Садақ ату — мергендік спортының бір түрі. 1900 жылдан бері - жазғы Олимпиада ойындарының тізіміне кірген. Шыдамдылық, жүйке мықтылығы, өткір көз және қуатты қол – осының барлығы садақпен атқанда жеңіске жету үшін қажет. Бүгінгі күні осы спорт түрімен әлемгнің 140 елінде айналысады, ал садақ ату көп күшті қажет ететін, соңғы жебеге дейін жалғасатын жарыс. Садақ ату халықараралық федерациясы (ФИТА) 1931 ж. құрылды.
Садақ ату адамзат қоғамы дамуының алғашқы кезінен аң аулауда, сондай-ақ оқпен атылатын қарулар шыққанға дейін соғыста кеңінен қолданылған. Садақ тарту башқұрт, қырғыз, , қазақ, т.б. халықтардың жамбы ату, алтын қабақ, теңге ату сияқты ұлттық ойындарында кең таралған.
Қазақстанда садақ тарту спорты 1967 жылдан дами бастады. Қазақстандық КСРО командасы құрамында (М-1 жаттығуына) 1986 ж. Еуропа чемпионы болды. А.Кислицин КСРО біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы және КСРО халықтары 7-спартакиадасының жүлдегері; сонымен бірге КСРО кубогін жеңіп алды (1979 — 81). Ал И.Леонова КСРО біріншілігінің жеңімпазы атанса (1979), 1 қола жүлдегері (1998) және әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1997) болды. С.Мурнов “Буревестник” құрама командасының сапында 1981 ж. КСРО кубогін жеңіп алды және командалық құрамда КСРО біріншілігінің алтын медаліне ие болды. В.Шикарев әлем чемпионы (1989) және күміс жүлдегер (1991) атанып, әлем рекордын жаңартты (1991). Әйелдер командасы 1995 — 96 ж., ерлер командасы 1995 ж. Гран-при жарысында Еуропаның күміс жүлдесіне ие болды. М.Елисеев жастар арасында жабық залда әлем рекордын жаңартты (1999). С.Мартынов (1995) және О.Пилипова (2004) Азия чемпиондары атанды.
Сайыстың мақсаты
Садақ ату жарысы ғимаратта не көшеде болсын әрқилы арақашықтықтарда өткізіледі. Сондай-ақ әртүрлі ату түрлері болады. Нысанаға садақ атуда ойыншылар нысанаға бірнеше жебеден жібереді. Содан кейін нысана жаңа арақашықтыққа жылжытылады, мергендер оған қайтадан жебелер жібереді. Далада садақ атқан кезде мергендер кезекпен қозғала отырып, статикалық (қозғалмайтын) нысаналарға атады, олар кейде аңдар пішінде болулары мүмкін.
Садақ атудан әйелдер үшін нысана 30, 50, 70 м, ерлер үшін 30, 50, 70, 90 м қашықтыққа қойылады. Жарыс бағдарламасына сәйкес мерген 72 жебе тартады. Әр команда құрамында 4 адам болады да, оның үшеуінің нәтижесі есепке алынады. Садақ атудың классикалық және еркін тәсілдері бар. Классикалық түрінде мерген нысанаға бір қырымен, ал еркін тәсілде өзіне қолайлы жағдайда тұрып cадақ атады.
- Мергендер нысанаға жіберу үшін садақты пайдаланады.
- Нысана шеңберлер жиынтығынан тұрады және әр шеңберге әртүрлі ұпайлар саны беріледі.
- Ең көп ұпай санын жинаған ойыншы ұтады.
- Мергендер жарысқа бір кіргенде үш немесе алты жебе атады. Осындай бір кіру «энд» деп аталады. «Эндтер» раундты құрайды. Жарыстарда эндтер саны әртүрлі болуы мүмкін. Спорт кещендерінде өткізілетін матчтарда 20 эндтен болады.
- Мергендер команда бойынша бастайды. Оларға ату үшін шектелген уақыт беріледі.
- Жебе жіберіле салысымен, ойыншылардың ұпайлары санала бастайды.
Қажетті мәлімет
Садақтар бір раундта 36 жебеге дейін жібереді. Жебелер не алюменийден, не көмір графитінен жасалған және қорамсақты барлық мергендер тақып жүреді. Садақ салмағы бойынша берік әрі жеңіл көміртек талшығы және алюмений сияқты материалдардан жасалған.
Садақшының жарағы
Садақшының жарағына кіретін нәрселері: жебе салынған қорамсақ, қолды жебеден сақтайтын жапсырма, садақ тартатын, қолды сақтайтын қолғап немесе саусақ киер.Садақ пен же-бені қолға алмас бұрын тәжірибелі бапкердің басқаруымен міндетті түрде алдын-ала дайындықтан өту қажет.
Нысана
Садақ атуға арналған нысана есілген сабаннан жасалған ортасы жерден 1,3 м биікте тұратын қалқанға немесе тұғырға бекітіледі. Нысанаға бес түрлі қою бояумен боялған дөңгелене сызылған қағаз жапсырылады. Әр шеңбердің сыртқы және ішкі аймағы бар жебенің қай аймаққа тиюі ұпайдың санын білдіреді. Сыртқы аймаққа тисе, 1 ұпай, ішкі аққа тисе, 2 ұпай, тағы сол сияқты, ең ортадағы алты аймаққа тиізген садақшы 10 ұпай алады.Нысананы атуға арналған қазіргі үлкен садақ пен жебенің негізгі бөлшектері.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 7 - том
- Қазақ энциклопедиясы
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Sadak atu mergendik sportynyn bir tүri 1900 zhyldan beri zhazgy Olimpiada ojyndarynyn tizimine kirgen Shydamdylyk zhүjke myktylygy otkir koz zhәne kuatty kol osynyn barlygy sadakpen atkanda zheniske zhetu үshin kazhet Bүgingi kүni osy sport tүrimen әlemgnin 140 elinde ajnalysady al sadak atu kop kүshti kazhet etetin songy zhebege dejin zhalgasatyn zharys Sadak atu halykararalyk federaciyasy FITA 1931 zh kuryldy 1980zhyly Mәskeude otken HHII Olimpiada ojyndaryndagy sadak atudan zharys Sadak atu adamzat kogamy damuynyn algashky kezinen an aulauda sondaj ak okpen atylatyn karular shykkanga dejin sogysta keninen koldanylgan Sadak tartu bashkurt kyrgyz kazak t b halyktardyn zhamby atu altyn kabak tenge atu siyakty ulttyk ojyndarynda ken taralgan Қazakstanda sadak tartu sporty 1967 zhyldan dami bastady Қazakstandyk KSRO komandasy kuramynda M 1 zhattyguyna 1986 zh Europa chempiony boldy A Kislicin KSRO birinshilikterinin birneshe dүrkin zhenimpazy zhәne KSRO halyktary 7 spartakiadasynyn zhүldegeri sonymen birge KSRO kubogin zhenip aldy 1979 81 Al I Leonova KSRO birinshiliginin zhenimpazy atansa 1979 1 kola zhүldegeri 1998 zhәne әlem chempionatynyn kүmis zhүldegeri 1997 boldy S Murnov Burevestnik kurama komandasynyn sapynda 1981 zh KSRO kubogin zhenip aldy zhәne komandalyk kuramda KSRO birinshiliginin altyn medaline ie boldy V Shikarev әlem chempiony 1989 zhәne kүmis zhүldeger 1991 atanyp әlem rekordyn zhanartty 1991 Әjelder komandasy 1995 96 zh erler komandasy 1995 zh Gran pri zharysynda Europanyn kүmis zhүldesine ie boldy M Eliseev zhastar arasynda zhabyk zalda әlem rekordyn zhanartty 1999 S Martynov 1995 zhәne O Pilipova 2004 Aziya chempiondary atandy Sajystyn maksatySadak atu zharysy gimaratta ne koshede bolsyn әrkily arakashyktyktarda otkiziledi Sondaj ak әrtүrli atu tүrleri bolady Nysanaga sadak atuda ojynshylar nysanaga birneshe zhebeden zhiberedi Sodan kejin nysana zhana arakashyktykka zhylzhytylady mergender ogan kajtadan zhebeler zhiberedi Dalada sadak atkan kezde mergender kezekpen kozgala otyryp statikalyk kozgalmajtyn nysanalarga atady olar kejde andar pishinde bolulary mүmkin Sadak atudan әjelder үshin nysana 30 50 70 m erler үshin 30 50 70 90 m kashyktykka kojylady Zharys bagdarlamasyna sәjkes mergen 72 zhebe tartady Әr komanda kuramynda 4 adam bolady da onyn үsheuinin nәtizhesi esepke alynady Sadak atudyn klassikalyk zhәne erkin tәsilderi bar Klassikalyk tүrinde mergen nysanaga bir kyrymen al erkin tәsilde ozine kolajly zhagdajda turyp cadak atady Mergender nysanaga zhiberu үshin sadakty pajdalanady Nysana shenberler zhiyntygynan turady zhәne әr shenberge әrtүrli upajlar sany beriledi En kop upaj sanyn zhinagan ojynshy utady Mergender zharyska bir kirgende үsh nemese alty zhebe atady Osyndaj bir kiru end dep atalady Endter raundty kurajdy Zharystarda endter sany әrtүrli boluy mүmkin Sport keshenderinde otkiziletin matchtarda 20 endten bolady Mergender komanda bojynsha bastajdy Olarga atu үshin shektelgen uakyt beriledi Zhebe zhiberile salysymen ojynshylardyn upajlary sanala bastajdy Қazhetti mәlimetSadaktar bir raundta 36 zhebege dejin zhiberedi Zhebeler ne alyumenijden ne komir grafitinen zhasalgan zhәne koramsakty barlyk mergender takyp zhүredi Sadak salmagy bojynsha berik әri zhenil komirtek talshygy zhәne alyumenij siyakty materialdardan zhasalgan Sadakshynyn zharagySadakshynyn zharagyna kiretin nәrseleri zhebe salyngan koramsak koldy zhebeden saktajtyn zhapsyrma sadak tartatyn koldy saktajtyn kolgap nemese sausak kier Sadak pen zhe beni kolga almas buryn tәzhiribeli bapkerdin baskaruymen mindetti tүrde aldyn ala dajyndyktan otu kazhet NysanaSadak atuga arnalgan nysana esilgen sabannan zhasalgan ortasy zherden 1 3 m biikte turatyn kalkanga nemese tugyrga bekitiledi Nysanaga bes tүrli koyu boyaumen boyalgan dongelene syzylgan kagaz zhapsyrylady Әr shenberdin syrtky zhәne ishki ajmagy bar zhebenin kaj ajmakka tiyui upajdyn sanyn bildiredi Syrtky ajmakka tise 1 upaj ishki akka tise 2 upaj tagy sol siyakty en ortadagy alty ajmakka tiizgen sadakshy 10 upaj alady Nysanany atuga arnalgan kazirgi үlken sadak pen zhebenin negizgi bolshekteri DerekkozderҚazak enciklopediyasy 7 tom Қazak enciklopediyasy