Антенна — радио, телехабар толқындарын тарататын және қабылдайтын құрылғы. Антеннаны (латынша antenna – діңгек, сырық) жасау теориясы мен әдістері 1889 ж. неміс физигі Генрих Герц жариялаған қарапайым электрлік вибратордың толқын таратуы теориясына негізделеді. Кез келген антенна бірнеше қарапайым вибраторлардың жиынтығы. Симметриялы емес вибратор түріндегі алғашқы антеннаны тәжірибе жүзінде 1895 ж. орыс өнертапқышы Александр Попов ұсынды.
Таратқыш антенна радиотаратқыштың шығардағы тербеліс тізбектеріне жинақталатын жоғары жиіліктіэлектр магниттік тербеліс энергиясын тараған радиотолқын энергиясына айналдырады. Ал қабылдағыш антенна радиотолқын энергиясын қабылдағыштың кіреберістегі тербеліс тізбегіне жинақталатын энергияға түрлендіреді. Антенналар: таратылатын (қабылданатын) радиотолқындардың диапазонына, жиілік қамтуына (жиілікке тәуелсіз, ауқымды және тар ауқымды), тарату немесе қабылдау бағыттылығына (бағытталмаған, сәл бағытталған, дәл бағытталған), әсерлік принципі мен құрылымына (кесінді сым, металл айналар, рупорлар, спиральдар, саңылаулар, рамалар, дипольдар, диэлектрлік стержень комбинациялары түрінде) қарай ажыратылады.
Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары
Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары:
- бағыттық әсер коэффициенті, бағытталу диаграммасы,
- қамтитын тиімді ауданы (бірден бірнеше мың м2-ге дейін жетеді),
- таратудағы кедергісі (көбінесе 100 Ом шамасы),
- толқынның полярлану түрі (сызықтық, шеңберлік, эллипстік), т.б.
Антеннаның толқын тарату бағыттылығы толқынның таралу бағытындағы толқын өрісі кернеуін жоғарылатады.
Сөйтіп, таралған толқынның қуатына шамалас толқын қуаты пайда болады. Тарату қуатындағы эквиваленттік ұтымдылықты санмен бағалау үшін бағыттылық әсер коэффициенті (БӘК) енгізілген. Антенна бойындағы толқын қуаты кеңістікке түгелдей таралмайды. Толқын қуатының біршама бөлігі антенна сымы мен оқшаулағышқа (изоляторға) және антенна бекітілген құрылымға кетеді. Тараған толқын қуатының антенна сымдарына кететін қуатына қатынасын антеннаның пайдалы әсер коэффициенті дейді. Ал БӘК-тің пайдалы әсер коэффициентіне көбейтіндісі күшейту коэффициенті (КК) деп аталады. Кез келген антеннаның бағытталу диаграммасының пішіні, БӘК-і мен пайдалы әсер коэффиенті қабылдау режимінде де, тарату режимінде де бірдей. Ұзын толқында радиохабар таратуда ( Т, Г әріптері тәрізді антенналар қолданылады) толқындық кедергіні азайту үшін антенналарға көлденеңінен және тігінен бірнеше қатар сым қосады. Орта толқында радиохабар қабылдауға рама тәрізді антенна, магниттік антенна, сондай-ақ рама тәрізді антенна мен симметриялы тік вибратордан тұратын композициялық антенна қолданылады. Қысқа толқын таратуға арналған антенналар тарату қашықтығына лайықталып жасалады. Қысқа қашықтықтағы байланыс (бірнеше ондаған км-ге дейінгі) жер бетімен көлбеу таралатын толқын арқылы жүзеге асады. Мұндай қашықтыққа антенна ретінде орта және ұзын толқындарға арналған вибраторларға ұқсас симметриялы емес және симметриялы тік вибраторлар пайдаланылады. Алыс қашықтықтағы байланыс (50 – 100 км және онан да алыс) ионосферадан бір немесе бірнеше рет шағылысып, қайтқан радиотолқын арқылы жүзеге асады. Қысқа толқынды алысқа таратқанда байланыс желілеріне БӘК-і жоғары антенна қолданылады. Мұндай антеннаға симметриялы вибраторлардан тұратын жазық торлы синфазалық (бірнеше антенналардан тұратын жүйе) антенна жатады. Тарату аясы кең болу үшін антенналар жерден 100 – 300 м және онан да биік діңгек немесе мұнараға орнатылады.
Қазақстандағы антенналар
Қазақстандағы ең биік теледидарлық мұнара (теңіз деңгейінен 1000 м, мұнарасының биіктігі 372 м) Алматыдағы Көктөбе беткейіне тұрғызылған. Теледидарлық хабар жеке үй шатырына немесе биік сырықтарға бекітілетін симметриялық вибратор, «толқынды каналы», т.б. осы типтегі антенналар, ал көп пәтерлі үйлерде жоғары жиілікті күшейткіш пен одан шығатын жоғары жиілік энергиясын теледидарларға тарататын фидерлер жүйесінен тұратын ұжымдық антенналармен қабылданады. Аса жоғары жиілікті толқындарда (дециметрлік, сантиметрлік және миллиметрлік) жұмыс жасайтын синфазалық антенналар радиорелелі байланыс жүйесінде, радиолокацияда, ғарыштық байланыс желісінде, радиоастрономияда, т.б. қолданылады. Жұмыс принципі жағынан синфазалық антенналар көп вибраторлы торға ұқсайды. Мұндай антенналардың басқа антенналардан басты ерекшелігі – оларда дискретті таратқыш элементтер (вибраторлар) болмайтындығы. Аса жоғары жиілікті диапазонда рупорлы антенна, линзалы антенна, қос айналы антенна, саңылаулы антенна, сондай-ақ жүгірме толқынды антенна, спиральді антенна, «толқынды канал» типіндегі антенна, диэлектрлік антенна, т.б. қолданылады. Антенналар техниканың сан-саласында (автомобильдерде, ұшақтарда, ғарыш кемелерінде, қалта радиоқабылдағыштарында, радиотелефондарда, техникалық модельдерде, т.б.) басты қызмет атқарады. Үлкен радиотелескоптардың (мысалы, РАТАН-600) антенналары – алюминий айналары мен табақтары. Ондай антенналар арқылы алыс галактикалардан радиодабылдар қабылданады.
Антенна — радиотаратқыштан шыққан электромагниттік тербелістің радиотолқыны ретінде эфирге таралуын, сондай-ақ радиоқабылдағыштың эфирден радиотолқынды қабылдауын қамтамасыз ететін құрылғы. Антеннаның түрлері көп. Олар бір бірінен тарататын (қабылдайтын) толқын ұзындықтарымен, жиілік диапазонымен (жиіліктік тәуелсіздікті, кең жолақты және тар жолақты), толқынды тарату (қабылдау) бағыттылығымен, әрекет ету және құрылымдық түрімен (сым кесіндісі, металл айна, рупор, спираль, рама, дипольдер жиынтығы, саңылау, диэлектрлік өзек түрінде және т.б.) ерекшеленеді. Антеннаның негізгі параметрлері мен сипаттамалары: бағыттық әрекет ету коэффициенті, бағытталғандық диаграммасы, тиімділік алаңы (бірден бірнеше мың шаршы км-ге дейін), сәуле шығару кедергісі (көбіне 100 Ом шамасында), толқынды поляризациялау түрі (жазық, дөңгелек, эллипстік).
