Саиф Сараи (1321, Сарайшық — 1396, Мысыр) — қыпшақ ақыны, Алтын Орда дәуірі әдебиетінің көрнекті өкілі.
Хан ұрпақтары арасындағы тақ таласы тұсында туған жерінен кетіп, өмірінің соңғы кезеңін мәмлүктер билігіндегі Мысырда өткізді. Саиф Сараиды Әмір Наджип қазақ халқының негізін құраған қыпшақ тайпасынан шыққан деп есептейді. Бізге жеткен елеулі еңбегі — бес мың жолға жуық түркі (қыпшақ) тіліндегі «Гүлстан би-т-түрки» (1391) туындысын Сарайшықта бастап, Мысырдағы Ніл өзені бойында аяқтаған. Дастанның негізгі бөлімі Сағдидің «Гүлстан» шығармасының еркін аудармасынан тұрады, сондай-ақ оған өзімен тұстас сегіз шайырдың ғазалдары, ақынның өзі жазған лирикалық өлеңдері, нақыл, ғақлия, толғаулары енген. Саиф Сараидың бұл поэмасы XIV ғасырдағы қалыптасқан әдеби дәстүр, озық поэзия үлгісі болған.
Саиф қолжазбасы 1915 жылы белгілі болды, оның фотокөшірмесі Анкарада (1954), орыс әліпбиі негізіндегі транскрипциясы Ташкентте (1968) басылды. Саиф Сараи (13-14 ғ.) "Гүлстан" атты шығармасымен әйгілі болған.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
- Наджип Э.Н., Кыпчакско-огузский литературный язык мамлюкского Египта XІV века, М., 1965;
- Тюркоязычный памятник ХІV века “Гулстан” С.Сараи, А., 1975;
- Тасмағамбетов И., Самашев З., Сарайшық, Атырау, 2003;
- Келімбетов Н., Ежелгі әдеби жәдігерліктер, Аст., 2004.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Saif Sarai 1321 Sarajshyk 1396 Mysyr kypshak akyny Altyn Orda dәuiri әdebietinin kornekti okili Han urpaktary arasyndagy tak talasy tusynda tugan zherinen ketip omirinin songy kezenin mәmlүkter biligindegi Mysyrda otkizdi Saif Saraidy Әmir Nadzhip kazak halkynyn negizin kuragan kypshak tajpasynan shykkan dep eseptejdi Bizge zhetken eleuli enbegi bes myn zholga zhuyk tүrki kypshak tilindegi Gүlstan bi t tүrki 1391 tuyndysyn Sarajshykta bastap Mysyrdagy Nil ozeni bojynda ayaktagan Dastannyn negizgi bolimi Sagdidin Gүlstan shygarmasynyn erkin audarmasynan turady sondaj ak ogan ozimen tustas segiz shajyrdyn gazaldary akynnyn ozi zhazgan lirikalyk olenderi nakyl gakliya tolgaulary engen Saif Saraidyn bul poemasy XIV gasyrdagy kalyptaskan әdebi dәstүr ozyk poeziya үlgisi bolgan Saif kolzhazbasy 1915 zhyly belgili boldy onyn fotokoshirmesi Ankarada 1954 orys әlipbii negizindegi transkripciyasy Tashkentte 1968 basyldy Saif Sarai 13 14 g Gүlstan atty shygarmasymen әjgili bolgan DerekkozderҚazak enciklopediyasy 7 tom Nadzhip E N Kypchaksko oguzskij literaturnyj yazyk mamlyukskogo Egipta XIV veka M 1965 Tyurkoyazychnyj pamyatnik HIV veka Gulstan S Sarai A 1975 Tasmagambetov I Samashev Z Sarajshyk Atyrau 2003 Kelimbetov N Ezhelgi әdebi zhәdigerlikter Ast 2004