Публий Теренций (шамамен б.з.б.190-159 жылдар) — Плавттан кейінгі рим комедиясын өркендетуші, ежелгі римнің ірі ақыны Квинт Эннийдің бағытын жалғастырушы, комедиограф.
Публий Теренцийді бәрі Афр деп атаған, өйткені оның туған жері Африка, оның ішінде Карфаген еді. Құл болып туған ол, жас кезінде сенатор қолына түседі. Иесі ақылды әрі көрікті құлына білім және өзінің есімін беріп, бостандыққа жібереді. Теренций өз заманының бетке ұстар білімді ақсүйектерімен жақсы қарым-қатынаста болған. Теренций өмірбаянынан акынның Грекияға барып, қайтар жолында қаза тапқанын білеміз.
Комедиялар
Теренций 6 комедия жазған және оның бәрі де бізге жетті. Солармен катар комедиялардың жазылған және қойылған уақыты көрсетілген қысқаша баяндамалар да қаз-қалпында жетті. Теренцийдің бірінші комедиясы — "Андриянка" б.з.д. 166 жылы қойылды, екіншісі — "Ене" бірінші рет б.з.д. 165 жылы қойылды, бірақ көрермендер қол күресін көру үшін пьеса ортасынан кетіп қалғандықтан қойылым аяқталмай калған. Екінші рет бұл комедияны Теренций б.з.д.160 жылы қояды, бірақ көрермендер қайтадан бірінші актіден кейін ойынына кетіп қалады. Басынан аяғына дейін бұл комедияны Теренций сол 160 жылдың екінші жартысында көрсетеді. "Өзін-өзі азаптаушы" атты үшінші комедиясын Теренций б.з.д. 163 жылы,"Евнух атты" төртінші комедиясын б.з.д. 161 жылы, бесінші "Формионды" да 161 жылы және алтыншы "Аеайыидылар" комедиясын б.з.д. 160 жылы кояды.
Пьесалар
Теренций отбасы, тұрмыс, тәрбие, әйелді, ананы кұрметтеу мәселелерін көтерді. Теренций комедияларындағы конфликт — бұл әке мен бала, әйел мен күйеу арасындағы конфликт болып келеді. Замандастарының арасында комедияларымен салыстырғанда, Теренцийдің пьесалары аса үлкен жетістіктерге жеткен жоқ. Тек орта ғасырлар мен антика авторларының ішінде Теренций үлкен табысқа ие болды. Драматург өз шығармаларының оқиғасын Менандрдан алып, саналы түрде грек колоритінің сақталуына мән берді.
Шығармалар
Теренций шығармаларында Плавттікіндей динамика мен интригалардың дамуы жоқ, ол театрлық амалдар мен ателлан тәсілдерінен де бойын аулақ салды. Оның есесіне Теренций кейіпкерлерге терең психологиялық мінездер бере отырып, өмірлік бейнелер тудырды.
Өмірбаяны
Теренцийдің өмірі, шығармашылығы жөнінде грамматик Данаттың және Светонийдің жазған автобиографиясында біршама нақты мәліметтер берілген. Ол рим халқының грек мәдениетімен жан-жақты таныс болуына комедиограф Цецилий Стаций (б.з.б. 169 жылы дүниеден өткен), трагик ақын Пакувий (б.з.б. 220-130 жылдар) секілді үлкен үлес қосты. Теренцийдің бүркеншік аты – Афр болды. Оның бұлай аталуының да өзіндік себебі бар. Құлдың отбасынан шыққан Теренцийдің туған жері – Африканың Карфаген қаласы болатын. Бала күнінде сенатор Теренций Луканның сарайында құлдықта жүреді. Сенатор Теренций Луканның осы бір сүйкімді әрі ақылды балаға ықыласы түсіп, оған «Теренций» деп өз есімін береді. Публий да өз кезегінде өнерге, соның ішінде сөз өнеріне жақын болатын. Баланың бойындағы зеректігі мен алғырлығын, білімге деген құштарлығын байқаған адамгершілігі мол сенатор оған өз заманына сай білім беріп, бостандыққа жібереді. Көп ұзамай Теренций өте талантты жас қоғамның жоғарғы топтарының