Радиобайланыс — радиотолқын көмегімен ақпарат алмасу. Радиобайланыс жүйесінің ақпарат беруші жағында радиотаратқыштан және таратушы антенналардан тұратын радиотарату құрылғысы, ал қабылдаушы жағында қабылдау антенналары мен радиоқабылдагыштан тұратын радиоқабылдау құрылғысы орналасады. Таратқышта қоздыратын тасымалдаушы жиіліктегі тербеліс берілетін ақпарат сигналының заңына сәйкес өзгертіледі , ал қабылдаушы жақта кері процесс жүргізіледі. Байланыс біржақты және екіжақты болуы мүмкін. Радиобайланыс қозғалмайтын объектер мен жылжымалы объект арасында, сондай-ақ жылжымалы объектілер арасында байланыс орнатудың бірден бір тәсілі.Радиобайланыс — бұл радиотолқындардың (электромагнитті тербеліс) көмегімен әртүрлі арақашықтықтағы ақпараттардың алмасуына арналған электробайланыстың бір түрі. Радио (лат. radiare – сәулелену), «радиобайланыс» термині - «сәулелену көмегімен болатын байланыс», яғни өткізгішті сымның көмегінсіз (сымсыз байланыс). Кеңістік антеннасының көмегімен таратқыш сәулеленеді де жер бетіне таралып келесі қабылдағышқа әсер етіп электрлік энергия электромагнитті толқын энергиясына айналады. Екі жақты байланыс болуы үшін әрбір радиостанция таратқыш пен қабылдағыштан тұруы керек. Аз қуатты радиостанцияда таратқыш пен қабылдағыш жалпы корпуста монтаждалады. Жоғарғы қуатты сигналдарды сәулелендірген кезде таратқыштар жеке қондырғылармен дайындалады. Сапалы радиосигналдарды алу үшін қабылдағыштар да жеке қондырғылармен дайындалады. Тарату кезінде электромагниттік толқындарды сәулелендіретін, қабылдау кезінде олардың энергиясын жұтып алатын құрылғы антенна деп аталады. Антеннаның қарапайым түрі бір жағы жерден көтерілген,бір жағы таратқышқа немесе қабылдағышқа қосылған кәдімгі сым десек болады.
Тарихы
1888 ж. орыс ғалымы Александр Сергеевич Попов электромагниттік толқындар арқылы алыс қашықтықтарға сигнал жеткізудің ғылыми болжамын ұсынды. Бұл проблеманың практикалық шешімін ол 1896 ж. тапты. Сол жылдың 24 наурызында Ресейдің физика-химия қоғамының мәжілісінде A. С. Попов әлемде бірінші рет 250 м қашықтыққа сымсыз радиограмма арқылы Генрих Герц деген екі сөзді жеткізді.
Поповпен бір мезгілде радиобайланыс идеяларын дамытып, радиоаппаратура жасау мәселесімен италияндық ғалым да шұғылданды. Ол 1897 ж. электромагниттік толқындарды пайдаланып, хабар таратуға болатыны жөнінде патентті A. С. Поповтан бұрын алды.
XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында электромагниттік толқындар көзі ретінде электр ұшқындары қолданылды. Электр ұшқындарының табиғатта кездесетін түрі — найзағай. Бірақ мұндай ұшқынды разрядтар электромагниттік тербелістердің өшпелі кездері болып табылады. 1913 жылдан бастап үшэлектродты радиошамдарды пайдаланатын өшпейтін мәжбүрлі (еріксіз) тербелістердің генераторлары жасалды. Өткен ғасырдың 50-жылдарынан бастап шамды генераторларды транзисторлар ығыстырып шығара бастады.
Толығырақ
Теориялық ізденістер мен практикалық зерттеулер ақпаратты алысқа жеткізуде (әсіресе оны сөз, ән-күй, кескін түрінде бейнелеуде) өшпейтін синусоидалық әлектромагниттік тербелістердің аса маңызды екенін көрсетті. Міне, сондықтан ақпаратты өте алысқа жіберерде, жиілігі үлкен қуатты радиотолқындар пайдаланылады. Әдетте, жиілігі 0,2 МГц-тен асатын радиотолқындар ұзын, 1 МГц-тен асатыны орта, 12 МГц аймағындағылар қысқа, ал одан үлкен жиіліктегілері ультрақысқа радиотолқындар деп аталады. Бейне кескіндерді электромагниттік толқындармен жеткізу үшін гигагерцпен (миллиардтаған герцпен) өлшенетін жиіліктер қолданылады.
Мұндай жиіліктер дециметрлік толқын ұзындықтарына сәйкес келеді.
Электромагниттік тербелістерді тербелмелі контур шығарады. Мұндай тербелмелі контурда электромагниттік тербеліс пайда болғанымен, олар кеңістікке толқын түрінде тарай алмайды. Себебі электр өрісі конденсатор астарларының арасында, ал магнит өрісі катушка ішінде жинақталады. Сондықтан оларды жабық тербелмелі контурлар деп атайды.
Электромагниттік тербелістер кеңістікте толқын түрінде таралуы үшін ашық тербелмелі контурлар пайдаланылады. Ол үшін жабық контурлардағы конденсаторлардың астарларының ауданын азайтып, ал катушкалардың орам санын кеміту керек. Шекті жағдайда катушкалар бірте-бірте түзу өткізгіштерге айналып, ал олардың тақау ұштары конденсаторлардың қызметін атқаратын болады.
Мұндай құрылғы ашық тербелмелі контур деп аталады. Контурлардағы тербелістер өшіп қалмау үшін конденсаторлардың астарларын үнемі зарядтап отыру қажет. Ол үшін арнайы лампалы немесе транзисті генераторлар қолданылады.
1894 ж. Попов генераторлар мен радиотолқындарды қабылдайтын қондырғыларға ұзын сымдарды жалғағанда, радиобайланыстардың жақсаратынын байқады. Осылай радиотаратқыштар мен радиокабылдағыштардың маңызды бөлігі болып табылатын антенна ойлап шығарылды. Антенна ашық тербелмелі контур болып табылады.
Оның электромагниттік өрісі кеңістіктің үлкен бөлігін қамтиды. Сондықтан антенна электромагниттік толқындарды жақсы шығара да, қабылдай да алады. Тұрмыста және техникада, сондай-ақ ғылыми мақсаттар үшін антенналардың көптеген түрі қолданылады. Олардың параболоидалық табақ түрінде жасалған құрылғылары алыс ғаламдардан элек-тромагниттік толқындарды қабылдай алатын радиотелескоптарда пайдаланылады.
1967 жылдың жаз айында радиотелескоптың жәрдемімен Кембридж университетінің ғылыми кызметкерлері ғарыш кеңістігінен келіп жеткен радиосигналдарды тіркеді. Бұл сигналдар периодты түрде әрбір 1,33730113 с сайын қайталанды, ал импульстің ұзақтығы 10—20 мс уақытқа созылған.
Таң-тамаша болған зерттеушілер де, басқа ғалымдар да бұл сигналдарды әуел баста алыс ғаламдағы саналы тіршілік иелерінің аспан кеңістігіне әдейі жіберіп отырған хабары деп пайымдады.
Алайда кейінірек олардың сыры белгілі болды. Бұл радиосигналдардың көзі—кейінірек пульсарлар мен квазарлар деп аталған ерекше объектілер болып шықты.
Қазіргі кезде пульсарларды аса ірі жұлдыздардың қартайған шағындағы жарылыстан қалған сарқыншағы деп есептейді. Пульсардағы заттың тығыздығы ғаламат шамаға (~1016 кг/м3) жетеді және оның диаметрі баржоғы 10—100 км төңірегінде болады.
Диаметрі кішкентай болғандықтан, пульсарлар өз осінің төңірегінде 1—2 с ішінде толық бір айналып шыға алады. Бұндай пульсарлардың бетінде радиотолқындарды өте жіңішке конус түрінде шығаратын ыстық дақтар болуы мүмкін. Осындай ыстық дақтардан таралатын радиотолқындар Жер бетіне де келіп жетеді. Пульсармен қоса оның бетіндегі ыстық дақтар да периодты айналысқа түседі. Сөйтіп, ыстық дақтардан шығатын радиотолқындардың кеңістікке таралу бағыты пульсардың айналуына байланысты өзгеріп отырады. Бір период уақыт өткеннен кейін радиотолқынның (сигналдың) таралу бағыты тағы да Жерге қарай бағытталады. Осы кезде оларды радиотелескоптар қайыра тіркейтін болады.
Радиобайланысты ұйымдастырудың негізгі әдістері
Байланысты ұйымдастырудың негізгі әдістері: радиожүйе және радиобағыт
Радиожүйе — бұл бір жалпы радиоберілуде жұмыс істейтін үш немесе одан да көп хабарламалардың арасындағы радиобайланысты ұйымдастыру әдісі. Радиожүйе: неғұрлым аз шығынды күшпен және құралмен барлық хабарламалар арасындағы байланысты және хабарларды нұсқаулы таратуды қамтамасыз етеді.
Радиобағыт — бір жалпы радиоберілуде жұмыс жасайтын екі хабарлама арасындағы байланысты ұйымдастыру әдісі. Радиобағыт радиожүйемен салыстырғанда көрінбеулігімен, жіберу мүмкіндігімен және үлкен тұрақтылығымен ерекшеленеді.
Негізгі радиостанцияның талаптары барлық радиостанциялармен орындалуы керек. Радиобайланысты ұйымдастыру үшін мына радиоберілгендер өңделеді: жиілік, шақырғыш паролдер және радиоқұжаттар кілттері.
Шақырғыш және еркін жиілікті қолдануға тиым салынады. Радиоберілгендер белгілі бір тәртіпке сәйкес уақыты біткеннен кейін жойылатын гриф құпияға және шекті уақытқа ие. Радиожүйеде және бағытта хабарламалар радиоалмасуды жүргізеді. Радиоалмасу арқылы командалардың қабылдануы мен таратылуын, сигналдарды, радиограммаларды және радиосөйлесуді енгізуді анықтайды
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6
- Физика және астрономия: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық. Өңд., толыкт. 2-бас. / Р. Башарұлы, Д. Қазақбаева, У. Токбергенова, Н. Бекбасар. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2009. — 240 бет. ISBN 9965-36-700-0
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Radiobajlanys radiotolkyn komegimen akparat almasu Radiobajlanys zhүjesinin akparat berushi zhagynda radiotaratkyshtan zhәne taratushy antennalardan turatyn radiotaratu kurylgysy al kabyldaushy zhagynda kabyldau antennalary men radiokabyldagyshtan turatyn radiokabyldau kurylgysy ornalasady Taratkyshta kozdyratyn tasymaldaushy zhiiliktegi terbelis beriletin akparat signalynyn zanyna sәjkes ozgertiledi al kabyldaushy zhakta keri process zhүrgiziledi Bajlanys birzhakty zhәne ekizhakty boluy mүmkin Radiobajlanys kozgalmajtyn obekter men zhylzhymaly obekt arasynda sondaj ak zhylzhymaly obektiler arasynda bajlanys ornatudyn birden bir tәsili Radiobajlanys bul radiotolkyndardyn elektromagnitti terbelis komegimen әrtүrli arakashyktyktagy akparattardyn almasuyna arnalgan elektrobajlanystyn bir tүri Radio lat radiare sәulelenu radiobajlanys termini sәulelenu komegimen bolatyn bajlanys yagni otkizgishti symnyn komeginsiz symsyz bajlanys Kenistik antennasynyn komegimen taratkysh sәulelenedi de zher betine taralyp kelesi kabyldagyshka әser etip elektrlik energiya elektromagnitti tolkyn energiyasyna ajnalady Eki zhakty bajlanys boluy үshin әrbir radiostanciya taratkysh pen kabyldagyshtan turuy kerek Az kuatty radiostanciyada taratkysh pen kabyldagysh zhalpy korpusta montazhdalady Zhogargy kuatty signaldardy sәulelendirgen kezde taratkyshtar zheke kondyrgylarmen dajyndalady Sapaly radiosignaldardy alu үshin kabyldagyshtar da zheke kondyrgylarmen dajyndalady Taratu kezinde elektromagnittik tolkyndardy sәulelendiretin kabyldau kezinde olardyn energiyasyn zhutyp alatyn kurylgy antenna dep atalady Antennanyn karapajym tүri bir zhagy zherden koterilgen bir zhagy taratkyshka nemese kabyldagyshka kosylgan kәdimgi sym