Шығыс моншасы — Түркістан қаласындағы архитектура ескерткіш. Жартылай жер астына салынған көп күмбезді құрылыс, күйдірілген шаршы кірпіштен қаланған. Қасбеттерінің сәндік әшекейлері жоқ, қабырғалары кірпіштен қаланған. Көлемі жағынан әр қилы 9 бөлмеден тұрады, олардың атқаратын өзіндік қызметі мен салыну уақыты жағынан ерекшелігі бар. Үйдің ішкі бөлігі құрамында: «балқы» күмбезімен жабылған моншаға кіре беріс бөлме, басты жуынатын зал – ортасында 8 қырлы тапшаны бар 8 қырлы зал, ыстық және салқын суағарлары бар залдар, т.б. орналасқан. Ыстық залда сылауға (массажға) арналған кең тапшан бар. Су суағарлар арқылы келеді. Моншаның іш жағы сыланған. Тапшандар мен едендері 1,5×0,8 м көлемдегі мәрмәр қалақтастан жасалған. Құрылымы дәстүрлі тәсілдегі қақпа үстіндегі күмбездерін, «балқы» күмбездерін, қорапты жабындыларды бейнелейді. Түтін жүретін көмейі мен жылытатын құрылым еден астына орналасқан. Оттықтан шығатын жылу басты залдың 8 қырлы тапшаны астына орналасқан күмбезді дөңгелек көмейге ағылып келеді де, осы жерден шеңбер секілді арналар жүйесі арқылы басқа бөлмелерге тарайды. Арналарда жылудың таралуын тез қамтамасыз ететін құдықтар бар. Кір су едендердің еңкіш төсемелеріне жиналып, сыртқа ағып кетеді. 1979 жылы ескерткіш қалпына келтірілді.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shygys monshasy Tүrkistan kalasyndagy arhitektura eskertkish Zhartylaj zher astyna salyngan kop kүmbezdi kurylys kүjdirilgen sharshy kirpishten kalangan Қasbetterinin sәndik әshekejleri zhok kabyrgalary kirpishten kalangan Kolemi zhagynan әr kily 9 bolmeden turady olardyn atkaratyn ozindik kyzmeti men salynu uakyty zhagynan ereksheligi bar Үjdin ishki boligi kuramynda balky kүmbezimen zhabylgan monshaga kire beris bolme basty zhuynatyn zal ortasynda 8 kyrly tapshany bar 8 kyrly zal ystyk zhәne salkyn suagarlary bar zaldar t b ornalaskan Ystyk zalda sylauga massazhga arnalgan ken tapshan bar Su suagarlar arkyly keledi Monshanyn ish zhagy sylangan Tapshandar men edenderi 1 5 0 8 m kolemdegi mәrmәr kalaktastan zhasalgan Қurylymy dәstүrli tәsildegi kakpa үstindegi kүmbezderin balky kүmbezderin korapty zhabyndylardy bejnelejdi Tүtin zhүretin komeji men zhylytatyn kurylym eden astyna ornalaskan Ottyktan shygatyn zhylu basty zaldyn 8 kyrly tapshany astyna ornalaskan kүmbezdi dongelek komejge agylyp keledi de osy zherden shenber sekildi arnalar zhүjesi arkyly baska bolmelerge tarajdy Arnalarda zhyludyn taraluyn tez kamtamasyz etetin kudyktar bar Kir su edenderdin enkish tosemelerine zhinalyp syrtka agyp ketedi 1979 zhyly eskertkish kalpyna keltirildi DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Osy makala kazak mәdenieti turaly bastama bolyp tabylady Buny tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektesuinizdi surajmyz Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet