Эрозия (лат. еrosіo – мүжілу), геологияда – тау жыныстары мен топырақ бетін аққан судың шаюы. Шайылу және ұсақ түйірлердің тасымалдану қарқыны тау жыныстарының қаттылығына, топырақ қабаттарының жатыс бағытына, су ағынының жылдамдығына және мүжілу нәтижесінде пайда болған массаның ірілі-ұсақтығына байланысты. Эрозиялық құбылыстың дамуына сол жердің топырақ-өсімдік жамылғысы және геологиялық құрылысы да әсер етеді. Эрозия жер бедерін қалыптастырушы факторлардың бірі. Түзілген жербедер пішіндеріне байланысты беткі эрозияға (ағын өткен жер беті ой-шұңқырлары тегістеледі) және тілімдеу эрозиясына (жер беті сай-жыраларға тілімделеді) ажыратылады. Беткі эрозия аңғар және арнаның бүйірлері бұзылып, ағынның жайылуынан, ал тілімдеу эрозиясы ағын арнасының тереңдеуінен қалыптасады. Демек, эрозиялық бедер пішіндері – бүйірлік және тереңдік эрозиялардың нәтижелері. Кейбір ғылыми әдебиетте “эрозия” термині негізінен мұздық, жел және теңіз толқыны әрекетін сипаттағанда жиі қолданылады. Эрозия құбылысына қарсы күресу жолдары – табиғатты қорғаудың басты шараларының бірі болып табылады. Сонымен қатар эрозияның қалыпты (табиғи) және жеделдетілген (табиғи ортаны дұрыс пайдаланбау салдарынан) түрлері болады; қ. Топырақ эрозиясы. Ә. Байбатша
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, X том
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Eroziya lat erosio mүzhilu geologiyada tau zhynystary men topyrak betin akkan sudyn shayuy Shajylu zhәne usak tүjirlerdin tasymaldanu karkyny tau zhynystarynyn kattylygyna topyrak kabattarynyn zhatys bagytyna su agynynyn zhyldamdygyna zhәne mүzhilu nәtizhesinde pajda bolgan massanyn irili usaktygyna bajlanysty Eroziyalyk kubylystyn damuyna sol zherdin topyrak osimdik zhamylgysy zhәne geologiyalyk kurylysy da әser etedi Eroziya zher bederin kalyptastyrushy faktorlardyn biri Tүzilgen zherbeder pishinderine bajlanysty betki eroziyaga agyn otken zher beti oj shunkyrlary tegisteledi zhәne tilimdeu eroziyasyna zher beti saj zhyralarga tilimdeledi azhyratylady Betki eroziya angar zhәne arnanyn bүjirleri buzylyp agynnyn zhajyluynan al tilimdeu eroziyasy agyn arnasynyn terendeuinen kalyptasady Demek eroziyalyk beder pishinderi bүjirlik zhәne terendik eroziyalardyn nәtizheleri Kejbir gylymi әdebiette eroziya termini negizinen muzdyk zhel zhәne teniz tolkyny әreketin sipattaganda zhii koldanylady Eroziya kubylysyna karsy kүresu zholdary tabigatty korgaudyn basty sharalarynyn biri bolyp tabylady Sonymen katar eroziyanyn kalypty tabigi zhәne zhedeldetilgen tabigi ortany durys pajdalanbau saldarynan tүrleri bolady k Topyrak eroziyasy Ә BajbatshaDerekkozder Қazakstan Ұlttyk enciklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 X tom