Итмұрын (лат. Rōsa) — раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық көпжылдық өсімдіктердің тегі.
Итмұрын | ||||||||||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| ||||||||||||||||||
|
Ботаникалық сипаттамасы
Биіктігі 2 метр. Бұталары тікенекті. Итмұрын жер шарының қоңыржай және субтропикалық аймақтарының барлық жерлерінде өседі. 500-ге жуық түрі бар. Табиғатта таулы-тасты жерлерде, беткейлерде, орманда, су жағалауында өседі. Табиғи түрі Қазақстанның барлық тау бөктерлерінде өседі. Итмұрынның екпе түрлерінің барлығын дерлік раушан (роза) деп атайды. Халық арасында итмұрынның «жабайы раушан» деген атауы кеңінен қолданылады. Итмұрынның гүлі ақ, қызғылт, сары түсті, диаметрі 4-6 см, хош иісті, жай күлтелі және гүлпарлы да түрлері бар. Мамыр, маусым айларында гүлдейді. Жемісі тамыз, қыркүйек айларында піседі. Жемісі сопақша келген жылтыр, түсі қызыл немесе қызғылт-сары болады.
Итмұрынның ерекшелігі — бағалы дәрумендерге бай, жемісі және одан дайындалған дәрі-дәрмектер медицинада негізінен асқазан және бауыр ауруларын емдеуге қолданылады, гүлдерін шайдың орнына пайдалануға болады, күлтелерден дайындалған эфир майы — парфюмерия өндірісінде пайдаланылады.
Раушан туыстастарының жидегі жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін құрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады.
Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген. Қазірде жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады. Республиканың (Алтай, Тарбағатай, Жоңғар Алатауы) сай, Орталық және Оңтүстік-шығыс бөлігінде тауда, жазықта, қорым тастарда, беткейлерде, ормандарда, дымқыл топырақты жерлерде бұталар арасында өседі. Ылғалды жақсы көреді, топырақтың да, ауаның да ылғалдығына сезімтал, биіктігі 2 метрге дейін сұр-қошқыл түсті, қабығы бар, сабағымен бұтақтарыұсақ тікенекті. Өткір тікенектер барлық туыс түрлеріне тән, олар жануарлардың жеп қоюынан сақтайды.Жапырағы күрделі, тақ қауырсынды, әдетте 2-3-тен жұптасқан көлемді эллипс тәрізді, жиегі ара тісті, ал астыңғы жағын қою да жұмсақ түк басқан.
Гүлі қос жынысты, дұрыс гүл (актиноморфты) тостағаншасы жіңішке жасыл түсті, күлтесі ашық күлгін немесе қызғылт түсті. Тостағаншалар мен күлтелер саны бірдей (5тен), аталық пен аналықтары көп (саны анықталмаған), гүлі көлемді (диаметрі 6 см-ге дейін), ұзын гүл табанына көбінше жалғыздан, сирек топтасып бекиді. Ашық түсті гүлінің хош иісі жәндіктерді өзіне тартады, ара, үлкен тозаң жейтін қоңыздар, бір гүлден екінші гүлге ұшып-қонып жүріп айқас тозаңдандырады. Кейде жәндіктер гүлді түнеп шығатын орын ретінде пайдаланады, өйткені кешке қарай гүлдердің күлтелері, жабылады.
Итмұрын шілдеде гүлдейді, тамызда жабай раушанжеміс береді. Раушан туысының жемісі туралы толығырақ айтсақ артық болмас. Раушан туысының жидегі шындығында да жалған жеміс, құрылысы күрделі, күлте жапырақшаларының құмыра немесе бокал тәрізді болып, қабырғаларының ішкі жағында бекінген көптеген сарғыш жаңғақтар, қою да қаттылау түктермен бөлінген. Біз суреттеп отырған түрдің жемісі пісіп-жетілген қою, ашық-қызыл түсті. Ұшында түспейтін құрғақ тостағанша жапырақшалары барлық раушандар мен жабайы раушандарға тән. Кейбір түрлері ежелден белгілі бауда өсірілетін раушандардың арғы тегі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 мың жылдыққа жататын Алтайдың көмбелерінен табылған металл ақшаларда да бауда өсірілетін раушандар бейнеленген.
Жабайы раушандар сұрыптауда және мәдени раушандардың сапасын жақсартуда қолданады.
Итмұрынның пайдасы
Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданысқа ие. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады .
Тағы қараңыз
Сілтемелер
- Гүлстан, өсімдіктер туралы сайт Мұрағатталған 20 ақпанның 2012 жылы.
Дереккөздер
- Қазақ тілі терминдер сөздігі I том
- Қ 74 Құлжабаева Г.Ә.;«Өсімдіктер әлемі» оқу-әдістемелік кешені, Жидектер: Дидактикалық материал. - Алматы, 2011. - 16 б;ISBN 978-601-7237-31-8
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Itmuryn lat Rōsa raushangүlder tukymdasyna zhatatyn zhapyrak tastajtyn buta ne shyrmauyk kopzhyldyk osimdikterdin tegi ItmurynӘlemi EukariottarDүniesi ӨsimdikterBolimi Zhabyk tukymdylarTaby Қos zharnaktylar unranked Saby Tukymdasy RaushangүlderKishi tukymdasy Tegi Itmuryn L Hulthemia Hulthemosa Hulthemia Rosa Baska magynalar үshin Itmuryn ajryk degen betti karanyz Itmuryn zhidekteriBotanikalyk sipattamasyBiiktigi 2 metr Butalary tikenekti Itmuryn zher sharynyn konyrzhaj zhәne subtropikalyk ajmaktarynyn barlyk zherlerinde osedi 500 ge zhuyk tүri bar Tabigatta tauly tasty zherlerde betkejlerde ormanda su zhagalauynda osedi Tabigi tүri Қazakstannyn barlyk tau bokterlerinde osedi Itmurynnyn ekpe tүrlerinin barlygyn derlik raushan roza dep atajdy Halyk arasynda itmurynnyn zhabajy raushan degen atauy keninen koldanylady Itmurynnyn gүli ak kyzgylt sary tүsti diametri 4 6 sm hosh iisti zhaj kүlteli zhәne gүlparly da tүrleri bar Mamyr mausym ajlarynda gүldejdi Zhemisi tamyz kyrkүjek ajlarynda pisedi Zhemisi sopaksha kelgen zhyltyr tүsi kyzyl nemese kyzgylt sary bolady Itmurynnyn ereksheligi bagaly dәrumenderge baj zhemisi zhәne odan dajyndalgan dәri dәrmekter medicinada negizinen askazan zhәne bauyr aurularyn emdeuge koldanylady gүlderin shajdyn ornyna pajdalanuga bolady kүltelerden dajyndalgan efir majy parfyumeriya ondirisinde pajdalanylady Raushan tuystastarynyn zhidegi zhalgan zhemis kurylysy kүrdeli kүlte zhapyrakshalarynyn kumyra nemese bokal tәrizdi bolyp kabyrgalarynyn ishki zhagynda bekingen koptegen sargysh zhangaktar koyu da kattylau tүktermen bolingen Zhemisi pisip zhetilgen koyu ashyk kyzyl tүsti Ұshynda tүspejtin kurgak tostagansha zhapyrakshalary barlyk raushandar men tәn Kejbir tүrleri ezhelden belgili bauda osiriletin raushandardyn argy tegi bolyp tabylady Bizdin dәuirimizge dejingi 4 myn zhyldykka zhatatyn Altajdyn kombelerinen tabylgan metall akshalarda da bauda osiriletin raushandar bejnelengen Қazirde zhabajy raushandar suryptauda zhәne mәdeni raushandardyn sapasyn zhaksartuda koldanady Respublikanyn Altaj Tarbagataj Zhongar Alatauy saj Ortalyk zhәne Ontүstik shygys boliginde tauda zhazykta korym tastarda betkejlerde ormandarda dymkyl topyrakty zherlerde butalar arasynda osedi Ylgaldy zhaksy koredi topyraktyn da auanyn da ylgaldygyna sezimtal biiktigi 2 metrge dejin sur koshkyl tүsti kabygy bar sabagymen butaktaryusak tikenekti Өtkir tikenekter barlyk tuys tүrlerine tәn olar zhanuarlardyn zhep koyuynan saktajdy Zhapyragy kүrdeli tak kauyrsyndy әdette 2 3 ten zhuptaskan kolemdi ellips tәrizdi zhiegi ara tisti al astyngy zhagyn koyu da zhumsak tүk baskan Gүli kos zhynysty durys gүl aktinomorfty tostaganshasy zhinishke zhasyl tүsti kүltesi ashyk kүlgin nemese kyzgylt tүsti Tostaganshalar men kүlteler sany birdej 5ten atalyk pen analyktary kop sany anyktalmagan gүli kolemdi diametri 6 sm ge dejin uzyn gүl tabanyna kobinshe zhalgyzdan sirek toptasyp bekidi Ashyk tүsti gүlinin hosh iisi zhәndikterdi ozine tartady ara үlken tozan zhejtin konyzdar bir gүlden ekinshi gүlge ushyp konyp zhүrip ajkas tozandandyrady Kejde zhәndikter gүldi tүnep shygatyn oryn retinde pajdalanady ojtkeni keshke karaj gүlderdin kүlteleri zhabylady Itmuryn shildede gүldejdi tamyzda zhabaj raushanzhemis beredi Raushan tuysynyn zhemisi turaly tolygyrak ajtsak artyk bolmas Raushan tuysynyn zhidegi shyndygynda da zhalgan zhemis kurylysy kүrdeli kүlte zhapyrakshalarynyn kumyra nemese bokal tәrizdi bolyp kabyrgalarynyn ishki zhagynda bekingen koptegen sargysh zhangaktar koyu da kattylau tүktermen bolingen Biz surettep otyrgan tүrdin zhemisi pisip zhetilgen koyu ashyk kyzyl tүsti Ұshynda tүspejtin kurgak tostagansha zhapyrakshalary barlyk raushandar men zhabajy raushandarga tәn Kejbir tүrleri ezhelden belgili bauda osiriletin raushandardyn argy tegi bolyp tabylady Bizdin dәuirimizge dejingi 4 myn zhyldykka zhatatyn Altajdyn kombelerinen tabylgan metall akshalarda da bauda osiriletin raushandar bejnelengen Zhabajy raushandar suryptauda zhәne mәdeni raushandardyn sapasyn zhaksartuda koldanady Itmurynnyn pajdasyItmurynnyn kuramynda Mendeleev kestesinin zhartysy bar deuge bolady Itmurynnyn tamyry zhapyragy zhemisi adam agzasyna ote shipaly Қuramyndagy askorbin kyshkyly karakatka karaganda 10 ese limonga karaganda 50 ese artyk molsherde bolady Medicinalyk turgydan itmurynnyn kundylygyn onyn kuramynda kop molsherdebolatyn S dәrumeni arttyrady Sonymen katar itmurynnyn kuramynda V K Rdәrumenderi tukymynda E dәrumeni karotin kant sondaj ak ilik pektindi boyaulyk zattar organikalyk kyshkyldar mineraldy zattar makro mikroelementter bolady Medicinada itmuryndy polivitamin retinde agzada dәrumender zhetispegende aterosklerozga karsy kan kysymy kobejgende kan azdykka immunitetti koteruge syngan sүjekti tez bitiretin zhәne bauyr aurularyn emdejtin dәrilik osimdik retinde pajdalanady Itmurynnan tosap zhasajdy Zhemisin keptirip kysta tumauga karsy kajnatyp ishedi Gүlderin shajga kosyp buktyryp ishedi Әdemi gүlderinin arkasynda kogaldandyruda ken koldanyska ie Butagy tikenekti bolgandyktan korshaudyn ornyna osiruge de bolady Tagy karanyzIttabanSiltemelerGүlstan osimdikter turaly sajt Muragattalgan 20 akpannyn 2012 zhyly DerekkozderҚazak tili terminder sozdigi I tom Қ 74 Қulzhabaeva G Ә Өsimdikter әlemi oku әdistemelik kesheni Zhidekter Didaktikalyk material Almaty 2011 16 b ISBN 978 601 7237 31 8