Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.
Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде, батыс философияның, архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші, Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.
Географиясы
Солтүстік-батыс жағында Ежелгі Грекия , солтүстік-шығысында Ежелгі Македониямен, батысында Ион (Сицилия) теңізімен, шығысында - Эгей және Фракий теңіздерінің суларымен жуылған.
Негізгі үш аймаққа бөлінген:
- Солтүстік Грекия
- Орта Грекия
- .
Солтүстік Грекия Пинд тау жотасымен екіге бөлінген: батыс жағында Эпир және шығыс жағында - Фессалияға. Орта Грекия Солтүстік Грекиядан Тимфрест және Эта тауларымен бөлініп, 10 аймақтан құралған: , , Озольская, , , Локрида Эпикнемид, Локрида Опунт, , және Аттика. Пелопоннес қалған Грекиямен енсіз (6 км) байланысқан. Пелопоннестың орталығы болған.
Ежелгі Грекияда үш үлкен архипелагқа ( , және Ион аралдары) құралған бірнеше жүз аралдар болған, ең ірілері — Крит және Эвбея.
Балкан жартыаралындағы Грекия көбіне таулы жер, көптеген шығанақтарымен жағалауы кесінділенген ел болған.
Тарихы
Археологиялық қазба деректеріне қарағанда, Македониядан Элидаға дейінгі Ежелгі Грекия жерін адам орта палеолит дәуірінде (100-40 мыңыншы ж.ш.) мекендей бастаған. Неолит дәуірінде (7 мыңжылдықтың орта кез шамасы - 2800 ж.ш.) Грекияның халқы егіншілікті игеріп, мал шаруашылығымен айналысқан, отырықшы өмір сүрген. Орта палеолит дәуірінде қалыптасқан ру құрылысы неолит дәуірінде әбден кемеліне келді. Грекияның солтүстігінде Сескло, Димини және Лариса мәдениеті дамыды. 5-4 мың жылдықтарды құрлықтағы Грекияда Эгей теңізінің аралдарында, әсіресе Критте неолит мәдениетінің жергілікті нұсқалары қалыптаса бастады.
Ежелгі Грекия тарихында тарихшылар келесі кезеңдерді белгілейді::
- Эгей мәдениеті (б.з.б. III мыңжылдықтың соңы — II мыңжылдық). Миной және Микен өркениеті.
- Миной өркениеті (Крит):
- Ерте миной кезеңі (б.з.б. XXX—XXIII ғғ.).
- Орта неминой кезеңі (б.з.б. XXII—XVIII ғғ.).
- Кейінгі миной кезеңі (б.з.б. XVII—XII ғғ.).
- (Балкан Грекиясы):
- Ерте эллада кезеңі ( б.з.б. XXX—XXI ғғ.).
- Орта эллада кезеңі (б.з.б. XX—XVII ғғ.).
- Кейінгі эллада кезеңі (б.з.б. XVI—XII ғғ.) немесе Микен өркениеті.
- Миной өркениеті (Крит):
- (б.з.б. XI—IV ғғ.).
- Гомер кезеңі немесе «қараңғы ғасырлар» (б.з.б. XI—IX ғғ.).
- (б.з.б. VIII—VI ғғ.).
- (б.з.б. IV—I ғғэ.).
- Бірінші эллинистік кезені (б.з.б. 334—281 ж.).
- Екінші эллинистік кезені (б.з.б. 281—150 ж.).
- Үшінші эллинистік кезені (б.з.б.150—30 ж.).
Полис - қала-мемлекеті
Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Мемлекеттік аппараты халық жиналысынан, кеңестен және сайланып қойылатын түрлі қызмет адамдарынан (магистраттардан) тұрды. Халық жиналысы билеушінің мемлекетті басқару құқын қамтамасыз етіп отырды. Полистер олигарх. (мыс., Спарта) немесе демократиялық (мыс., Афины) түрінде болды. Спарта егіншілік Полиске, Коринф сауда-қолөнері Полисіне жатты. П. Грекияда б.з.б. 4 ғасырдың басында, Римде б.з.б. 3 — 1 ғасырларда дағдарысқа ұшырап, жойылды.
Ежелгі Спарта
Спа́рта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta) немесе Лакедемон (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) – ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б.з.б. 6 – 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Гомердің “Илиада” шығармасына қарағанда, Спарта Лакониканың ахейялық 12 қауымының бірі. Б.з.б. 12 ғасыр шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта қоныстарын қиратты. Археологиялық мәліметтер бойынша жаңа дорий қонысы Спарта деген атпен б.з.б. 10 – 9 ғасырларда басқа жерде – Эврот өзеннің жағасында пайда болған. Б.з.б. 8 – 6 ғасырларда Спарта көрші аймақтар: батыста Мессанияны, шығыста Клаурияны жаулап алды. Спартаның барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Бұл жерлер Спартаның толық құқылы азаматтары – спарталықтарға мұра ретінде пайдалануға берілді. Жерді басыбайлы құлдар – илоттар өң- деді.
Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы – периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.
Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла) жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті.
Экономикаалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б.з.б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б.з.б. 431 – 404) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін әлсіретті. Ол б.з.б. 371 – 362 жылы болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей жеңілді. Б.з.б. 338 жылы Спарта Македонияға, ал 146 жылы Римге бағынып, мемлекет ретінде жойылып кетті.
Спарта тарихы
- XI ғасыр б.з.б — Спарта қала-мемлекет құрылуы.
- X ғасыр б.з.б — Дорийліктер Лакония территориясын жаулады. Жарты тұрғын-ахэйліктерді периэктерге айналдырды(Политикада күші жоқ, бірақ тәуелсіз азамат), ал қалғандарын илоттарға айналдырды(мемлекеттік құл); дорийліктер билеуші спартиаттар болды.
- IX ғасыр б.з.б — Ликург басқару заңдары Спартаны әскери күшті мемлекетке айналдырды.
- 743 — 724 жылдар б.з.б — Бірінші Мессения соғысы. Спарта Мессенаның бір бөлігін жаулады.
- 685 — 668 жылдар б.з.б — Екінші Мессения соғысы. Спарта Мессенанны түгелдей жаулады.
- 500 — 449 жылдар б.з.б — Грек-парсы соғыстары.
- 480 жыл б.з.б. — Фермопиль шайқасы. 300 спарталықтар ерлігі.
- 479 жыл б.з.б. — Платея түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңісі.
- 479 — 464 жылдар б.з.б — Тегеатидамен соғыс, Спартаның жеңуімен аяқталады.
- 464 — 455 жылдар б.з.б. — Үшінші Мессения соғысы(Мессениядағы илоттар көтерілісі).
- 460 — 445 жылдар б.з.б — Пелопоннесс соғысы. Афина мен Спартаның 30 жылға соғыс тоқтату келісімі.
- 457 жыл б.з.б — Танагр түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңісі.
- 431 — 404 жылдар б.з.б — Пелопоннесс соғысы. Спарталықтар афиндықтарды жеңіп Грекиядағы доминантты мемлекет болды.
- 427 жыл б.з.б — Спарталықтардың Платейді жаулап, тұрғындардың көп бөлігін жойды.
- 425 жыл б.з.б — Пилос түбіндегі спарталықтардың жеңілісі.
- 422 жыл б.з.б — Амфиполе түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңісі.
- 418 жыл б.з.б — Мантинея түбіндегі шайқас. Спарталықтар жеңісі.
- 395 — 387 жылдар б.з.б — Коринф соғысы. Спарта мен Парсы жеңісі.
- 371 жыл б.з.б — Левктрах түбіндегі шайқас. Спарта Фивамен шайқаста күшін жоғалтады.
- 362 жыл б.з.б — Мантинея түбіндегі шайқас. Спарталықтар жеңісі.
- 331 жыл б.з.б — Спарта и Македония соғысы.
- 331 жыл б.з.б — Мегалополе түбіндегі шайқас. Спарталықтар мен одақтас мемлекеттердің жеңілісі.
- 245 — 241 жылдар б.з.б — Агис реформасы сәтсіз аяқталды.
- 235 — 221 жылдар б.з.б — Клеомен реформасы сәтті орындалғанымен макендон патшасы Антигон III Спартадан Селласия түбіндегі шайқаста жеңілгеннен кейін реформаны алып тастады.
- 229 — 222 жылдар б.з.б — Клеомен соғысы. Спартаның Ахэй одағы мен Македонияға гегемония үшін Пелопоннесстегі қарсы соғысы.
- 222 жыл б.з.б — Селласия түбіндегі шайқаста Спарта ауыр жеңіліске ұшырайды. Спартаны Эллиндық одаққа кұшпен кіргізеді.
- 220 — 217 жылдар б.з.б — Одақтастар соғысы. Спарта Этолия одағымен бірге Эллиндық одаққа қарсы соғысы.
- 215 — 205 жылдар б.з.б — Бірінші Македония соғысы.
- 207 жыл б.з.б — Мантинея түбіндегі шайқас. Спарталықтардың ауыр жеңілісімен және патша Маханида өлімімен аяқталды.
- 204 жыл б.з.б — спарталықтар жаулауға тырысты Мегалополь.
- 201 жыл б.з.б — спарталықтар Мессенияға шабуылдайды, бірақ Тегейден жеңіліске ұшырайды.
- 195 жыл б.з.б — Лакония соғысы, Спарта жеңілісі және Ахей одағына қосылуы.
- 147 жыл б.з.б — Спарта Ахей одағынан шығып Римнен қолдау алып отырады. Ахей соғысы басталды..
- 146 жыл б.з.б — бүкіл Грекия Рим империясының астында қалып Ахей провинциясына айналды. Кезіндегі атақтары үшін Спарта мен Афина өздерінің территориясы аумағында өз өзін билеу құқығын алады.
Афины мемлекеті
Афина қаласы ежелгі өркениет орталықтарының бірі, Грекияның астанасы. Эгей теңізінің жағасында, Аттика түбегіндегі төбелі жазықта орналасқан қала. Ол өзімен іргелес жатқан ең ірі теңіз порты — Пиреймен қосылып, үлкен Афинаны құрайды (аумағы 433,28 км²). Афина — Жерорта теңізінің жағалауындағы ең ірі қалалардың бірі. Тұрғыны 3,4 млн. адам (1994). Климаты жерортатеңіздік (жазы — ыстық, қуаң, қысы — жылы, жаңбырлы), қаңтар айының орташа температурасы 90С, шілде айының орташа температурасы 270С. Ежелгі Грекия тарихында Спартамен қатар жетекші рөл атқарған қала-мемлекет. Қала әйел құдай Афина Палладаның (Зевстің қызы) есімімен аталған. Қала-мемлекеттің қалыптасу тарихын баяндайтын негізгі еңбек — Аристотельдің “Афина политиясы”. Афиналықтар шежіресі бойынша, қала Афина акрополінің төңірегінде (бұл жерде микен дәуірінің кезінде-ақ бекініс тәрізді елді мекендер мен б.з.б. 16 — 13 ғасырларда салынған сарайлар болған) таңдаулы рулық қауымдарды біріктірудің нәтижесінде пайда болған. Б.з.б. 5 ғасырдың 2-жартысында бұған дейін бірнеше әлеуметтік-саяси реформаларды басынан өткерген Афина мәдени гүлденудің (“Периклдің алтын ғасыры” деп аталатын) ең биік деңгейіне жетті. Афинада көрнекті ғалымдар, суретшілер мен ақындар: тарихшы Геродот, философ Анаксагор, мүсінші Фидий, ақындар Эсхил, Софокл, Еврипид, комедияшы Аристофан өмір сүрді. Афиналық жазушылардың тілі — аттика диалектикасы бүкіл эллиннің әдеби тіліне айналды. Әсем үйлер салынды. Гипподам жобасы бойынша салынған тұтас бекіністің Акрополь ансамблін құрайтын негізгі ғимараттары — әлемдік сәулет өнерінің озық үлгілерінің бірі Парфенон храмы (б.з.б. 438 — 447 жылдары салынған), Фидийдің мүсіндері, т.б. бейнелеу өнерінің туындылары кейінгі ғасырлар суретшілері үшін шеберлік мектебі іспеттес болды. Алайда, “алтын ғасыр” ұзаққа созылған жоқ.
Адамзат өркениеті ошағының бірі болған Афина ішкі жанжалдардың, алауыздықтың салдарынан, 176 жылы Римнің қол астына өтті. Рим үстемдігіне қарсы бас көтерген Афинаны Корнелий Сулланың әскерлері жаулап, қалаларын қиратты. Б.з. 3 ғасырында сыртқы жаулардың шапқыншылығынан Афина біржола дербестігін жоғалтты. Қазіргі Афинада ежелгі грек, рим заманы мен орта ғасырлардың сәулет ескерткіштері жақсы сақталған.
Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым
Грек мектептері
Ежелгі грек мектептері үш басқышты болған. Олада көбінесе ауқатты адамдардың балалары ғана оқыған. Бірінші басқышты мектеп жасына дейінгі тəлім-тəрбие (3-7) беретін орын деп атаған, екінші басқышта 7-12 жасар балалар оқыған, ал үшінші басқышты "гимнасия" деп аталды.
Ауқатты гректердің ұл балалары үш жасынан бастап үйде тəрбиеленді. Олар арнайы үй тəрбиешілерінен тəлім-тəрбие алып отырған. Тəлім-тəрбие беретіндер педагог-мұғалімдер. Тəрбиеленушілер сурет салуды, балшықтан əртүрлі ойыншықтар жасауды, үй тұрғызуды үйренген. Олар осы жасқа лайықты түрлі спорт ойындарымен де айналысты.
Ғылыми білімдер
Грек ойшылдары, ғалымдары жəне ақын-жазушылары Шығыстың өркениетті елдерімен байланыста болған. Олар Шығыс елдерінің ғасырлар бойы жинақтаған тəжірибелерін пайдаланған. Шығыс елдеріндегі ғылымның жаңа табыстарымен табысып отырған. Гректер ертеден-ақ табиғаттың түрлі құбылыстарын бақылап, көптеген елдерге саяхат жасаған. Ежелгі Шығыс елдерінің ғылыми ой-пікірлерімен таныс болуы Грекияда табиғат жайлы ғылымның қалыптасуына жол жол ашқан.
Грек тарихшылары мен философтары
Б.з.б. 5 ғасырда тарих саласындағы еңбектер пайда бола бастады. Мұндай еңбектердің негізін ежелгі грек тарихшысы Геродот қалаған. Геродоттың "Тарих" атты кітабы ежелгі Грекия мен Азия, Египет халықтарының тарихын зерттеуге үлкен үлес қосты. Осы кітаптың алғысөзін мынандай сөздермен бастаған: "Геродот көптеген халықтардың ұлы жəне даңқты істері ұмытылып қалмауы үшін осы мəліметтерді жинады жəне жазып шықты". Осы еңбегінде көптеген географиялық, этнографиялық жəне тарихи материалдар да жинақталған.
Философия ғылымының негізін салушылардың бірі Аристотель болды. Ол б.з.б. 384-322 жылдары өмір сүрген ғұлама ғалым. Көптеген ғылымдардың негізін қалаушы, жан-жақты білімді адам ретінде даңқы шыққан. Ол философия, тарих, математика, жаратылыстану жəне тағы басқа ғылыми білімдердің қалыптасуына зор үлес қосқан. Аристотель сол кездегі барлық жинақталған ғылыми білімдерді жеке-жеке салаларға бөлген. Бұл дүниежүзілік ғылымның дамуындағы үлкен қадам болды. Оның "Саясат" деген еңбегі мемлекет жəне мемлекеттің құрылымына, түрлеріне айналды.
Ежелгі грек философы Демокрит атом ілімінің алғашқы өкілдерінің бірі саналады. Ол 300-ге жуық шығарма жазған. Сонымен қатар физика, математика, музыка жəне поэзиямен де шұғылданған. Табиғатты терең зерттеп, көптеген халықтардың ғылыми білімдерімен танысқан. Демокрит тұңғыш рет дүние өте ұсақ бөлшектерден - атомдардан тұрады, атомдар мəңгілік жəне қозғалыста болады деген пікір айтқан.
Ежелгі грек өнері
Зевстің алтың мүсіні
Зевстің алтын мүсіні – кезінде Ежелгі Грекиядағы Олимп тауында Зевс құдайға орнатылған ескерткіш, “әлемнің жеті кереметінің” бірі. Б.з.б. 5 ғ-да өмір сүрген белгілі афиналық мүсінші Фидий сомдаған. Ежелгі гректер құдайлардың құдайы деп сенген Зевске арнап ақ мәрмәрдан зәулім сарай тұрғызған болатын. Фидий өзінің мүсінін осы сарай ішіне сомдаған. Тақта отырған құдай мүсінінің биіктігі 17 м болған, ол сарай төбесіне сәл-ақ тимей тұрған. Зевс отырған тақ түгелдей алтын және піл сүйегінен жасалған. Негізгі ағаштан істелген құдай мүсінінің беті, қолы, аяғы және ашық төсі өте нәзік зергерлікпен өңделген піл сүйегімен түгелдей қапталған. Мүсіннің белден төм. бөлігі гүлдермен, жұлдыздармен, әр түрлі хайуанаттар бейнесімен көркемделген алтын жамылғымен жабылған. Мүсінші Зевстің бір қолына ұстатқан жеңімпаздық құдайы Ника бейнесі де, екінші қолындағы қыран қонған тұғыр да алтын мен піл сүйегінен жасалған еді. Ал Зевстің басына таза алтыннан өрілген тәж кигізілген болатын. Ежелгі гректер ең үлкен бақытсыздық – Зевс құдайдың алтын мүсінін көрместен бұрын өліп кету деп есептеген. Сондықтан да ес білген әр адамға бұл бейнені көру арман болған. Б.з. 5 ғ-нда Зевс мүсінін Грекиядан Константинопольге (қазіргі Стамбұлға) көшірген. Мүсін сонда өртте қалып жоқ болды. Бірақ оны көрген адамдардың жан-жақты суреттеп, сипаттап қалдырған көптеген қолжазбалары арқылы Зевстің алтын мүсінінің қандай болғанын көзге елестетуге болады.
Ежелгі грек театры
Театрдың даму кезеңдерінің бірі — көне замандағы театр мәдениеті. Ертедегі грек драмасы мен театры — жүзім мен шарап жасау Құдайы Дионистің құрметіне ауылдык жерде мереке өткізу негізінде пайда болды. Бұл мерекелерде маскалы адамдар, теке терісін кигендер (теке — Дионистің қасиет тұтатын жануары) өнер көрсетті. Маскалылар хорының би аралас әндерінде диалог элементтері мен сахналық қимыл- әрекет басым жатты. Эллинистік дәуірге дейін хор грек драмасындағы басты элемент болып келді. Феспид бірінші болып б.з.д. 534 жылдың көктемінде Ұлы Дионис мерекесінде, өзінің трагедиясын көрсетіп, бас жүлдеге ие болды. Сондықтан да б.з.д. 534 жыл әлем театрының туған жылы деп саналады. Ақын Феспид хордан ерекше орындаушыны — актерді бөліп шығарды. Сөйтіп, дүниеге бірінші актер — протагонист келді. Хор басшысы — корифей бастаған хор 12, кейіннен 15 адамнан құралды. Грек драмасы өзінің даму процесінде діни әдет-ғұрыптардан бірте-бірте алшақтай берді. Сонымен бірге драма грек мифтеріндегі материалды молынан пайдаланды.
Қазір біз қолданатын "трагедия" және "комедия" сөздері Ежелгі Грекияда өткен мерекелерден шыққан. "Трагедия" сөзі гректің екі сөзінен алынған: "трагос" — теке және "одэ" — өлең, ән, яғни "текелер әні" деген ұғымды береді. Бұл ат бізді Дионистің серіктері — сатирлерге әкеледі. Сатирлер адам мен текенің қосындысынан тұрады: денесі адамдікі болғанымен, текенің мүйізі, сақалы, тұяқтары, құйрығы, жүні, т.б. белгілерін жапсырып алған.
Комедия
"Комедия" сөзі "комос" — Диониске арналған мейрамдағы көшеде қыдырып жүрген қызу әрі көңілді халық және "одэ" — өлең, ән деген ұғымдардан шығып, қыдырып жүрген халықтың әні деп аударылады. Гректің ақындары —Эсхил, Софокл, Еврипид, Аристофанның шығармалары грек халқының қоғамдық-саяси және рухани өмірін жан-жакты көрсетті. Театр ойындары ашық далада өткізілді. Театр ғимараты орхестрен (дөңгелек алаң), театрыннан (көрермендер орны) және скенадан (алғашқы актерлердің киініп, сахнаға шығуына прпалған жай палатка) кұралды. Ежелгі Грекия театрларына көп көрермен сыятын.
Мысалы, Дионистің Афиныдағы театры 17 мың пдамға арналса, Эпидаврдағы театрға 10 мыңдай адам бара алатын. Көрермендерге — бүкіл Афины азаматтарына театр ойын-сауықтарына бару үшін мерекелік ақша берілетін, ал олар сол ақшаға отыратын орындары көрсетілген арнаулы темір жетондарды сатып алатын. Қойылымдар таңертең басталып үш күнге созылатындықтан, көрермендер тамағы мен сусындарын өздерімен арқалап әкелетін.
Спектакль
Спектакльдер көрсетілген кезде барлық, жұмыстар тоқтатылып, соттар жабылып, түрмедегі адамдар босатылатын. Театрға ерлер, әйелдер, балалар, тіпті үй құлдарына дейін — бәрі баратын. Театралогия немесе жеке драма жазған драматург мейрамды ұйымдастырушы архонттан хор сұрайды. Архонт оны бай азаматтардан таңдалып алынған мемлекеттік міндет ретінде хор жинау, оны үйрету, мейрамнан кейінгі асты ұйымдастыру жүктелген хорегке тапсырады. 10 антикалық филдерден қазылар алқасы құрылады. Үш күндік байқаудан кейін жеребе бойынша таңдалып алынған 5 қазы соңғы шешімді шығарады. Үш жеңімпаз ақшалай марапатталған, бірақ шырмауық ағашының жапырақтарынан тоқылған тәжді тек бас жүлдеге ие болған драматургке кигізген. Бұл театр байқауында үшінші орын алу жеңілумен тең болды. Байқауға тек жаңа шығармалар қатысатын, ал егер де біреу бұрын қойылған ескі шығармасын ұсынса, ол байқаудан тыс көрсетілген. Актер-протагонист үлкен кұрметке ие болып, тіпті мемлекеттік тапсырмаларды да орындаған. Екінші және үшінші актерлер тікелей бірінші актерге міндетті болып, одан акы алып тұрған. Ақындар, хорегтер ,және басты рөл ойнаған актер- протагонистердің есімі арнайы актілерге жазылып, мемлекеттік архивте сақталған.