desek bolady AntennaTarihy1888 zh orys galymy Aleksandr Sergeevich Popov elektromagnittik tolkyndar arkyly alys kashyktyktarga signal zhetkizudin gylymi bolzhamyn usyndy Bul problemanyn praktikalyk sheshimin ol 1896 zh tapty Sol zhyldyn 24 nauryzynda Resejdin fizika himiya kogamynyn mәzhilisinde A S Popov әlemde birinshi ret 250 m kashyktykka symsyz radiogramma arkyly Genrih Gerc degen eki sozdi zhetkizdi Popovpen bir mezgilde radiobajlanys ideyalaryn damytyp radioapparatura zhasau mәselesimen italiyandyk galym da shugyldandy Ol 1897 zh elektromagnittik tolkyndardy pajdalanyp habar taratuga bolatyny zhoninde patentti A S Popovtan buryn aldy XIX gasyrdyn ayagy men XX gasyrdyn basynda elektromagnittik tolkyndar kozi retinde elektr ushkyndary koldanyldy Elektr ushkyndarynyn tabigatta kezdesetin tүri najzagaj Birak mundaj ushkyndy razryadtar elektromagnittik terbelisterdin oshpeli kezderi bolyp tabylady 1913 zhyldan bastap үshelektrodty radioshamdardy pajdalanatyn oshpejtin mәzhbүrli eriksiz terbelisterdin generatorlary zhasaldy Өtken gasyrdyn 50 zhyldarynan bastap shamdy generatorlardy tranzistorlar ygystyryp shygara bastady TolygyrakTeoriyalyk izdenister men praktikalyk zertteuler akparatty alyska zhetkizude әsirese ony soz әn kүj keskin tүrinde bejneleude oshpejtin sinusoidalyk әlektromagnittik terbelisterdin asa manyzdy ekenin korsetti Mine sondyktan akparatty ote alyska zhibererde zhiiligi үlken kuatty radiotolkyndar pajdalanylady Әdette zhiiligi 0 2 MGc ten asatyn radiotolkyndar uzyn 1 MGc ten asatyny orta 12 MGc ajmagyndagylar kyska al odan үlken zhiiliktegileri ultrakyska radiotolkyndar dep atalady Bejne keskinderdi elektromagnittik tolkyndarmen zhetkizu үshin gigagercpen milliardtagan gercpen olshenetin zhiilikter koldanylady Mundaj zhiilikter decimetrlik tolkyn uzyndyktaryna sәjkes keledi Elektromagnittik terbelisterdi terbelmeli kontur shygarady Mundaj terbelmeli konturda elektromagnittik terbelis pajda bolganymen olar kenistikke tolkyn tүrinde taraj almajdy Sebebi elektr orisi kondensator astarlarynyn arasynda al magnit orisi katushka ishinde zhinaktalady Sondyktan olardy zhabyk terbelmeli konturlar dep atajdy Elektromagnittik terbelister kenistikte tolkyn tүrinde taraluy үshin ashyk terbelmeli konturlar pajdalanylady Ol үshin zhabyk konturlardagy kondensatorlardyn astarlarynyn audanyn azajtyp al katushkalardyn oram sanyn kemitu kerek Shekti zhagdajda katushkalar birte birte tүzu otkizgishterge ajnalyp al olardyn takau ushtary kondensatorlardyn kyzmetin atkaratyn bolady Mundaj kurylgy ashyk terbelmeli kontur dep atalady Konturlardagy terbelister oship kalmau үshin kondensatorlardyn astarlaryn үnemi zaryadtap otyru kazhet Ol үshin arnajy lampaly nemese tranzisti generatorlar koldanylady 1894 zh Popov generatorlar men radiotolkyndardy kabyldajtyn kondyrgylarga uzyn symdardy zhalgaganda radiobajlanystardyn zhaksaratynyn bajkady Osylaj radiotaratkyshtar men radiokabyldagyshtardyn manyzdy boligi bolyp tabylatyn antenna ojlap shygaryldy Antenna ashyk terbelmeli kontur bolyp tabylady Onyn elektromagnittik orisi kenistiktin үlken boligin kamtidy Sondyktan antenna elektromagnittik tolkyndardy zhaksy shygara da kabyldaj da alady Turmysta zhәne tehnikada sondaj ak gylymi maksattar үshin antennalardyn koptegen tүri koldanylady Olardyn paraboloidalyk tabak tүrinde zhasalgan kurylgylary alys galamdardan elek tromagnittik tolkyndardy kabyldaj alatyn radioteleskoptarda pajdalanylady 1967 zhyldyn zhaz ajynda radioteleskoptyn zhәrdemimen Kembridzh universitetinin gylymi kyzmetkerleri garysh kenistiginen kelip zhetken radiosignaldardy tirkedi Bul signaldar periodty tүrde әrbir 1 33730113 s sajyn kajtalandy al impulstin uzaktygy 10 20 ms uakytka sozylgan Tan tamasha bolgan zertteushiler de baska galymdar da bul signaldardy әuel basta alys galamdagy sanaly tirshilik ielerinin aspan kenistigine әdeji zhiberip otyrgan habary dep pajymdady Alajda kejinirek olardyn syry belgili boldy Bul radiosignaldardyn kozi kejinirek pulsarlar men kvazarlar dep atalgan erekshe obektiler bolyp shykty Қazirgi kezde pulsarlardy asa iri zhuldyzdardyn kartajgan shagyndagy zharylystan kalgan sarkynshagy dep eseptejdi Pulsardagy zattyn tygyzdygy galamat shamaga 1016 kg m3 zhetedi zhәne onyn diametri barzhogy 10 100 km tonireginde bolady Diametri kishkentaj bolgandyktan pulsarlar oz osinin tonireginde 1 2 s ishinde tolyk bir ajnalyp shyga alady Bundaj pulsarlardyn betinde radiotolkyndardy ote zhinishke konus tүrinde shygaratyn ystyk daktar boluy mүmkin Osyndaj ystyk daktardan taralatyn radiotolkyndar Zher betine de kelip zhetedi Pulsarmen kosa onyn betindegi ystyk daktar da periodty ajnalyska tүsedi Sojtip ystyk daktardan shygatyn radiotolkyndardyn kenistikke taralu bagyty pulsardyn ajnaluyna bajlanysty ozgerip otyrady Bir period uakyt otkennen kejin radiotolkynnyn signaldyn taralu bagyty tagy da Zherge karaj bagyttalady Osy kezde olardy radioteleskoptar kajyra tirkejtin bolady Radiobajlanysty ujymdastyrudyn negizgi әdisteriBajlanysty ujymdastyrudyn negizgi әdisteri radiozhүje zhәne radiobagyt Radiozhүje bul bir zhalpy radioberilude zhumys istejtin үsh nemese odan da kop habarlamalardyn arasyndagy radiobajlanysty ujymdastyru әdisi Radiozhүje negurlym az shygyndy kүshpen zhәne kuralmen barlyk habarlamalar arasyndagy bajlanysty zhәne habarlardy nuskauly taratudy kamtamasyz etedi Radiobagyt bir zhalpy radioberilude zhumys zhasajtyn eki habarlama arasyndagy bajlanysty ujymdastyru әdisi Radiobagyt radiozhүjemen salystyrganda korinbeuligimen zhiberu mүmkindigimen zhәne үlken turaktylygymen erekshelenedi Negizgi radiostanciyanyn talaptary barlyk radiostanciyalarmen oryndaluy kerek Radiobajlanysty ujymdastyru үshin myna radioberilgender ondeledi zhiilik shakyrgysh parolder zhәne radiokuzhattar kiltteri Shakyrgysh zhәne erkin zhiilikti koldanuga tiym salynady Radioberilgender belgili bir tәrtipke sәjkes uakyty bitkennen kejin zhojylatyn grif kupiyaga zhәne shekti uakytka ie Radiozhүjede zhәne bagytta habarlamalar radioalmasudy zhүrgizedi Radioalmasu arkyly komandalardyn kabyldanuy men taratyluyn signaldardy radiogrammalardy zhәne radiosojlesudi engizudi anyktajdyDerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Elektronika radiotehnika zhәne bajlanys Almaty Mektep baspasy 2007 zhyl ISBN 9965 36 448 6 Fizika zhәne astronomiya Zhalpy bilim beretin mekteptin 9 synybyna arnalgan okulyk Өnd tolykt 2 bas R Basharuly D Қazakbaeva U Tokbergenova N Bekbasar Almaty Mektep baspasy 2009 240 bet ISBN 9965 36 700 0Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet