Salahatdinuly IzmuhambetovZhetinshi sajlanym 2021 2023 Tolyk makalasy Tolyk makalasy Қazakstan Parlamenti Mәzhilisinin 7 sajlanym deputattary VII sajlangan Қazakstan Respublikasy Parlamenti Mәzhilisinin sajlauy 2021 zhylgy 10 kantarda otti Memleket basshysy Қasym Zhomart Tokaev 2022 zhyldyn kyrkүjek ajynda Қazakstan halkyna Zholdauynda Mәzhilis pen mәslihattar sajlauy 2023 zhyldyn birinshi zhartyzhyldygynda otetinin habarlady 2023 zhylgy 19 kantar kүni Prezident Қ Tokaev Parlament palatalarynyn toragalarymen zhәne Premer ministrmen Parlament Mәzhilisin taratu zhәne mәslihattardyn okilettigin merziminen buryn toktatu zhoninde kenes otkizdi Prezidenttin Parlament Mәzhilisi zhәne mәslihat deputattarynyn kezekten tys sajlauyn otkizuge katysty mәlimdemesinde 2023 zhylgy 19 kantardagy Zharlygymen zhetinshi sajlangan Қazakstan Respublikasy Parlamentinin Mәzhilisin taratyp Қazakstan Respublikasy Parlamenti Mәzhilisi deputattarynyn kezekten tys sajlauyn 2023 zhylgy 19 nauryzga tagajyndaganyn habarlady Sajlauga katyskan bes partiyanyn үsheui sajlaushylardyn 7 pajyzdan astamynyn dauysyna ie bolyp Parlament Mәzhilisinin kuramyna kirdi Olar Nur Otan partiyasy 71 09 Қazakstannyn Ak zhol demokratiyalyk partiyasy 10 95 zhәne Қazakstan Halyk partiyasy 9 10 Nur Otan partiyasynan Parlament Mәzhilisinde 76 Ak zhol partiyasynan 12 Қazakstan Halyk partiyasynan 10 deputat kyzmet etedi 9 deputat Қazakstan halky Assambleyasynan sajlandy Segizinshi sajlanym 2023 Tolyk makalasy Tolyk makalasy Қazakstan Parlamenti Mәzhilisinin 8 sajlanym deputattary VIII sajlangan Қazakstan Respublikasy Parlamenti Mәzhilisinin sajlauy 2023 zhylgy 19 nauryzda otti Sajlau nәtizhesinde sajlauga katyskan zheti partiyanyn altauy Mәzhiliske kirdi tek Bajtak Zhasyldar partiyasy gana bespajyzdyk nәtizhege zhete almady zhәne ozin ozi usyngan үmitkerlerdin zheteui Mәzhilistegi mandattaryn aldy BasshylygyToraga Tolyk makalasy Қazakstan Parlamenti Mәzhilisi toragasy Tolyk makalasy Mәzhilistin spikeri onyn toragasy dep atalady Toraga Mәzhilis sessiyalaryn ashady palatanyn kezekti birlesken otyrystaryn shakyrady onyn kezekti zhәne kezekten tys birlesken otyrystaryna toragalyk etedi Bul lauazymnyn kazirgi iegeri Erlan Zhakanuly Қoshanov Toraga orynbasarlary Tolyk makalasy Toraganyn eki bar olardyn kandidaturasyn Toraganyn ozi usynady zhәne Mәzhilismender sajlajdy Orynbasarlar Toraga koyatyn mindetterdi oryndajdy Sajlanymdar tizimiSajlanymy Қyzmeti Sajlauy tizim 30 kantar 1996 1 zheltoksan 1999 1995 tizim 1 zheltoksan 1999 3 karasha 2004 tizim 3 karasha 2004 20 mausym 2007 tizim 1 kyrkүjek 2007 15 karasha 2011 2007 tizim 20 kantar 2012 20 kantar 2016 tizim 25 nauryz 2016 30 zheltoksan 2020 tizim 15 kantar 2021 19 kantar 2023 tizim 29 nauryz 2023 2023Turakty komitetteriAgrarlyk mәseleler komiteti Zannama zhәne sot kukyktyk reforma komiteti Halykaralyk ister korganys zhәne kauipsizdik komiteti Әleumettik mәdeni damu komiteti Қarzhy zhәne byudzhet komiteti Ekologiya mәseleleri zhәne tabigat pajdalanu komiteti Ekonomikalyk reforma zhәne onirlik damu komitetiSyrtky siltemelerҚazakstan Respublikasy Parlamentinin Mәzhilisinin resmi sajty Қazakstan Respublikasynyn Konstituciyalyk kenesinin resmi sajty Muragattalgan 20 kyrkүjektin 2012 zhyly DerekkozderIvanov Anatolij Parlamentskie vybory v Kazahstane o tradicii ocherednyh vneocherednyh orys informburo 14 yanvarya 2016 Tekserildi 25 karasha 2023 Osakwe Christopher Anatomiya grazhdanskih kodeksov Rossii i Kazahstana biopsiya ekonomicheskih konstitucij dvuh postsovetskih respublik Izdatelstvo Prospekt 2014 Prezident Parlament Mәzhilisin taratu zhoninde kenes otkizdi Prezidenttin Parlament Mәzhilisi zhәne mәslihat deputattarynyn kezekten tys sajlauyn otkizuge katysty mәlimdemesi Prezidenttin Parlament Mәzhilisi zhәne mәslihat deputattarynyn kezekten tys sajlauyn otkizuge katysty mәlimdemesi ҚR Parlament Mәzhilisi deputattaryn sajlauda dauys berudin aldyn ala nәtizheleri turaly kaz 20 nauryz 2023