Пассаттық ағыстар — мұхиттың ықпа ағыстары; көбінесе пассат желдерінің су бетін сипай есуінің әсерінен пайда болады; Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың тропиктік және экваторлық ендіктеріндегі дүниежүзілік мұхиттың беткі ағыстары; осындағы басым пассаттардың әсерінен болады.
Бұған ені 10° дерлік белдеу құрып, Африканың батыс жағалауларынан басталатын Атлант мұхитындағы Оңтүстік экватор ағысы (оңтүстік-шығыс пассаттың ықпа ағысы) жатады. Ол 91—101 км жылдамдықпен жылжып отырып, өз бағытын біртіндеп батыстан солтүстікке қарай өзгертеді де, Оңтүстік Американың жағасына жеткенде 6°—7° с. е. дейін көтеріледі. Атлант мұхитының солтүстік-шығысындағы пассаттық солтүстік экваторлық ағыс маңында басталады да, 37 км жылдамдықпен жылжып отырып, оз бағытын біртіндеп батыстан солтүстік-батысқа қарай өзгертеді. Бұл бірінші ағыстан әлсіз де, тұрақсыз да болып келеді. Үнді мұхитында экваторлық ағыс тек Оңтүстік жарты шарда ғана бар. Ол басқа мұхиттардағымен салыстырғанда оңтүстікке таман, яғни Аустралиядан Мадагаскарға дейін болып тұрады. Оның орташа тәуліктік жылдамдығы 65 км шамасында. Тынық мұхиттың су бетінің аса көлемділігіне қарамастан ондағы ағыстардың жылдамдығы өте баяу болады. Солтүстік экваторлық ағыстың (Калифорниядан Филиппиндерге дейін 10° пен 20— 22° с. е. арасында ағатын) тәуліктік жылдамдығы 22—44 км ғана. Галапагос аралдарынан басталып Аустралия мен Жаңа Гвинеяға жететін оңтүстік-экваторлық ағыс солтүстік ағыстан күштілеу де, тұрақтылау да болып келеді.
Пассаттық ағыстар Атлант және Тынық мұхиттарында айқын көрінеді. Үнді мұхитының солтүстік бөлігінде ауа массаларының муссондық циркуляциясы басым жүретіндіктен, тек қыста ғана байқалады. Мұхиттардың батыс бөлігінде пассаттық ағыстар меридиан бағытындағы ағыстарға бастама береді. Шығыстан батысқа бағытталады. Экватор маңында пассатаралық қарсы ағыстарға бөлінеді. Үнді мүхитының солтүстігінде муссондық айналымға байланысты пассаттық ағыстар тек кыста байқалады. Мұхиттардың батыс бөліктерінде күшті меридиандық ағыстарға және Бразилия (Атлант мүхиты), Минданао, Шығыс Аустралия (Тынық мүхит), Сомали, Мозамбик (Үнді мұхиты) ағыстарына бастау береді.
Дереккөздер
- Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6
- Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт языкознания. Сектор физической географии). Составители: Ж. Аубакиров, С. Абдрахманов, К. Базарбаев.
- Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ. Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Passattyk agystar muhittyn ykpa agystary kobinese passat zhelderinin su betin sipaj esuinin әserinen pajda bolady Soltүstik zhәne Ontүstik zharty sharlardyn tropiktik zhәne ekvatorlyk endikterindegi dүniezhүzilik muhittyn betki agystary osyndagy basym passattardyn әserinen bolady Bugan eni 10 derlik beldeu kuryp Afrikanyn batys zhagalaularynan bastalatyn Atlant muhityndagy Ontүstik ekvator agysy ontүstik shygys passattyn ykpa agysy zhatady Ol 91 101 km zhyldamdykpen zhylzhyp otyryp oz bagytyn birtindep batystan soltүstikke karaj ozgertedi de Ontүstik Amerikanyn zhagasyna zhetkende 6 7 s e dejin koteriledi Atlant muhitynyn soltүstik shygysyndagy passattyk soltүstik ekvatorlyk agys manynda bastalady da 37 km zhyldamdykpen zhylzhyp otyryp oz bagytyn birtindep batystan soltүstik batyska karaj ozgertedi Bul birinshi agystan әlsiz de turaksyz da bolyp keledi Үndi muhitynda ekvatorlyk agys tek Ontүstik zharty sharda gana bar Ol baska muhittardagymen salystyrganda ontүstikke taman yagni Australiyadan Madagaskarga dejin bolyp turady Onyn ortasha tәuliktik zhyldamdygy 65 km shamasynda Tynyk muhittyn su betinin asa kolemdiligine karamastan ondagy agystardyn zhyldamdygy ote bayau bolady Soltүstik ekvatorlyk agystyn Kaliforniyadan Filippinderge dejin 10 pen 20 22 s e arasynda agatyn tәuliktik zhyldamdygy 22 44 km gana Galapagos araldarynan bastalyp Australiya men Zhana Gvineyaga zhetetin ontүstik ekvatorlyk agys soltүstik agystan kүshtileu de turaktylau da bolyp keledi Passattyk agystar Atlant zhәne Tynyk muhittarynda ajkyn korinedi Үndi muhitynyn soltүstik boliginde aua massalarynyn mussondyk cirkulyaciyasy basym zhүretindikten tek kysta gana bajkalady Muhittardyn batys boliginde passattyk agystar meridian bagytyndagy agystarga bastama beredi Shygystan batyska bagyttalady Ekvator manynda passataralyk karsy agystarga bolinedi Үndi mүhitynyn soltүstiginde mussondyk ajnalymga bajlanysty passattyk agystar tek kysta bajkalady Muhittardyn batys bolikterinde kүshti meridiandyk agystarga zhәne Braziliya Atlant mүhity Mindanao Shygys Australiya Tynyk mүhit Somali Mozambik Үndi muhity agystaryna bastau beredi DerekkozderҚazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Geografiya zhәne geodeziya Almaty Mektep baspasy 2007 264 bet ISBN 9965 36 367 6 Russko kazahskij tolkovyj geograficheskij slovar Pod obshej redakciej akademika AN KazSSR prof S K Kenesbaeva i kandidata filol nauk A A Abdrahmanova Alma Ata Izd vo Nauka 1966 str 204 Akademiya nauk Kazahskoj SSR Institut yazykoznaniya Sektor fizicheskoj geografii Sostaviteli Zh Aubakirov S Abdrahmanov K Bazarbaev Қazak tili terminderinin salalyk gylymi tүsindirme sozdigi Su sharushylygy Almaty Mektep baspasy 2002 zhyl Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Bul makalada esh suret zhok Makalany zhetildiru үshin kazhetti suretti engizip komek beriniz Suretti koskannan kejin bul үlgini makaladan alastanyz Suretti mynnan tabuga bolady osy makalanyn takyrybyna bajlanysty suret Ortak korda tabyluy mүmkin makalanyn ozge til uikilerindegi nuskalaryn karap koriniz oziniz zhasagan suretti zhүkteniz avtorlyk kukykpen korgalgan suret kospanyz