Б.з.д. IV ғасырдан бастап жеңімпаз-драматургтердің есімдері дидаскалийлерге — мәрмәр тақталарға жазыла бастады. Театрларда әйел рөлдерін ерлер орындады. Актерлердің бәрі де маска, әдемі костюмдер, бойларын ұзын қылып көрсететін табаны биік аяқ киім — котурныларды (20—ЗОсм) және биік бас киім киіп ойнады. Үлкен театрда маскалар көрермендердің актерлерді алыстан көруі њшін ыңғайлы болды және актерлер де маскаларды ауыстыру арқылы екі-үш рөлдерді бір-ақ орындады. Маскалар ағаштан не кенептен жасалды (кенеп каркасқа тартылып, гипспен жабылып, боялған). Маска тек бетті ғана емес, бүкіл басты жапқан, сондықтан парикті гректер тікелей маскаға орнықтырған. Грек актерлері би, қимыл-қозғалыс өнерін шебер меңгеруі керек болды. Маска киіп мимикадан айырылғандықтан қимыл-қозғалысқа, пантомимаға үлкен көңіл бөлінді. Көрініс кезінде Құдайлар пайда болу үшін сахнада көтерме машиналар қолданылды. Сонымен қатар спектакльде найзағайдың, күнніћ күркіреген дыбыстарын шығаратын және көрермендерге көрсету эффектісін тудыратын көптеген машиналар болды.
Грекиялық мерекелер мен ойындар
Олардың мереклері мен ойындары бүкілхалықтық сипат алды. Бұл мерекелр грекиялықтардың негізгі кәсібі мен әдет-ғұрыптанына байланысты болған. Олар Дионис, Деметра, Зевс құдайларының құрметіне және ынтымақ пен бірлікке арналған. Грекиядағы басты мереке ынтымақ мерекесі болды.Ол жаңа жылдың алғашқы айында өткізілді. Мереке қатарынан алты күнге созлды. Бұл мереке халықты бірігуге, бір орталыққа бағынуға, бірлесіп кәсіп жасауға, ынтымақтасып өмір сүруге шақырды. Мереке түн ішінде қолға шамшырақ ұстап жүгіруден басталды. Одан кейін халықтық шеру болды.мереке күндері ақындардың, әншілердің, музыканттардың жарыстары өткізілді. сонымен бірге әр түрлі спорт жарыстары да ұйымдастырылды. Дионис құдайдың құрметіне жасалған мерекенің маңызы зор болды. Бұл егіншілердің мерекесі болды. Мереке күндері ауқатты отбасылар құрбандыққа мал сойды. Дионис мейрамында егіншілер ауыл мен қала көшелерінде салтанатты шеру тартқан. Олар хормен дионис туралы мифті әнге қосқан. Егіншілер сыбызғы мен сылдырмақ үніне қосылып би билеген.
Олимпиялық ойындар
Олимпиялық ойындар Палепоннестің әдемі жеріне орналасқан олимпия қаласында өткізілген. Гректер үшін Олимп қасиетті жер. Оның ортасында Зевс құдайына арналған храм бар. Ойын Зевс құдайының құрметіне төрт жылда бір рет өткізіліп отырған.Бұл ойындарда атлеттер: жүгіруден, секіруден, диск пен найза лақтырудан өздерінің ептіліктерін, мықтылықтарын сынға салды.Тұңғыш Олимпия ойындары б.з.б 776 жылы өтті. Ойын үнемі жаз айларында болды. Олимпия ойындарның алғашқы күндері сайысқа қатысушылар , төрешілер құрбандық шалып , адал сайысу үшін ант берген. Ойынның ең соңғы бесінші күні Зевс храмының алдында жеңімпаздарды марапаттаған. Сарапшылар жеңімпаздарға зәйтүн ағашының бұтағынан жасалған гүлалқа сыйлаған. Жеңімпаздардың туған қаласының атын шығарғаны үшін, оның құрметіне мүсін тұрғызған.Олимпиялық ойындар қазірде дүниежүзілік болып өтеді.
Діни нанымдары мен мифтері
Гректерде діни нанымдар б.з.б XI-IX ғасырларда пайда болған.Халық ауа райының тосын және ауыр жағдайларын құдайлардың ісі деп есептеген. Құдайлар бірдей мейірімсіз, мейірімді бола алады деп сенген-мыс. Олар 46 - ға жуық құдайларға сенген. Халық оларды Олимп тауының шыңында, өз сарайларында тұрады деп сенген. Гректер құдайларға құрбандық шалған, храмдар тұрғызған, олар жайлы аңыздар шығарған. Табиғаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, оқиғалар туралы аңыз әңгімелерді мифтер деп атаған. Грек мифтері түрлі ғажайып құбылыстарды, батырлардың қаһармандығы туралы болды. ежелгі мифтерді жыршы ақындар ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырған. Ежелгі Гректердің танымал мифі "Аргоновтар туралы миф".
Сәулет өнері
Грекияда б.з.б V ғасырда сәулет өнері жоғары қарқынмен дамыды. Әсіресе, Афины ерекше гүлденіп, әсем қалаға айналды. Афинаның ең көрікті жері акрополь мен агора болып саналған. Бұл жерлерде храмдар, театрлар, әкімшілік ғимараттар, шонжарлардың әсем үйлері орналасты. Гректер сәулет өнерінің үш стилін қалдырған: коринфтік, дориилік, иониилік.Дориилік стиль қарапайым плиталармен көмкерілеген сәнді бағаналар. Ал, иониилік және кориинфтік стиль - сымбатты, әдемі өрнекпен әшекейленген сәнді бағаналар.
Дереккөздер
- Richard Tarnas, The Passion of the Western Mind (New York: Ballantine Books, 1991).
- Colin Hynson, Ancient Greece (Milwaukee: World Almanac Library, 2006), 4.
- Carol G. Thomas, Paths from Ancient Greece (Leiden, Netherlands: E. J. Brill, 1988).
- Лейст О. История политических и правовых учений. Гл. 13.
- Реале Дж., Антисери Д. Западная философия от истоков до наших дней.
