Шерғала (Шерқала) — VIII-IХ ғасырда араб шапқыншылығы кезінде шыңда жасалған бекініс-қала ретінде белгілі болған. Қамал-тау арыстанды еске түсіретін, сондықтан оны “Арыстан–қала” деп атап кеткен болатын.
Орналасуы
Шерғала Шетпе қаласынан алыс емес, Ақтау қаласынан 170 километр жерде ерекше формадағы бір жалғыз тұрған аттас таудың маңында орналасқан. Шерғала Бұхарамен және солтүстік жерлерімен жүзжылдай уақытта сауда жүрген керуен жолында құрылды. Бұл қала жүз жылдықты қамтиды.
Сипаттамасы
Қамалдың қабырғасымен мың жылдықтағы бас сүйектерді іздеп, ал егер жолыңыз сәтті болса, кішкене моншақтарды тауып, кірпіштерді және ыдыстарды жандыратын үлкен пештерді зерттеп, қоршаған айналаны көруге болады. Осы жерден біз Батыс Қаратау қара-көк таулардың қырларын көре аламыз.
Шерқала - арабша Арыстан қала деген мағынаны білдіреді. Қаланың есіміне араб араласуына қарағанда, Шерқала арабтардың VII-IX ғасырлардағы шабуылына ұшырап, мықты ерлік көрсеткен болса керек, одан кейін хазарлықтар мен хорезмдіктердің тіректі мекеніне айналып, Арыстан қала аталуы ықтимал. Шерқала 50 м биіктігі бар,оңтүстік батысқа қарай атылғалы жатырған арыстан іспеттес пирамида. Үстіне шығатын жол жоқ, тау жақ беткейіне екі жағына екі бастион қосымша тұрғызылған, қамал қабырғалары табиғи тау тасы мен күйдірілген кірпіштен қаланған. Шығыс бетіндегі бастионнан шатқалдың түбіндегі тунельге жол тартылған.
Тунель 5 м жоғарылаған соң, екі бағытқа екі тарау болып, тау үстіне шығады. Таудың басқа жерінде жоғары шығатын жол жоқ. Қарауылшыларға азық-түлік жеткізетін, қарауыл қарауылдайтындардың шығатын жолы осы болуы керек. Қамалдың ұзындығы 300 м, бірнеше жүз әскері ат-көлігімен сиятындай. Қамалдың басындағы шың бауырында торғайдың ұясына ұқсас екі-үш адамдық іші өртелген орындар бар. Менің ойымша бұл орындар күзетшілер немесе садақшыларға арналған орын секілді.
Мұнда уй құрылысы жоқ, адам қоныстануға қолайсыз. Сондықтан ол қасындағы Қызылқаланың тыныштығын қорғаған деген ойдамын.
Қызылқаланы зерттеу барысында келесі деректерге қол жеткіздім. Ол Ақмыш деген орталық Қаратаудан солтүстікке қарай ағып жатқан қос бұлақ қосылған тұмсықта салынған.Қызылқала-ежелгі сауда сарайы. Айналасы бір шақырымдай, дәлірек айтсақ, 800 м, төрт бұрышы қорған. Қабырғаларының сырты мықты сом тастардан, ішкі жағы күйдірілген кірпіштен қаланған. Соған қарап Қызылқала деген атау берген деп ойлаймын. Қызылқаланың оңтүстік жағында шағын төбе бар, онда биік мұнара сондай-ақ кірпіш күйдіретін пеш те болғанын аңғардым. Кірпіш өртеуге жергілікті қоңыр көмірді пайдаланған. «Қызылқалалықтар кірпіш өртеп,күнделікті тұрмысқа қажетті түрлі ыдыстар шығарған. Бір ғажабы солардың мықтылығы, желге де, суға да төзімділігі қайран қалдырады...» дейді Қызылқаланы зерттеуші археолог Андрей Астафьев.
