Зергерлік өнер – сән өнерінің және қолөнердің ежелгі түрлерінің бірі. Металды асыл немесе жартылай асыл тастармен әшекейлеуге негізделген. Зергерлік өнерге әсемдік бұйымдар мен ыдыс-аяқ жасау, қару-жарақ пен ат әбзелдерін әшекейлеу де жатады. Зергерлік өнерде шыңдау, құйма, тегістеу, біліктеу, көркем шекіме, канфаренье (өтпейтін бізбен шекіме жасау арқылы металдың үстіне бүршіктік және күңгірт әсер беру), бастырма, оймыштау, нақыштау, оброн (сурет айналасын ойып тастау техникасы), сымкәптау (филигрань), бүршік, қарала, тыныке (финифть), инкрустация, қырнау, жылтырату және т.б. тәсілдер қолданылады.
Қазақтың зергерлік өнері - тамырын тереңнен алатын дәстүрлі мәдениеттің көрікті және көрнекті саласы. Зергер болу киелі де қасиетті өнер саналған. Оған ең алдымен табиғаттан дарыған тума талант керек. Екіншіден, ол - атадан балаға немесе ұстаздан шәкіртке ауысып отыратын тылсым сыры бар, халықтың дәстүрлі дүниетанымымен, тарихи болмыс-бітімімен, салт-дәстүрімен байып отыратын қастерлі кәсіп. Дәстүрлі зергерлік өнерде шеберлер әр түрлі құрал-саймандарды өздері жасап пайдаланған. Оларға мыналар жатады: көрік, қышқаш, төс, сым тартқыш. Зергерлердің аса көп жасайтыны - әйелдердің әшекей бұйымдары. Қазақ әйелдері кеуделеріне алқа, құлақтарына сырға, шаштарына шолпы, білектеріне білезік, саусақтарына жүзік таққан. Бір-біріне үзбелеп бекітілген үлкенді-кішілі өрнекті алқалардан құралатын салмақты да салтанатты өңіржиектер аса көзтартарлық әсем болады. Қатар-қатар тізбектелген тастар қондырылып жасалған тамақ алқа асыл матамен әдіптеледі. Ал інжу-маржан қадалған тамақшалар - қыздар жиі тағатын бұйымдар. Кеудеге тағылатын әшекейлер қатарына түрлі-түсті, сәнді түйреуіштерді, асыл тасты тұмарларды, небір қымбат тастармен безендірілген таналар мен күмістен соғылған түймелерді, ілгешектерді жатқызуға болады.
Зергерлік өнердің пайда болуы
Қазіргі Қазақстан аумағында техникалық және көркемдік тұрғыдан жетілген зергерлік өнер алғашқы темір дәуірінде-ақ пайда болған. Жетісудан жануарлар – таутеке, ілбісін, қабан бейнесі бедерленген мыс қазандар мен ғибадат бұйымдары (б.з.б. 5 – 4 ғ.), сақ ханзадасының алтынмен апталған сауыт-саймандары (Есік қорғаны, б.з.б. 4 ғ.), әйелдің алтын бас киімі (Қарғалы қазынасы, б.з.б. 2 – б.з.2 ғ.), жарқырауық тас орнатылған сырғалар (Ақтас-1 қорымы, б.з. 2 – 5 ғ.) табылған. Бұлар да бірін-бірі толықтыратын техникалық тәсілдер – бейнелеп құю, бедерлеу, қалыпқа салып қысу, бір затқа бір затты оюластыру, кіріктіру, күмістеу, термелеу, өру, бұрау, тоқымалау, әбзелдеу, сіркелеу, қақтау, әшекейлеу, т.с.с. қолданылған.
Ежелдегі мүсіндер
Әсіресе, ежелгі зергерлер қолынан шыққан шебер мүсіндер – арқардың (не қошқардың) басы, мүйізі. Ол жүзіктерде, білезіктерде, алқаларда, шолпыларда көбірек кездеседі. Сондай-ақ, ежелгі зергерлік өнерде кездесетін көркем мүсіннің бір түрі – таутеке бейнесі. Мысалы, таутекенің қияда қатып тұрған сәті (қаптырмада), басы, мүйізі (жүзікте), бөкеннің, еліктің басы, олардың жаудыраған көзі (ілгекте, қаптырмада, жүзікте) әдемі шекілген. Сол кездегі зергерлер, әсіресе, арыстанды бейнелеуге көп көңіл бөлген. Арыстанның бас бейнесі алқаға, білезікке әсем түсірілген, кейде қанатты арыстан түрінде келтірілген. Байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері бұйымдарындағы бейнелердің барлығы құю, қырнау, безеу, қақтау әдістерімен, жұмыр мүсін не рельеф түрінде жасалған. Олардың көпшілігі ат әбзелдерінде, кісенің ілгектерінде, киімнің қапсырмаларында, әйел әшекейлерінде, музыка аспаптарында, қару-жарақтарда тамаша әшекей рөлін атқарып, ғажайып үндестік тапқан. Сақ, ғұн, үйсін дәуіріндегі шеберлер зергерлік ісін өте биік сатыға көтерген. Металл қақтау, оны құю, жұмырлау өнерін толық меңгеріп, неше алуан ғажайып мүсіндер жасай білген. Алтыннан, күмістен, қоладан пішін жасаумен бірге, оның бетіне асыл тас орнату әдісін де меңгерген.
Орта ғасырларда зергерлік өнер жекелеген шеберлердің ықпалынан шығып, қолөнерлік өндіріске айналды. Бұған, Оңтүстік Қазақстан және Орталық Қазақстан аумағындағы көне қалалар орнынан табылған ескерткіштер айғақ бола алады. Осы кезеңде ат әбзелдерін өрнектеу (күмістеу, асыл, жартылай асыл тастармен әшекейлеу, бедерлеу, бұрау) дамып, қару-жарақтар, күнделікті тіршілік құралдары – қола шырағдандар, ыдыс-аяқ (Оңтүстік Қазақстан, 10 – 13 ғ-лар) жасалған.
Кейінгі заманғы қолөнер
17 ғ. мен 20 ғ-дың 1-жартысы аралығында, яғни металды әшекейлеу өз алдына қолөнерлік өндіріске айналған кезеңде Қазақстанда зергерлік өнердің дамуы жоғары деңгейге жетті. Зергерлік шеберлік әкеден балаға мұра ретінде қалып отырған. Бұйымдар жасауға күміс, ақық, бирюза, маржан, кейде лағыл, сапфир, меруерт, сондай-ақ, түрлі түсті шыны – да пайдаланылды. Әйелдердің әшекейлері – әр түрлі жүзіктер, білезіктер, сырғалар, шолпылар, қапсырмалар, түйреуіштер, түймелер, ақықтан істелген салпыншақтар, сонымен қатар жуынып-шайынатын, сүрмеленіп боянатын құралдар шеберлікпен жасалған. Мұндай шеберлікке қалыптау, соғу, құю, бедерлеу, сіркелеу, қырлау, бұрау, қаралау, алтындау, эмаль жалату, т.б. тәсілдер арқылы қол жеткізілген. Қазақстанның әрбір аймақтарында зергерлік өнердің жергілікті мектептері қалыптасқан.
Қазіргі заманғы зергерлік өнер
Қазіргі заманғы зергерлік өнер жұмыстарының көпшілігі әр түрлі техникалар көмегімен жүзеге асырылады. Сығымдау, өрнектеу қалыптары, әр алуан жонғыш, сызғыш, оймыштағыш құрал-саймандар, электрмен жұмыс істейтін машиналар көбейді. Соның нәтижесінде жаппай тұтынылатын көпшілік қолды зергерлік бұйымдар топтап шығарылатын болды. Алайда, зергерлердің қолдан жасаған дара бұйымдары әлі күнге дейін зергерлік өнердің құнды ескерткіштері ретінде бағаланады. Әсіресе, қарағандылық А.Қошқарбергеновтің сүйектен ойып, 40 түрлі оймыш-өрнектер салып жасаған күмістеген асадалы, А.Абылаевтың алтын, күміс бұйымдары, Қ.Дүйсенқұлованың күміс ері, Солтүстік Қазақстандағы Қ.Смағұловтың сақиналары мен жүзіктері, Семейдегі Б.Нұржанов пен Павлодардағы А.Есалиевтің нәзік шеберлікпен жасаған бұйымдары қазіргі заманғы отандық зергерлік өнер дамуының жаңа белестері болып табылады. Зергерлік өнер дәстүрі қызылордалық шебер М.Төлегенов, суретші-зергерлер И.К. Брякин, Ғ.Жалмұханов, Д.Шоқпаров, В.С. Савченков, Г.И. Иванов шығарм-нда одан әрі дамыды.