Қосымша мәліметтер
- [1](қолжетпейтін сілтеме) — Спутниктік антеннің зияны
Дереккөздер:
Қазақстан балалар энциклопедиясы
- Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6
- Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Физика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д,, профессор Е. Арын – Павлодар: С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006. ISBN 9965-808-88-0
Сыртқы сілтемелер
- Malimetter.kz Антенна реферат (қазақша)
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Antenna radio telehabar tolkyndaryn taratatyn zhәne kabyldajtyn kurylgy Antennany latynsha antenna dingek syryk zhasau teoriyasy men әdisteri 1889 zh nemis fizigi Genrih Gerc zhariyalagan karapajym elektrlik vibratordyn tolkyn taratuy teoriyasyna negizdeledi Kez kelgen antenna birneshe karapajym vibratorlardyn zhiyntygy Simmetriyaly emes vibrator tүrindegi algashky antennany tәzhiribe zhүzinde 1895 zh orys onertapkyshy Aleksandr Popov usyndy Taratkysh antenna radiotaratkyshtyn shygardagy terbelis tizbekterine zhinaktalatyn zhogary zhiiliktielektr magnittik terbelis energiyasyn taragan radiotolkyn energiyasyna ajnaldyrady Al kabyldagysh antenna radiotolkyn energiyasyn kabyldagyshtyn kireberistegi terbelis tizbegine zhinaktalatyn energiyaga tүrlendiredi Antennalar taratylatyn kabyldanatyn radiotolkyndardyn diapazonyna zhiilik kamtuyna zhiilikke tәuelsiz aukymdy zhәne tar aukymdy taratu nemese kabyldau bagyttylygyna bagyttalmagan sәl bagyttalgan dәl bagyttalgan әserlik principi men kurylymyna kesindi sym metall ajnalar ruporlar spiraldar sanylaular ramalar dipoldar dielektrlik sterzhen kombinaciyalary tүrinde karaj azhyratylady Antennanyn negizgi parametrleri men sipattamalaryAntennanyn negizgi parametrleri men sipattamalary bagyttyk әser koefficienti bagyttalu diagrammasy kamtityn tiimdi audany birden birneshe myn m2 ge dejin zhetedi taratudagy kedergisi kobinese 100 Om shamasy tolkynnyn polyarlanu tүri syzyktyk shenberlik ellipstik t b Antennanyn tolkyn taratu bagyttylygy tolkynnyn taralu bagytyndagy tolkyn orisi kerneuin zhogarylatady Ғarysh kemelerimen bajlanyska arnalgan үlken parabolalyk antenna Sojtip taralgan tolkynnyn kuatyna shamalas tolkyn kuaty pajda bolady Taratu kuatyndagy ekvivalenttik utymdylykty sanmen bagalau үshin bagyttylyk әser koefficienti BӘK engizilgen Antenna bojyndagy tolkyn kuaty kenistikke tүgeldej taralmajdy Tolkyn kuatynyn birshama boligi antenna symy men okshaulagyshka izolyatorga zhәne antenna bekitilgen kurylymga ketedi Taragan tolkyn kuatynyn antenna symdaryna ketetin kuatyna katynasyn antennanyn pajdaly әser koefficienti dejdi Al BӘK tin pajdaly әser koefficientine kobejtindisi kүshejtu koefficienti KK dep atalady Kez kelgen antennanyn bagyttalu diagrammasynyn pishini BӘK i men pajdaly әser koeffienti kabyldau rezhiminde de taratu rezhiminde de birdej Ұzyn tolkynda radiohabar taratuda T G әripteri tәrizdi antennalar koldanylady tolkyndyk kedergini azajtu үshin antennalarga koldeneninen zhәne tiginen birneshe katar sym kosady Orta tolkynda radiohabar kabyldauga rama tәrizdi antenna magnittik antenna sondaj ak rama tәrizdi antenna men simmetriyaly tik vibratordan turatyn kompoziciyalyk antenna koldanylady Қyska tolkyn taratuga arnalgan antennalar taratu kashyktygyna lajyktalyp zhasalady Қyska kashyktyktagy bajlanys birneshe ondagan km ge dejingi zher betimen kolbeu taralatyn tolkyn arkyly zhүzege asady Mundaj kashyktykka antenna retinde orta zhәne uzyn tolkyndarga arnalgan vibratorlarga uksas simmetriyaly emes zhәne simmetriyaly tik vibratorlar pajdalanylady Alys kashyktyktagy bajlanys 50 100 km zhәne onan da alys ionosferadan bir nemese birneshe ret shagylysyp kajtkan radiotolkyn arkyly zhүzege asady Қyska tolkyndy alyska taratkanda bajlanys zhelilerine BӘK i zhogary antenna koldanylady Mundaj antennaga simmetriyaly vibratorlardan turatyn zhazyk torly sinfazalyk birneshe antennalardan turatyn zhүje antenna zhatady Taratu ayasy ken bolu үshin antennalar zherden 100 300 m zhәne onan da biik dingek nemese munaraga ornatylady Қazakstandagy antennalarҚazakstandagy en biik teledidarlyk munara teniz dengejinen 1000 m munarasynyn biiktigi 372 m Almatydagy Koktobe betkejine turgyzylgan Teledidarlyk habar zheke үj shatyryna nemese biik syryktarga bekitiletin simmetriyalyk vibrator tolkyndy kanaly t b osy tiptegi antennalar al kop pәterli үjlerde zhogary zhiilikti kүshejtkish pen odan shygatyn zhogary zhiilik energiyasyn teledidarlarga taratatyn fiderler zhүjesinen turatyn uzhymdyk antennalarmen kabyldanady Asa zhogary zhiilikti tolkyndarda decimetrlik santimetrlik zhәne millimetrlik zhumys zhasajtyn sinfazalyk antennalar radioreleli bajlanys zhүjesinde radiolokaciyada garyshtyk bajlanys zhelisinde radioastronomiyada t b koldanylady Zhumys principi zhagynan sinfazalyk antennalar kop vibratorly torga uksajdy Mundaj antennalardyn baska antennalardan basty ereksheligi olarda diskretti taratkysh elementter vibratorlar bolmajtyndygy Asa zhogary zhiilikti diapazonda ruporly antenna linzaly antenna kos ajnaly antenna sanylauly antenna sondaj ak zhүgirme tolkyndy antenna spiraldi antenna tolkyndy kanal tipindegi antenna dielektrlik antenna t b koldanylady Antennalar tehnikanyn san salasynda avtomobilderde ushaktarda garysh kemelerinde kalta radiokabyldagyshtarynda radiotelefondarda tehnikalyk modelderde t b basty kyzmet atkarady Үlken radioteleskoptardyn mysaly RATAN 600 antennalary alyuminij ajnalary men tabaktary Ondaj antennalar arkyly alys galaktikalardan radiodabyldar kabyldanady Antenna radiotaratkyshtan shykkan elektromagnittik terbelistin radiotolkyny retinde efirge taraluyn sondaj ak radiokabyldagyshtyn efirden radiotolkyndy kabyldauyn kamtamasyz etetin kurylgy Antennanyn tүrleri kop Olar bir birinen taratatyn kabyldajtyn tolkyn uzyndyktarymen zhiilik diapazonymen zhiiliktik tәuelsizdikti ken zholakty zhәne tar zholakty tolkyndy taratu kabyldau bagyttylygymen әreket etu zhәne kurylymdyk tүrimen sym kesindisi metall ajna rupor spiral rama dipolder zhiyntygy sanylau dielektrlik ozek tүrinde zhәne t b erekshelenedi Antennanyn negizgi parametrleri men sipattamalary bagyttyk әreket etu koefficienti bagyttalgandyk diagrammasy tiimdilik alany birden birneshe myn sharshy km ge dejin sәule shygaru kedergisi kobine 100 Om shamasynda tolkyndy polyarizaciyalau tүri zhazyk dongelek ellipstik Қosymsha mәlimetter 1 kolzhetpejtin silteme Sputniktik antennin ziyanyDerekkozder Қazakstan balalar enciklopediyasy Shanyrak Үj turmystyk enciklopediyasy Almaty Қaz Sov encikl Bas red 1990 ISBN 5 89800 008 9 Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Elektronika radiotehnika zhәne bajlanys Almaty Mektep baspasy 2007 zhyl ISBN 9965 36 448 6 Oryssha kazaksha tүsindirme sozdik Fizika Zhalpy redakciyasyn baskargan e g d professor E Aryn Pavlodar S Torajgyrov atyndagy Pavlodar memlekettik universiteti 2006 ISBN 9965 808 88 0Syrtky siltemelerMalimetter kz Antenna referat kazaksha Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalanyn bastamasy Bul makalany tolyktyryp damytu arkyly Uikipediyaga komektese alasyz Bul eskertudi dәldep auystyru kazhet