Қызылқаланы зерттеу барысында осы қала орнында археологиялық зерттеу нәтижелерімен санасып отырдым. Олар Қызылқала туралы былай дейді: «Қазба жұмыстары кезінде табылған ыдыстардың сынығына қарап, Қызылқаланы салу кезеңдері X-XII ғасырға жататыны анықталды. X ғасырда Хорезм мемлекеті аумағындағы қалалардың қарқындап өскені туралы деректер бар. Хорезмнің белсенді жүргізген саясаты нәтижесінде Поволжьемен арадағы сауда жолы дами түсті. Дәл осы жолдың бойында Қызылқала елді мекені пайда болды: »|4| Қызылқаланың көлемі 25га, қосымша 200 құрылыс салынған, мәдени қабаттары 2 м астам, ортағасырлық қала. Оны қоршай салынған қабырғаларының қалыңдығы 3 м, биіктігі 5 м болған. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін бекіністің қабырғаларының қалыңдығы 2 м. кесек тастармен өрілген, соның әсерінен қабырғаларының биіктігі 6-7 метрге жеткен. Қазіргі уақытта 13 мұнараның орны тексерілу үстінде. Өзінің маңызы бола тұра Қызылқала көп өмір сүрген жоқ. Қызылқаланың құлдырауы 1220-1221 жылғы қыстағы Шыңғыс хан әскерлерінің Хорезмді талқандауынан кейін басталды. Азия мен Еуропа сауда байланыстары бұзылды.
XII ғасырдың соңында Каспий теңізі ұлан байтақ құрғақ жерді су астына қалдырып, деңгейі 26-27 метрге дейін көтерілді. Сауда керуендері жаңа жолмен жүре бастады. Қызылқала одан алыста қалды, сөйтіп оның тұрғындары ертеңге деген сенімінен айырыла бастады. Тарихи деректерге жүгінсек, Маңғыстау арқылы өтетін сауда керуені XIX ғасырда өмір сүруді тоқтатты. Қала қабырғалары XX ғасырдың 30-шы жылдарына дейін тұрды да, еліміздегі ұжымдастыру тұсында оның қабырғалары құлатылып, құрылыс материалдары ретінде пайдаланылды. Дүниежүзі ғалымдарының аузын аштырып, көзін жұмдыртатын бір жаңалықты республиканың Ә.Марғұлан атындағы археология институтының ғалымдары ашып отыр. Ол-Тоқсанбай тауынан табылған ең ежелгі қала. Қаланың жер қыртыстары үш қабаттан тұрады. Ең астыңғы қабаты осыдан төрт мың жыл бұрынғы қола дәуіріндегі отырықшы қонысты дәлелдейді.
Тағы қараңыз
- Қазақстанның көне қалалары тізімі
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Shergala Sherkala VIII IH gasyrda arab shapkynshylygy kezinde shynda zhasalgan bekinis kala retinde belgili bolgan Қamal tau arystandy eske tүsiretin sondyktan ony Arystan kala dep atap ketken bolatyn OrnalasuyShergala Shetpe kalasynan alys emes Aktau kalasynan 170 kilometr zherde erekshe formadagy bir zhalgyz turgan attas taudyn manynda ornalaskan Shergala Buharamen zhәne soltүstik zherlerimen zhүzzhyldaj uakytta sauda zhүrgen keruen zholynda kuryldy Bul kala zhүz zhyldykty kamtidy SipattamasyҚamaldyn kabyrgasymen myn zhyldyktagy bas sүjekterdi izdep al eger zholynyz sәtti bolsa kishkene monshaktardy tauyp kirpishterdi zhәne ydystardy zhandyratyn үlken peshterdi zerttep korshagan ajnalany koruge bolady Osy zherden biz Batys Қaratau kara kok taulardyn kyrlaryn kore alamyz Sherkala arabsha Arystan kala degen magynany bildiredi Қalanyn esimine arab aralasuyna karaganda Sherkala arabtardyn VII IX gasyrlardagy shabuylyna ushyrap mykty erlik korsetken bolsa kerek odan kejin hazarlyktar men horezmdikterdin tirekti mekenine ajnalyp Arystan kala ataluy yktimal Sherkala 50 m biiktigi bar ontүstik batyska karaj atylgaly zhatyrgan arystan ispettes piramida Үstine shygatyn zhol zhok tau zhak betkejine eki zhagyna eki bastion kosymsha turgyzylgan kamal kabyrgalary tabigi tau tasy men kүjdirilgen kirpishten kalangan Shygys betindegi bastionnan shatkaldyn tүbindegi tunelge zhol tartylgan Tunel 5 m zhogarylagan son eki bagytka eki tarau bolyp tau үstine shygady Taudyn baska zherinde zhogary shygatyn zhol zhok Қarauylshylarga azyk tүlik zhetkizetin karauyl karauyldajtyndardyn shygatyn zholy osy boluy kerek Қamaldyn uzyndygy 300 m birneshe zhүz әskeri at koligimen siyatyndaj Қamaldyn basyndagy shyn bauyrynda torgajdyn uyasyna uksas eki үsh adamdyk ishi ortelgen oryndar bar Menin ojymsha bul oryndar kүzetshiler nemese sadakshylarga arnalgan oryn sekildi Munda uj kurylysy zhok adam konystanuga kolajsyz Sondyktan ol kasyndagy Қyzylkalanyn tynyshtygyn korgagan degen ojdamyn Қyzylkalany zertteu barysynda kelesi derekterge kol zhetkizdim Ol Akmysh degen ortalyk Қarataudan soltүstikke karaj agyp zhatkan kos bulak kosylgan tumsykta salyngan Қyzylkala ezhelgi sauda sarajy Ajnalasy bir shakyrymdaj dәlirek ajtsak 800 m tort buryshy korgan Қabyrgalarynyn syrty mykty som tastardan ishki zhagy kүjdirilgen kirpishten kalangan Sogan karap Қyzylkala degen atau bergen dep ojlajmyn Қyzylkalanyn ontүstik zhagynda shagyn tobe bar onda biik munara sondaj ak kirpish kүjdiretin pesh te bolganyn angardym Kirpish orteuge zhergilikti konyr komirdi pajdalangan Қyzylkalalyktar kirpish ortep kүndelikti turmyska kazhetti tүrli ydystar shygargan Bir gazhaby solardyn myktylygy zhelge de suga da tozimdiligi kajran kaldyrady dejdi Қyzylkalany zertteushi arheolog Andrej Astafev Қyzylkalany zertteu barysynda osy kala ornynda arheologiyalyk zertteu nәtizhelerimen sanasyp otyrdym Olar Қyzylkala turaly bylaj dejdi Қazba zhumystary kezinde tabylgan ydystardyn synygyna karap Қyzylkalany salu kezenderi X XII gasyrga zhatatyny anyktaldy X gasyrda Horezm memleketi aumagyndagy kalalardyn karkyndap oskeni turaly derekter bar Horezmnin belsendi zhүrgizgen sayasaty nәtizhesinde Povolzhemen aradagy sauda zholy dami tүsti Dәl osy zholdyn bojynda Қyzylkala eldi mekeni pajda boldy 4 Қyzylkalanyn kolemi 25ga kosymsha 200 kurylys salyngan mәdeni kabattary 2 m astam ortagasyrlyk kala Ony korshaj salyngan kabyrgalarynyn kalyndygy 3 m biiktigi 5 m bolgan Belgili bir uakyt otkennen kejin bekinistin kabyrgalarynyn kalyndygy 2 m kesek tastarmen orilgen sonyn әserinen kabyrgalarynyn biiktigi 6 7 metrge zhetken Қazirgi uakytta 13 munaranyn orny tekserilu үstinde Өzinin manyzy bola tura Қyzylkala kop omir sүrgen zhok Қyzylkalanyn kuldyrauy 1220 1221 zhylgy kystagy Shyngys han әskerlerinin Horezmdi talkandauynan kejin bastaldy Aziya men Europa sauda bajlanystary buzyldy XII gasyrdyn sonynda Kaspij tenizi ulan bajtak kurgak zherdi su astyna kaldyryp dengeji 26 27 metrge dejin koterildi Sauda keruenderi zhana zholmen zhүre bastady Қyzylkala odan alysta kaldy sojtip onyn turgyndary ertenge degen seniminen ajyryla bastady Tarihi derekterge zhүginsek Mangystau arkyly otetin sauda kerueni XIX gasyrda omir sүrudi toktatty Қala kabyrgalary XX gasyrdyn 30 shy zhyldaryna dejin turdy da elimizdegi uzhymdastyru tusynda onyn kabyrgalary kulatylyp kurylys materialdary retinde pajdalanyldy Dүniezhүzi galymdarynyn auzyn ashtyryp kozin zhumdyrtatyn bir zhanalykty respublikanyn Ә Margulan atyndagy arheologiya institutynyn galymdary ashyp otyr Ol Toksanbaj tauynan tabylgan en ezhelgi kala Қalanyn zher kyrtystary үsh kabattan turady En astyngy kabaty osydan tort myn zhyl buryngy kola dәuirindegi otyrykshy konysty dәleldejdi Tagy karanyzҚazakstannyn kone kalalary tizimi