арасында беделді әрі танымал болды. Ол гректердің бай әдеби мұраларын қызыға оқыды. Зиялы қауым қатарына қосылып, білімді ақсүйектермен жақсы араласты, Гай Лелий және Эмилион Сципион (Кіші) сияқты шенеунік достары болды. Теренций әдебиетте комедия жанрын таңдады. Оның артында біздің дәуірімізге дейін толық жеткен 6 комедиясы сақталды. Бірақ комедиограф шығармалары өз дәуірінде лайықты бағасын алған жоқ. Теренцийдің әдебиеттегі қарсыластарының түсінігінше, бұл комедиялардың авторы – африкандық босқын емес, Сципион мен Лелий. Бірақ ол екеуіне сахна төрінде көрінуге болмайтын болғандықтан, оны Теренций атынан жариялап отырған. Теренций тек екі арадағы делдал ғана деп танып, қалың жұртшылыққа неше түрлі әңгімелер таратты. Бірақ Теренций бұл жағдайларға көңіл бөліп, мән берген жоқ. Себебі, ол Сципион өмір сүрген қоғам туралы, оның ерекшеліктері мен кемшіліктері жөнінде ашық жазған болатын. Б.з.б. 60 жылдардың екінші жартысында Сципион құрған саяси топ Рим өмірінде маңызды рөл атқарды. Сципион тобының мүшелері Римдегі агрессияны тоқтатуға ұмтылып, бір-бірімен өзара жауласып жүрген топтарды ауызбіршілікке шақырып, татуластыруға тырысты. Олар өз мақсатына жету үшін грек философтары мен тарихшыларының, Панетий мен Полибий ұсынған теорияларды қолданды. Соның ішінде Панетий мен Полибийдің «Рим мемлекетінің ғажап құрылуы» атты теориясына сүйенді. Ұлы қолбасшы Эмилий Павел македон патшасы Персейді жеңгеннен кейін македондық патша кітапханасындағы классикалық грек әдебиеті өкілдерінің барлық туындыларын Римге алдырды. Болашақ қолбасшылар мен саяси қайраткерлер үшін Ксенофонт, Платон, Аристотельдің шығармалары нағыз құнды жәдігерге және нобильдік орта жастарының сүйікті кітабына айналды. Грекияда философиялық тақырыпта жүргізілетін диспуттар арнайы алаңдарда өткізілсе, Римде мұндай форумдар нобилет түрінде жүгізіліп отырды. Алғашында әрбір римдік азамат үшін ең басты, маңызды мәселе – мемлекеттік істер болса, енді римдіктердің көп уақыты әдебиетке, философияға арналған сабақтар мен білімді адамдармен сұхбаттасуға арналды. Нобилдердің қала сыртындағы виллаларында, арнайы залдарда, грек скульптурасы, колонналарымен әшекейленген үйлерінде эллиндік мәдениетті дәріптеушілер, грек өнерін бағалушылар мен әдебиетті сүйетіндер жиналды. Өзімен бірге рим мәдениетіне жаңа бағытты әкелген нобилеттер Жерорта теңізі жағасындағы барша елдердің өнер байлықтары мен шығармашылық құндылықтарын бойына сіңірген болатын. Теренций шығармашылығы – дәл осы білімді нобилеттер үйірмелерінің негізгі идеясының маңызды әрі нақты көрінісіндей болды. Жоғарыда айтылған Светонийдің жазған автобиографиясына сүйенсек, Теренций 160 жылы Грекияға аттанып, содан қайтып еліне оралмаған. Оның не кеме апатынан, не аурудан қайтыс болғаны белгісіз. Бірақ азғантай ғұмырында Теренций 6 комедия тудырды. Олар: «Андриандық қыз» (166 жылы сахналанған), «Ене» (165 жылы сахналанған), «Өзін-өзі азаптаушы» (163 жылы), «Әтек» (161 жылы), «Формион» (161 жылы), «Ағайындылар» (160 жыл). Бұл драмалардың барлығы да Рим театрларының сахналарында қойылды. Ішінде ең сәтті шыққаны «Әтек» болды. «Әтек» комедиясы бір күнде 2 рет қойылып, көптеген жүлделерге ие болды.