Зергерлік бұйымдар
Сырға
Қыз-келіншектердің аса сүйіп тағатын әсемдік бұйымының бірі - сырға. Қазақ зергерлері сырға жасаудың тым көне сырларын меңгерген. Мәселен, Қарғалы археологиялық қазбасынан біздің заманымызға дейінгі кезеңге жататын алтын шекелік пен тас қондырылған сырға табылған. Қазақ зергерлері жасайтын ай сырға, тас көзді сырға, күмбез сырға, қозалы сырға, салпыншақ сырға, шұжық сырға, сабақты сырға, шашақты сырға деген сияқты әр өңірде алуан аталатынтүрлері өте көп.
Шолпы мен шашбау
Келесі зергерлік бұйымның бір түрі - қыз-келіншектер шаштарының ұшына тағатын шаштеңге, шолпы, шашбау деп аталатын әшекейлер. Шаштеңгелер мен шолпылар көп жағдайда әсем шиыршықталған күміс үзбе бауларға бекітілген тоғыз теңгеден тұрады. Тоғыз - қазақ ұғымында киелі сандардың бірі. Олар бір-бірімен ұзыннан ұзақ жалғасып, шаштың ұшына дейін біргеөріледі. Шаштың ұшында салбырап тұрған әшекейлер қыз жүрісіне үн қосып, әсем әуен шығарады. Шашбау да бір-біріне сым үзбелер арқылы бекітіліп, орталарына асыл тастардан көз қондырылған теңгелер тізбегінен құралады. Ұшы сәнді шашақпен немесе күміс әшекейлермен әсемделеді. шашбау шаштың түбіне бекітіліп, бұрыммен бірге салбырай төгіліп тұрады.
Білезік
Әйел әшекейлерінің ішінде ертеден келе жатқан және күні бүгінге дейін кең қолданылатын әсемдік бұйым - білезік. Бәлезік сыңар қолға да, қос қолға да тағыла береді. Оны бірнеше бөлшектен құрап та, сом темірден тұтас құйып жұмыр етіп те жасайды, сондай-ақ ашпалы-жаппалы түрлері де болады. Соған орай оларды сом білезік, жұмыр білезік, қарта білезік, қақпақ білезік, бес білезік, сағат білезік деп әр түрлі атайды. Олардың ішінде алтын, күміснәзік шынжырлармен шымдалып жалғасып жататын бірнеше жүзігі барбілезіктер де кездеседі. Зергерлер білезіктерге неше түрлі өрнектер салып, тас қондырып, қарала жүргізіп, зерлеп, сымдарды ширата дәнекерлеп әсемделген. Білезіктер, көбінесе, күмістен соғылады.
Сақина
Әйелдердің саусақтарына тағылатын зергерлік бұйымдардың жүзік немесе сақина деп атайды. Сақиналар ғұрыптық дәстүрде, негізінен, үйлену салты кезінде қолданылады. Сом алтыннан құйылатын мұндай сақиналарды жас жұбайлар аты жоқ (төртінші) саусағына тағады. Ұзатылған қыздарға нәзік жасалған құсмұрын жүзік лайықты. Ал үлкен көз орнатып, ауқымды етіп соғылған салмақты жүзіктерді құдағи жүзік деп атаған. Жасы ұлғайған әйелдер, әсіресе, жиын-тойларда әр саусағына бірнеше жүзікті қабаттап тағатын болған. Зергерлер алтыннан, күмістен құйып, қақтап, соғып, шекімелеп, қарала жүргізіп, шиыршық темірден торлап, небір тамаша өрнектер салып, асыл тас қодырып таңғажайып жүзіктер жасаған. Олар жасалу түрі мен қолданылу ретіне қарай отау жүзік, жималы жүзік, тасбақа жүзік деп аталған.
Қапсырма
Киімнің екі өңірін бір-біріне қосып тұру үшін тағатын әшекейдің бірі - қапсырма. Ол бір-біріне топса арқылы бекітілетін екі бөліктен тұрады. Олар үшбұрыш, сүйір, доға тәріздес, төртбұрыш, сопақша сияқты әр түрлі пішінде болады. Көбінесе, күмістен құйылып, тапталып, шекімеленіп жасалады. Қапсырманың бетіне аң-құстың, ай мен күннің бейнесінемесе өсімдік тектес өрнектер салынып, асыл тастар қондырылып әсемделеді.
Белдік
Қазақ халқының ұлттық киімінің сәнін келтіретін тағы бір маңызды әшекейдің бірі - белдік. Көбінесе, батырлар мен аңшылар тағатын белдіктер қос қабатталған былғарыдан жасалынады. Олар берік болып келеді. Белдіктің күміс қапсырмаларына ай мен күннің, аң-құстардың символикалық бедерлері салынады. Түрлі қарулар мен басқа да керек-жарақтар ілінетін салпыншақтар болады. Қыз-келіншектердің белдіктері күміс әшекейлермен сәнделеді, бірақ ерлердікіне қарағанда нәзік, көркем болады. Олар теріге, асыл маталарға (барқыт, мақпал, пүліш, т.б.) жапсырылады немесе нәзік сымдармен үзбеленіп бекітілген қапсырмалармен әсемделіп жасалады. Белдіктердің кемел белдік, кісе белдік деп аталатын түрлері кездеседі.
Дереккөздер
- Қасиманов С., Қазақ халқының қолөнері, А., 1969;
- Ежелгі мәдениет куәлары, А., 1966;
- Тасмағамбетов И., Орталық Азия зергерлерінің бұйымдары, А., 1997.
- Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zergerlik oner sәn onerinin zhәne kolonerdin ezhelgi tүrlerinin biri Metaldy asyl nemese zhartylaj asyl tastarmen әshekejleuge negizdelgen Zergerlik onerge әsemdik bujymdar men ydys ayak zhasau karu zharak pen at әbzelderin әshekejleu de zhatady Zergerlik onerde shyndau kujma tegisteu bilikteu korkem shekime kanfarene otpejtin bizben shekime zhasau arkyly metaldyn үstine bүrshiktik zhәne kүngirt әser beru bastyrma ojmyshtau nakyshtau obron suret ajnalasyn ojyp tastau tehnikasy symkәptau filigran bүrshik karala tynyke finift inkrustaciya kyrnau zhyltyratu zhәne t b tәsilder koldanylady Қazaktyn zergerlik oneri tamyryn terennen alatyn dәstүrli mәdeniettin korikti zhәne kornekti salasy Zerger bolu kieli de kasietti oner sanalgan Ogan en aldymen tabigattan darygan tuma talant kerek Ekinshiden ol atadan balaga nemese ustazdan shәkirtke auysyp otyratyn tylsym syry bar halyktyn dәstүrli dүnietanymymen tarihi bolmys bitimimen salt dәstүrimen bajyp otyratyn kasterli kәsip Dәstүrli zergerlik onerde sheberler әr tүrli kural sajmandardy ozderi zhasap pajdalangan Olarga mynalar zhatady korik kyshkash tos sym tartkysh Zergerlerdin asa kop zhasajtyny әjelderdin әshekej bujymdary Қazak әjelderi keudelerine alka kulaktaryna syrga shashtaryna sholpy bilekterine bilezik sausaktaryna zhүzik takkan Bir birine үzbelep bekitilgen үlkendi kishili ornekti alkalardan kuralatyn salmakty da saltanatty onirzhiekter asa koztartarlyk әsem bolady Қatar katar tizbektelgen tastar kondyrylyp zhasalgan tamak alka asyl matamen әdipteledi Al inzhu marzhan kadalgan tamakshalar kyzdar zhii tagatyn bujymdar Keudege tagylatyn әshekejler kataryna tүrli tүsti sәndi tүjreuishterdi asyl tasty tumarlardy nebir kymbat tastarmen bezendirilgen tanalar men kүmisten sogylgan tүjmelerdi ilgeshekterdi zhatkyzuga bolady Zergerlik onerdin pajda boluyҚazirgi Қazakstan aumagynda tehnikalyk zhәne korkemdik turgydan zhetilgen zergerlik oner algashky temir dәuirinde ak pajda bolgan Zhetisudan zhanuarlar tauteke ilbisin kaban bejnesi bederlengen mys kazandar men gibadat bujymdary b z b 5 4 g sak hanzadasynyn altynmen aptalgan sauyt sajmandary Esik korgany b z b 4 g әjeldin altyn bas kiimi Қargaly kazynasy b z b 2 b z 2 g zharkyrauyk tas ornatylgan syrgalar Aktas 1 korymy b z 2 5 g tabylgan Bular da birin biri tolyktyratyn tehnikalyk tәsilder bejnelep kuyu bederleu kalypka salyp kysu bir zatka bir zatty oyulastyru kiriktiru kүmisteu termeleu oru burau tokymalau әbzeldeu sirkeleu kaktau әshekejleu t s s koldanylgan Ezheldegi mүsinderӘsirese ezhelgi zergerler kolynan shykkan sheber mүsinder arkardyn ne koshkardyn basy mүjizi Ol zhүzikterde bilezikterde alkalarda sholpylarda kobirek kezdesedi Sondaj ak ezhelgi zergerlik onerde kezdesetin korkem mүsinnin bir tүri tauteke bejnesi Mysaly tautekenin kiyada katyp turgan sәti kaptyrmada basy mүjizi zhүzikte bokennin eliktin basy olardyn zhaudyragan kozi ilgekte kaptyrmada zhүzikte әdemi shekilgen Sol kezdegi zergerler әsirese arystandy bejneleuge kop konil bolgen Arystannyn bas bejnesi alkaga bilezikke әsem tүsirilgen kejde kanatty arystan tүrinde keltirilgen Bajyrgy sak gun үjsin oneri bujymdaryndagy bejnelerdin barlygy kuyu kyrnau bezeu kaktau әdisterimen zhumyr mүsin ne relef tүrinde zhasalgan Olardyn kopshiligi at әbzelderinde kisenin ilgekterinde kiimnin kapsyrmalarynda әjel әshekejlerinde muzyka aspaptarynda karu zharaktarda tamasha әshekej rolin atkaryp gazhajyp үndestik tapkan Sak gun үjsin dәuirindegi sheberler zergerlik isin ote biik satyga kotergen Metall kaktau ony kuyu zhumyrlau onerin tolyk mengerip neshe aluan gazhajyp mүsinder zhasaj bilgen Altynnan kүmisten koladan pishin zhasaumen birge onyn betine asyl tas ornatu әdisin de mengergen Orta gasyrlarda zergerlik oner zhekelegen sheberlerdin ykpalynan shygyp kolonerlik ondiriske ajnaldy Bugan Ontүstik Қazakstan zhәne Ortalyk Қazakstan aumagyndagy kone kalalar ornynan tabylgan eskertkishter ajgak bola alady Osy kezende at әbzelderin ornekteu kүmisteu asyl zhartylaj asyl tastarmen әshekejleu bederleu burau damyp karu zharaktar kүndelikti tirshilik kuraldary kola shyragdandar ydys ayak Ontүstik Қazakstan 10 13 g lar zhasalgan Kejingi zamangy koloner17 g men 20 g dyn 1 zhartysy aralygynda yagni metaldy әshekejleu oz aldyna kolonerlik ondiriske ajnalgan kezende Қazakstanda zergerlik onerdin damuy zhogary dengejge zhetti Zergerlik sheberlik әkeden balaga mura retinde kalyp otyrgan Bujymdar zhasauga kүmis akyk biryuza marzhan kejde lagyl sapfir meruert sondaj ak tүrli tүsti shyny da pajdalanyldy Әjelderdin әshekejleri әr tүrli zhүzikter bilezikter syrgalar sholpylar kapsyrmalar tүjreuishter tүjmeler akyktan istelgen salpynshaktar sonymen katar zhuynyp shajynatyn sүrmelenip boyanatyn kuraldar sheberlikpen zhasalgan Mundaj sheberlikke kalyptau sogu kuyu bederleu sirkeleu kyrlau burau karalau altyndau emal zhalatu t b tәsilder arkyly kol zhetkizilgen Қazakstannyn әrbir ajmaktarynda zergerlik onerdin zhergilikti mektepteri kalyptaskan Қazirgi zamangy zergerlik onerҚazirgi zamangy zergerlik oner zhumystarynyn kopshiligi әr tүrli tehnikalar komegimen zhүzege asyrylady Sygymdau ornekteu kalyptary әr aluan zhongysh syzgysh ojmyshtagysh kural sajmandar elektrmen zhumys istejtin mashinalar kobejdi Sonyn nәtizhesinde zhappaj tutynylatyn kopshilik koldy zergerlik bujymdar toptap shygarylatyn boldy Alajda zergerlerdin koldan zhasagan dara bujymdary әli kүnge dejin zergerlik onerdin kundy eskertkishteri retinde bagalanady Әsirese karagandylyk A Қoshkarbergenovtin sүjekten ojyp 40 tүrli ojmysh ornekter salyp zhasagan kүmistegen asadaly A Abylaevtyn altyn kүmis bujymdary Қ Dүjsenkulovanyn kүmis eri Soltүstik Қazakstandagy Қ Smagulovtyn sakinalary men zhүzikteri Semejdegi B Nurzhanov pen Pavlodardagy A Esalievtin nәzik sheberlikpen zhasagan bujymdary kazirgi zamangy otandyk zergerlik oner damuynyn zhana belesteri bolyp tabylady Zergerlik oner dәstүri kyzylordalyk sheber M Tolegenov suretshi zergerler I K Bryakin Ғ Zhalmuhanov D Shokparov V S Savchenkov G I Ivanov shygarm nda odan әri damydy Zergerlik bujymdarSyrgaҚyz kelinshekterdin asa sүjip tagatyn әsemdik bujymynyn biri syrga Қazak zergerleri syrga zhasaudyn tym kone syrlaryn mengergen Mәselen Қargaly arheologiyalyk kazbasynan bizdin zamanymyzga dejingi kezenge zhatatyn altyn shekelik pen tas kondyrylgan syrga tabylgan Қazak zergerleri zhasajtyn aj syrga tas kozdi syrga kүmbez syrga kozaly syrga salpynshak syrga shuzhyk syrga sabakty syrga shashakty syrga degen siyakty әr onirde aluan atalatyntүrleri ote kop Sholpy men shashbauKelesi zergerlik bujymnyn bir tүri kyz kelinshekter shashtarynyn ushyna tagatyn shashtenge sholpy shashbau dep atalatyn әshekejler Shashtengeler men sholpylar kop zhagdajda әsem shiyrshyktalgan kүmis үzbe baularga bekitilgen togyz tengeden turady Togyz kazak ugymynda kieli sandardyn biri Olar bir birimen uzynnan uzak zhalgasyp shashtyn ushyna dejin birgeoriledi Shashtyn ushynda salbyrap turgan әshekejler kyz zhүrisine үn kosyp әsem әuen shygarady Shashbau da bir birine sym үzbeler arkyly bekitilip ortalaryna asyl tastardan koz kondyrylgan tengeler tizbeginen kuralady Ұshy sәndi shashakpen nemese kүmis әshekejlermen әsemdeledi shashbau shashtyn tүbine bekitilip burymmen birge salbyraj togilip turady BilezikӘjel әshekejlerinin ishinde erteden kele zhatkan zhәne kүni bүginge dejin ken koldanylatyn әsemdik bujym bilezik Bәlezik synar kolga da kos kolga da tagyla beredi Ony birneshe bolshekten kurap ta som temirden tutas kujyp zhumyr etip te zhasajdy sondaj ak ashpaly zhappaly tүrleri de bolady Sogan oraj olardy som bilezik zhumyr bilezik karta bilezik kakpak bilezik bes bilezik sagat bilezik dep әr tүrli atajdy Olardyn ishinde altyn kүmisnәzik shynzhyrlarmen shymdalyp zhalgasyp zhatatyn birneshe zhүzigi barbilezikter de kezdesedi Zergerler bilezikterge neshe tүrli ornekter salyp tas kondyryp karala zhүrgizip zerlep symdardy shirata dәnekerlep әsemdelgen Bilezikter kobinese kүmisten sogylady SakinaӘjelderdin sausaktaryna tagylatyn zergerlik bujymdardyn zhүzik nemese sakina dep atajdy Sakinalar guryptyk dәstүrde negizinen үjlenu salty kezinde koldanylady Som altynnan kujylatyn mundaj sakinalardy zhas zhubajlar aty zhok tortinshi sausagyna tagady Ұzatylgan kyzdarga nәzik zhasalgan kusmuryn zhүzik lajykty Al үlken koz ornatyp aukymdy etip sogylgan salmakty zhүzikterdi kudagi zhүzik dep atagan Zhasy ulgajgan әjelder әsirese zhiyn tojlarda әr sausagyna birneshe zhүzikti kabattap tagatyn bolgan Zergerler altynnan kүmisten kujyp kaktap sogyp shekimelep karala zhүrgizip shiyrshyk temirden torlap nebir tamasha ornekter salyp asyl tas kodyryp tangazhajyp zhүzikter zhasagan Olar zhasalu tүri men koldanylu retine karaj otau zhүzik zhimaly zhүzik tasbaka zhүzik dep atalgan ҚapsyrmaKiimnin eki onirin bir birine kosyp turu үshin tagatyn әshekejdin biri kapsyrma Ol bir birine topsa arkyly bekitiletin eki bolikten turady Olar үshburysh sүjir doga tәrizdes tortburysh sopaksha siyakty әr tүrli pishinde bolady Kobinese kүmisten kujylyp taptalyp shekimelenip zhasalady Қapsyrmanyn betine an kustyn aj men kүnnin bejnesinemese osimdik tektes ornekter salynyp asyl tastar kondyrylyp әsemdeledi BeldikҚazak halkynyn ulttyk kiiminin sәnin keltiretin tagy bir manyzdy әshekejdin biri beldik Kobinese batyrlar men anshylar tagatyn beldikter kos kabattalgan bylgarydan zhasalynady Olar berik bolyp keledi Beldiktin kүmis kapsyrmalaryna aj men kүnnin an kustardyn simvolikalyk bederleri salynady Tүrli karular men baska da kerek zharaktar ilinetin salpynshaktar bolady Қyz kelinshekterdin beldikteri kүmis әshekejlermen sәndeledi birak erlerdikine karaganda nәzik korkem bolady Olar terige asyl matalarga barkyt makpal pүlish t b zhapsyrylady nemese nәzik symdarmen үzbelenip bekitilgen kapsyrmalarmen әsemdelip zhasalady Beldikterdin kemel beldik kise beldik dep atalatyn tүrleri kezdesedi DerekkozderҚasimanov S Қazak halkynyn koloneri A 1969 Ezhelgi mәdeniet kuәlary A 1966 Tasmagambetov I Ortalyk Aziya zergerlerinin bujymdary A 1997 Қazak mәdenieti Enciklopediyalyk anyktamalyk Almaty Aruna Ltd ZhShS 2005 ISBN 9965 26 095 8Bul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet