Тастөбе – ортағасырлық қала орны.
Географиялық орны
Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Көлқайнар ауылдық округіне қарасты Тастөбе ауылынан солтүстікке қарай 300 м жерде.
Зерттелуі
Қалашықты 1898 жылы В.А. Каллаур, 1936 жылы Жетісу археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам), 1978 жылы Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы зерттеген.
Сипаты
Ескерткіш үш бөліктен тұрады. Алғашқысы – дөңгелек төбе, биіктігі 18 м, диам. 100 м-ге жуық; екіншісі – осы төбені барлық жағынан қоршаған, өлшемдері солтүстіктен оңтүстікке қарай – 130 м, шығыстан батысқа қарай – 170 м террасадан тұрады; орт. бөлігі ормен бөлінген. Негізгі төбеден оңтүстік-батысқа қарай 30 м жерде өлшемдері 80 - 50 м, биіктігі 2,5 м, шығыстан-батысқа қарай созылыңқы бекіністің қалдығы сақталған; үшіншісі – негізгі төбеден солтүстікке қарай 50 м жерде орналасқан. Оның табанының аумағы 90 - 70 м.
Қалашықтың үстінен қыш ыдыстардың, күйдірілген кірпіштің сынықтары кездеседі. Археологиялық қазба барысында табылған заттарға қарағанда қалашықты тұрғындар 6 – 12 ғасырларда мекен еткен. Олар мал өсіріп, егіншілікпен айналысқан.
Дереккөздер
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
- Қ18 Қазақстан ғылымы: Энциклопедия./ Бас.ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2010. Т.2.– 544 бет. ISBN 9965-893-30-1
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Tastobe ortagasyrlyk kala orny Geografiyalyk ornyZhambyl oblysy Zhambyl audany Kolkajnar auyldyk okrugine karasty Tastobe auylynan soltүstikke karaj 300 m zherde ZertteluiҚalashykty 1898 zhyly V A Kallaur 1936 zhyly Zhetisu arheologiyalyk ekspediciyasy zhetekshisi A N Bernshtam 1978 zhyly Zhambyl oblystyk tarihi olketanu murazhajynyn ekspediciyasy zerttegen SipatyEskertkish үsh bolikten turady Algashkysy dongelek tobe biiktigi 18 m diam 100 m ge zhuyk ekinshisi osy tobeni barlyk zhagynan korshagan olshemderi soltүstikten ontүstikke karaj 130 m shygystan batyska karaj 170 m terrasadan turady ort boligi ormen bolingen Negizgi tobeden ontүstik batyska karaj 30 m zherde olshemderi 80 50 m biiktigi 2 5 m shygystan batyska karaj sozylynky bekinistin kaldygy saktalgan үshinshisi negizgi tobeden soltүstikke karaj 50 m zherde ornalaskan Onyn tabanynyn aumagy 90 70 m Қalashyktyn үstinen kysh ydystardyn kүjdirilgen kirpishtin synyktary kezdesedi Arheologiyalyk kazba barysynda tabylgan zattarga karaganda kalashykty turgyndar 6 12 gasyrlarda meken etken Olar mal osirip eginshilikpen ajnalyskan DerekkozderҚazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8 Қ18 Қazakstan gylymy Enciklopediya Bas red B Ө Zhakyp Almaty Қazak enciklopediyasy ZhShS 2010 T 2 544 bet ISBN 9965 893 30 1