- Ancient Greek Theater Discovered — Discovery Channel
- Ежелгі дүние тарихы. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық. Алматы : " Атамұра "
- Ежелгі дүние тарихы - 6 сынып - Алматы: Атамұра баспасы 2006
уикипедия, wiki, кітап, кітаптар, кітапхана, мақала, оқу, жүктеу, тегін, тегін жүктеу, mp3, видео, mp4, 3gp, jpg, jpeg, gif, png, сурет, музыка, ән, фильм, кітап, ойын, ойындар, ұялы, андроид, iOS, apple, ұялы телефон, samsung, iphone, xiomi, xiaomi, redmi, honor, oppo, nokia, sonya, mi, ДК, веб, компьютер
Ezhelgi Grekiya nemes Ellada gr Ellada b z b III mynzhyldyktan b z b I gasyryna dejin bolgan ezhelgi grek memleketteri zherinin zhalpy aty Balkan tүbeginin ontүstigin Egej tenizdegi araldardy Frakiya zhagalauyn Kishi Aziyanyn batys onirin ala ornalaskan ParthenonBul makalany Uikipediya sapa talaptaryna lajykty boluy үshin uikilendiru kazhet Grek otarshyldygy dәuirinde b z b 8 6 g bul memleketter oz ykpalyn Italiya Shygys Siciliya Ontүstik Franciya zherine Afrikanyn soltүstik zhagalauyna Kirenaikaga Қara teniz ben Azov Tenizinin bugazdary men zhagalaularyna dejin taratyp sol zherlerde grek otarlary ashylgan Tarihshylardyn kobisi Ezhelgi Grekiyany batys orkenietinin negizin salushysy retinde karastyrady Ezhelgi Grekiya orkenieti әlemdik demokratiyanyn otany retinde batys filosofiyanyn arhitekturanyn mүsindemenin poeziyanyn teatrdyn zhәne gylymdardyn negizgi principterinin negizdeushi Olimpiady ojyndardyn bastaushysy bolyp esepteledi Grek mәdenieti Rim imperiyasynyn mәdenietinin damuyna yagni zhalpy europalyk mәdenietinin damuyna үlken әser etken GeografiyasyEzhelgi Grekiyanyn ajmaktary Soltүstik batys zhagynda Ezhelgi Grekiya soltүstik shygysynda Ezhelgi Makedoniyamen batysynda Ion Siciliya tenizimen shygysynda Egej zhәne Frakij tenizderinin sularymen zhuylgan Negizgi үsh ajmakka bolingen Soltүstik Grekiya Orta Grekiya Soltүstik Grekiya Pind tau zhotasymen ekige bolingen batys zhagynda Epir zhәne shygys zhagynda Fessaliyaga Orta Grekiya Soltүstik Grekiyadan Timfrest zhәne Eta taularymen bolinip 10 ajmaktan kuralgan Ozolskaya Lokrida Epiknemid Lokrida Opunt zhәne Attika Peloponnes kalgan Grekiyamen ensiz 6 km bajlanyskan Peloponnestyn ortalygy bolgan Ezhelgi Grekiyada үsh үlken arhipelagka zhәne Ion araldary kuralgan birneshe zhүz araldar bolgan en irileri Krit zhәne Evbeya Balkan zhartyaralyndagy Grekiya kobine tauly zher koptegen shyganaktarymen zhagalauy kesindilengen el bolgan TarihyArheologiyalyk kazba derekterine karaganda Makedoniyadan Elidaga dejingi Ezhelgi Grekiya zherin adam orta paleolit dәuirinde 100 40 mynynshy zh sh mekendej bastagan Neolit dәuirinde 7 mynzhyldyktyn orta kez shamasy 2800 zh sh Grekiyanyn halky eginshilikti igerip mal sharuashylygymen ajnalyskan otyrykshy omir sүrgen Orta paleolit dәuirinde kalyptaskan ru kurylysy neolit dәuirinde әbden kemeline keldi Grekiyanyn soltүstiginde Sesklo Dimini zhәne Larisa mәdenieti damydy 5 4 myn zhyldyktardy kurlyktagy Grekiyada Egej tenizinin araldarynda әsirese Kritte neolit mәdenietinin zhergilikti nuskalary kalyptasa bastady Ezhelgi Grekiya tarihynda tarihshylar kelesi kezenderdi belgilejdi Egej mәdenieti b z b III mynzhyldyktyn sony II mynzhyldyk Minoj zhәne Miken orkenieti Minoj orkenieti Krit Erte minoj kezeni b z b XXX XXIII gg Orta neminoj kezeni b z b XXII XVIII gg Kejingi minoj kezeni b z b XVII XII gg Balkan Grekiyasy Erte ellada kezeni b z b XXX XXI gg Orta ellada kezeni b z b XX XVII gg Kejingi ellada kezeni b z b XVI XII gg nemese Miken orkenieti b z b XI IV gg Gomer kezeni nemese karangy gasyrlar b z b XI IX gg b z b VIII VI gg b z b IV I gge Birinshi ellinistik kezeni b z b 334 281 zh Ekinshi ellinistik kezeni b z b 281 150 zh Үshinshi ellinistik kezeni b z b 150 30 zh Polis kala memleketi Polis kala memleket Ezhelgi Grekiya men Rimge tәn kogamnyn әleumettik ekonomikalyk sayasi ujymdarynyn erekshe tүri Polis zheri kala aumagynan onyn ajnalasyndagy halky eginshilikpen shugyldanatyn mekenderden kuraldy Memlekettik apparaty halyk zhinalysynan kenesten zhәne sajlanyp kojylatyn tүrli kyzmet adamdarynan magistrattardan turdy Halyk zhinalysy bileushinin memleketti baskaru kukyn kamtamasyz etip otyrdy Polister oligarh mys Sparta nemese demokratiyalyk mys Afiny tүrinde boldy Sparta eginshilik Poliske Korinf sauda koloneri Polisine zhatty P Grekiyada b z b 4 gasyrdyn basynda Rimde b z b 3 1 gasyrlarda dagdaryska ushyrap zhojyldy Ezhelgi Sparta Spa rta kone grekshe Sparth lat Sparta nemese Lakedemon kone grekshe Lakedaimwn lat Lacedaemon ezhelgi grek kala memleketi polis algashynda Evrot ozeninin alabynda Lakonika ajmagy ornalaskan kejin b z b 6 1 gasyrlarda Peloponnestin ontүstik boligin kamtygan Gomerdin Iliada shygarmasyna karaganda Sparta Lakonikanyn ahejyalyk 12 kauymynyn biri B z b 12 gasyr shamasynda dorijlikter Peloponneske basyp kirip Sparta konystaryn kiratty Arheologiyalyk mәlimetter bojynsha zhana dorij konysy Sparta degen atpen b z b 10 9 gasyrlarda baska zherde Evrot ozennin zhagasynda pajda bolgan B z b 8 6 gasyrlarda Sparta korshi ajmaktar batysta Messaniyany shygysta Klauriyany zhaulap aldy Spartanyn barlyk zheri memlekettik menshigine alyndy Bul zherler Spartanyn tolyk kukyly azamattary spartalyktarga mura retinde pajdalanuga berildi Zherdi basybajly kuldar ilottar on dedi Al Spartanyn buryngy zhergilikti halky periekter zheke basy erikti birak sayasi kuky zhok kolonermen zhәne saudamen ajnalysty Spartalyktardyn ozderi zheti zhasynan әskeri kyzmetke tartyldy Spartanyn sayasi kurylysy rulyk tajpalyk sipatta boldy Halyk zhinalysy apella zhogargy organ sanaldy Memleketti eki әuletten Evriponij zhәne Ashad shykkan eki patsha baskardy Olar әskeri zhasaktarga zhetekshilik etip birkatar dini mindetterdi zhүzege asyryp otyrdy al ishki zhәne syrtky sayasattyn asa manyzdy mәselelerin aksakaldar kenesi gerusiya sheshti Ekonomikaalyk zhagynan Sparta koloner men saudasy nashar damygan rulyk katynastar saktalgan agrarlyk kauym boldy Sәulet oneri men onerge mәn berilmedi Zandar ote katal bolyp tәueldi halykty ayausyz kanady B z b 6 gasyrdyn ayagynda Sparta Peloponnes odagyn baskaryp bүkil Grekiyada bilik zhүrgizu үshin Afinymen Peloponnes sogysyn b z b 431 404 zhүrgizdi Sparta zheniske zhetip biraz uakyt Grekiyada үstemdik kurdy Birak bileushilerdin ishki dagdarysy Spartanyn sogys kүshin әlsiretti Ol b z b 371 362 zhyly bolgan sogystarda oz karsylastarynan kүjrej zhenildi B z b 338 zhyly Sparta Makedoniyaga al 146 zhyly Rimge bagynyp memleket retinde zhojylyp ketti Sparta tarihy XI gasyr b z b Sparta kala memleket kuryluy X gasyr b z b Dorijlikter Lakoniya territoriyasyn zhaulady Zharty turgyn ahejlikterdi periekterge ajnaldyrdy Politikada kүshi zhok birak tәuelsiz azamat al kalgandaryn ilottarga ajnaldyrdy memlekettik kul dorijlikter bileushi spartiattar boldy IX gasyr b z b Likurg baskaru zandary Spartany әskeri kүshti memleketke ajnaldyrdy 743 724 zhyldar b z b Birinshi Messeniya sogysy Sparta Messenanyn bir boligin zhaulady 685 668 zhyldar b z b Ekinshi Messeniya sogysy Sparta Messenanny tүgeldej zhaulady 500 449 zhyldar b z b Grek parsy sogystary 480 zhyl b z b Fermopil shajkasy 300 spartalyktar erligi 479 zhyl b z b Plateya tүbindegi shajkas Spartalyktar men odaktas memleketterdin zhenisi 479 464 zhyldar b z b Tegeatidamen sogys Spartanyn zhenuimen ayaktalady 464 455 zhyldar b z b Үshinshi Messeniya sogysy Messeniyadagy ilottar koterilisi 460 445 zhyldar b z b Peloponness sogysy Afina men Spartanyn 30 zhylga sogys toktatu kelisimi 457 zhyl b z b Tanagr tүbindegi shajkas Spartalyktar men odaktas memleketterdin zhenisi 431 404 zhyldar b z b Peloponness sogysy Spartalyktar afindyktardy zhenip Grekiyadagy dominantty memleket boldy 427 zhyl b z b Spartalyktardyn Platejdi zhaulap turgyndardyn kop boligin zhojdy 425 zhyl b z b Pilos tүbindegi spartalyktardyn zhenilisi 422 zhyl b z b Amfipole tүbindegi shajkas Spartalyktar men odaktas memleketterdin zhenisi 418 zhyl b z b Mantineya tүbindegi shajkas Spartalyktar zhenisi 395 387 zhyldar b z b Korinf sogysy Sparta men Parsy zhenisi 371 zhyl b z b Levktrah tүbindegi shajkas Sparta Fivamen shajkasta kүshin zhogaltady 362 zhyl b z b Mantineya tүbindegi shajkas Spartalyktar zhenisi 331 zhyl b z b Sparta i Makedoniya sogysy 331 zhyl b z b Megalopole tүbindegi shajkas Spartalyktar men odaktas memleketterdin zhenilisi 245 241 zhyldar b z b Agis reformasy sәtsiz ayaktaldy 235 221 zhyldar b z b Kleomen reformasy sәtti oryndalganymen makendon patshasy Antigon III Spartadan Sellasiya tүbindegi shajkasta zhenilgennen kejin reformany alyp tastady 229 222 zhyldar b z b Kleomen sogysy Spartanyn Ahej odagy men Makedoniyaga gegemoniya үshin Peloponnesstegi karsy sogysy 222 zhyl b z b Sellasiya tүbindegi shajkasta Sparta auyr zheniliske ushyrajdy Spartany Ellindyk odakka kushpen kirgizedi 220 217 zhyldar b z b Odaktastar sogysy Sparta Etoliya odagymen birge Ellindyk odakka karsy sogysy 215 205 zhyldar b z b Birinshi Makedoniya sogysy 207 zhyl b z b Mantineya tүbindegi shajkas Spartalyktardyn auyr zhenilisimen zhәne patsha Mahanida olimimen ayaktaldy 204 zhyl b z b spartalyktar zhaulauga tyrysty Megalopol 201 zhyl b z b spartalyktar Messeniyaga shabuyldajdy birak Tegejden zheniliske ushyrajdy 195 zhyl b z b Lakoniya sogysy Sparta zhenilisi zhәne Ahej odagyna kosyluy 147 zhyl b z b Sparta Ahej odagynan shygyp Rimnen koldau alyp otyrady Ahej sogysy bastaldy 146 zhyl b z b bүkil Grekiya Rim imperiyasynyn astynda kalyp Ahej provinciyasyna ajnaldy Kezindegi ataktary үshin Sparta men Afina ozderinin territoriyasy aumagynda oz ozin bileu kukygyn alady Afiny memleketi Afina kalasy ezhelgi orkeniet ortalyktarynyn biri Grekiyanyn astanasy Egej tenizinin zhagasynda Attika tүbegindegi tobeli zhazykta ornalaskan kala Ol ozimen irgeles zhatkan en iri teniz porty Pirejmen kosylyp үlken Afinany kurajdy aumagy 433 28 km Afina Zherorta tenizinin zhagalauyndagy en iri kalalardyn biri Turgyny 3 4 mln adam 1994 Klimaty zherortatenizdik zhazy ystyk kuan kysy zhyly zhanbyrly kantar ajynyn ortasha temperaturasy 90S shilde ajynyn ortasha temperaturasy 270S Ezhelgi Grekiya tarihynda Spartamen katar zhetekshi rol atkargan kala memleket Қala әjel kudaj Afina Palladanyn Zevstin kyzy esimimen atalgan Қala memlekettin kalyptasu tarihyn bayandajtyn negizgi enbek Aristoteldin Afina politiyasy Afinalyktar shezhiresi bojynsha kala Afina akropolinin tonireginde bul zherde miken dәuirinin kezinde ak bekinis tәrizdi eldi mekender men b z b 16 13 gasyrlarda salyngan sarajlar bolgan tandauly rulyk kauymdardy biriktirudin nәtizhesinde pajda bolgan B z b 5 gasyrdyn 2 zhartysynda bugan dejin birneshe әleumettik sayasi reformalardy basynan otkergen Afina mәdeni gүldenudin Perikldin altyn gasyry dep atalatyn en biik dengejine zhetti Afinada kornekti galymdar suretshiler men akyndar tarihshy Gerodot filosof Anaksagor mүsinshi Fidij akyndar Eshil Sofokl Evripid komediyashy Aristofan omir sүrdi Afinalyk zhazushylardyn tili attika dialektikasy bүkil ellinnin әdebi tiline ajnaldy Әsem үjler salyndy Gippodam zhobasy bojynsha salyngan tutas bekinistin Akropol ansamblin kurajtyn negizgi gimarattary әlemdik sәulet onerinin ozyk үlgilerinin biri Parfenon hramy b z b 438 447 zhyldary salyngan Fidijdin mүsinderi t b bejneleu onerinin tuyndylary kejingi gasyrlar suretshileri үshin sheberlik mektebi ispettes boldy Alajda altyn gasyr uzakka sozylgan zhok Adamzat orkenieti oshagynyn biri bolgan Afina ishki zhanzhaldardyn alauyzdyktyn saldarynan 176 zhyly Rimnin kol astyna otti Rim үstemdigine karsy bas kotergen Afinany Kornelij Sullanyn әskerleri zhaulap kalalaryn kiratty B z 3 gasyrynda syrtky zhaulardyn shapkynshylygynan Afina birzhola derbestigin zhogaltty Қazirgi Afinada ezhelgi grek rim zamany men orta gasyrlardyn sәulet eskertkishteri zhaksy saktalgan Ezhelgi Grekiyadagy bilim men gylymGrek mektepteri Ezhelgi grek mektepteri үsh baskyshty bolgan Olada kobinese aukatty adamdardyn balalary gana okygan Birinshi baskyshty mektep zhasyna dejingi telim terbie 3 7 beretin oryn dep atagan ekinshi baskyshta 7 12 zhasar balalar okygan al үshinshi baskyshty gimnasiya dep ataldy Aukatty grekterdin ul balalary үsh zhasynan bastap үjde terbielendi Olar arnajy үj terbieshilerinen telim terbie alyp otyrgan Telim terbie beretinder pedagog mugalimder Terbielenushiler suret saludy balshyktan ertүrli ojynshyktar zhasaudy үj turgyzudy үjrengen Olar osy zhaska lajykty tүrli sport ojyndarymen de ajnalysty Ғylymi bilimder Grek ojshyldary galymdary zhene akyn zhazushylary Shygystyn orkenietti elderimen bajlanysta bolgan Olar Shygys elderinin gasyrlar bojy zhinaktagan tezhiribelerin pajdalangan Shygys elderindegi gylymnyn zhana tabystarymen tabysyp otyrgan Grekter erteden ak tabigattyn tүrli kubylystaryn bakylap koptegen elderge sayahat zhasagan Ezhelgi Shygys elderinin gylymi oj pikirlerimen tanys boluy Grekiyada tabigat zhajly gylymnyn kalyptasuyna zhol zhol ashkan Grek tarihshylary men filosoftary B z b 5 gasyrda tarih salasyndagy enbekter pajda bola bastady Mundaj enbekterdin negizin ezhelgi grek tarihshysy Gerodot kalagan Gerodottyn Tarih atty kitaby ezhelgi Grekiya men Aziya Egipet halyktarynyn tarihyn zertteuge үlken үles kosty Osy kitaptyn algysozin mynandaj sozdermen bastagan Gerodot koptegen halyktardyn uly zhene dankty isteri umytylyp kalmauy үshin osy melimetterdi zhinady zhene zhazyp shykty Osy enbeginde koptegen geografiyalyk etnografiyalyk zhene tarihi materialdar da zhinaktalgan Filosofiya gylymynyn negizin salushylardyn biri Aristotel boldy Ol b z b 384 322 zhyldary omir sүrgen gulama galym Koptegen gylymdardyn negizin kalaushy zhan zhakty bilimdi adam retinde danky shykkan Ol filosofiya tarih matematika zharatylystanu zhene tagy baska gylymi bilimderdin kalyptasuyna zor үles koskan Aristotel sol kezdegi barlyk zhinaktalgan gylymi bilimderdi zheke zheke salalarga bolgen Bul dүniezhүzilik gylymnyn damuyndagy үlken kadam boldy Onyn Sayasat degen enbegi memleket zhene memlekettin kurylymyna tүrlerine ajnaldy Ezhelgi grek filosofy Demokrit atom iliminin algashky okilderinin biri sanalady Ol 300 ge zhuyk shygarma zhazgan Sonymen katar fizika matematika muzyka zhene poeziyamen de shugyldangan Tabigatty teren zerttep koptegen halyktardyn gylymi bilimderimen tanyskan Demokrit tungysh ret dүnie ote usak bolshekterden atomdardan turady atomdar mengilik zhene kozgalysta bolady degen pikir ajtkan Ezhelgi grek oneriZevstin altyn mүsini Zevstin altyn mүsini kezinde Ezhelgi Grekiyadagy Olimp tauynda Zevs kudajga ornatylgan eskertkish әlemnin zheti keremetinin biri B z b 5 g da omir sүrgen belgili afinalyk mүsinshi Fidij somdagan Ezhelgi grekter kudajlardyn kudajy dep sengen Zevske arnap ak mәrmәrdan zәulim saraj turgyzgan bolatyn Fidij ozinin mүsinin osy saraj ishine somdagan Takta otyrgan kudaj mүsininin biiktigi 17 m bolgan ol saraj tobesine sәl ak timej turgan Zevs otyrgan tak tүgeldej altyn zhәne pil sүjeginen zhasalgan Negizgi agashtan istelgen kudaj mүsininin beti koly ayagy zhәne ashyk tosi ote nәzik zergerlikpen ondelgen pil sүjegimen tүgeldej kaptalgan Mүsinnin belden tom boligi gүldermen zhuldyzdarmen әr tүrli hajuanattar bejnesimen korkemdelgen altyn zhamylgymen zhabylgan Mүsinshi Zevstin bir kolyna ustatkan zhenimpazdyk kudajy Nika bejnesi de ekinshi kolyndagy kyran kongan tugyr da altyn men pil sүjeginen zhasalgan edi Al Zevstin basyna taza altynnan orilgen tәzh kigizilgen bolatyn Ezhelgi grekter en үlken bakytsyzdyk Zevs kudajdyn altyn mүsinin kormesten buryn olip ketu dep eseptegen Sondyktan da es bilgen әr adamga bul bejneni koru arman bolgan B z 5 g nda Zevs mүsinin Grekiyadan Konstantinopolge kazirgi Stambulga koshirgen Mүsin sonda ortte kalyp zhok boldy Birak ony korgen adamdardyn zhan zhakty surettep sipattap kaldyrgan koptegen kolzhazbalary arkyly Zevstin altyn mүsininin kandaj bolganyn kozge elestetuge bolady Ezhelgi grek teatry Epidavrdagy teatr Teatrdyn damu kezenderinin biri kone zamandagy teatr mәdenieti Ertedegi grek dramasy men teatry zhүzim men sharap zhasau Қudajy Dionistin kurmetine auyldyk zherde mereke otkizu negizinde pajda boldy Bul merekelerde maskaly adamdar teke terisin kigender teke Dionistin kasiet tutatyn zhanuary oner korsetti Maskalylar horynyn bi aralas әnderinde dialog elementteri men sahnalyk kimyl әreket basym zhatty Ellinistik dәuirge dejin hor grek dramasyndagy basty element bolyp keldi Fespid birinshi bolyp b z d 534 zhyldyn kokteminde Ұly Dionis merekesinde ozinin tragediyasyn korsetip bas zhүldege ie boldy Sondyktan da b z d 534 zhyl әlem teatrynyn tugan zhyly dep sanalady Akyn Fespid hordan erekshe oryndaushyny akterdi bolip shygardy Sojtip dүniege birinshi akter protagonist keldi Hor basshysy korifej bastagan hor 12 kejinnen 15 adamnan kuraldy Grek dramasy ozinin damu procesinde dini әdet guryptardan birte birte alshaktaj berdi Sonymen birge drama grek mifterindegi materialdy molynan pajdalandy Қazir biz koldanatyn tragediya zhәne komediya sozderi Ezhelgi Grekiyada otken merekelerden shykkan Tragediya sozi grektin eki sozinen alyngan tragos teke zhәne ode olen әn yagni tekeler әni degen ugymdy beredi Bul at bizdi Dionistin serikteri satirlerge әkeledi Satirler adam men tekenin kosyndysynan turady denesi adamdiki bolganymen tekenin mүjizi sakaly tuyaktary kujrygy zhүni t b belgilerin zhapsyryp algan Komediya Komediya sozi komos Dioniske arnalgan mejramdagy koshede kydyryp zhүrgen kyzu әri konildi halyk zhәne ode olen әn degen ugymdardan shygyp kydyryp zhүrgen halyktyn әni dep audarylady Grektin akyndary Eshil Sofokl Evripid Aristofannyn shygarmalary grek halkynyn kogamdyk sayasi zhәne ruhani omirin zhan zhakty korsetti Teatr ojyndary ashyk dalada otkizildi Teatr gimaraty orhestren dongelek alan teatrynnan korermender orny zhәne skenadan algashky akterlerdin kiinip sahnaga shyguyna prpalgan zhaj palatka kuraldy Ezhelgi Grekiya teatrlaryna kop korermen syyatyn Mysaly Dionistin Afinydagy teatry 17 myn pdamga arnalsa Epidavrdagy teatrga 10 myndaj adam bara alatyn Korermenderge bүkil Afiny azamattaryna teatr ojyn sauyktaryna baru үshin merekelik aksha beriletin al olar sol akshaga otyratyn oryndary korsetilgen arnauly temir zhetondardy satyp alatyn Қojylymdar tanerten bastalyp үsh kүnge sozylatyndyktan korermender tamagy men susyndaryn ozderimen arkalap әkeletin Spektakl Spektaklder korsetilgen kezde barlyk zhumystar toktatylyp sottar zhabylyp tүrmedegi adamdar bosatylatyn Teatrga erler әjelder balalar tipti үj kuldaryna dejin bәri baratyn Teatralogiya nemese zheke drama zhazgan dramaturg mejramdy ujymdastyrushy arhonttan hor surajdy Arhont ony baj azamattardan tandalyp alyngan memlekettik mindet retinde hor zhinau ony үjretu mejramnan kejingi asty ujymdastyru zhүktelgen horegke tapsyrady 10 antikalyk filderden kazylar alkasy kurylady Үsh kүndik bajkaudan kejin zherebe bojynsha tandalyp alyngan 5 kazy songy sheshimdi shygarady Үsh zhenimpaz akshalaj marapattalgan birak shyrmauyk agashynyn zhapyraktarynan tokylgan tәzhdi tek bas zhүldege ie bolgan dramaturgke kigizgen Bul teatr bajkauynda үshinshi oryn alu zhenilumen ten boldy Bajkauga tek zhana shygarmalar katysatyn al eger de bireu buryn kojylgan eski shygarmasyn usynsa ol bajkaudan tys korsetilgen Akter protagonist үlken kurmetke ie bolyp tipti memlekettik tapsyrmalardy da oryndagan Ekinshi zhәne үshinshi akterler tikelej birinshi akterge mindetti bolyp odan aky alyp turgan Akyndar horegter zhәne basty rol ojnagan akter protagonisterdin esimi arnajy aktilerge zhazylyp memlekettik arhivte saktalgan B z d IV gasyrdan bastap zhenimpaz dramaturgterdin esimderi didaskalijlerge mәrmәr taktalarga zhazyla bastady Teatrlarda әjel rolderin erler oryndady Akterlerdin bәri de maska әdemi kostyumder bojlaryn uzyn kylyp korsetetin tabany biik ayak kiim koturnylardy 20 ZOsm zhәne biik bas kiim kiip ojnady Үlken teatrda maskalar korermenderdin akterlerdi alystan korui њshin yngajly boldy zhәne akterler de maskalardy auystyru arkyly eki үsh rolderdi bir ak oryndady Maskalar agashtan ne kenepten zhasaldy kenep karkaska tartylyp gipspen zhabylyp boyalgan Maska tek betti gana emes bүkil basty zhapkan sondyktan parikti grekter tikelej maskaga ornyktyrgan Grek akterleri bi kimyl kozgalys onerin sheber mengerui kerek boldy Maska kiip mimikadan ajyrylgandyktan kimyl kozgalyska pantomimaga үlken konil bolindi Korinis kezinde Қudajlar pajda bolu үshin sahnada koterme mashinalar koldanyldy Sonymen katar spektaklde najzagajdyn kүnniћ kүrkiregen dybystaryn shygaratyn zhәne korermenderge korsetu effektisin tudyratyn koptegen mashinalar boldy Grekiyalyk merekeler men ojyndarOlardyn merekleri men ojyndary bүkilhalyktyk sipat aldy Bul merekelr grekiyalyktardyn negizgi kәsibi men әdet guryptanyna bajlanysty bolgan Olar Dionis Demetra Zevs kudajlarynyn kurmetine zhәne yntymak pen birlikke arnalgan Grekiyadagy basty mereke yntymak merekesi boldy Ol zhana zhyldyn algashky ajynda otkizildi Mereke katarynan alty kүnge sozldy Bul mereke halykty biriguge bir ortalykka bagynuga birlesip kәsip zhasauga yntymaktasyp omir sүruge shakyrdy Mereke tүn ishinde kolga shamshyrak ustap zhүgiruden bastaldy Odan kejin halyktyk sheru boldy mereke kүnderi akyndardyn әnshilerdin muzykanttardyn zharystary otkizildi sonymen birge әr tүrli sport zharystary da ujymdastyryldy Dionis kudajdyn kurmetine zhasalgan merekenin manyzy zor boldy Bul eginshilerdin merekesi boldy Mereke kүnderi aukatty otbasylar kurbandykka mal sojdy Dionis mejramynda eginshiler auyl men kala koshelerinde saltanatty sheru tartkan Olar hormen dionis turaly mifti әnge koskan Eginshiler sybyzgy men syldyrmak үnine kosylyp bi bilegen Olimpiyalyk ojyndar Olimpiyalyk ojyndar Paleponnestin әdemi zherine ornalaskan olimpiya kalasynda otkizilgen Grekter үshin Olimp kasietti zher Onyn ortasynda Zevs kudajyna arnalgan hram bar Ojyn Zevs kudajynyn kurmetine tort zhylda bir ret otkizilip otyrgan Bul ojyndarda atletter zhүgiruden sekiruden disk pen najza laktyrudan ozderinin eptilikterin myktylyktaryn synga saldy Tungysh Olimpiya ojyndary b z b 776 zhyly otti Ojyn үnemi zhaz ajlarynda boldy Olimpiya ojyndarnyn algashky kүnderi sajyska katysushylar toreshiler kurbandyk shalyp adal sajysu үshin ant bergen Ojynnyn en songy besinshi kүni Zevs hramynyn aldynda zhenimpazdardy marapattagan Sarapshylar zhenimpazdarga zәjtүn agashynyn butagynan zhasalgan gүlalka syjlagan Zhenimpazdardyn tugan kalasynyn atyn shygargany үshin onyn kurmetine mүsin turgyzgan Olimpiyalyk ojyndar kazirde dүniezhүzilik bolyp otedi Dini nanymdary men mifteriGrekterde dini nanymdar b z b XI IX gasyrlarda pajda bolgan Halyk aua rajynyn tosyn zhәne auyr zhagdajlaryn kudajlardyn isi dep eseptegen Қudajlar birdej mejirimsiz mejirimdi bola alady dep sengen mys Olar 46 ga zhuyk kudajlarga sengen Halyk olardy Olimp tauynyn shynynda oz sarajlarynda turady dep sengen Grekter kudajlarga kurbandyk shalgan hramdar turgyzgan olar zhajly anyzdar shygargan Tabigattan tys tirshilik ieleri men tangazhajyp kubylystar okigalar turaly anyz әngimelerdi mifter dep atagan Grek mifteri tүrli gazhajyp kubylystardy batyrlardyn kaһarmandygy turaly boldy ezhelgi mifterdi zhyrshy akyndar urpaktan urpakka zhetkizip otyrgan Ezhelgi Grekterdin tanymal mifi Argonovtar turaly mif Sәulet oneriGrekiyada b z b V gasyrda sәulet oneri zhogary karkynmen damydy Әsirese Afiny erekshe gүldenip әsem kalaga ajnaldy Afinanyn en korikti zheri akropol men agora bolyp sanalgan Bul zherlerde hramdar teatrlar әkimshilik gimarattar shonzharlardyn әsem үjleri ornalasty Grekter sәulet onerinin үsh stilin kaldyrgan korinftik doriilik ioniilik Doriilik stil karapajym plitalarmen komkerilegen sәndi baganalar Al ioniilik zhәne koriinftik stil symbatty әdemi ornekpen әshekejlengen sәndi baganalar DerekkozderRichard Tarnas The Passion of the Western Mind New York Ballantine Books 1991 Colin Hynson Ancient Greece Milwaukee World Almanac Library 2006 4 Carol G Thomas Paths from Ancient Greece Leiden Netherlands E J Brill 1988 Lejst O Istoriya politicheskih i pravovyh uchenij Gl 13 Reale Dzh Antiseri D Zapadnaya filosofiya ot istokov do nashih dnej Ancient Greek Theater Discovered Discovery Channel Ezhelgi dүnie tarihy Zhalpy bilim beretin mekteptin 6 synybyna arnalgan okulyk Almaty Atamura Ezhelgi dүnie tarihy 6 synyp Almaty Atamura baspasy 2006