Тотемизм, тотемшілдік – ру-тайпаның белгілі бір жан-жануарлармен, өсімдіктермен тылсым туыстық байланысы бар деп білген ежелгі наным-сенімі.
Бұл атау Солтүстік Америкада тұратын оджибве тайпасының “ототем – оның тегі” сөзінен шыққан. Зерттеушілер тотемшілдікті адамдардың тұрмыс-салтында ерекше орны бар жануарларды киелендіріп, қасиетті деп санауымен, тіптен табынуымен байланыстырады.
Тотемшілдіктің алғашқы кезеңдерінде бұл наным тотемдік хайуанды тамаққа пайдалануды да жоққа шығармады. Кейіннен Тотемшілдікке әлеуметтік, қандас туыстық қарым-қатынастармен байланысты түсініктер енді. Ру-тайпа мүшелері өздерінің арғы тегін белгілі бір хайуанмен байланыстырып, оны қолдап, жебеуші күш деп білді. Тотемшілдік аясында көптеген тыйымдар туындады, олар қазіргі ғылым тілінде табу деп аталады. Тотемшілдіктің ертедегі адамдардың қоғамдық өмірінде өзіндік маңызы болды. Ол адамдардың белгілі бір ортақ нанымға тоқайласып, ортақ тыйымдар мен ырымдарға жүгініп, ынтымақтасуына ықпал етті.
Тотемшілдіктің неғұрлым айқын белгілері бар наным-сенімдік түрлері америкалық үндіс тайпалары мен австралиялық аборигендерде сақталған. Қазақ халқының салт-дәстүріндегі табулар мен тыйымдар бұрынғы тотемшілдік нанымдарына меңзейді. Мысалі, Түрік қағандығы кезеңінде түркілердің арғы тегі көк бөрі деген сенім болды. Қасқырды тікелей өз атымен атамай “ит-құс” деп атауы осының мысалы. Сондай-ақ белгілі рухани адамдардың, батырлардың тұлғасы аңыз-әңгімеге арқау болып, оларды ерекше күш-қайрат пен қалыптан тыс қабілеттің иесі деп сенумен байланысты, оларға көмектесетін ғажайып киелі жануарлардың барлығына да сенген. Мәселен, Жәнібек батырдың жолбарысы, Абылай ханның, Райымбек батырдың бурасы, т.б. Бұл нанымдар ол жануарларды тікелей тотемдік мағынада қабылдамағанымен, айрықша рухани дәрежеге ие адамдарға ерекше қасиетті жануарлардың қапысыз қызмет жасап, қалыптан тыс рухани деңгейде түсінісетіндіктерінің ишарасы болған. Батырлар жырларындағы, ертегілердегі кейіпкерлердің астындағы атымен немесе басқа жануарлармен тілдесуі де, ерекше рухани кемелдікке жеткен адамның ұшқан құс, жүгірген аңның тілін біледі деген сеніммен үндеседі. Сондықтан тотемшілдікті аң-құсқа табыну деп үстірт қарамай адам мен табиғаттың ерекше үйлесімін бұзбай өмір сүрген адамдардың жаратылыс дүниесінің киелілігін сезіне білуімен түсіндіруге болады.
Дереккөздер
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Totemizm totemshildik ru tajpanyn belgili bir zhan zhanuarlarmen osimdiktermen tylsym tuystyk bajlanysy bar dep bilgen ezhelgi nanym senimi Bul atau Soltүstik Amerikada turatyn odzhibve tajpasynyn ototem onyn tegi sozinen shykkan Zertteushiler totemshildikti adamdardyn turmys saltynda erekshe orny bar zhanuarlardy kielendirip kasietti dep sanauymen tipten tabynuymen bajlanystyrady Totemshildiktin algashky kezenderinde bul nanym totemdik hajuandy tamakka pajdalanudy da zhokka shygarmady Kejinnen Totemshildikke әleumettik kandas tuystyk karym katynastarmen bajlanysty tүsinikter endi Ru tajpa mүsheleri ozderinin argy tegin belgili bir hajuanmen bajlanystyryp ony koldap zhebeushi kүsh dep bildi Totemshildik ayasynda koptegen tyjymdar tuyndady olar kazirgi gylym tilinde tabu dep atalady Totemshildiktin ertedegi adamdardyn kogamdyk omirinde ozindik manyzy boldy Ol adamdardyn belgili bir ortak nanymga tokajlasyp ortak tyjymdar men yrymdarga zhүginip yntymaktasuyna ykpal etti Totemshildiktin negurlym ajkyn belgileri bar nanym senimdik tүrleri amerikalyk үndis tajpalary men avstraliyalyk aborigenderde saktalgan Қazak halkynyn salt dәstүrindegi tabular men tyjymdar buryngy totemshildik nanymdaryna menzejdi Mysali Tүrik kagandygy kezeninde tүrkilerdin argy tegi kok bori degen senim boldy Қaskyrdy tikelej oz atymen atamaj it kus dep atauy osynyn mysaly Sondaj ak belgili ruhani adamdardyn batyrlardyn tulgasy anyz әngimege arkau bolyp olardy erekshe kүsh kajrat pen kalyptan tys kabilettin iesi dep senumen bajlanysty olarga komektesetin gazhajyp kieli zhanuarlardyn barlygyna da sengen Mәselen Zhәnibek batyrdyn zholbarysy Abylaj hannyn Rajymbek batyrdyn burasy t b Bul nanymdar ol zhanuarlardy tikelej totemdik magynada kabyldamaganymen ajryksha ruhani dәrezhege ie adamdarga erekshe kasietti zhanuarlardyn kapysyz kyzmet zhasap kalyptan tys ruhani dengejde tүsinisetindikterinin isharasy bolgan Batyrlar zhyrlaryndagy ertegilerdegi kejipkerlerdin astyndagy atymen nemese baska zhanuarlarmen tildesui de erekshe ruhani kemeldikke zhetken adamnyn ushkan kus zhүgirgen annyn tilin biledi degen senimmen үndesedi Sondyktan totemshildikti an kuska tabynu dep үstirt karamaj adam men tabigattyn erekshe үjlesimin buzbaj omir sүrgen adamdardyn zharatylys dүniesinin kieliligin sezine biluimen tүsindiruge bolady Derekkozder Қazakstan Ұlttyk encklopediya Bas redaktor Ә Nysanbaev Almaty Қazak enciklopediyasy Bas redakciyasy 1998 ISBN 5 89800 123 9 VIII tom