Дереккөздер
- Өнер: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулык/Қ.Болатбаев, Е.Қосбармақов, А.Еркебай. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-33-998-8
- Тронский И.М. История античной литературы. Москва, Высшая школа, 1983
- Античная литература. Под ред. проф. А.А.Тахо-Годи. Москва, 1973
- Қобланов Ж.Т. Шетел әдебиетінің тарихы. Алматы, 2011
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Publij Terencij shamamen b z b 190 159 zhyldar Plavttan kejingi rim komediyasyn orkendetushi ezhelgi rimnin iri akyny Kvint Ennijdin bagytyn zhalgastyrushy komediograf Publij Terencijdi bәri Afr dep atagan ojtkeni onyn tugan zheri Afrika onyn ishinde Karfagen edi Қul bolyp tugan ol zhas kezinde senator kolyna tүsedi Iesi akyldy әri korikti kulyna bilim zhәne ozinin esimin berip bostandykka zhiberedi Terencij oz zamanynyn betke ustar bilimdi aksүjekterimen zhaksy karym katynasta bolgan Terencij omirbayanynan akynnyn Grekiyaga baryp kajtar zholynda kaza tapkanyn bilemiz KomediyalarTerencij 6 komediya zhazgan zhәne onyn bәri de bizge zhetti Solarmen katar komediyalardyn zhazylgan zhәne kojylgan uakyty korsetilgen kyskasha bayandamalar da kaz kalpynda zhetti Terencijdin birinshi komediyasy Andriyanka b z d 166 zhyly kojyldy ekinshisi Ene birinshi ret b z d 165 zhyly kojyldy birak korermender kol kүresin koru үshin pesa ortasynan ketip kalgandyktan kojylym ayaktalmaj kalgan Ekinshi ret bul komediyany Terencij b z d 160 zhyly koyady birak korermender kajtadan birinshi aktiden kejin ojynyna ketip kalady Basynan ayagyna dejin bul komediyany Terencij sol 160 zhyldyn ekinshi zhartysynda korsetedi Өzin ozi azaptaushy atty үshinshi komediyasyn Terencij b z d 163 zhyly Evnuh atty tortinshi komediyasyn b z d 161 zhyly besinshi Formiondy da 161 zhyly zhәne altynshy Aeajyidylar komediyasyn b z d 160 zhyly koyady PesalarTerencij otbasy turmys tәrbie әjeldi anany kurmetteu mәselelerin koterdi Terencij komediyalaryndagy konflikt bul әke men bala әjel men kүjeu arasyndagy konflikt bolyp keledi Zamandastarynyn arasynda komediyalarymen salystyrganda Terencijdin pesalary asa үlken zhetistikterge zhetken zhok Tek orta gasyrlar men antika avtorlarynyn ishinde Terencij үlken tabyska ie boldy Dramaturg oz shygarmalarynyn okigasyn Menandrdan alyp sanaly tүrde grek koloritinin saktaluyna mәn berdi ShygarmalarTerencij shygarmalarynda Plavttikindej dinamika men intrigalardyn damuy zhok ol teatrlyk amaldar men atellan tәsilderinen de bojyn aulak saldy Onyn esesine Terencij kejipkerlerge teren psihologiyalyk minezder bere otyryp omirlik bejneler tudyrdy ӨmirbayanyTerencijdin omiri shygarmashylygy zhoninde grammatik Danattyn zhәne Svetonijdin zhazgan avtobiografiyasynda birshama nakty mәlimetter berilgen Ol rim halkynyn grek mәdenietimen zhan zhakty tanys boluyna komediograf Cecilij Stacij b z b 169 zhyly dүnieden otken tragik akyn Pakuvij b z b 220 130 zhyldar sekildi үlken үles kosty Terencijdin bүrkenshik aty Afr boldy Onyn bulaj ataluynyn da ozindik sebebi bar Қuldyn otbasynan shykkan Terencijdin tugan zheri Afrikanyn Karfagen kalasy bolatyn Bala kүninde senator Terencij Lukannyn sarajynda kuldykta zhүredi Senator Terencij Lukannyn osy bir sүjkimdi әri akyldy balaga ykylasy tүsip ogan Terencij dep oz esimin beredi Publij da oz kezeginde onerge sonyn ishinde soz onerine zhakyn bolatyn Balanyn bojyndagy zerektigi men algyrlygyn bilimge degen kushtarlygyn bajkagan adamgershiligi mol senator ogan oz zamanyna saj bilim berip bostandykka zhiberedi Kop uzamaj Terencij ote talantty zhas kogamnyn zhogargy toptarynyn arasynda bedeldi әri tanymal boldy Ol grekterdin baj әdebi muralaryn kyzyga okydy Ziyaly kauym kataryna kosylyp bilimdi aksүjektermen zhaksy aralasty Gaj Lelij zhәne Emilion Scipion Kishi siyakty sheneunik dostary boldy Terencij әdebiette komediya zhanryn tandady Onyn artynda bizdin dәuirimizge dejin tolyk zhetken 6 komediyasy saktaldy Birak komediograf shygarmalary oz dәuirinde lajykty bagasyn algan zhok Terencijdin әdebiettegi karsylastarynyn tүsiniginshe bul komediyalardyn avtory afrikandyk boskyn emes Scipion men Lelij Birak ol ekeuine sahna torinde korinuge bolmajtyn bolgandyktan ony Terencij atynan zhariyalap otyrgan Terencij tek eki aradagy deldal gana dep tanyp kalyn zhurtshylykka neshe tүrli әngimeler taratty Birak Terencij bul zhagdajlarga konil bolip mәn bergen zhok Sebebi ol Scipion omir sүrgen kogam turaly onyn erekshelikteri men kemshilikteri zhoninde ashyk zhazgan bolatyn B z b 60 zhyldardyn ekinshi zhartysynda Scipion kurgan sayasi top Rim omirinde manyzdy rol atkardy Scipion tobynyn mүsheleri Rimdegi agressiyany toktatuga umtylyp bir birimen ozara zhaulasyp zhүrgen toptardy auyzbirshilikke shakyryp tatulastyruga tyrysty Olar oz maksatyna zhetu үshin grek filosoftary men tarihshylarynyn Panetij men Polibij usyngan teoriyalardy koldandy Sonyn ishinde Panetij men Polibijdin Rim memleketinin gazhap kuryluy atty teoriyasyna sүjendi Ұly kolbasshy Emilij Pavel makedon patshasy Persejdi zhengennen kejin makedondyk patsha kitaphanasyndagy klassikalyk grek әdebieti okilderinin barlyk tuyndylaryn Rimge aldyrdy Bolashak kolbasshylar men sayasi kajratkerler үshin Ksenofont Platon Aristoteldin shygarmalary nagyz kundy zhәdigerge zhәne nobildik orta zhastarynyn sүjikti kitabyna ajnaldy Grekiyada filosofiyalyk takyrypta zhүrgiziletin disputtar arnajy alandarda otkizilse Rimde mundaj forumdar nobilet tүrinde zhүgizilip otyrdy Algashynda әrbir rimdik azamat үshin en basty manyzdy mәsele memlekettik ister bolsa endi rimdikterdin kop uakyty әdebietke filosofiyaga arnalgan sabaktar men bilimdi adamdarmen suhbattasuga arnaldy Nobilderdin kala syrtyndagy villalarynda arnajy zaldarda grek skulpturasy kolonnalarymen әshekejlengen үjlerinde ellindik mәdenietti dәripteushiler grek onerin bagalushylar men әdebietti sүjetinder zhinaldy Өzimen birge rim mәdenietine zhana bagytty әkelgen nobiletter Zherorta tenizi zhagasyndagy barsha elderdin oner bajlyktary men shygarmashylyk kundylyktaryn bojyna sinirgen bolatyn Terencij shygarmashylygy dәl osy bilimdi nobiletter үjirmelerinin negizgi ideyasynyn manyzdy әri nakty korinisindej boldy Zhogaryda ajtylgan Svetonijdin zhazgan avtobiografiyasyna sүjensek Terencij 160 zhyly Grekiyaga attanyp sodan kajtyp eline oralmagan Onyn ne keme apatynan ne aurudan kajtys bolgany belgisiz Birak azgantaj gumyrynda Terencij 6 komediya tudyrdy Olar Andriandyk kyz 166 zhyly sahnalangan Ene 165 zhyly sahnalangan Өzin ozi azaptaushy 163 zhyly Әtek 161 zhyly Formion 161 zhyly Agajyndylar 160 zhyl Bul dramalardyn barlygy da Rim teatrlarynyn sahnalarynda kojyldy Ishinde en sәtti shykkany Әtek boldy Әtek komediyasy bir kүnde 2 ret kojylyp koptegen zhүldelerge ie boldy DerekkozderӨner Zhalpy bilim beretin mekteptin zharatylystanu matematika bagytyndagy 11 synybyna arnalgan okulyk Қ Bolatbaev E Қosbarmakov A Erkebaj Almaty Mektep baspasy 2007 ISBN 9965 33 998 8 Tronskij I M Istoriya antichnoj literatury Moskva Vysshaya shkola 1983 Antichnaya literatura Pod red prof A A Taho Godi Moskva 1973 Қoblanov Zh T Shetel әdebietinin tarihy Almaty 2011Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet