Желі – екі қазыққа керілген арқан. Желі түйе, жылқы, сиыр төлдерін қатарластырып байлауға арналды. Желі екі қазықты екі жаққа қиғаштап жерге қағып, арқанды керу арқылы жасалады. Желінің ұзындығы байланатын төлдің санына байланысты болады.
Байлау тәсілдері мен атаулары
Төлдерді желіге бірнеше тәсілдер арқылы байлайды. Соның бірі – ноқта сағағына тағылған қайысбау арқылы байлау, келесісі – желідегі тиекке тиектеп бекіту. Мал төлдерінің түріне байланысты бұзау желісі, құлын желісі, бота желісі деп аталады.
Құлын желісі
Құлын желісі өзге түлік желілеріне қарағанда ұзынырақ болады. Өйткені, құлындар желіге байланғанда екі құлынның арасы кемінде екі адымнан кем болмауы керек. Бұл құлындардың бір-бірімен тебіспеуін, оратылып қалмауын қамтамасыз етеді.
Құлын желісін дайындау үшін сыртқа шалқайта қағылған екі қазыққа желі арқанды кереді. Одан соң орта тұсынан шеткерек сіңіріле кiндiк қазық қағылады да, сол қазыққа кіндік бау арқылы желі арқанды мықтап тартып байлайды. Бұл желі арқанның көтеріліп кетпеуін қамтамасыз етіп, құлынның басын жерге тұқыртып ұстап тұрады. Егер де желі арқан жоғары көтерілетін болса, құлынның басы енесінің бауырына емін-еркін жетіп жанасып еміп қояды.
Бота мен бұзау желісі
Бота мен бұзау желісінің дайыдалуы құлын желісіндей болғанымен, өзіндік ерекшелігі бар. Бота мен бұзау желіге құлын сияқты тұқыртып тиектелмей, бас жібі немесе бұйдасымен желіге емін-еркін байланады.
Желіге байланысты наным-сенімдер мен ырымдар
Қазақ түсінігінде желі қазыққа керілген арқан ғана емес, ол дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінде өзіндік мәнге ие этномәдени сегмент ретінде қарастырылады.
Қазақтар желі арқанды қастерлеп, оны аттап өтуге, басуға тыйым салған, оны ешкімге бермеген. Ырыс-береке қашады деп сенген. Халық тілінде бұл арқан түрі желібау деп те қолданыла береді. Дәстүрлі ортада алғаш бие байлағанда желінің қазығына май жағылады. Күйеу алғаш ұрын барғанда немесе құдалар келгенде алдарынан желі тарту жоралғысы жасалған. Келген жақ желден аттап кете алмай, кәде беру арқылы құтылған. Тағы бір айта кететін жайт, әдет-ғұрып заңында жоқ, бірақ ел ішінде тараған жазаның бір түрі – осы желіге байлап таңу.
Дереккөздер
- ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. – Алматы: РПК “СЛОН”, 2012. – (илл.) ISBN 978-601-7026-17-23-том: К – Қ – 736 бет.ISBN 978-601-7026-21-9
Әдебиеттер
- Алекторов А.Е. Скотоводство киргизов. ОЛ. 1888. №17-19. С.65-74;
- Добросмыслов А.И. Скотоводство в Тургайской области. Оренбург: Тургайский обл. стат. комитет, 1895;
- Арғынбаев Х. Қазақтың мал шаруашылығы жайында этнографиялық очерк. Алматы: Ғылым, 1969;
- Поляков С.П. Историческая этнография Средней Азии и Казахстана. М.: Московский университет, 1980;
- Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнерi. Алматы: Қазақстан, 1995;
- Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматы: Алматыктіп, 2007;
- ҚР МОМ – материалдарынан;
- ОМЭЭ – материалдарынан.
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Zheli eki kazykka kerilgen arkan Zheli tүje zhylky siyr tolderin katarlastyryp bajlauga arnaldy Zheli eki kazykty eki zhakka kigashtap zherge kagyp arkandy keru arkyly zhasalady Zhelinin uzyndygy bajlanatyn toldin sanyna bajlanysty bolady Zheliler ҚR MOM materialdary bojynsha suretin salgan Zh ShәjkenBajlau tәsilderi men ataularyZheli bajlau tәsili ҚR MOM materialdary bojynsha suretin salgan Zh Shәjken Tolderdi zhelige birneshe tәsilder arkyly bajlajdy Sonyn biri nokta sagagyna tagylgan kajysbau arkyly bajlau kelesisi zhelidegi tiekke tiektep bekitu Mal tolderinin tүrine bajlanysty buzau zhelisi kulyn zhelisi bota zhelisi dep atalady Қulyn zhelisi Қulyn zhelisi Akmola oblysy Kokshetau uezi OMEE materialdarynan Қulyn zhelisi ozge tүlik zhelilerine karaganda uzynyrak bolady Өjtkeni kulyndar zhelige bajlanganda eki kulynnyn arasy keminde eki adymnan kem bolmauy kerek Bul kulyndardyn bir birimen tebispeuin oratylyp kalmauyn kamtamasyz etedi Қulyn zhelisin dajyndau үshin syrtka shalkajta kagylgan eki kazykka zheli arkandy keredi Odan son orta tusynan shetkerek sinirile kindik kazyk kagylady da sol kazykka kindik bau arkyly zheli arkandy myktap tartyp bajlajdy Bul zheli arkannyn koterilip ketpeuin kamtamasyz etip kulynnyn basyn zherge tukyrtyp ustap turady Eger de zheli arkan zhogary koteriletin bolsa kulynnyn basy enesinin bauyryna emin erkin zhetip zhanasyp emip koyady Bota men buzau zhelisi Zhelige bajlangan botalar men buzaular Bota men buzau zhelisinin dajydaluy kulyn zhelisindej bolganymen ozindik ereksheligi bar Bota men buzau zhelige kulyn siyakty tukyrtyp tiektelmej bas zhibi nemese bujdasymen zhelige emin erkin bajlanady Zhelige bajlanysty nanym senimder men yrymdarҚazak tүsiniginde zheli kazykka kerilgen arkan gana emes ol dәstүrli yrym tyjymdar zhүjesinde ozindik mәnge ie etnomәdeni segment retinde karastyrylady Қazaktar zheli arkandy kasterlep ony attap otuge basuga tyjym salgan ony eshkimge bermegen Yrys bereke kashady dep sengen Halyk tilinde bul arkan tүri zhelibau dep te koldanyla beredi Dәstүrli ortada algash bie bajlaganda zhelinin kazygyna maj zhagylady Kүjeu algash uryn barganda nemese kudalar kelgende aldarynan zheli tartu zhoralgysy zhasalgan Kelgen zhak zhelden attap kete almaj kәde beru arkyly kutylgan Tagy bir ajta ketetin zhajt әdet guryp zanynda zhok birak el ishinde taragan zhazanyn bir tүri osy zhelige bajlap tanu DerekkozderҚAZAҚTYҢ ETNOGRAFIYaLYҚ KATEGORIYaLAR ҰҒYMDAR MEN ATAULARYNYҢ DӘSTҮRLI ZhҮJESI Enciklopediya Almaty RPK SLON 2012 ill ISBN 978 601 7026 17 23 tom K Қ 736 bet ISBN 978 601 7026 21 9ӘdebietterAlektorov A E Skotovodstvo kirgizov OL 1888 17 19 S 65 74 Dobrosmyslov A I Skotovodstvo v Turgajskoj oblasti Orenburg Turgajskij obl stat komitet 1895 Argynbaev H Қazaktyn mal sharuashylygy zhajynda etnografiyalyk ocherk Almaty Ғylym 1969 Polyakov S P Istoricheskaya etnografiya Srednej Azii i Kazahstana M Moskovskij universitet 1980 Қasimanov S Қazak halkynyn koloneri Almaty Қazakstan 1995 Yskakkyzy Ә Syrmak oneri Almaty Almatyktip 2007 ҚR MOM materialdarynan OMEE materialdarynan